- •67,Жас кезеңдері
- •68. Экологиялық тәрбиенің міндеттері мен мазмұны
- •69. Оқыту үдерісінің тұтас жүйесіндегі бақылау
- •70. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері
- •71. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері
- •72. Бақылаудың түрлері, формалары және әдістері
- •73. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері
72. Бақылаудың түрлері, формалары және әдістері
Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т.б.) зерттеу үшін жаппай Бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке оқушының іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттеу үшін ішінара Бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулалар, кестелер, фотосуреттер, сұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (киноға түсіру, магнитофонға жазу, т.б.) кеңінен пайдаланады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады. Зерттеуші педагогикалық Бақылау материалдарын анкета мәліметтерімен де толықтырады. Бақылау — сондай-ақ, педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық мәлімет алу үшін қолданылатын әдістердің бірі. Оқыту процесіндегі Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні — оқушыларға дер кезінде көмек көрсету; олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру, іске жұмылдыру. Бақылаудың бірнеше түрлері бар: тақырыптық Бақылау, тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау, қорытынды Бақылау Тақырыптық Бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бұл Бақылаудың мақсаты — оқу бағдарламасы негізіндегі Бақылау жұмыстары мен түрлі техника құралдар (оқыту машинасы, компьютер, электронды-есептеуші машина, т.б.) арқылы әрбір тоқсанның аяғында оқушы білімінің көлемі мен сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау. Қорытынды Бақылау жыл аяғында өткізіледі. Мұнда тақырыптық және тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойына алған теориялық және практикалық білім деңгейі анықталады. Қорытынды Бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болып есептеледі. Бақылау әдісінің ішінде бағдарламалап Бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Машинасыз бағдарламалап Бақылау әдістері бойынша перфокарталар және Бақылау карталары қолданылып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдері анықталады. Бақылау карталарын пайдалану оқушылардың білімін аз уақыттың ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Машиналы бағдарламалап Бақылау әдістері мектептерде, арнайы орта және жоғары оқу орындарында қолданылады. Техника құралдар оқушылардың білімін тексеру, Бақылау және өзін-өзі Бақылауда қолданылады. Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі Бақылауы өте қажет. Өзін-өзі Бақылау олардың игерген оқу бағдарламасы, материалы мен дағды, іскерлігінің беріктігін қамтамасыз етеді. Өзін-өзі Бақылау арқылы оқушылардың өз біліміне сенімі артып, орындаған жұмыстарының нәтижесін бағалайды. Оқыту процесінде Бақылаудың жаппай, топтық және дербес формалары бар. Жаппай Бақылауда барлық оқушыларға мазмұны бірдей сұрақтар немесе тапсырмалар беріледі, орындалған жұмыстарды олар тексеріп, іске асырады. Топтық Бақылауда зерттелетін оқушылардың белгілі бір тобы тапсырмалар орындайды. Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын анықтайды. Дербес Бақылау бағдарламалап және дифференциялап оқыту барысында жақсы нәтиже береді.Бақылаудың мәні және негізгі принциптері. Бақылау жоспарлау процесін аяқтап және жаңа жоспарлау шешімдеріне бастама болады. Тиімді бақылау басқарудың — жоспарлау, ұйымдастыру және мотивациялау сияқты функцияларымен үнемі байланысты болу керек. Бақылау функциясының нәтижесі жоспарды қайта құру, ұйымның басқару құрылымын жетілдіру, мадақтау жүйесін жақсарту т.б. түрінде болуы мүмкін.
Бақылауды ұйымдастыру қазіргі замандағы басқарудың күрделі мәселесі болып табылады, өйткені бақылау функциясы көбіне тікелей басшылардың мойнында бұрынғыша қалып отыр. Американдық басқару әдебиетінде әкімшілік (немесе оперативті, тактикалық) және басқарушылық (немесе жалпы, стратегиялық) бақылау деп ажыратылады. Егер әкімшілік бақылау күнделікті операцияларды бақылап, қайталана беретін және автоматизациялануға оңай көнетін болса, басқарушылық бақылау мақсаттарға жету барысында ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған және шешім қабылдау мен саясатты жасаудың инструменті болып саналады.
Басқарушылық бақылау ұйым жұмысының тиімділігін көрсететін және стратегиялық шешімдерді түзету, күнделікті қызметті реттеу туралы сапалы информация беру керек. Ол болашақта көптеген ішкі және сыртқы материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауды қамтиды. Бұл жерде сандық көрсеткіштен басқа да бағалау қажет, басқаша айтқанда санмен сипаттала алмайтын факторларды ескеру қажет.
Ұйым қызметін таңдау және баралау басқарудағы ең күрделі мәселелердің бірі деп саналады. Әр түрлі учаскелерге және басшыларға қазіргі жағдайда өте дәл және орынды баға беру — тиімді басқарудың басты шарты боп табылады.
Практика жүзінде бақылаудың жалпы басқару аспектілеріне оперативті бақылаудың мәселелеріне қарағанда аз көңіл аударылады. Көп мамандар мұндай практиканың теріс жағын айтып, жалпы бақылау маңыздылығын төмендетпеу керектігін айтады. Бұл әсіресе техникалық прогресс, бәсекелестік экономикалық коньюнктура талаптарының нәтижесінде және де жаңалықтарды енгізу барысында басқару жүйесінің икемділігімен, бейімделінуімен және жетілдіруімен байланысты.
Жалпы басқарушылық бақылаудың кемшіліктері, жақсы оперативті бақылау жүйесінің бар болғанның өзінде, неге алып келетінін «Крайслер» және «Локхид Эйркрафт» фирмалағының мысалдарында көрсетуге болады. 70-жылдардың аяғында бұл фирмалардың көрсеткіштері құлдырап кетті. Әр түрлі себептен туған фирма шаруашылығының нашарлауы жалпы бақылаудың кемістігі, оның ішінде технология дамуын бақылау, өндіріс шығындарын бақылау кемшіліктерінен болған, осының нәтижесінде қаражаттар шамадан тыс жұмсалған.
Сонымен басқарушылық бақылаудың тиімділігі ұйым тіршілігінде ең маңызды роль атқарады. Басқарушылық бақылау алға қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуден тұрады, сонымен бірге жоспарланған шешімдерді іске асыруды өндірістік информациялардың бағытын ұйымдастыру арқылы орындап тұрады. Бақылау әртүрлі бөлімшелер жұмыстарының нәтижесі туралы информацияны жинап, өңдеп және бара береді.
Бақылау процесс ретінде келесі этаптардан тұрады:
1. Өнірістік процесстерді орындау саласы және басқа операциялар салаларында стандарттарды тарайындау;
2. Нақтылы нәтижелерді нормалармен салыстырып ауытқуларды анықтау;
3. Ауытқуларды жоюға немесе жоспар мен нормаларды қайта құру арқылы іс-қимылдар ұйымдастыру.
Бақылау функциясы — мезгіл-мезгіл басшыны күнделікті жұмыстардың жағдайын, ясни жоспарды орындау барысымен таныстыру болғандықтан, бақылау функциясы мен жоспарлау функциясы арасында тікелей байланыс бар екенін атап өту қажет. Бақылау стратегиялық шешімдерді қабылдау да, оперативті іс-қимылдарды атқаруда да қажет.
Бақылау жүргізу үшін сандық және сапалық нормалар (стандарттар) орнату керек. Нормалар ретінде жұмыстың нәтижесін бағалайтын критерийлер қолданады. Жұмыс істеу нормаларына қойылатын талаптар: олар дәлелді, икемді болуы қажет және жаңа жоспар құрылған сайын жаңартылып тұру керек. Сондықтан жаңа нормаларды жасаған кезде күнделікті қызметті талдап, өткендегі жетістіктерге ықпал еткен факторлар мен себепті анықтау керек және болашақта қосымша ресурстарды және резервтерді пайдалану арқасында қандай жетістікке қолымыз келетінін, ескеру керек. Қызметті талдаудың келесі этапы — информацияны жинау, өңдеу және ұсыну; осының арқасында басқарудың барлық деңгейіне сай стандарттық мерзімді есеп беруді ойлап табу. Бұл есеп берудің уақыты мен көлемі басқару деңгейінде қабылданатын шешімге қажет информацияға байланысты. Неғұрлым бұл деңгей төмен болса, соғұрлым информация егжей-тегжейлі және қысқа мерзімді болады. Ал жоғары деңгейде ол жалпы, қорытынды түрінде болады. Қажет болған жағдайда стандарттық есеп беруден тыс арнайы түрін енгізеді. Сондықтан мәселе бүкіл ұйым және оның — бөлімшелерінің жұмысы мен жеке операцияларын талдай алатын информациялық қызмет көрсететін жүйе құруда болады.
Жұмысты талдау дегеніміз — нақты көрсеткіштерді нормалармен салыстыру, жетіспеушіліктер мен ауытқуларды анықтау және олардың себебін түсіндіру. Кез-келген ауытқуларды дер кезінде зерттеп талдау керек. өйткені олар кезекті шешімдерді дер кезінде қабылдауға және түзетулерді уақытында енгізуге мүмкіншілік береді. Бұл әрекеттер — нақты нәтижелерді жоспарлық нәтижелерге жақындату — бақылаудың басты және соңғы фазасының негізін құрайды. Бұл жерде жоспарларды түзететін және жаңа норма қайта құру процедурасын ойластырады.
Бақылаудың тиімділігі шешімдердің қаншалықты жылдам және дәлелді қабылданатынына тәуелді.
Бақылау функциясын іске асыру біріншіден, есеп және есеп беру жүйелерін ұйымдастырура негізделеді. Тиісті бухгалтерлік және қаржылық қызметтер орындары информацияны жинап өңдейді, бұл информация бұрынғы жетістіктерді сипаттайды, мақсаттарды белгілеуге қажет тенденцияларды айқындайды, жоспарларды және нормаларды, сонымен қатар нақты мәліметтерді жоспармен салыстыруға т.б. информацияларды жеткізеді.
Басқарушылық есеп берудің құру принциптері ретінде жауапкершіліктің орталықтары және «негізгі бақылау нүктелерін» қолдану принциптерін келтіруге болады. Басқарушылық бақылау функциясын орындау кезінде, қазіргі уақытта белгілі «ауытқулар бойынша басқару» және «мақсатты басқару» принциптері де қолданады.
Жауапкершілікті есептеу концепциясының негізгі ойы қарапайым: әрбір басшы жалпы жұмыстардың белгілі бөлігіне жауап береді. Есеп жүйесі басшы жауап беретін іс — әрекеттердің нәтижелерін өлшеуге мүмкіншілік беруге құралады. Ол үшін жауапкершілікті әрбір басшыға табыстау оңай болу мақсатымен оларға тапсырмалар тәптіштеп орнатылады. Бақылаудың тиімділігі жоғары болсын десек, есеп беру жүйесі жоспарлау жүйесіне сай болу керек.
Бақылау жүйесі тиімді болса басшының назары маңызды мәселелер шешімдерінде болады. Егер қызмет барысы жоспар бойынша жүріп жатса басшыға ешқандай информация түспеу керек. «Ауытқу бойынша басқару» принципі басшының назарына әр түрлі ауытқуларды туғызатын жағдайлар ғана түседі. Ауытқу барын белгілейтін бақылау информациясы басшыларға тез талдау жасап, қажетті шаралар қолдануға итереді. Осының нәтижесінде басшылар маңызды және «тар жерлерге» көңіл бөліп оларды жоюға мүмкіндік алады.
Бақылау информациялардың ағымдары келесі принциптерге сәйкес ұйымдастырылады: басқару деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын фирма негізгі стратегиялық нүктелерінен шығатын информация соғұрлым синтезделген және еркін болады. Мұндай құрылым информация көлемін шектеу үшін, яғни бақылау көрсеткіштерін неғұрлым азайтып, сонымен бірге басшыга өзінің басқару деңгейінде бақылауға мүмкіндік беру үшін қажет. Негізгі көрсеткіш ретінде жалпы нәтижеге және жеке бөлімшенің мақсатына елеулі ықпал ететін факторлар алынады.
Бақылау әдістері. Бағыныштылардың іс-қимылын бақылайтын әдістердің көптеген түрлері бар. Соның ішінде көп кездесетіндер:
1) есеп беруді тексеру;
2) үлгі;
3) тіркеу және есеп беру;
4) шектеуді орнату (шектелген мерзімдер);
5) ережелер мен процедураларды орнату;
6) бюджеттер (қаржылық сметалар);
7) ұялту;
8) тәртіптік шаралар.
