- •1.Қаржы тәуекелдерінің мәні
- •8. «Фишер» моделі
- •20,23,26, 29. Операциялық тәуекел
- •3.Валюталык трансляциялық тәуекелдерді басқару әдістері.
- •73. «5 Си» Ережесі
- •78. Инвестициялық тәуекел
- •27,39,59 Активті және пассивті
- •Спред концегщиясы.
- •Үзіліс концепциясы.
- •77. Салалық тәуекел
- •34. Аударымдар тәуекелі.
- •62,65 . Портфельдік тәуекелдер
- •72. Базалық тәуекел
- •71.Инвестициялық тәуекелдердің негізгі түрлері.
- •70. Проблемалық несиелерге қарсы шаралар:
- •75.Қаржы тәуекелінің мақсаты.
72. Базалық тәуекел
Базалық тәуекел - пайыз мөлшерлемесінің кұрылымының өзгеруіне байланысты туындайтын тәуекел. Ол келесі жағдайда туындайды: Егер депозиттерді тартқан пайыз мөлшері сол ресурстарды орналастырудағы базалық пайыз мөлшерлемелерден айырмашылығы бар болса. Базалық тәуекел әр түрлі пайыз ставкаларының өзгеруінің белгісіздігі нәтижесінде пайда болады.
Базис – фьючерс бағасы мен өндіріс бағасының айырмасы, ол қаржыландыру шығындары мен облигация бойынша табыстың өзара ара қатынасын көрсетеді. Облигацияны сатып алу үшін қаржыландыруға алған ссуданның пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі базиске әсер етеді. Базистің мұндай өзгеруі хеджерлеудің тиімділігін төмендетеді. Мұндай өзгеріс мүмкіндіктері базалық тәуекелділік деп аталады. Базалық тәуекел күрт өседі, егер банк қаражаттарды базалық ставка бойынша тартып, қалқымалы ставка бойынша инвестицияланса.
71.Инвестициялық тәуекелдердің негізгі түрлері.
Инвестициялық тәуекелдер өзіне келесідей тәуекелдердің түрлерін қосады:жіберіп алған пайда тәуекелі,табыстың төмендеу тәуекелділігі,тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелділігі.Табыстың төмендеу тәуекелділігі пайыздық тәуекелі және несиелік тәуекеліне бөлінеді.Ал,несиелік тәуекелдері өзіне биржалық тәуекелдер,банкроттылық тәуекелі және селективті тәуекелдерді қосады.
70. Проблемалық несиелерге қарсы шаралар:
1) қарыз алушының қызметін қайта құру;
2) несиені қайтару кестесін өзгерту;
3) пайыз төлеу тәртібін өзгерту.
Проблемалық несиелерге жататындар:
1) несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілмеген және қосымша келісім берілген несиелер;
2) сақтандыру кепілхат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының кепілхатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелерді орындамауы;
3) несиелерге есептелген пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.
69. Пайыздық тәуекелдігі – банктердің пайыздық ставкалары Ұлттық Банктің пайыздық ставкасымен сай келмеу жағдайында туындайды. Яғни осы елдегі ақша-несие саясатының жағдайына байланысты Ұлттық Банктің пайыздық ставкаларының өзгеруіне байланысты болады.
Пайыздық тәуекел пайыздық ставканың белгісіз деңгейі мен козғалуының болашақтағы бағытына байланысты болады.
Пайыздық кіріс әкелетін едәуір қаржысы бар банктер мен басқа да қаржы мекемелері пайыздық тәуекелділікке көп ұшырыйды. Егер фирма көп мөлшерде несие алған болса, онда пайыздық тәуекелділікті дұрыс басқармау фирманы банкроттық шегіне әкеліп тіреуі мүмкін. Пайыздық тәуекел несиегерлерге, дебиторларға, инвесторларға әсер етеді. Бірақ пайыздық тәуекелді басқаруға және минимизациялауға болады. Жалпы пайыздық тәуекел пайыздық ставкалардың өзгеруімен байланысты активтер құнының өзгеруі, табыстардың өзгеруі немесе қаржылық активтердің табыстарының өзгеруі арқылы анықталады. Сондықтан бұл өзгеріс несиелік тәуекелділікті тудыратын әр түрлі экономикалық, саяси өзгерістердің функциясы бола отырып белгісіз болып табылады.
Пайыздық тәуекел дебиторлар, жеке және жариялы орналастырылатын ноталар мен облигацияларды қоса алғанда барлық формадағы қаржылық құралдар бойынша табыс пен бағаға, бүкіл несиелік жүйеге әсер ететін фундаменталдық аспект болып табылады.
Пайыздық тәуекелді лимиттеу , бақылау басқару келесіні қажет етеді:
1) дамыған капитал нарығы мен ақша нарығының бар болуын
қажет етеді;
2) банктің пайыздық ставкаларды жобалай алуы мен сол
салада тәжірибенің бар болуын қажет етеді;
3) банк менеджментінің өз келісімімен пайыздық тәуекелді
қабылдауға дайындықтың болуы.
Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі өзімен бірге бірнеше тәуекелділік түрін алып келеді:
1) пайыздарды төлеу бойынша шығындардың өсуінің немесе пайыздық ставка жалпы денгейінің кұбылысы салдарынан күтілетін инвестиция кірісінен төмен деңгейге түсіп кетуінің тәуекелділігі;
2) пайыз төлеудің ең аз шығындарын қамтамасыз ете алмайтын, несие алу туралы шешім қабылдағаннан кейінгі пайыздық ставканың өзгеруіне байланысты тәуекелділік;
3) шешім қабылдағаннан кейінгі болған пайыздық ставканың өзгеруіне байланысты нәтижесінде ең көп кіріс алуға әкелмейтін несие беру немесе салым салуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдау тәуекелділігі;
4) бекітілген пайыз бойынша алынған несиенің пайызын төлеу бойынша шығын сомасы қалқымалы пайызға алған несиеге қарағанда жоғары болғандағы тәуекелділік.
