Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тақырып 20 MЕ логикалық функциялармен жұмыс .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160 Кб
Скачать
☆

2. Microsoft Excel-дің логикалық функциялары.

Excel-дің “Мастера функцийінің” тізімінде 6 логикалық функция бар (кесте 2).

Кесте 2. Логикалық функциялар

Функцияның аргументімен толық түрі

Функция береді

ЕГЕР(логикалық_өрнек;ақиқат_болғандағы_нәтиже; ақиқат_болмағандағы_нәтиже)

Егер деректер, “логикалық_өрнек”-ге сәйкес келетін болса нәтиже “ақиқат_болғандағы_нәтиже” өрнегі болады,

егер деректер, “логикалық_өрнек”-ге сәйкес келмейтін болса нәтиже “ ақиқат_болмағандағы_нәтиже” өрнегі болады.

ЖӘНЕ(логикалық1;логикалық2;…)

Нәтиже АҚИҚАТ, егер деректер логикалық шарттарға сәйкес болса, егер сәйкес болмаса – ЖАЛҒАН

НЕМЕСЕ(логикалық1;логикалық2;…)

Нәтиже АҚИҚАТ, егер деректер логикалық шарттардың біреуіне сәйкес болса, егер екеуіне де сәйкес болмаса -ЖАЛҒАН.

ЕМЕС(логикалық_өрнек)

АҚИҚАТ, егер деректер шартқа сәйкес болмаса, ал сәйкес болса- ЖАЛҒАН.

АҚИҚАТ()

Нәтиже АҚИҚАТ болады

НЕМЕСЕ()

Нәтиже ЖАЛҒАН болады

Кестеде көрсетілген функциялардың аргументтеріндегі “логикалық1” мен “логикалық2”, сонымен бірге “аргумент” – математикалық =, <, >, <>, <=, >= белгілері қолданылған логикалық өрнектер.

3. Деректерді логикалық функциялар көмегімен өңдеуге мысалдар:

ЕМЕС(А2<40) – егер А2<40 шарты орындалса, яғни қарастырылып отырған ұяшықта 40-тан кіші сан болатын болса, функцияның нәтижесі ЖАЛҒАН болады, егер А2<40 шарты орындалмайтын болса, яғни қарастырылып отырған ұяшықта 40-қа тең не үлкен сан болатын болса, функция нәтижесі АҚИҚАТ болады.

ЖӘНЕ(А2<40;А2>35) - егер А2<40 және А2>35 шарттары орындалатын болса, яғни қарастырылып отырған ұяшықта 40-тан кіші және 35-тен үлкен сан болса, 36, 37, 38, 39 сандарының бірі болса, онда функцияның нәтижесі АҚИҚАТ болады; егер А2<40 пен А2>35 шарттары орындалмайтын болса, яғни қарасытырылып отырған ұяшықта 40-қа тең не үлкен немесе 35-ке тең не кіші сан болса, функция нәтижесі ЖАЛҒАН болады.

НЕМЕСЕ(А2>40;А2<35) - егер А2>40 немесе А2<35 шарттарының бірі орындалатын болса, яғни қарастырылып отырған ұяшықта 40-тан үлкен не 35-тен кіші сан болатын болса, онда функция нәтижесі АҚИҚАТ болады; егер А2>40 пен А2<35 орындалмайтын болса, яғни қарастырылып отырған ұяшықта 35, 36, 37, 38, 39, 40 сандарының бірі болса, функция нәтижесі ЖАЛҒАН болады.

ЕГЕР(А2<40;«ЖАҚСЫ»;«ЖАМАН») – егер қарастырылып отырған ұяшықтағы сан 40-тан кіші болса, онда функция нәтижесі бірінші өрнек «ЖАҚСЫ» болады, егер қарастырылып отырған ұяшықтағы сан 40-қа тең не үлкен болса, онда функция нәтижесі екінші өрнек «ЖАМАН» болады.

ЕГЕР(А2>=50;«ЖАҚСЫ»;ЕГЕР(А2>=40;«ОРТАША»;«ЖАМАН»)) – мұнде ЕГЕР функциясының бірінші аргументі логикалық өрнек А2>=50, екінші аргіменті мәтіндік өрнек «ЖАҚСЫ», үшінші аргумент функция ЕГЕР(А2>=40;«ОРТАША»;«ЖАМАН»). Функцияда екі логикалық шарт, үш мәтіндік өрнек қолданылған, ендеше ЕГЕР функциясын қолданғанда бірнеше логикалық шарт және бірнеше функцияның нәтижесі болуы мүмкін бірнеше мәтіндік өрнек енгізуге болады. Егер қарастырылып отырған ұяшықтағы сан 50-ге тең не одан үлкен болса, функция нәтижесі «ЖАҚСЫ» болады, егер де қарастырылып отырған ұяшықта 50–ден кіші, бірақ 40-қа тең не одан үлкен сан болса, функция нәтижесі ОРТАША болады, егер қарастырылып отырған ұяшықта 40-тан кіші сан болатын болса, онда функция нәтижесі ЖАМАН болады.

ЕГЕР(А2>=75;ЕГЕР(А2>=90;«ӨТЕ_ЖАҚСЫ»;«ЖАҚСЫ»);ЕГЕР(А2>=50;«ОРТАША»;«ЖАМАН»)) – мұнде ЕГЕР функциясының бірінші аргументі логикалық өрнек А2>=75, екінші аргіменті функция ЕГЕР(А2>=90;«ӨТЕ_ЖАҚСЫ»;«ЖАҚСЫ»), үшінші аргумент функция ЕГЕР(А2>=40;«ОРТАША»;«ЖАМАН»). Функцияда үш логикалық шарт, төрт мәтіндік өрнек қолданылған, ендеше ЕГЕР функциясын қолданғанда бірнеше логикалық шарт және бірнеше функцияның нәтижесі болуы мүмкін бірнеше мәтіндік өрнек енгізуге болады. Егер қарастырылып отырған ұяшықтағы сан 75-ке тең не одан үлкен болса, функция нәтижесі ЕГЕР(А2>=90;«ӨТЕ_ЖАҚСЫ»;«ЖАҚСЫ») функциясы болуы керек, ал одан мәні 90-нан үлкен не тең болса «ӨТЕ_ЖАҚСЫ» болады, А2 мәні 75-тен 90-ға дейінгі интервалда болса (90 кірмейді) «ЖАҚСЫ» болады, егер де қарастырылып отырған ұяшықта 75–тен кіші сан болса функция нәтижесі ЕГЕР(А2>=50;«ОРТАША»;«ЖАМАН») болуы керек, бірақ А2-де 50-ге тең не одан үлкен сан болса, функция нәтижесі ОРТАША болады, ал қарастырылып отырған ұяшықта 50-ден кіші сан болатын болса, онда функция нәтижесі ЖАМАН болады.

АҚИҚАТ() – кезкелген аргумент үшін нәтиже АҚИҚАТ болады, сондықтан функцияны аргументсіз қолдануға болады.

ЖАЛҒАН() – кезкелген аргумент үшін нәтиже ЖАЛҒАН болады, сондықтан функцияны аргументсіз қолдануға болады.