3) Дисклі шифратор
Жауабы:
Дискіні айналдырғанда тақ сандар орнына
тақ сандар, жұп сандар орнына жұп сандар
түседі. Сондықтан құлыпты ашу мүмкін
емес. Себебі, онда көп математикалық
пайымдау болуы мүмкін. Дискіні стержень
бойымен 180° айналдыру-бұл стержені бар
дискінің түзуге қатысты осьтік
симметриясы. Осьтік симметрияны S әрпімен
белгілейік. Түзуге қатысты осьтік
симметриялар S1 және S2-нің композициясы,
олардың арасындағы бұрыш-
бұл бұрылу бұрышы 2
болады. Бұрылу бұрышын R әрпімен белгілей
отырып, былай жазуға болады S1+S2=R2
.
Бұрылыс мен симметриялар композициясы
тағы симметрия болады (S+R=S), ал 2 бұрылыс
қайта бұрылыс юолады (R+R=R). Байқауымыз
бойынша, симметрия цифрлар мәні “айна”
мәніне өзгеруде (суретке қараймыз 3ші
суреттен 4ші суретке өту кезі). Демек,
диск 2ші суреттегі қалыпқа енуі үшін,
симметриялар жұп сандар болуы керек.
Бірақ симметриялардың әр жұбы бұрылыс,
ал бұрылыстар композициясы тағы бұрылыс.
Сондықтан, симметриялардың жұп санының
композициясы-бұрылыс, оның үстіне кішісі
60° бұрыш болады (арасындағы минималды
бұрыш-30°). Сондықтан 30° бұрылу мүмкін
емес.
№7
Есептеуіш жүйелерінің қауіпсіздігі
Есептеуіш жүйелерінің қауіпсіздігіне есептеуіш құралдары арқылы жасалатын қауіп түрлерін қарастырайық.
Есептеуіш жүйелер жұмысына адамның араласуы. Бұл топқа есептеуіш жүйелер қауіпсіздігін бұзушы ұйымдастырушылық құралдар (ақпарат тасымалданушы, ақпарат сақталушы дискеттер, өзге де құрылғыларды ұрлау, жарамсыздандыру) және есептеуіш жүйелердің программалық өнімдеріне рұқсатсыз ену жатады. Мұндай қауіпті іс-шараларға қарсы қолданылатын тәсілдер ұйымдастыру-шылық түрде (күзет қою, есептеуіш жүйелерге ену режимін белгілеу) болады.
Есептеуіш жүйелердің жұмысына аппаратты-техникалық араласу. Бұл сөз мағынасы есептеуіш жүйелердегі ақпараттың қауіпсіздігі мен тұтастығын техникалық құралдар көмегімен бұзу, мысалы: есептеуіш жүйелер құрылғыларынан электромагниттік сәулелену арқылы ақпарат қабылдау, ақпарат жіберуші каналдарға электромагниттік әсер ету, т.б. Мұндай қауіптерден сақтану үшін ұйымдастырушылық шаралардан басқа, аппараттық (аппарат экранын сәулеленуден сақтау, ақпарат жіберуші каналдарды жасырын тыңдалудан сақтау) және бағдарламалық тәсілдер қолданылады.
Бағдарламалық өнімдер көмегімен есептеуіш жүйелер бағдарламаларының компоненттеріне жоюшы әсер көрсету. Мұндай өнімдерді - бұзушы бағдарламалық өнімдер деп атауға да болады. Оларға компьютерлік вирустар, троян аттары, жергілікті және ауқымдық желілерді пайдалану арқылы алыстағы жүйелерге ену өнімдері. Мұндай шабуылдарға қарсы бағдарламалық және аппараттық қорғау жүйелері қолданылады.
Windows NT операциялық жүйесінде SAM берілгендер қорының парольдері
Windows ХР қауіпсіздік жүйесінің негізгі бір компоненті қолданушылардың жазу тіркегіш диспетчері болып табылады. Ол қауіпсіздік жүйенің басқа компьютермен байланысын қамтамасыз етеді. Парольдар туралы мәлімет SAM берілгендер қорында сақталады. (SAM – “Security Acconnt Management Database”). Бұл база кез-келген компьютерде Windows NT операциялық жүйесінде болады. Онда Windows NT қолданушыларының аутентификациясы үшін қолданатын, жүйеге кірердегі барлық ақпараттар сақталады. SAM берілгендер қоры Windows NT жүйесінде жүйелік реестрдің бір бұтағы болып саналады. SAM берілгендер қорындағы ақпарат негізінде екілік формада сақталады. Оған рұқсатты қатынас жазу тіркегіш диспетчері арқылы іске асырылады. Ол SAM берілгендер қорындағы жазылған ақпаратты өзгертуге жол бермейді. SAM берілгендер қорына енгізілген парольдық тізбек DES алгоритмі арқылы шифрланады.
Windows NT операциялық жүйесінің парольдық қауіпсіздігі. Парольдар туралы мәлімет SAM берілгендер қорында сақталған. Олар Windows NT қолданушының аутентификация қызметін атқарады. Интерактивті немесе желіге кіру кезінде жүйеге енгізілген қолданушы парольдары бірінші хэшифрланады, содан кейін екінші шифрланады. SAM берілгендер қорында жазылған 16 байттық тізбекпен салыстырылады. Егер олар сәйкес келсе қолданушы жүйеге кіруге қол жеткізеді. SAM берілгендер қорының мәліметтері шифранған түрде немесе хэшифрлаған пароль түрінде сақталынады. Бірақ кейбір жағдайларда операциялық жүйе олардың біреуін ғана есептейді. Мысалыға: қолданушы Windows for Workgroups компьютерінде жұмыс істеп отырған Windows NT домені қолданушысы паролін өзгертетін болса, онда оның есептік тізімінде тек Lan Manager паролі ғана қалады. Ал, егер, қолданушылық пароль 14 символдан көп болып немесе бұл символдар көмекші құралдардың жиынтығына кірмейтін болса, онда SAM берілгендер қорына Windows NT паролі енгізіледі.
