Сүтқоректілердің дамуы
Жануарлардың судан құрғақтыққа шығуына байланысты оларды қоршаған орта жағдайы өзгеріп, ұрықтарынын дамуы құстар мен рептилийдегі сияқты жұмыртқа ішінде немесе сүтқоректілердің көпшілігінде арнаулы орган — жатырда өтетін болған. Бірінші жағ-дайда дамуға қажетті қоректік заттарды жұмыртқадағы сарыуыз бен белоктан, ал екінші жағдайда ұрықтың қорегі ана организмінен алынады. Сүтқоректілердің көпшілігінің жұмыртқасы эволюция процесінің нәтижесінде сарыуызын жойғандықтан ланцетниктің жұмыртқа клеткасы сияқты өте кіші болып келеді. Сонымен бірге толық бөлшектенуге көшкен, бірақ та сүтқоректілердің дамуы меробластлық типпен жүреді. Қазіргі сүтқоректілердің ең жабайысы ехидна мен үйрек тұмсық. Бұлар рептилийлердің көпшілігіне тән көбею және даму тәсілін сақтаған. Бұл жануарлардың жұмыртқа клеткасы өте ірі болады (сарыуызының диаметрі 0,5 см дейін). Ехидна денесінің бауыр бетінде болатын қалтаға көбінесе бір жұмыртқа салады. Үйрек тұмсықта қалта болмайды, інге салған бірнеше жұмыртқаларын басып жетілдіреді. Бөлшектенуі дисклік, гаструлануы рептилийлердікіндей жүреді. Жұмырткадан шыққан балалары анасының тері безінің сүтке ұқсас секретімен қоректенеді. Барлық сүтқоректілер балаларын тірі туады. Құрсақтық даму кезеңі түрлі сүтқоректілерде түрліше және ұрықтың ана организмімен байланысының түрі де бірдей болмайды. Қалталылардың құрсақтық даму кезеңі өте қысқа және ұрыктың жатырдың кілегей қабықшасымен байланысы жабайы. Қалталылардың кейбір түрлерінің (бандикут, немесе калталы борсык) тел кабының қабырғасы жатырдың кілегей қабыкшасының ойындысына кіріп тұратын өсінділер құрайды. Сондықтан қалталылар балаларын шалатуады. Мысалы, ересек үлкен кенгурудың еркектерінің үлкендігі адамның бойындай болғанмен, балаларының үлкендігі лобия дәнінен болар-болмас қана үлкен. Кейбір қалталылар өздерінің балаларын қалтасында жетілдіреді; кейде кенгуру баласы, анасының калтасында жүріп өзі көбейіп балалы болады. Бұл жануарлардың жұмыртқасында сарыуыз көп болмайды.
Жоғары сатыдағы сүтқоректілердің жұмыртқасында сарыуыз кірінділері жоқ деуге болады және онда дамудың бастапқы кезеңіне жеткілікті не органикалық, не бейорганикалык заттар болмайды. Ұрық өзінің дамуына қажеттің бәрін ана организмінен алады. Плаценттілердін, жұмыртқа клеткалары өте кішкентай (диаметрі 100-200 мкм) алецитальді немесе изолецитальды типке жатады. Толық бөлшектенеді. Бластомерлердің үлкендігі бірдей болмайды және олардың санының көбеюінде геометриялық прогрессия байқалмайды. 2 бластомерлік кезеңнен кейін бластомерлер саны 3, 4, 5,1,9, 11 т. т. болып көбейеді. Сүтқоректілердің көпшілігінде бөлшектенудің нәтижесінде морула пайда болады.
Сүтқоректілердің моруласы бірнеше рет бөлшектенгеннен кейін бластоцискіге - бластодермалық, немесе ұрықтық көпіршікке, айна-лады. Бластоцистының қабырғасы клеткалардың бір қабатынан тұрады. Қуысы сұйыққа толады. Бластоцист қабырғасының бір учаскесіне эмбриобластының клеткалары жабысып үрықтык, түйінді құрайды. Эмбриобласт жанасатын трофобластының учаскесін Раубер қабаты деп атайды. Гаструланудың бірінші фазасы басталады: бір қабатты ұрық қалқаншасы деляминация арқылы екі қабатты болады.
9- Лекция. Сперматозоидтар мен жұмыртқалардың ұрықтану қабілеттілігінің сақталуының ұзақтылығы мен шарттары.
Экто- және эндодермадан тұратын ұрық түйіні ұрық қалқаншасына айналады. Ұрық калқаншасында алғашқы жолақ Гензен түйіні қалыптасады, яғни үрық денесі түзіледі. Келешек эмбрионның клеткалары биохимиялық жағынан трофобластының клеткаларынан өзге болады. Сонымен планценталы сүтқоректілердің гаструлалануының бірінші және екінші кезеңі құстардікіне ұқсас жүреді. Гаструлаланудың соңында үш қабатты ұрық пайда болады және жота органдарының комплексі қалыптасады. Негізгі эмбриондық бастамалардың (нерв түтігінің пайда болуы, мезодерманың жіктелуі мен сегменттерге бөліну т. т.) оқшаулану процестері негізінде басқа омыртқалылардағыдай жүреді. Гаструлалану кезеңінде ұрық жатыр қабырғасына бекиді. Бұл өте күрделі морфологиялықжәнефизиологиялықпроцесс. Ұрықжатырдың кілегей қабықшасына толықтай немесе трофобластының өсінділерімен ғана енеді. Трофобластының өсінділерін алғашқы бүрлер деп атайды. Кейін ол дәнекер ұлпасы мен тамырлары бар екінші бүрлерге айналады. Хорион осылай пайда болады. Сүтқоректілердің жұмыртқа клеткасында сарыуыз болмағанмен құстар мен рептилийлердегідей сүт қоректілерде де амнион, аллантоис пен сарыуыз қапшығы калыптасады . Эмбрион ана организмімен ерекше орган — плацента арқылы байланысады. Плацента трофикалық, экскреттік және қорғау функцияларын атқарады. Сонымен бірге иммунобиологиялык, корғау органы және эндокриндік орган болып та есептеледі. Құрылысына қарай плацентаның бірнеше типін ажыратады: эпителий — хориондық, десмахориондық, эндотелий - хориондық және гемахориондық
Сперматозоидтың (спермийдің) құрылысы. Еркек жануарлардың жыныс торшалары — сперматозоидтар ұрықтану процесіне қатысып, ұрыққа аталық тұқым қуалаушылық қасиеттерді береді сперматозоидтардың саны жануарлар түрлеріне байланысты ондаған миллионнан миллиардтқа дейін саналды. Олардың мөлшері түрлі жануарларда әр түрлі болғанымен (40-60 мкм), жалпы құрылысы бір-біріне ұқсас. Барлық басқа торшалар сияқты сперматозоид та сыртынан плазмолеммамен қапталған. Ол үш: бас, мойын және құйрық бөлімдерден құралған.
Сперматозоидтың басын плазмолеммамен қапталған цитоплазма мен ядро құрайды. Басының алдыңғы жиегінің 2/3 бөлігінде, пішіні иілген жалпақ қапшыққа ұқсас цитоплазмалық оймақ пен оның ортасындағы тығыз денешік акросома орналасқан. Бұлар Гольдж кешенінің туындысы. Ұрықтану кезінде акросома жұмыртқа торшасының қозғалу қасиеті бар. Бүны реотаксис — деп атайды.
Жұмыртқа торшасының (овоциттің) түрлері және құрылысы.
Овоциттердің сперматозоидтардан негізгі айырмашылықтары:
Сперматозоидтарға қарағанда овоциттердің мөлшері үлкен (100- 120 мкм -нен бірнеше мм немесе см) болып келеді;
Бір мезгілде болінетін овоциттердің саны сперматозоидтарға қарағанда әлдеқайда аз болады;
З.Овоцит цитоплазмасында центросома органелласы болмайды (сондықтан ол өз бетімен бөлініп бөлшектенуге қабілетсіз);
4. Овоцит өз бетімен қозғала алмайды.
Овоциттің мөлшері ұрықтың даму ортасы мен жетілу мерзіміне тікелей байланысты. Ұрығы енесінің құрсағында дамитын жануарлардың жұмыртқа торшасында, сарыуыздың көп мөлшерде қорлануының керегі жоқ. Себебі, ұрық бірінші күннен бастап снесінің жұмыртқа жолы мен жатырындағы дайын қоректік заттармен қоректенеді. Ал ұрығы ене организмінен тыс, мысалы, жұмыртқада дамитын жануарларда, овоцит цитоплазмасындағы сарыуыздың мол қорынсыз үрықтың дамуы мүмкін емес. Сарыуыз қорының мөлшері мен оның овоцит цитоплазасындағы таралу сипатына байланысты жануарлар жұмыртқа торшаларының бірнеше түрлері ажыратылады. Сарыуыз қорының жұмыртқа торшасындағы мөлшеріне байланысты овоциттер үш топқа бөлінеді:
олиголецитті (- аз, - сарыуыз) овоцит —сарыуызы аз жүмыртқа торшасы;
мезолецитті ( орташа) овоцит — сарыуызының мөлшері орташа жұмыртқа торшасы;
полилсцитті - көп) овоцит — сарыуызы көп жұмыртқа торшасы.
Сарыуыздың овоцит цитоплазмасындағы таралу сипатына іайланысты жұмыртқа торшаларын темендегідей үш топқа бөледі:
изолецитті немесе гомолециіті (- бірдей, ұқсас) овоцит сарыуыз жұмыртқа торшасының цитоплазмасында біркелкі таралған;
телолецитті (— жиек, соңы) овоцит — сарыуыз жұмыртқа торшасы цитоплазмасының тек бір полюсінде ғана жинақталған;
центролецитті (- орталық, центр) овоцит сарыуыз жұмыртқа цитоплазмасының орталығында жинақталған.Олиголецитті және изолецитті овоциттер хордалылар типінің тым қарапайым өкілі қандауырша (ланцетник) мен сүтқоректілер жұмыртқа торшаларына тән. Қандауырша дернәсілі (личинкасы) ұрықтанған күннен бастап өз бетімен, ал сүтқоректілер (жұмыртқа салушыларынан басқалары) ұрықтары енесінің организмі арқылы қоректенеді. Аталған жануарлар овоциттері цитоплазмасында сарыуыз аз мөлшерде қорламады жоне ол цитоплазмада біркелкі таралып жатады. Мезолецитті және телолецитті овоциттер қосмекенділер мен кейбір балықтар жұмыртқа торшаларына тән.
Олардың цитотоплазмасында сарыуыз орташа мөлшерде қорланады. Бірақ, ол жұмыртқа торшасы цитоплазмасының төменгі вегетативті полюсінде жинақталған. Полилецитті және телолецитті овоциттер балықтардың көпшілігіне, бауырымен жорғалаушыларға, құстарға, жұмыртқа салатын сүтқоректілерге (алғашқы аңдарға) тән жұмыртқа торшалары. Полилецитті және центролецитті овоциттер омыртқасыз жануарларда кездеседі.
10 – Лекция. Ұрықтану.
