Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
scientific otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291 Кб
Скачать
☆

41. Дипломдық жұмысты қорғау тәртібін анықтаңыз.

Дипломдық жұмыс (жоба) алдын-ала қорғау үшін түлек шығаратын кафедраға

ұсынылады. Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын-ала қорғау процесі стунденттер мен ғылыми жетекшілердің қатысуымен кафедраның ашық отырысында өтеді.

Алдан ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді. Алдын ала қорғаудан өткен және талаптарға сай рәсімделген, студент және ғылыми

кеңесшілері қол қойған дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми жетекшіге беріледі.

Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа (жобаға) пікір жазады. Осы материалдардың негізінде кафедра меңгеруішісі дипломдық жұмыс (жоба) бойынша нақты шешім қабылдап, титул парағына жазады.

Дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми жетекшісі мен пікір берушінің пікірлерімен

бірге Мемлекеттік аттестациялық комиссияға кемінде бір күн бұрын тапсырылуы керек. Дипломдық жұмыс (жоба) студенттің қалауымен қазақ, орыс немесе ағылшын

тілінде қорғалады.

Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау реті Жоғары оқуорындарындағы білім

алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің типтік ережелерімен анықталады. Дипломдық жұмыс (жоба) Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының ашық отырысында, кем дегенде комиссия мүшелерінің жартысының қатысуымен қорғалады.

Дипломдық жұмыстың (жобаның) қорғалуы көпшілік түрде, студенттер мен кафедра

оқытушыларының қатысуымен өтеді. Сонымен қатар, қорғауға ғылыми жетекші, дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілдері және тағы да басқа қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылуы мүмкін. Бір студент үшін дипломдық жұмыстың (жобаның) қорғалуы 30 минуттан аспау керек. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау үшін студент мемлекеттік аттестациялау комиссиясының алдында 15 минуттан аспайтын уақытты баяндама жасайды. Дипломдық жұмысты (жобаны) сұрақ қою немесе пікір айту түрінде өткізілетін талқылауға отырғандардың барлығы қатысуына болады. Талқылаудан соң комиссия хатшысы пікірлерді оқиды. Отырысқа қатысқан жағдайда ғылыми жетекші өзі сөз сөйлеуіне болады. Пікірлердегі ескертулерге студент негізделген жауап беру керек. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижелері бойынша балл-рейтинг әріптік

жүйеге сәйкес баға қойылады. Бағалау кезінде теориялық, ғылыми және практикалық

дайындық деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі мен пікір берушінің бағасы есепке алынады. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижелері әр студент бойынша

мемлекеттік аттестациялау комиссия отырысының хаттамасымен рәсімделіп, қорғау болған күні жарияланады.

42.Реферат анықтамасын беріңіз.

43. Студенттің ғылыми жұмысы ретінде рефераттың мәнісі неде.

Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында жасалатын баяндамалар да, ғылым кандидаты немесе докторанты дәрежесін алу үшін диссертация қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады.

Реферат (латын refero – айтамын, жеткіземін) – белгілі бір тақырып бойынша ғылыми мазмұндағы қысқаша жазылған еңбек.

Бұл – студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы, мұнда зерттелініп отырған мәселеленің мәні, түрлі көзқарастар мен өзінің жеке пікірі айтылады.

Рефератты бағалауда мынадай шарттар ескерілуі керек:

  • зерттелінген тақырыптың көкейкестілігі;

  • тақырыпқа сай мазмұнның болуы;

  • материалды мұқият, терең өңдеу;

  • қолданылған материалдың дұрыстығы мен толық болуы;

  • рефератты көркемдеудің стандартқа сай болуы.

Реферат келесі элементтерден құралуы керек:

  • 1.     Титулдық қағаз.

  • 2.  Мазмұны-оның ішінде бақылау жұмыстарының бөлімдері және бөлім басталатын беттер ретімен көрсетіледі.

  • 3.  Кіріспе-онда брілген тақырыптың мәні тұжырымдалады және көрсетілген проблеманың мәні құралады.

  • 4.  Негізгі бөлім-оның бөлімнің әрқайсысы тақырыптың бір жағын ашу керек, алдындағы бөлімді логикалық түрде жалғастыру керек және кестелерден, суреттерден құралуы мүмкін, қолданылған әдебиетке сілтемелер келтіріледі.

  • 5.  Қорытынды-мәнжазба тақырыбы бойынша жалпылама қорытынды келтіріледі.

  • 6.  Әдебиет тізімі-мәнжазбаны жазу үшін кемінде 3 әдебиет қолданылу керек.

Рефераттық жұмыс (латын сөзі referat-баяндама, refero-баяндаймын) - ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылым түрінде берілетін жұмыс. Реферат ғылыми-ақпараттық бағытта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар рефератта ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады.

Қойылған мақсаты мен мазмұнына қарай рефераттарды төмендегідей типтерге бөлуге болады:

  1. Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды.

  2. Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады.

Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізгі міндеті – барлық студенттерді таңдаған мамандығы аясында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізудің теориялық негіздерімен және практикалық дағдыларымен таныстыру. Бұл функциялардың орындалуына оқу үдерісіне енгізілген, сондай – ақ оқудан тыс уақытта орындалатын ғылыми – зерттеу жұмыстарының түрлі формаларының үйлесімі арқылы қол жеткізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]