Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіл дамыту лекция.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215 Кб
Скачать
☆

II Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары:

  1. Тапсырма бойынша сұрақтарды талқылап, пікір алысу.

2)

3)

4) Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптарды ата.

ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары. Технологиялық карта  құру, өткізу, талдау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.

3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.

4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.

5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.

6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.

7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.

Дәріс №27

Тақырып: Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысын жоспарлау

және есепке алу

Мақсаты: Студенттерге тіл дамыту жұмыстарын жоспарлау мен  есепке алудың мақсатын түсіндіру. Жоспар түрлерін, принциптерін  меңгерту.  Жоспарлаудың принциптерін басшылыққа ала отырып жоспар құруға үйрету.

Жоспар

  1. Балабақшада тіл дамыту жұмысын жоспарлау мен есепке алудың мәні.

  2. Жоспар түрлері.

  3. Жоспарлаудың принциптері

  4. Балалармен жүргізілген жеке жұмыстар.

Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Жоспар тәрбиеші еңбегінің дұрыс мақсатқа сай ұйымдастыруына тіл дамытудан іске шалағайлықтың болмауына жағдай жасайды. Сонымен қатар жоспарда тіл дамытудың мазмұны, әдістері, өткізілетін мерзімі көрсетіледі. Сондықтан жоспар тәрбиешіге өз тобында жүргізілген жұмыстар бойынша алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді. Балабақшада жоспарлаудың бірнеше түрлері бар: бір  жылға арналып жасалатын — жылдық жоспар. Жылдық жоспарда тіл дамыту сабақтарының негізгі міндеттері көрсетіледі. Бұл жоспардың 1-ші нұсқасы  әкімшіліктің, кәсіподақ ұйымдарының, барлық ұжым қызметкерлерінің қатысуы арқылы және солардың ұсыныс тілектері аудандық, қалалық оқу бөлімінің кезектегі талаптары ескертіліп жасалады. Осы жасалған жылдық жоспарды тәрбиеші өзіне қажетті бөліктерді көшіріп алып, әдістемелік шаралар дайындайды. Яғни тіл дамытыу сабақтарында қандай көрнекі құралдарды және әдіс-тәсілдерді бейнелейді.

Жоспардың келесі түрі – екі апта бұрын таныстырылатын календарлық жоспар. Календарлық жоспарда топта күні бойы істелетін жұмыстар көрсетіледі.

Перспективалық жоспар – тәрбиешілер өздері дайарлайды. Бұл жоспарды жасаудын міндеттілігі жоқ, бірақ тәрбиешіге пайдалы.:

  1. тіл дамыту жұмысынын мазмұнына байланысты бір айда немесе бір тоқсанда қандай сөздерді, қандай грамматикалық формаларды балаларға үйрету керектігі көрсетіледі.

  2. перспективалық жоспарда тіл дамытудан бағдарламалық талаптың шаралары көрсетіледі. Мыалы: ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс кезде қандай дидактикалық ойындарды пайдалануға болатындыгы жазылады. Осы жоспарлармен қатар күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектілері жасалады.  Барлық топтарда жасалатын календарлық жоспарға бірдей талап қойылады. Тек қана олардың  айырмашылығы бағдарламалық материалдарға кететін уақытқа байланысты және оқыту әдістеріне байланысты. Сонымен, бірге тәрбиеші календарлық жоспар жасағанда екі  апта өткізілетін ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің жүйелілігіне көңіл бөледі. Сонымен қатар жыл басында жеңілдеу, балаларды қызықтыратындай материалды алу керек. Сондықтан кейбір атаулы күндер, жыл мезгілдері ескерілуі қажет. Балалардың өткен сабақтарында игерген икемділіктері мен дағдылары өткен сабақтардың нәтижесіне көңіл бөлінеді. Сондай-ақ бұл жоспарда балалардың сөйлеу белсенділігін арттырып, сөздік қорын дамытатын, байланыстырып сөйлеуге үйрететін тақырыптар алуы қажет. Жоспарлау кезінде қайталау жұмыстарына да көңіл бөлінеді. Әсіресе балалардың үн реңкін қалыптастыратын, балалар айтқан кезде қиналатын сөздер, сөз тіркестеріне қайтадан оралып, ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінен тыс кезде сол сөз тұлғаларымен жұмыс жасау қажет. Сондықтан тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қандай мақсатта қайталау керектігін жоспарда көрсетуі тиіс. Тіл дамытудан ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінде тек қана тілдік элементтер ғана емес, тәрбиелік жағына да көңіл бөлінеді. Яғни балаларды көргендерін талдай білуге, жинақтап қорытынды жасай білуге, байқағыштыққа үйрететін материалдарды іріктей білу қажет. Балабақшада көбінесе календарлық жоспар жасаған кезде төмендегідей қателіктерге жол беріледі:

Әдетте бағдарламалық материалдың бір бөлігі ұмыт қалады, немесе жүйелілік сақталмайды. Ең басты қателік: Сабақтарға берілген уақытты толық пайдаланбау. Әңгіме немесе ертегіні жоспарлаған кезде қойылатын сұрақтар, балаларға түсіндірілетін жаңа сөздер, шығармалар. Сол шығарманың мазмұнына байланысты пайдаланатын дидактикалық ойындар немесе тақпақтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар тәрбиеші жоспарында нақты көрсетілмейді де, тәрбиеші оқу іс-әрекетін  уақытынан бұрын аяқтайды.

Барлық топта ең кем дегенде аптасына бір рет бақылау жұмысы жоспарланады бақылау жұмысының тақырыптары мазмұнына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, бірінші аптада құрылыс обьектісін бақылау, екінші  аптада табиғат  құбыластарын бақылау, үшінші аптада адамдар еңбегін бақылау, төртінші аптада жыл мезгілдеріне байланысты болатын өзгерістерді бақылау. Осы аталған жоспарлардың қайсысын болсын жасағанда төмендегі принциптерді ескеру керек:

  1. Жоспардың негізі балабақшадағы білім беру және тәрбиелеу бағдарламасы болып табылады.

  2. Тіл дамыту жұмысы оқу-тәрбие процесінің барлық бөлімдерімен тығыз байланыста жүргізіледі.

  3. Тіл дамыту жұмыстарының әдістері мен мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.

  4. Әдіс-тәсілдерді, тақырып мазмұнын, бірте-бірте күрделендіру қажет және қайталау жұмысы жүйелі түрде жүргізілуі керек.

  5. Тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бірізділігі сақталуы тиіс.

  6. Жоспар жасағанда балабақшаның жағдайы есепке алынады.

Балалардың тілін дамытуға арналған жұмыстар ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінен тыс кезде де жалғасын табуы тиіс. Ертеңгілік балабақшаға балаларды қабылдап алғаннан бастап,ертеңгілік, серуен, күннің екінші жартысында ойын, еңбек түрлері негізінде балалардың сөздік қорын дамытуға, байланыстырып сөйлеуін жетілдіруге арналған көркем мәтіндер немесе дидактикалық ойындар, сөздік жаттығулар ұйымдастыру қажет. Ал, күннің екінші  жартысында істелінетін жұмыстар календарлық жоспарда көресетіледі. Календарлық жоспар балабақшаның әдістемелік бірлестік отырысында бекітіліп, талқыланады. Дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық процесс есепке алуды қажет етеді. Алдымен әр тәрбиеші өз жұмысына талдау жасауы керек. Балабақшадағы есепке алудың басты формасы тәрбиешінің күнделік толтырып отыруды. Жыл басында тәрбиеші өз тобындағы балалардың тілінде қандай кемшіліктер бар екенін бақылап байқауы қажет. Содан соң тіл дамыту оқу іс-әрекеттерінде өтілген материалдарды топтағы балалар қалай меңгерді, егер балалар арасында меңгере алмағандар болса не себепті, бала тілінің грамматикалық құрылысы, дыбыстық жағы талапқа сай ма деген мәселелерді күнделіктерінде көрсетіліп отырылуы керек. Осы өзінің байқаған кемшіліктері бойынша жеке балалармен жұмыс жүргізеді

Дәріс №28

Тақырып:Календарлық жоспардың үлгісі

  1. Жалпы мәлімет тәрбиешінің аты, жөні, тобы, календарлық жоспар қай мезгілге жасалғаны көрсетіледі.

  2. Тіл дамытудан екі аптада жүргізілген тақырыптарды талдау. Сол тақырыптың мақсаты және мазмұны, әдіс-тәсілдері, қолданылатын көрнекі құралдардың бағдарлама талабына сай келуі.

  3. Бір айда өткізілген тақырыптарды талдау. Осы мерзім ішіндегі тіл дамыту оқу іс-әрекетінің бірізділігі және онда жүргізілген қайталау жұмыстарының тақырыптары бір ай ішінде пайдаланған әдіс-тәсілдер, көрнекі құралдар.

  4. Тексеріліп отырған мерзім ішіндегі, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс кездегі жүргізілген жұмыстар және ол жұмыстардың мазмұны, түрлері.

  5. Сол топта балалармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны.

  6. Осы уақыт ішіндегі тәрбиешінің күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі және ондағы жетістіктер мен кемшіліктер.

  7. Тәрбиешінің күнделігі бар болса, тексеру.

  8. Тәрбиешінің екі аптада немесе бір айда істеген жұмысы бойынша қорытынды.

Календарлық жоспардың үлгісі

Аптаның қай күні

Күн режімі

Топтың аты

Мыс.ІІ с.т.

Тіл.д. Негізгі міндеті

Балалардың қатысы

Дүйсенбі

Балаларды қабылдау

Б/н жекеж/е топтық әңгімелесу

Б/ды байланысты

рып сөйлеуге үйрету

2-5 баламен сөйлесу

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Ертеңгілік серуен

Қыс мез/ң ерек/е бай/ты әңгіме өт/у

Балалардың сөздік қорын дамыту

Барлық топтағы балалар

 

 

Балабақша үйімен танысу

Байланысты

рыпсөйлеуге, сөздік қорын дамыту

Топтағы барлық балалар

 

Күннің ІІ жартысы:

Ойын:

Еңбек:

 

 

Топтағы барлық балалар

Студенттерге берілетін тапсырмалар:

  1. Жоспарлаудың маңызы.

  2. Жоспарлаудың принциптері.

  3. Жоспарлаудың түрлері.

  4. Есепке алудың маңызы.

ІІ. Студенттердің оқытушымен бірлесіп атқаратын жұмыстары.

  1. Тапсырма сұрақтары бойынша студенттер мен оқытушы пікір алысады, қорытындылайды.

  2. Жоспарлаудың принциптерін жазып, талдау

  3. Календарлық жоспардың үлгісін көрсет.

ІІІ. Студентердің өзіндік жұмыстары.

  1. Ересектер тобына календарлық жоспар құру.

  2. Кішкентайлар тобына апталық жоспар жасау.

  3. Мектепке даярлық тобының балаларына арнап есеп күнделігін даярлау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.

3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.

4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.

5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.

6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.

7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.

Дәріс №29

Тақырып: Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысына әдістемелік басшылық

Мақсаты:  Тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудағы меңгеруші мен әдіскер-тәрбиешінің  ролімен таныстырып, меңгерту.

Жоспар

  1. Меңгеруші , оның міндеттері

  2. Әдіскер-тәрбиеші , оның міндеттері

  3. Меңгеруші мен әдіскер тәрбиешінің тіл дамыту жұмысын

ұйымдастырудағы ролі.

Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Балабақшадағы басшылық жұмысы меңгерушіге жүктеледі. Егер балабақшада әдістемелік жұмысқа басшылық ететін әдіскер-тәрбиеші болса, онда екеуі бірлэесіп оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін шешеді.

Меңгеруші мен әдіскер жұмысының бір бөлігі – тіл дамытуға байланысты. Ол мынадай бағыттарда болуы мүмкін:

  1. Барлық топта тіл дамыту бойынша бағдарламаның орындауын бақылау және қамтамасыз ету.

  2. Топ тәрбиешілері арасында, сол сияқты балабақша мен мектеп арасындағы байланысты жүзеге асыру.

  3. Тәрбиешіге әдістемелік көмек көрсету.

  4. Тіл дамыту бойынша қажетті жағдайларды жасау: әдістемелік кабинетті жабдықтау.

  5. Тіл дамытудан тәрбиешінің мамандығын көтеру.

Ата-аналар арасында тіл дамыту бойынша насихат жұмысын жүргізу:

а/топтарға барып, тәрбиешінің тіл дамыту бойынша жұмысын тексеру. Топтарға барғанда белгілі бір мақсат болу керек. Мысалы. Меңгеруші тәрбиешіден топтағы балалардың байланыстырып сөйлеуі бойынша дағдылары қандай екенін сұрап алып өзі барып тікелей балалармен әңгімелесуіне болады немесе балабақшадағы балаларға таныс емес, яғни ата-ана, бөгде адамдарды шақырып, балалардың олармен қалай сөйлесетіндіктерін байқайды. Сондай-ақ тәрбиешінің жалпы жұмыс тәртібін бақылау да меңгеруші тексерісінің мазмұнына енеді. Меңгеруші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің қандай түріне қатысса да, мейлі ол серуен, мейлі бөлмедегі сабақ болсын соңына дейін болуы тиіс. Орта бөлігінен кетіп қалуға болмайды.

Меңгеруші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқан кезінде тәрбиешінің балаларға әсерін, қарым-қатынасын да бақылайды. Негізінен меңгеруші әр топтағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқанда мына мәселелерге назар аударуы тиіс.

  1. Кіші топтағылардың сөйлеу белсенділіктері, естиярлар тобындағы балалардың дыбыстық мәдениетін қалыптастыруға байланысты ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті және одан тыс кездегі фронтальді жұмыстар, ересектер тобында баяндауға үйрету және дыбыстарды дұрыс айта білуге үйретудегі жеке жұмыс, тікелей бақылау жұмысының жүргізілу әдістері.

Әр топқа барғанда меңгеруші мына мәселелерді есте ұстағаны абзал: ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезіңде тәрбиешінің жұмысына араласпайды, оның беделін балалар алдына көтере білу. Сондықтан меңгеруші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқанда оның жүрісін дәптеріне жазып отырып, кейін тақырып  бойынша өзінің пікірін, тілегін айтуы керек немесе меңгеруші жұмыс практикасында, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқанда оның жүрісін де өзінің ескертпесін жеке беттерге жазып, педкабинеттегі тәрбиеші бұрышындағы қалтаға салып қоюға болады. Жұмыс аяғында тәрбиешілер жиналып, ондағы жазуды талқылап отырады. Ал бұл жазулар кейін жиналыстарға материал да бола алады. Меңгеруші осы топқа сол тәрбиешінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне екінші рет қатысқаннан кейін екі жазуды салыстырып, оның ескертпелері қалай орындалғанын байқайды.

  1. Меңгерушінің өзінің сабақ өткізіп көрсетуі. Мұндай жұмыс әсіресе еңбек жолын жаңа бастаған тәрбиешілер үшін пайдалы. Меңгеруші оған ойынды қалай ұйымдастыру керектігін, балалардың өз білгендерін қалай пайдалана білуді, үлестірмелі материалдармен кешенді сабақтарды, қалай өткізу керектігін т.б. жұмыстарды өзі жүргізіп көрсетеді.

  2. Іс-қағаздарын тексеру. Меңгеруші календарлық жоспарды апта сайын тексеріп отыруы тиіс. Ал сабақ конспектілері, сценарийлері таңдап тексеріледі. Календарлық жоспарды қарағанда, тіл дамыту бойынша негізгі мәселелердің қамтылуы, жеке жұмыс түрлеріне назар аударылады.

  3. Балалармен әңгімелесу арқылы да топтағы балалар тілін дамыту жұмысының деңгейін байқауға болады. Мұндай әңгімелесуді алдын-ала жоспарламай-ақ серуенде, топтың бөлмесінде, коридорда да өткізген тиімді. Кейде тәрбиешімен келісіп, меңгеруші өзінің кабинетіне 3-4 баланы шақырып алып, сөйлесіп, олардың тіл байлығын, сөздік қорын, дыбыстау ерекшеліктерін байқауына болады.

  4. Тәрбиешілермен жеке және топтап сөйлесу – жоспардан тыс болса да, қажетті жұмыс. Мұндай әңгімелесу кезінде календарлық жоспар бойынша ескертпелер, алда тұрған концерт программалары т.б. жұмыстар туралы пікірлесуге болады.

Жеке тәрбиешілерге немесе тәрбиешінің тобына консультация бергенде, алдын-ала уақытын, тақырыбын белгілеп алу керек. Онда негізінен тәрбиешіге қиындық келтіретін тақырыптар таңдалады. Меңгеруші консультацияны өзі ғана өткізіп қоймай, тәжірибелі тәрбиешілерді де қатыстыруына болады.

Студенттерге берілетін тапсырмалар:

  1. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру меңгеруші мен әдіскер жұмысының жүргізілуі.

  2. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында назар аударылатын мәселелер.

ІІ. Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары.

  1. Тапсырма сұрақтары бойынша пікір алысу.

  2. Тіл дамытуға байланысты меңгерушінің міндеттерін жазып, талдау

ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.

Әдіскер жұмысының жоспарын құру.

 

Дәріс №30

Тақырып:Әдістемелік жұмыстың формалары

Мақсаты: Тәрбиешінің озат тәжірибесін тарату  мен педагогикалық кеңесті  ұйымдастырудың жолдарын меңгерту.  Іс-тәжірибеде қолдана білуге үйрету.

Жоспар

  1. Тәрбиешінің озат тәжірибесін тарату.

  2. Педагогикалық кеңесті ұйымдастыру.

 Мазмұны.  1. Шолу дәріс. Тәрбиешінің озат тәжірибесін тарату. Тәрбиешінің өзара сабаққа қатысулары ең қарапайым әдіс меңгеруші кімнің сабағына қатысу керектігін таңдайды және ашық сабақ өткізетін тәрбиешіге көмек береді. Педкеңесте өткізілген ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті  талқыланады.

Тіл дамыту бойынша өткізілетін шараларды ұжымдық түрде бақылап, талдау. Мұнда да алдын-ала тәрбиешілер дайындалады, соңынан кең талқылау болып, нақты ұсыныстар беріледі. Жылына екі-үш  ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті жоспарлауға болады. Алдымен мұндай ашық оқу іс-әрекеттерінде тәжірибелі тәрбиешілер жүргізеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнын тәрбиеші өзі жоспарлап дайындайды.

Егер ұжымда жас тәрбиешілер болса, жұмысты былайша бөлуге болады: біреуі – балалардың сөзін, екіншісі тәрбиешінің сөзін, үшіншісі жалпы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жүрісін жазып отырады. Талдау кезінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін  өткізген тәрбиешіге алдымен сөз беріледі, бұл оны өз жұмысын талдай білуге, кемшілігін көре білуге тәрбиелейді. Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізушіге де, қатысушыларға да есте қаларлықтай оқиға болып өтуі тиіс.

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне тек қана сол балабақшаның тәрбиешісі үшін емес, аудандағы басқа бақшалардың тәрбиешілеріне де, курстағыларды да шақыруға болады.

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, өткізу, талдаумен жұмыс бітпейді. Оны енді тарату керек, басқа мұғалімдердің іс-тәжірибесіне енгізуі қажет.

Педагогикалық кеңес әдістемелік жұмыстың тұрақты негізгі формасының бірі. Жылдық жоспарда әрбір педагогикалық  кеңестің мазмұны анық көрсетілуі тиіс, ал календарлық жоспарда оның мерзімі, дайындайтын адам, баяндамашыларды белгілейді.

Педагогикалық кеңесте қатысушыларға аз да болса, көмек болатындай жаңа, жете меңгерілмеген және негізгі тақырыптарды талдаған дұрыс. Егер балабақшада жыл бойына 8-10 педагогикалық кеңес өткізілетін болса, оның ең кемінде бір – екеуі  тіл дамыту әдістемесіне арналуы тиіс.

Жыл соңында қорытынды педагогикалық кеңесте балалар тілінің жағдайы міндетті түрде талқыланады.

Тәрбиешілер, меңгеруші өз сөздеріне қандай педагогикалық жұмыстар кіммен, қалай, қашан жүргізілгенін, қандай нәтиже көрсеткенін айтуы тиіс, балалар сөзінен мысалдар келтіру керек.

Педагогикалық кеңесте соңында шешім қабылданып, нұсқаулар ұсынылады, қабылданған шешімнің орындалу мерзімі көрсетіледі. Меңгеруші кеңес шешімінің орындалғанын мұқият қадағалауы тиіс, сонда ғана нәтижелі болады.

Көп комплектілі балабақшада бір жастағы топтар тәрбиешінің кеңесіп өткізуді іске асырғаны дұрыс. Әр айға бөлініп жасалынады.

Тәжірибелі тәрбиешілер жұмысын жазбаша түрде де жинақтауға болады, яғни олардың жасаған альбомдары, технологиялық картасы, календарлық жоспарлары педагогикалық кабинетке арнаулы орынға қойылады.

Тәрбиешілер жұмысының нәтижесін жинақтау, қорытындылау.

Меңгеруші өз балабақшасындағы тәрбиешілердің жұмысымен танысып, бағалап қоймай, тәрбиешілерге таныстыруы да керек.  Мысалы, дыбыстық мәдениетін қалыптастыру бойынша әр топтағы балалардың жағдайынан салыстырмалы таблица жасап, педагогикалық кабинеттегі стендіге іліп қоюға немесе ауызша хабарлауға да болады. Мұндай таблица өткен жылғымен салыстырып отырғанда артық емес.

Студенттерге берілетін тапсырмалар:

  1. Озат тәжірибені таратудың маңызы.

  2. Педагогикалық кеңесті өткізудің мақсаты.

ІІ. Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары.

  1. Тапсырма сұрақтары бойынша пікір алысу, қорытындылау.

  2. Педагогикалық кеңестің құрылымын жазып, талда

ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.

Педагогикалық кеңесті өткізудің жоспарын құру, талдау.

Әдістемелік жұмыс формалары.

  Мақсаты:  Тәрбиеші мамандығын көтеру және ата-аналармен жүргізілетін жұмыстармен таныстыру. Теориялық білімдерін іс-тәжірибеде қолданудға бағыттау.

Жоспар

  1. Тәрбиеші мамандығын көтеру.

  2. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс.

  3. Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Тәрбиеші мамандығын көтеру. Балабақшадағы әр тәрбиеші кәсіптік шеберлігін көтеріп отыруға тиісті. Меңгеруші бұл мәселені яғни тәрбиешілердің керекті және жаңа шыққан әдебиеттермен танысып отыруларын, өз білімін көтеру жоспарын жасауын үнемі қадағалап отырады. Әсіресе тәрбиешілер арасындағы сырттан оқитындарын ерекше назарға алып, егер қажет болса, аға тәрбиешінің оларға көмектесулерін ұйымдастыруы тиіс. Сонымен бірге меңгеруші олардың әдістемелік бірлестіктерге, үйірмелерге аудан жанындағы семинарларға қатысуларын бақылайды. Жекелеген мамандықтың лекциялары да тәрбиешінің білімін көтеруге әсер етеді. /логопед, врач-гигиенист, балалар жазушысы, тілшілер, ғалымдар т.б./

Педагогикалық колледж, пединституттардағы тіл дамыту мәселесімен айналысып жүрген ғылыми қызметкерлер, аспиранттар, мұғалімдердің лекцияларын ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ жаңа шыққан әдістемелік әдебиеттерді талқылау керек. Бес минуттық информацияда газет-журналдардан мақал, хабарлама жасауға болады. Түрлі тақырыптағы стенділер, кітап көрмелерін ұйымдастыруға болады. Басқа балабақшаларға, музейлерге, спектакль, кинофильмге барудың да тәрбиеші шеберлігін арттыруда ролі үлкен.

Тіл дамытуда ата-аналар арасында насихат жұмысын жүргізу.  Балабақша мен ата-ана бірлесіп жұмыс жасағанда ғана, нәтижелі, жемісті болады. Сондықтан түрлі жұмыс формаларын пайдалану керек.

Ұжымдық форма /коллективтік/. Ата-аналар жиналысында жыл басында әр топтың тәрбиешісі тіл дамыту бойынша алда қандай мақсаттар тұрғанын түсіндіруі тиіс. Түрлі тақырыпта ата-аналармен лекция, әңгіме, консультация өткізуге болады. Ата-аналарды сабаққа қатыстырғанда артық емес. Балабақшадағы ата-аналарға арналған бұрышта балалардың тілін дамытудың жағдайын көрсететін стенді іліп қою ұсынылады. Сонымен қатар мұнда ата-аналарға арналған әдебиеттер тізімі ақыл-кеңестер көрсетілуі керек. Әдетте, ата-аналар жиналысы кезінде балаларға және олардың өздеріне арналған педагогикалық әдебиттің көрмесі ұйымдастырылады.

Ата-аналар балабақшаның арасындағы байланысты нығайтудың тағы бір формасы белгілі бір топтың ата-аналарының біреуінің жұмыс орнына балаларды топсаяхатқа апару.

Сондай-ақ ата-аналар конференцияларын, ауызша педагогикалық журналдар ұйымдастырудың да пайдасы мол.

Ата-аналармен жеке жұмыс. Тәрбиеші не меңгеруші баланың сөйлеу қабілеті жайында айтып, нұсқаулар береді. Мұндай жұмысты баланың үйіне барып та жүргізуге болады.

Студенттерге берілетін тапсырмалар:

  1. Тіл дамытуда ата-аналар арасында насихат жұмысын жүргізу.

  2. Тәрбиешінің мамандығын көтеру жолдары.

ІІ. Студенттер мен оқытушы бірлесіп атқаратын жұмыстары.

Тапсырма   бойынша  сұрақтарды талқылап, пікір  алысу.

ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.

Ата-аналармен жүргізілетін дәріс, консультацияның тақырыптарын жазу. Осы жазған тақырыптардың ішінен бір тақырыпқа жоспар жасау және өткізу.

 Әдістемелік кабинеттің жабдықталуы.

Мақсаты:     Әдістемелік кабинеттің маңызына түсінік беріп, меңгерту.

Мазмұны: 

  1. Әдістемелік кабинеттің жабдықталуы.

  2. Балабақшадағы тексеру жұмыстары.

 1. Шолу дәріс. Әдістемелік кабинеттің материалдары “Балабақшадағы білім беру және тәрбиелеу” бағдарламасының талаптарына сай іріктеп, алынады, сонымен бірге әрбір мекеменің өз жұмысына тән ерекшеліктері, жылдық жоспардың жаңа міндеттері және балалармен жүргізілетін жұмыстың жағдайы ескеріледі. Сондай-ақ онда бұйырықтар, нұсқаулар, озық тәжірибе материалдары, календарлық жоспар, ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі мен хаттамалары т.б. болуы тиіс. Әдістемелік кабинетте тәжірибенің мазмұны бойынша аннотация жазылған қаланың, ауданның, еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінің жұмыс тәжірибесі болуы керек. Көрнекі оқу құралдары да осында сақталады. Әдістемелік және балаларға арналған көркем әдебиет қоры болуға тиісті.

Бақылау немесе тексеру ненің жасалып, ненің жасалынбай қалғанын білу ғана емес, педагогикалық  кеңесте және тәрбиешінің жұмыс әдістерін зерттей отырып, оның педагогикалық шеберлігін жетілдіре түсуіне жәрдемдеседі. Педагог-тәрбиеші жұмысына әділ баға беріледі, оған өзінің осал және күшті жағын көруіне, өз жұмысына сын көзімен талдау жасауына көмектеседі.

Бақылау тәрбие-білім беру жұмысын жетілдіру құралына айналуы үшін ол үздіксіз, жүйелі түрде жүзеге асырылып отырылуы және барлық педагогикалық қызметін қамтуы қажет.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы инспекторлық жұмыстың мақсаты – тексерумен қатар әдістемелік көмек көрсету.

Тексерудің қорытындысы аудандық оқу басқармасының мәжілісінде қаралып, қандай кемшіліктер бар, соны түзетудің жолдары бойынша шаралар жасалады.

Тексерудің бірнеше түрлері бар:

  1. Фронтальды /жан-жақты/

  2. Тақырыптық /бір мәселе бойынша/

  3. Аралас /комбинированная/, /балабақшаның жалпы жағдайымен танысу және бір жұмысты толық тексеру/

тексерудің алдында бұрыңғы тексерудің материалдарымен толық танысу керек. Содан соң мақсаты бойынша жұмыспен танысып, бақылайды.

Кадрлар білімін көтеру жеке-жеке жүргізіледі. Білім, жұмыс сапасы, қызметі, кейде қабілеті бәрі ескеріледі. Тәрбиешілер білімін көтеретін курстар ұйымдастыруда әдіскер басты роль атқарады. Курс программасы тыңдаушылар құрамына және курстың мақсатына қарай жасалады журналдар болуға тиісті.

Әдістемелік кабинеттегі барлық материалдардың есебін алу үшін тізім кітабын жүргізу керек, оған материалдың аты, түскен уақыты, жаңа әдістемелік құралдардың аты, қойылатын бөлімі жазылады.

Жылдың түрлі мезгіліндегі тәрбие-білім жұмысын көрсететін көрмелер ұйымдастырылады. Оларда табиғаттың мезгілдік календарлары, серуендер мен саяхаттарды өткізудің үлгі жоспарлары, жер үлесіде және табиғат күйі ісінде де түрлі жастағы балалармен жүргізілетін жұмыстар және т.б.

Студенттерге берілетін тапсырмалар:

  1. Балабақшадағы тексеру жұмыстарының түрлері, оларға сипаттама.

  2. Әдістемелік кабинеттің жабдықталуы, оның маңызы.

ІІ. Студенттер мен оқытушы бірлесіп атқаратын жұмыстары.

Тапсырма  бойынша сұрақтарды талқылап, пікір алысу.

ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары. “Тәрбие – отбасынан басталады” тақырыбына дөңгелек үстел  ұйымдастыру, өткізу.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.

3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.

4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.

5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.

6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.

7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.