- •67,Жас кезеңдері
- •68. Экологиялық тәрбиенің міндеттері мен мазмұны
- •69. Оқыту үдерісінің тұтас жүйесіндегі бақылау
- •70. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері
- •71. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері
- •72. Бақылаудың түрлері, формалары және әдістері
- •73. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері
68. Экологиялық тәрбиенің міндеттері мен мазмұны
ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің «Стратегия-2050» атты Қазақстан халқына Жолдауында төмен көміртекті экономикаға көшуді жеделдетуге, дамудың «жасыл жолына» шығуға шақырды. Сонымен, оның айтуынша, Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі «Болашақ энергиясы» идеяларын жүзеге асыруға ынталарымыздың квинтэссенциясы болып табылады. Халықаралық бастама өз жалғасын тапты, және Қазақстанда «жасыл» экономикаға көшу бойынша Тұжырымдама жасауды тапсырған Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қолдауымен қолға алынды. Осыған байланысты болашақ ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеудің, жалпы экологиялық тәрбие берудің маңызы зор. Экологиялық тәрбиенің көкейтестілігі Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының болуымен тығыз байланысты.
Қазіргі оқу-тәрбие үрдісіндегі экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаттары былай қарастырылады:
• қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
• жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
• қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
• экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады. Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:• өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу; •табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу; мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру;
Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру. Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тыңайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға сәйкес есепке алып отырады. Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүниетану көзқарасын қалыптастырады. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбиенің рөлі ерекше. Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбиені тәрбиелік іс-шаралар жүргізу барысында өткізген дұрыс. Экологиялық білімнің негізгі көздері: химия, физика, биология, география, астрономия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру - мұғалімнің міндеті.Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам, т.б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен танысады. Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет. Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр. Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері: 1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану; 2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу. - дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырауқұлақ, т.б. жемістерді жинау; -пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру; -фенологиялық бақылау жүргізу.
3.Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.
4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тыңайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді. 5. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б. 6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.
Қазiргi экономикалық жəне қоғамдық даму кезеңi тұлғаға жоғары талаптар қояды:
1) Еңбектi маңызды қоғамдық борыш ретiнде бағалай бiлу;
2) Барлық жұмыс түрлерiнiң маңыздылығын тану, еңбектi жəне оның нəтижесiн құрметтей бiлу;
3) Еңбекте үнемi белсендiлiк, жаңалық, шығармашылық таныту;
4) Ой-сана жəне дене күшi деңгейiне қарай еңбек ету қажеттiлiгiн iштей түсiну;
5) Еңбектi ғылыми ұйымдастыру принциптерiне сүйене жүргiзу;
6) Еңбекке адам өмiрiнiң негiзгi қажеттiгi ретiнде қарым-қатынас жасау.
Еңбекке психологиялық дайындық тәрбие істері жүйесiнде қалыптасады, ол келесi мiндеттер негiзiнде шешiледi:
1) еңбек мақсаты мен мiндетiн түсiну;
2) еңбек мотивтерiн тəрбиелеу;
3) еңбек дағдылары мен бiлiктерiн қалыптастыру. Елде экономика жəне экология жағдайларының өзгеруi, маңызды заңдар қабылдануы оқушылардың еңбек тəрбиесiнiң бағытына өзгерiстер енгiзедi. Еңбек тəрбиесi процесiнде алған бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардың негiзгi мақсаты немесе педагогикалық iстiң соңғы жемiсi емес, ол тұлғаның басты қажеттiгi - еңбек ету қабiлетiн дамыту құралы.
