Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
концепция сессия 5555.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
210 Кб
Скачать
☆

7. Қазіргі жаратылыстану концепциялары пәні және оның әлеуметтік маңызын жазыңыз,ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері

«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» пәні студенттерге әлемнің ғылыми-жаратылыстық бейнесін түсіндіріп, табиғатты танып білудегі ғылыми көзқарастарды қалыптастыруға және алған білімдерін өздерінің болашақ мамандықтарына пайдалана білуге көмектеседі. Қазіргі кезде ғылымның дамуында интеграция мен дифференциация негізгі бағыт болып саналады. Бұл процестер жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бірлігінде айқын байқалынды.Сондықтан бұл пәнді оқып үйрену арқылы студенттер фундаментальді және қолданбалы ғылымдардың арасындағы терең байланыстылықты ұғынады. Табиғаттағы негізгі заңдарды, құбылыстарды және процестерді зерттеу адамзат пен қоғамды танып-білуімен ұштасып келеді. Жаратылыстану, гуманитарлық, математика мен техникалық ғылымдарының жетістіктерін бір-бірімен байланыстырып қараған кезде дүниенің біртұтас ғылыми бейнесі қалыптасады. Болашақ маман жаратылыстану мен гуманитарлық мәдениеттердің жетістіктерімен қаруланып, білімді, әрі ғылыми сенімді адам болып қалыптасуы тиіс. Болашақ ұрпақ табиғаттың фундаменталь заңдарын, сан қырлы құбылыстар мен процестерін және Әлемнің құрлысын, даму заңдылықтарын зерделеп, дүние мен өмірдің мәнін дұрыс түсінулері қажет. Физика, химия, биология және де басқа ғылымдардың жетістіктерін түсініп, қазіргі кездегі ғылымдардағы бағыттар мен салалары туралы хабардар болуы керек. Мега –макро- және –микродүниелер күрделілігін түсініп, олардағы құпия құбылыстарды ашуға бағытталған зерделеуге қажет материалдық жаңа технологияның негізінде жасалынған құрал-жабдықтардың қаншалықты қаржыны, еңбекті, жігерді және білімді қажет еткендігін бағалай біледі. Пәннің негізгі міндеттері - «Қазіргі жаралыстану концепциялары» пәні: әлемнің біртұтастығы; табиғаттың даму заңдарының барлық материя түрлеріне орындалатындығы; жаратылыстану ғылымның адамзаттың материалдық және рухани мәдениеттеріне әсері; ғылыми-жаратылыстану мен гуманитарлық мәдениеттердің бірлігі мен байланысы; дүниенің физикалық, химиялық, биологиялық концепцияларын және оның қазіргі кезеңдегі ғылыми бейнесі; биосфера, неосфера және адам; эволюциялардың концепциялары мен тіршіліктің пайда болуы және ерекшелігі; экологиялық апаттарды болдырмау жолдары, табиғатты сақтау; адам табиғи-биоәлеуметтік қайталанбайтын жәке тұлға; адам табиғаттың эволюциясының нәтижесінде пайда болған саналы, ақыл-ойлы жан; жердегі тіршілік тағдыры; ғылымның болашақтағы даму бағыты мәселелерін қарастырады.  Жалпы міндеттер «Қазіргі жаралыстану концепциялары» пәні - ғылымның дүниені тану процесінің формасы екендігі және оның салалары, әдістері, таным ерекшеліктері қарастырылады. Жаратылыстану ғылымның даму кезеңдері мен екі мәдениеттің адамзаттың материалдық және рухани байлықтарын арттырудағы әсерлері, дүниенің қазіргі замандағы ғылыми-жаратылыстану бейнесін оқытады. Классикалық физика, кванттық механика және салыстырмалық теориялардың концепциялары талданып, материя түрлері мен кеңістік – уақыт туралы соңғы ғылыми ұғымдар талқыланды. Әлемнің құрылымы туралы космологиялық теориялар зерделеніп, молекула мен атомдық құрылымдар туралы физикалық және химиялық концепциялар қарастырылады. Адамның табиғат тудырған саналы жан екендігі айқындалады, оның дамуына ортаның, еңбектің әсері сипаттанынып, жердегі тірі мен өлі табиғатты сақтауда жауапкершілік туралы сөз болады. Ғылымдағы техникалық жаңалықтар жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтар талданады. Пәннің соңғы тақырыптарында ғылымның болашағы даму бағыттары белгіленеді. Осы ретпен пәнді баяндау арқылы студенттерге Әлемнің біртұтастығы, табиғаттың фундаменталь заңдары, материя бірлігі және олардың даму заңдылықтарының ортақтығы туралы көзқарас қалыптастырылады.