- •1.Табиғи орта, табиғат ресурстары және оларды қорғау, тиімді пайдалану ұғымдары
- •2. Қоғам дамуындағы табиғат ресурстарының рөлі
- •3. Табиғи ортаны қорғау қажеттілігі және басты бағыттары
- •4. Табиғатты пайдалану және табиғат ресурстарын, табиғи ортаны бағалау қажеттілігі
- •6. Табиғат пайдаланудың экономикалық механизмі
- •7. Табиғатты пайдаланудың принциптері мен міндеттері
- •8. Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі мәселелері және міндеттері
- •9. Табиғи және экономикалық табиғи ресурстарды бағалау көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері
- •10.Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау қағидалары, ерекшеліктері
- •11. Минералды шикізат ресурстарын экономикалық бағалау түрлері, ерекшеліктері
- •12. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау уақыт факторын екеру қажеттілігі
- •13. Табиғат ресурстарын экономикалық мақсаты, атқаратын міндеті
- •14. Табиғат ресурстары үшін төлемдер. Табиғатты қорғауды және пайдалануды басқару жүйесін жетілдіру
- •15. Басқарудың заңдық негіздері. Мемлекеттік табиғатты пайдаланудың басқару органдарың олардың құрылымы атқаратын міндеттері.
- •16. Жергілікті басқару органдарының жауапершілігі және нарық қатынастарын кеңінен қолдану
- •17. Әкімшілік-құқықтық реттеу, экономикалық реттеу және нарық қатынастарын кеңінен қолдану
- •18. Басқарудың танымдық, құқықтық негіздері және қолданылатын әдістері, табиғатты қорғауды, пайдалануды жоспарлау,нормалау, ережелер, тәртіптерді бекіту
- •19. Табиғат кешендерінің мониторингі, есептелуі
- •20. Экологиялық сараптаулар. Басқарудағы ғылымның рөлі, экономикалық есептеулер
12. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау уақыт факторын екеру қажеттілігі
Табиғатты жақсатру және табиғи ресурстарды пайдалануда барабар бағасын және табиғи ресурстардың, табиғи іс-әрекетінің экономикалық бағалығын анықтау болып табылады. Қоршаған табиғи орта 3 қызмет атқарады:
табиғи ресурстармен қамтамасыз етуілуі;
зиянды қалдықтар мен ластарды ассимиляциалау;
адамдарды табиғи іс-әрекеттермен қамтамасыз ету.
Аталған үш қызметпен қатар, қоршаған табиғи қызметтердің экономикалық бағалығын анықтауда мыналарға негізделеді:
нарықтық бағалық;
ренталық;
шығындық тәсіл;
баламалық негізде;
жалпы экономикалық бағалығы (құндылығы).
Бұл тәсілдердің барлығын жақсы жетілген деп айтуға болмайды, оларда қарама-қайшылық жағдайлар кездесіп отырады. Дегенмен осылардың негізінде табиғаттың экономикалық құндылығын бағалауды жуықтатуға мүмкіндік береді. Нарықтың негізгі сапасы – түрлі ресурстардың тапшылық бағалығын ескерту арқасында оларды өте жақсы пайдалануды қамтамасыз ету тиімділігін реттеуге мүмкіндік береді. Бірақ қоршаған ортаның нашарлауы, табиғи ресурстардың таусылуы, өте көп ластануы нарықтық механизмнің әлі де болса іске аспай жатқандығын көрсетеді.
Әдетте экологиялық ұғым экология-экономикалық зиян түрінде – жобаның тиімділігін төмендетуге кері жағдай.
Қоршаған ортаның нашарлауы экономикалық зияндылық ластанудың есебінен болған қоршаған ортаның негативті яғни кері өзгерісі, ол табиғи ресурстардың көлемі және сапасы, сонымен қатар осы әсерлерден болған өзгерістерді құндық бағалаумен түсіндіріледі. Экологиялық зиян және оның зардаптары аймақтарда түрліше кездеседі: ластанған су және ауаны пайдаланған адамның денсаулығына зиян, ауыл шаруашылығында өнеркәсіптен шыққан лас заттардың әсерінен егін деңгейінің төмендігі, метелдардың коррозияға ұшырауына байланысты техника технологияның қызмет көрсету мерзімінің аздығы т.б. Әдетте бұл зияндылықтарды бағалаған кезде алдымен табиғи көрсеткіштердің төмендеу өзгерісі анықталады, содан кейін экономикалық баға беріледі.
Теориялық жоспарда экономикалық заңдылықтың мына түрі жақсы зерттелген, ол экономикалық зияндылық қоршаған ортаны ластануы ластануды болдырмау шығындары мен бірге өндірістік экологиялық шығындарды қолданылады. Сонымен қатар, зияндылықты есептеудің практикалық жолы қолданылады. Мемлекетімізде 80 жылдары зияндылықты бағалаудың қарапайым әдісі қолданылған, ол зиянды заттардың тасталу көлемі аймақтық экономикалық көрсеткіш ерекшелігіне байланысты. Дегенмен бұл әдіс практикалық және теориялық сипаты жағынан критикалық ескертулерді тудырды, сондықтан оны абсйлықпен пайдалану қажет.
Экономикалық әсердің деңгейіне байланысты ұйымдастырылған іс-шаралардың маңызды міндеті экологиялық зияндылықты төмендету. Экологиялық әсерді бағалаудың экономикалық жолдары қолданылады:
Тауарлар мен қызметтерге әсер ету бағасы, нарықтық бағаны пайдалану. Бұл жалпы жүйеде келесі әдістер қолданылады:
өндірістің, тұтынудың өзгеруі (ауыл шаруашылығында астықтың төмендеуі, балық аулаудың тоқтатылуы);
өмір сүру деңгейінің төмендігі немесе «кірісті жоғалту әдісі» (аурудың, өлімнің өсуі, жағдайдың төмендеуі);
алтернативті баға;
мүліктің қызмет ету уақтысының бітуі (ғимарат, техника және т.б)
Кірістер мен шығындардың көлеміне байланысты пайдалануға негізделген бағалау. Екінші бағыт шығындарға байланысты екені айқын.
Барлық атап өтілген шеңберде бұл әдісті пайдалану экологиялық жағдайдың нашарлауын және экологиялық зияндылықтарды көрсететін табиғи көрсеткішті бағалау формасын алуға болады. Атап көрсетілген жолдардың маңызды құндылығы – тауарлар мен қызметтерге әсер ететін нарықтық бағаны пайдалануға мүмкіндік туады.
Бұл жерде әдетте шығындарды талдаудың тікелей әдісі және экологиялық жобасы әсер ету пайдасы қолданылады.
Экономикалық ынталандыру несилік жеңілдік саясаты, салық саясаты (кәсіпорынның пайда бөлігіндегі салық жеңілдіктері, зиянды заттарды тастаудың қысқаруы) экологиялық факторларға баға белгілеу есебі арқылы іске асырады. Ынталандыру өндіріс бағасы және экологиялық таза өнімді пайдалануды, энергияға, жанармайларға баға жеңілдіктері, өнімнің экология сипаттамасына тәуелді, экологиялық заңдылықты бағалауы өндіріс және тұтынуды болжамдайды. Сонымен бірге тиімді ынталандыру құралы болып ластауға нарықтық құқықты дамыту және оның бір бөлігін құрайтын экологиялық жұмыстар мен қызметтер нарығы болып табылады.
Экономикалық мехнизмінің элементі табиғатты қорғау және табиғатты пайдалану қызметі бағдарламаларын тарату және өңдеу болып табылады.
Табиғат пайдалануды басқару келесі экономикалық тетігі бұл табиғатты қорғауды қаржыландыру жүйесі. Қаржыландырудың негізгі көздері бұл әртүрлі деңгейдегі экономикалық қорлар: мемлекеттік, салалық, аймақтық, ауылдық, кәсіпорын. Сонымен қатар басқа елдерден қаржыландырудың басқа да көздерін тартуымыз керек (экологиялық банктер, экологиялық сақтандыру, шетелдік инвестиция, кәсіпорынның жеке қоры).
Экономикалық ынталандыру және талап ету әдістерін барабар қолдану қоршаған орта сипатын бақылауда және ағымдық есепте қажет. Бұл өзгерістерді, табиғи-антропагенді экожүйеде болып жатқанды бақылау, яғни экологиялық мониторинг жүйесі құрамына кіреді. Мониторинг – бұл қоршаған ортаға жасалған зияндарды, ақпарат және статистикалық мәліметтерді болжайды және анықтайды. Экологиялық мониторинг әртүрлі деңгейді болады (әлемдік, ұлттық, аймақтық) және обьективті әдістердің кең түріне сүйенді. Мониторинг жүйесі экологиялық зиянды бағалаумен тығыз байланыста, себебі экологиялық зиян масштабын дәл сипатын көрсетеді.
Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмін қалыптастыру құрылымы:
Табиғатты қорғау қызметінің экономикалық құралдар жүйесі.
салық саясаты және табиғатты пайдалануға төлемдер жүйесі (соның ішінде апатты лас заттардың тасталуына және табиғат тиімсіз пайдалануға санкциялы штрафтар);
табиғатты қорғау қызметінің қаржылық-несиелік механизмі (жеңілдік несиелер, субсидия, сувенция, жеделдетілген амортизация);
баға саясаты (ынталандырушы баға және экологиялық таза өнімге үстемені пайдалану, бірінші ресурстар және соңғы өнімге бағаны реттеу);
экологиялық бизнесті мемлекеттік қолдау (табиғатты қорғау технологияларын өндіруші кәсіпорындар және бақылау-өлшеу құралдыры, сонымен бірге экологилық қызметтер мен жұмыстарды орындайтын фирмалар)
ластаудың нарықтық құқығын дамыту (қоршаған ортаны ластауға байланысты құқықты яғни мемлекеттік лицензияны сатып алу механизмін пайдалану).
Табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландыру жүйесі
бюджеттік қаржыландыру;
экологиялық қорлар;
экологиялық банктер;
экологиялық сақтандыру;
шетелдік инвестиция;
кәсіпорынның жеке қоры;
экологиялық инвестициялық жеңілдік қоры.
Табиғи ресурстар нарығын құру
табиғи ресурстарды бағалау механизмі;
табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды бағалау механизмі;
табиғи ресурстарды пайдалану лицензиясы;
табиғи ресурстарды пайдалануға төлемдер жүйесін құру;
Экологиялық сақтандыру
техногенді апаттан сақтандыру қоры;
стихиялы апаттан сақтандыру қоры;
қайта сақтандыру қоры;
Мемлекеттік және аймақтық эклогиялық бағдарламалар механизмін құру
аймақ деңгейінде;
мемлекет деңгейінде;
халықаралық деңгейінде.
Экологиялық жұмыстар мен қызмет нарығын құру
консалтингтік, инжинерингтік, венчурлық фирмаларды құру;
табиғатты қорғау қызметін лицензиялау;
табиғатты қорғау қызметтінің ақылы жүйесін дамыту (экологиялық аудит);
ластауға нарықтық құқықты дамыту (тастауларға құқықты сату)
Ішкі өндірістік экономикалық механизм (материалдық ынталандыру қоры, штраф және төлету жүйелері)
Экономикалық ынталандыру – қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды басқарудағы экономикалық механизмнің бір бөлігі. Басқа экономикалық әдістері (жоспарлау, қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын қаржыландыру, лицензиялау, экологилық сақтандыру, экологиялық аудит және басқа) қоршаған орта саласын жанама реттеу жүйесін көрсетеді. Табиғатты пайдалануды басқарудағы экономикалық ынталандыру – экологиялық тұрақты даму табиғатты пайдаланушының экономикалық қызығушылығымен байланысты.
Экология-экономикалық ынталандырудың екі әдісі бар:
позитивті ынталандыру;
негативті ынталандыру.
Экономикалық ынталандырудың екі бағыт қызығушылық және жауапкершілік шарасы ретінде анықтауға болады. Бірінші немесе екінші әдісті қолдану өз кезегінде қоғамдық экономикалық қажеттілігін қалыптастырады, табиғат пайдалануға байланысты туған сұрақтарды құқықтық-нормативті деңгейін анықтауды қамтасыз етеді, кәсіпорындардағы жүргізілген табиғаты қорғау іс-шараларын экономикалық бағалау.
Экономикалық ынталандырудың нақты шарасы ынталандыру жүргізу деңгейіне байланысты. Жеке жұмысшылар формасында еңбек ақыны, премия, материалдық жауапкершілік, штрафты, ал кәсіпорын немесе фирма деңгейінде – бұл өнімнің соңғы бағасы, пайда экономикалық ынталандыру қоры, мемлекет деңгейінде – салық , қаржы және баға саясаты.
Салық салу – кәсіпорынның ең ірі нақты ынталандыруы болып табылады. Оған табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер кіреді. Салық салу жүйесінің енгізілуінің негізгі идеясы.
Экологиялық салық салу қоршаған ортаны қорғауда нақты стимулдардың бірі, бірақ әлемдік тәжірбие де ол жақында қолданысқа ие болады.
АҚШ-та мәжбүрлік сипаттағы тетік (салық және ластауға төлемдер) тәжірбиелік қолданысы өте шекті болады. Бұл салық зиянды қалдықтарды зиянсыздандыруы қаржыландыруға арналған. Экологиялық реттеудің төлем құралы ретінде Батыс Европа елдерінде салық салу тәжірбиесі Францияда, Норвегия, Швеция т.б елдерде қолданылады.
Экологиялық реттеу жүйесінде үлкен рольді экономикалық ынталандыру әкімшілік-құқықтық толықтырушы тетік болып табылатын өтемақы жүйесі алады.
