- •1.Табиғи орта, табиғат ресурстары және оларды қорғау, тиімді пайдалану ұғымдары
- •2. Қоғам дамуындағы табиғат ресурстарының рөлі
- •3. Табиғи ортаны қорғау қажеттілігі және басты бағыттары
- •4. Табиғатты пайдалану және табиғат ресурстарын, табиғи ортаны бағалау қажеттілігі
- •6. Табиғат пайдаланудың экономикалық механизмі
- •7. Табиғатты пайдаланудың принциптері мен міндеттері
- •8. Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі мәселелері және міндеттері
- •9. Табиғи және экономикалық табиғи ресурстарды бағалау көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері
- •10.Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау қағидалары, ерекшеліктері
- •11. Минералды шикізат ресурстарын экономикалық бағалау түрлері, ерекшеліктері
- •12. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау уақыт факторын екеру қажеттілігі
- •13. Табиғат ресурстарын экономикалық мақсаты, атқаратын міндеті
- •14. Табиғат ресурстары үшін төлемдер. Табиғатты қорғауды және пайдалануды басқару жүйесін жетілдіру
- •15. Басқарудың заңдық негіздері. Мемлекеттік табиғатты пайдаланудың басқару органдарың олардың құрылымы атқаратын міндеттері.
- •16. Жергілікті басқару органдарының жауапершілігі және нарық қатынастарын кеңінен қолдану
- •17. Әкімшілік-құқықтық реттеу, экономикалық реттеу және нарық қатынастарын кеңінен қолдану
- •18. Басқарудың танымдық, құқықтық негіздері және қолданылатын әдістері, табиғатты қорғауды, пайдалануды жоспарлау,нормалау, ережелер, тәртіптерді бекіту
- •19. Табиғат кешендерінің мониторингі, есептелуі
- •20. Экологиялық сараптаулар. Басқарудағы ғылымның рөлі, экономикалық есептеулер
18. Басқарудың танымдық, құқықтық негіздері және қолданылатын әдістері, табиғатты қорғауды, пайдалануды жоспарлау,нормалау, ережелер, тәртіптерді бекіту
Экология саласында басқарудың негізі – табиғатты қорғаудың, табиғат ресурстарын сақтаудың, жаңғыртудың, молайтудың, тиімді пайдаланудың қоғамдық тиімділігі. Басқарудың негізгі мақсаты - өндірістің және басқа әрекеттердің табиғи ортаға зиянды әсерлерін шектеу, табиғат байлығын тиімді пайдалануды, қорғауды, өсіруді қамтамасыз ету, табиғат пайдалану ережелерін, талаптарын, нормаларын орындауды ұйымдастыру және бақылау.
Табиғат пайдалануды басқару табиғатты тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғауды ғылыми негізде жоспарлау, құқықтық ережелерді дайындау, экономикалық ынталандыру техникалық-ұйымдастырушылық, экологиялық, экономикалық шараларды белгілеу, оларды қаржыландыру және орындалуын қадағалау арқылы жүргізіледі.
Табиғат пайдалануды басқару аса күрделі процесс, өйткені мұнда табиғи жіне қоғамдық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Сондықтан кешенді жүйелі басқаруды талап етеді.
Басқару әдістерінің жүйесін екіге бөлуге болады: әкімшілік және экономикалық. Кейбір ғалымдар басқарудың үшінші нарықтық жүйесін бөліп қарайды. Нарықтық жүйе негізінен экономикалық жүйеге кіреді. Нарықтық деп басқа белгілеріне қарап бөлуге ешбір негіз жоқ. Басқару әдістерін екі жүйеге бөлудің өзі шартты түрде ғана. Іс жүзінде олар бір-бірімен тығыз байланысты.
Әкімшілік басқару жүйесі – табиғат қорғау, пайдалану заңдарының, ережелерінің, нормаларының орындалуын ұйымдастыру қадағалау негізінде жүзеге асырылады. Мұнда бір орталықтан басқару, жоспарлау табиғат пайдалану шектеріне басым назар аударылады.
Экономикалық жүйеде шаруашылық еркіндікке мүмкіншіліктер беріледі. Табиғат пайдалану нормаларын, ережелерін орындау экономикалық жолмен (ынталандыру, материалдық жауапкершілік) басқарылады.
19. Табиғат кешендерінің мониторингі, есептелуі
Табиғат қорғау және тиімді пайдалану шешімдерін дайындау үшін мемлекеттік есеп беру жүйесінің мәліметтері қолданылады. Табиғат қорғауды басқаруға қажетті мәліметтер, табиғи ортаның мониторингінен алынады. Мониторинг – бақылау жүйесі табиғат кешендерінің барлық түрлері, экоқұрылымдар, аймақтар, табиғи зерзаттар бойынша жүргізіледі. Сондықтан жергілікті аймақтық, ұлттық, бүкіләлемдік мониторинг жүйелері құрылады. Сондай-ақ мониторинг табиғат кешендерін, олардың құрамды бөліктерін қамтиды. Мониторинг табиғат кешендерінің жай-күйі, ондағы тұрақты өзгерістер туралы мәліметтер береді. Осындай мәліметтерге сүйеніп, табиғат сыйымдылығына, ондағы өзгерістерге ғылыми болжамдар жасалады. Олад табиғат қорғау және пайдалану болжамдары мен бағдарламаларының негізі болады.
Табиғат қорғауды, пайдалануды басқаруды Қазақстан Республикасының заңдарына, президент жарлықтарына, үкімет шешімдеріне сәйкес ұйымдастырылады.
Табиғат қорғау саласында басқарудың негізгі принциптерінің бірі қабылданатын шешімдердің іс-әрекеттердің алдын алу сипатында болуы. Өйткені табиғи ортаға келтірілген зиянды жоюдан гөрі оны болдырмау әлдеқайда тиімді. Сондықтан басқарудың ең негізгі әдісі болжамдар, бағдарламалар, жоспарлау және жобалау. Алғаш ұзақ мерзімдік болжамдар, тұжырымдар, бағдарламалар жасалады, содан кейін олардың негізінде ұзақ қысқа мерзімдік жоспарлар бекітіледі. Солармен қоса, ғылыми-техникалық болжамдар, тұжырымдамалар, жоспарлар әзірленеді.
Ұлттық аймақтың, жергілікті табиғат қорғау бағдарламаларында басты стратегиялық бағыттар айқындалады. Олардың қатарында:
денсаулыққа, экологияға зардапсыз ортаны сақтау, халықтың әлеуметтік, психологиялық амандығын қорғау;
бірқалыпты әлеуметтік-экономикалық даму үшін табиғатты ұтымды, сарқылтпай пайдалану;
табиғаттың қалпына келу және оны пайдалану теңдестігін сақтау;
жеке аймақтардың және әлемдік деңгейде биосфералық теңдестіктерді сақтау;
табиғатта кездесетін барлық тұқым түрлерін сақтау;
Осы мақсаттарға жету үшін басты міндеттер белгіленеді. Олар:
табиғат қорғау шараларын ұдайы жүзеге асыру, табиғат ресурстарын үнемдеу, экологиялық талаптарды қатаң сақтау, өнеркәсіпті кешенді, қалдықсыз және аз қалдықты технологияға көшіру, қалдықтарды ұтымды пайдалану, қалпына келетін табиғат ресурстарын ұлғаймалы ұдайы қалпына келтіру;
бірыңғай табиғат қорғау жүйесін құрып, нормалар мен стандарттар жүйесін жетілдіру;
өндірісті орналастыруды, табиғат пайдалануды, оның қорын молайтуды экологиялық негізде жүзеге асыру;
табиғат пайдалануды басқарудың экономикалық әдістерін және механизмдерін жетілдіру;
табиғи ортаның жай-күйін бақылаудың автоматты жүйесін құру;
экологиялық білімдерді жетілдіріп, халықтың, қоғамдық ұйымдардың табиғат қорғау белсенділігін арттыру;
халықаралық келісімдер негізінде барлық мемлекеттермен, ұйымдармен бірлесіп табиғат қорғау жұмыстарын дәйекті жүргізу.
Табиғат қорғау және тиімді пайдалануды жоспарлаудың басты мақсаты – табиғи ортаның теңдестігін сақтау, табиғат ресурстарының үнемделуін, молаюын, тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Табиғатты пайдалануды басқаруда әсіресе әкімшілік жолмен реттеуде нормативтер мен стандарттар ерекше орын алады.
Табиғи ортаның сапалық стандарттары ауа, су бассейндерінің, топырақтың және басқа табиғаттың құрамды бөліктерінің жай-күйін реттейді.
Әдетте табиғи ортаны ластаушылардың әрқайсысында жол берілетін ластаушы заттардың шығарылу шегі белгіленеді. Ластаушы заттардың шоғырлану шамасы осы шектен аспағанда олар адам денсаулығына, экологиялық жүйелерге зиян келтірмейді деп есептейді. Нормативтердің орташа тәуліктік және ең жоғарғы шамасы белгіленеді.
Табиғи ортаға әсер ету стандарттары әрбір өнеркәсіп процестерінен шығарылатын ластаушы заттардың шамасын реттейді. Стандарт бір уақыт аралығында ластаушы заттар санына немесе ластаушы заттардың белгілі мөлшерінің шығарылатын уақытына белгіленуі мүмкін. Табиғи ортаға әсер ету стандарттары жол берілетін ластану шегінің негізінде анықталады. Барлық ластаушылар әсер ететін территорияда ластаушы заттардың жиынтық шоғырлануы жол берілетін шамадан аспауы керек. Әрбір ластаушы көздерге ластаушы заттар шығару шегін белгілегенде территорияның жалпы ластану деңгейі, ластаушы заттардың таралу немесе шоғырлану мүмкінділігі және басқа ластаушылармен қосылатын жиынтық әсері ескеріледі.
