Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etika.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187 Кб
Скачать
☆

6.Өз мамандығыңыздың этикалық өлшемдерін анықтап беріңіз

Кәсіби топтың мүшелері өзінің клиенттерінің алдында, басқа кәсіби топтың әріптесінің алдында және қоғам алдында міндеттері бар. Дегенмен, әлеуметтік қызметтер мемелекет тарапынан қолдау болмаған жағдайда өзінің кәсіби міндеттерін орындай алмайды. Барлық кәсіби бірлестіктер өздерінің мүшелерінің қызметін бақылауы қажет және әлеуметтік қызметтер үшін кәсіби құқықтарын байқауда кепілдік беруі керек.

Сонымен, этикалық кодекс әлеуметтік қызметтер не үшін жауап береді және қалай істеу керек екендігін анықтайды. Сондықтан, этикалық кодекс жауапкершілік туралы формализацияны білдіру ретінде функуционаланады; 1) қоғам алдындағы мамандақтар, яғни осы мамандықта бекіту; 2) тұтынушы қызмет алдында мамандықтың өкілі; 3) өз мамандығының алдандаңы мамандар. Этикалық кодекстің заңдастыру функциясын орындаудан басқа келесі міндетер бар:

— Нақты өлшемдерді ұсына отырып, мамандардың беделін қорғау, яғни мамандардың әрекеттерін реттеу үшін қабылдау мүмкіндігі.

— Мамандардың жете білушілікті және адал ниеттік жұмыста мүмкіндік туғызады.

— Адамдарды практиканы жете білмеушіліктен немесе көңіл бөлмеушілік жағынан эксплуатациядан қорғау.

Сонымен, этикалық кодекстің басты мақсаты, клиентті қорғауда жұмыстың принципін мүлтіксіз анықтау.

Әлеуметтік жұмыс этикасы басты принципіне мыналар жатады:

Әрбір адамдардың қоғамдық жағдайына өздерінің есебінен ақша сауға міндетті және өз-өзін іске асыруға мүмкіндігі бар. Әлеуметтік қызмететр өздерінің қызметінде әлеуметтік әділеттілік принциптерін жетекші етеді. Әлеуметтік қызметтер адамдардың құқықтарын құрметтейді және БҰҰ-ның адам құқығы декларияциямен сәйкес әрекеттенеді. Осы облыстарда басқа да халықаралық конвенциямен біге әрекет етеді;

Әлеуметтік қызметтер топтағы, қоғамдағы, жеке адамдарға көмек көрсетуде өздерінің барлақ білімін және дағдысын бағыттауға міндетті. Сонымен қатар тұлға және қоғам арасындағы конфликтіні шешімге әлеуметтік қызметтер қажет еткен әрбіреуіне көмек көрсетеді.

Әлеуметтік қызметкерлер өз қызметтерінде жеке адамдардың дербес құқықтық, конфиденциальдық және жауапкершілік қолдау информациядағы принциптерді байқайды; әлеуметтік қызметкерлер өз клиенттерінің жағдайлары үшін тығыз байланыста болады.

Әлеуметтік қызметкерлерге клиенттің сұрақтарын шешу кезінде минимумдарға дейін, құқықтық күштеуге қолдану керек; әлеуметтік жұмыстың тұлғаларды қолдануда жанама және тікелей; билік құрылымдары сыйымсыздық;

Әлеуметтік қызметкерлер адамдардың кәсіби ассациацияда қабылданған этикалық кодекстерін ұстанады.

7.Адамның рухани дамуындағы базалық детерминанттарын және заңдылықтарын, негізгі принциптері мен тетіктерін айқындап беріңіз

Адам – ең жоғарғы құндылық. Еліміз егемендік алғаннан кейін адамды ең жоғары құндылық ретінде бағалау қалыптаса бастады. Адамның бар құндылығы – оның өмірі. Ол адамның мінезі мен темпераменті, мүддесі, көзқарасы, әдеті, тілегі, мәдениеті, тәрбиелік деңгейі, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кішіпейілдігі, әдептілігі, жеке басының тазалығы, әсемдігі, сөйлеу мәдениеті т.б.

Адамның өмір сүру барысындағы қолданатын тәсілінде оның түрлі қажеттіліктері, ақыл-ойының қалыптасуы, еркіндік жауапкершілігі, қызметін ұйымдастыруы және болжамы анықталады. Оның іс-әрекеті және сол арқылы адамның қалыптасуы мен дамуы өз шешімін табады. Адам- дүниені өзгертуші күш.

Орыс жазушысы К. Г. Паустовский: «Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады»;

Куба жазушысы, саяси қайраткер Х.Марти: «Адам бола білу – ең қиын мамандық» - деп жазған. Ең ұлы жеңіс- өзіңді-өзің жеңу. Өзіне-өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан мықты.

Адамның адамгершілік қасиеті. Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары – үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде болды және солай бола беруге тиіс.Мораль мен адамгершілік бір-бірімен өзара тікелей байланысады. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүретін, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста бола алатын қабілеті. Мораль – адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі, олардың практикалық өмірдегі бейнесін жасайтын іс-әрекеті.Адамгершілік қасиеттері отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте адамдардың іс-әрекетінің барысында бір-бірімен араласу нәтижесінде, қоғамдық тәжірибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасып, дамиды. Халықта: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал бар. Тәлім-тәрбие болмаған жерде адамгершілік қасиет те қалыптаспайды. Адамның адамгершілігі – оның ең жоғарғы қасиеті, былайша айтқанда кісілігі. Арлы адам – ардақты. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза. Адамгершілігі мол адам – басқаларға қашан да үлгі-өнеге.

Қарапайымдылық, кішіпейілділік, ақылдылық, парасаттылық сияқты ізгі қасиеттер де әрбір адамға тән болуы керек. Адамның асыл қасиеттерінің бірі- әділдік, адалдық, турашылдық, шыншылдық. Бұл қасиеттер – әрбір адамға тән, жақсы өмір сүрудің алғы шарты. «Өтіріктің балын жалап, тірі жүргенше, - деген болатын Б.Момышұлы, - шындықтың уын ішіп өлген артық».

Адам бойында асыл қасиеттермен қатар, жағымсыз қасиеттер де көптеп кездеседі. Олар жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, пайдакүнемдік, қорқақтық, менмендік, мақтаншақтық, қулық, екіжүзділік, жарамсақтық, қатыгездік, ызақорлық т.б.

Адамның бар құндылығы – оның өмірі.

Өмірді ойламаса, алдына белгілі мақсат қоймаса, сөйтіп оның терең мазмұнын көрмесе адам өз өмірінің құндылығын түсінбейді, өзінің, басқа адамдардың алдындағы ешқандай да жауапкершілігін сезінбейді. Алкоголь нашақорлық, жыныс бұзақылығы-өмірді текке өткізетін, тұлдыр ететін қасиеттер.

Өмірді тұлдыр ететін әртүрлі әрекеттер несімен сипатталады? Бірінші кезекте, кез-келген жағымсыз әрекеттер арыңды, ұятыңды, ақылыңды тұншықтырады. Ар, ұят, сана, ақыл – адамның жануардан ерекшеленетін ең жоғарғы сапасы.

Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңді сүңгі де, түбін көзде

Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме, деп жырлаған данышпан Абай. «Бақыт – әрбір адам ұмтылатын мақсат», деп жазды әл Фараби. Француз жазушысы В.Гюго: «Шын бақытты болу үшін бақытқа ие бола кету жеткіліксіз, оны іспен жеңіп алу қажет», - деген.

Өзінің алдына үлкен мақсат қойып, оны орындауға барлық күшін жұмсай білген адам ғана бақытты бола алады. «Бақыттың мәні – парасаттылықта, - деп жазды әл Фараби, - әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсатпен кездейсоқ рақат үшін емес, адамның өз мінез құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]