- •Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы» пәні
- •Этика пәні: анықтамасы.
- •7. Парыз ұғымы қалыптасуы
- •8. Шығармашылық бірлестік қызметінің негізгі қағидалары: этикалық талдау
- •9.Органикалық түрде ұйымдасқан мәдениет: этикалық талдау
- •10. Кәсіпкерлік ұйымдасқан мәдениет
- •11.Партиципативтік ұйымдасқан мәдениет: этикалық талдау
- •12 Этикалық құндылықтар әлеуметтік психологиялық талдау.
- •Кадрлық менеджмент: әлеуметтік-психологиялық талдау
- •Кадрлық менеджмент эволюциясы
- •16. Кадрлық менеджменттің негізгі үлгілері: этикалық талдау
- •17. Қызметкерлерді басқарудың дәстүрлі әдістері ерекшеліктерін талдау!
- •24. Менеджердің этикасы: этикалық талдау
- •27. Кәсіби міндеттердің мән-мағынасы
- •28. Кәсіби қызмет мақсаттары.
- •29. Хх ғасырдағы қызметкердің кәсіби этикасының эволюциясы.
- •30. Менеджердің кәсіби қызметіндегі этикалық реттеу.
- •31.Сәттілік психологиясы
- •32 Кәсіби саттилик психологиялық сәттілік
- •Сәттілікке жету жолдарын талдау
- •Өмірлік іс-әрекеттегі сәттілік феномені және сәтті адамдардың ерекшеліктері
- •36. «Сәттілік индексі», «сәттілік магиясы», «сәттілік құпиясы», «сәттілік формуласы» түсініктерінің өзара байланысын және сәттілікке апарудың алты кілті
- •37.Сәттілік психологиясы және лидерлік жайлы байланыстыру және сәттілік неден тұрады психологиялық жайлы
- •39. Карьерлік өсудегі сәттілікке жетудің объективті факторлары
- •Өмірлік іс-әрекеттегі сәттілік феномені, персоналды бренд жеке бастық сәттіліктің факторы
- •44. Сәттілік және лидерліктің психологиясы
- •47. Манипулятивті технологиялар және сәттілік факторы.
- •Сәттілік факторлары:
- •48. Сәтті коммуникацияның вербалды және вербалды емес технологиялары
- •50. Тілдік этикет және сөйлеу мәдениеті
- •51. Кәсіби және іскерлік этикет.
- •52 Жаксы (манера) әрекет қонақ этикеті
- •53. Сәттілікке жету мотивациясы және сәтсіздіктен алыстау
- •55.Эмоция әлемі және жеке бастық және әлеуметтік сәттілік
- •56. Бизнес этикасы психологиясы.
- •57 .Имидж психологиясы және жеке бастық сәттілік.
- •Имидж (Бедел) туралы
- •Адамның имиджі
- •Имидж сипаты
- •Имидж тану
- •Имидждің тағы бір қыры
- •Имидждің әсері]
Кадрлық менеджмент: әлеуметтік-психологиялық талдау
Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. Менеджмент кейде Менеджмент ғылымы (Management Science) деп те аталады, яғни ол адамзаттың басқару ісінің заңдылықтары мен өнімді әдістерін зерттейтін пән саласы есептеледі. Ол белгілі бір құралдар мен әдістанмалар арқылы басқаруды өнімді етеді, әсіресе Операцияларды зерттеу (Operations Research) және Статистика секілділер арқылы басқаруға сапалық және сандық анализ жасайды. Ал, басқару дегеніміз басқарылушыға өнімді, пайдалы жұмыс істету әрекеті. Қазіргі заман басқару істері кейбір басқару мәселелеріне талдау жасаудай тар шеңберден шығып, жаратылыстану және гуманитарлық пәндердегі пайдалы білімдер мен әмбебап әдістерді пайдаланып, операцияны басқару, адам күші байлығын басқару, қауіп-қатерді басқару, айқын емес жағдайда шешім қабылду, шұғыл жағдайда таңдау жасауқұрделі құрылымның өзгерісін тізгіндеу, қалыптасу (emergence), өзін көрсете алу, ортаға үйлескіштік, өздігінен ұйымдасу, ұқсастықтардың біріктіруі секілді ауқымды мәселелерді жаппай қамти бастады. Әрқандай ұйымды жүйе ретінде қарастыруға болады, ал басқару сол жүйе үшін маңызды феномен ретінде жоспарлау, жетелеу, тіпті де жақсысын өндіру секілділерге талпына бастады. Сондай-ақ әлденені басқарудан бұрын оның өз-өзін басқаруы, басқаруға әзірлігі, басқаруының жүйелілігі мен табыстылығы, әсіресе жаңа деңгейге үздіксіз көтеріліп, жетіліп отыру секілділер де менеджментке жаңа мазмұндар қосты.
Менеджментті жаратылыстану пәні деп түсіндіретіндер бар, бірақ көпшілік оның гуманитарлық пән екеніне сенімді.
“Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді де атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915) есептеледі. Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.
Нарықтық экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді. Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне — менеджерлерге көшеді.
