Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
257033 (4).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
355 Кб
Скачать
☆

Сперматозоид

Жануарлардың әрбір жеке түріне сперматозоидтардың белгілі пішіні тән (22, 23-суреттер), бірақ олардың негізгі функциясына — ұрықтандыру қабілетіне байланысты кейбір жалпы морфологиялық белгілері болады. Пішіндерінің әртүрлі болуына карамастан сперматозоидтың басын, мойнын, аралық, немесе байланыстырушы бөлімін және кұйрығын ажыратады (24-сурет). Элктрондық-микроскопиялық зерттеулер сперматозоидтың басы акросома мен цитоплазманың жұқа қабатымен коршалған ядродан тұратынын анықтады.

№ 3 Лекция Жұмыртқа қабығының типтері және олардың маңызы.

Организмнің даму ерекшелігіне байланысты жануарлардың әрбір жеке түріне, атқаратын қызметіне сәйкес түрлі бағытта мамандалған жұмыртқа клеткаларының ерекше құрылысы тән. Жұмыртқа клеткасы болашақ организмнің ұрығын цитоплазманың негізгі массасымен, жеткілікті мөлшерде қоректік материалмен қамтамасыз етуге тиісті. Осыған байланысты олар ірі болып келеді. Әдетте жұмыртқа клеткасы жүздеген, ал сары уызға бай жануарлардың жұмыртқасы аталық жыныс клеткаларынан миллион есе ірі болады. Сонымен бірге жануарлардың көпшілігінің жұмыртқа клеткасында центросома болмайды, осыған байланысты дағдылы жағдайда олар өз бетінше бөліне алмайды және қозғала да алмайды. Жұмыртқа клеткаларының ерекшелігі сары уыздың болуы мен кортикалық қабат деп аталатын цитоплазманың беткі қабатының болуы. Сонымен бірге жұмыртка клеткасын қаптап тұратын арнаулы қабыкшалар болады. Сарыуыз белоктардан, фосфолипидтерден, нейтральды майлардан түзіледі. Қан арқылы овоцитке келіп сарыуыз гранулаларына айналады. Омыртқалы жануарлардың жұмыртқасының белоктары мен фосфолипидтері бауырда синтезделіп, кейін овоцитке келеді деген деректер бар. Жұмыртқа клеткасында сарыуыз көп болуы мүмкін. Мысалы, тауық жұмыртқасының сарыуызының көлемі алғашқы жыныс клеткасына қарағаңда төрт миллион есе үлкен. Губкалар мен ішек қуыстылардың жұмыртқа клеткаларынан басқа, жүмырткалардың бәрінде қозғалу қабілеті болмайды. Губкалармен, қайсыбір ішек қуыстылармен және кейбір моллюскілерден басқа барлық жануарлардың жұмыртқа клеткалары бірнеше арнаулы кдбықшалармен қапталған. Шығу тегіне қарай оларды бірінші, екінші, үшінші қабықшалар деп ажыратады. Адам мен омыртқалылардың көпшілігінің жұмыртқа клеткасының цитоплазмасы қатпар немесе микробүр құрайтын плазмалеммамен қапталған. Жұмыртқаның плазмалеммасын микробүрлер арасында орналасқан затпен косып бірінші кабықша дейді. Бірінші қабықша овогенез процесі кезінде ұрықтанғанға дейін ооциттің цитоплазмасының беткі қабатының бөлінуінін, немесе қабықшаны калыптастыратын ооциттің бөлетін заттардың есебінен пайда болады. Бірінші кабықша цитоплазмамен тікелей байланыста, әдетте өте жұқа жарғақ, бірақ қалың және мықты болуы да мүмкін. Бірінші қабықшаны сарыуыз қабықшасы деп те атайды.

Жұмыртқа клеткаларының классификациясы олардағы сарыуыздың мөлшері мен оның цитоплазмада орналасуына негізделген. Аталған ерекшеліктеріне қарап жұмыртқа клеткаларының бірнеше түрін ажыратады: 1. Сарыуызы жоқ — алецитальды (а — жоқ, - сарыуыз); 2. Цитоплазмада бірыңғай таралған сарыуызы аз жүмыртқалар, гомолецитальды, немесе изолецетальды ұқсас); 3. Цитоплазмада полярлы орналасқан сарыуызы орташа немесе көп жұмыртқалар, телолецитальды 4. Ортасында орналасқан сарыуызы көп жұмыртқалар — центролецитальды жұмыртқалар болып белінеді. Сарыуызы жоқ немесе аз жұмыртқаның үстіңгі бөлігін анимальдық (апта — тіршілік), сарыуыздың негізгі массасы орналасқан төменгі бөлігін вегетативтік (өсімдік) бөлігі дейді.

№ 4 Лекция . Оогенездің жүйелі кезеңдері.

Жануарлардың әрбір жеке түріне сперматозоидтардың белгілі пішіні тән (22, 23-суреттер), бірақ олардың негізгі функциясына — ұрықтандыру қабілетіне байланысты кейбір жалпы морфологиялық белгілері болады. Пішіндерінің әртүрлі болуына карамастан сперматозоидтың басын, мойынын, аралық, немесе байланыстырушы бөлімін және кұйрығын ажыратады. Элктрондық-микроскопиялық зерттеулер сперматозоидтың басы акросома мен цитоплазманың жұқа қабатымен қоршалған ядродан тұратынын анықтады. Акросома А — құрылым схемасы,Б — жалпы көрінісі;1 — акросома; 2 — ядро;3 — проксимальдық центриоль; 4 — дистальдық центриоль; 5 — митохондриялық спираль; 6 — осьтік жіп. сперматидтің Гольджи кешенінен түзіледі. Акросомада көптеген ферменттер болады, олардың ішіндегі негізгілері — жұмыртқа клеткасын ұрықтандыруда маңызды рөл атқаратын протеазалар мен гиалуронидаза. Гиалуронидазаның әсерінен ядроны қор-шаушы фолликулалық клеткаларды бекітетін мукополисахаридтер ыдырап сперматозоид жұмыртқа клеткасымен жанасуға мүмкін-шілік алады. Мойын бөлімінің цитоплазмасында тіректік фибриллалар мен екі центриоль (проксимальдық және дистальдык) орналасқан. Проксимальдық центриоль ұрықтандыру кезінде жұмыртқаға (зиготаға) ауысып ұрықтанған ядроның бөлінуіне қатысады. Дистальдық центриоль өзгеріске ұшырап сперматозоидтың қозғалтқыш апаратының кұрамына кіреді. Аралық, немесе байланыстырушы, бөлігі цитоплазмамен қоршалған талшықтың микротүтікшелерінен, немесе орталық жіптен тұрады. Электрондық микроскоп — орталық жіптің құрылысы кірпікшелердің құрылысына ұқсас екенін көрсетті — 9 жұп — шеткі және екі орталық фибриллалардан тұратынын анықтады. Орталық жіп пен плазалемманың арасындағы цитоплазмада митохондриялар, көп мөлшерде гликоген және АТФ болады. АТФ пен митохондриялардың аралық бөлімде көп болуы оның сперматозоидты энергиямен қамтамасыз ететіндігінің дәлелі. Құйрықтың басталар бөлімі цитоплазмамен қоршалған талшықтың микротүтікшелері мен тіректік фибриллалардан тұрады. Құйрықтың соңғы бөлігінде талшықтың бірен-саран микротүтікшелері байқалады, ал оның цитоплазмасындағы тіректік фибриллалар тәртіпсіз орналасқан.Құйрықтың ұшы плазмалеммадан ғана тұрады, цитоплазма жойылып кетеді.

5- Лекция. Өсу кезеңі: трансляция аппараттарының компоненттерінің қорға сақталуы мен белоктардың жиналуы.

Ұрықтану кезінде міндетті түрде аналық және аталық гаметалардың ядроларының қосылу процесі жүреді. Осының нәтижесінде зиготадағы ДНҚ мен хромосомалардың саны екі есе көбейеді. Осыған байланысты жыныс клеткаларының түзілу кезінде хромосомалардың санын кемітетін механизм болуы керек. Ядродағы хромосомалардың диплоидтық санын гаплоидтыққа дейін кемітетін процесс ядро бөлінуінің ерекше формасы мейоз. Мейозды В. Флемминг (1882) жануарларда, Э. Страсбургер (1888) өсімдіктерде ашқан болатын.

Редукциялық бөлінудің нәтижесінде клеткадағы хромосомалардың саны екі есе кеміп гаплоидты сперматозоидтар мен жұмыртқа клеткалары пайда болады. Мейоз кезінде хромосомалар санының кемуінен басқа да мейозды митоздан ажырататын көптеген процестер жүреді — гендік материалдың рекомбинациясы, гомологты хромосомалар арасындағы учаскелер алмасуы (кроссинговер) т. т. Хромосомалар бір-бірімен еш уақытта қосылып кетпейді, қатар жайғасады.

Мейоздық бөліну эукариоттардың диплоидті клеткаларында жүреді, гаплоидтық клеткаларда байқалмайды. Сол сияқты бактериялар мен басқа да ядросыз организмдер де байқалмайды. «Диплоидты» деген термин хромосомалардың екі жиынтығын атауға қолданылатын сөз. Жыныс клеткаларында хромосомалардың жұбын құрайтын хромосомалардың екі түрі болады - бірі аналық, екіншісі аталық хромосомалар. Бір жұпты құраушы хромосомаларды гомологты хромосомалардейді (гректің гомолос — сәйкес, ұқсас деген сөзі). Мейоз кезінде бірінен соң бірі кезектесіп жүретін екі мейоздық беліну жүреді. Оның бірін редукциялық (азайтушы), екіншісі эквациялық (теңестіруші) бөліну деп атайды. Барлық дене, сол сияқты жыныс клеткаларында да ұрықтану кезінде біреуі сперматозоидтан, екіншісі жұмыртқадан келген жұп гомологты (жалаң) хромосомалар болады.

6- Лекция. Әр түрлі жануарлардың сперматозоидтарының функционалдық ерекшеліктері мен салыстырмалы морфологиясы.

Алғашқы жыныс клеткалары ұрық дамуының бастапқы кезеңінде пайда болады. Бұл кезде оларда жыныстық айырмашылық байқалмайды. Ұрықтың басқа клеткаларынан, заттар алмасуының кейбір ерекшеліктері жағынан, өзгешеліктері көріне бастайтын ірі клеткалар. Бұлар ұрықтың денесінде емес (құс пен сүтқоректілерде), алғашқы қан тамырлары түзілетін уақытша органдарда (сарыуыз қапшығының энтодермасында) пайда болады. Алғашқы жыныс клеткалары кейін қанның ағысымен немесе тамырлардың бойымен өз бетінше қозғалып жыныс безінің ұрығына жиналады. Содан кейін оларды гаметалардың онан әрі дамуын қамтамасыз ететін жыныс бездерінің ерекше клеткалары — фолликулдык клеткалар қоршап, олардың онан әрі дамуын қамтамасыз етіледі.

Гаметагенездің кейінгі кезендері ұрықтың жынысына байланыс-ты түрліше жүреді. Гаметагенез сперматогенез және овогенезге бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]