Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жоба.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1.2. Суицидтік мінез-құлықтың себептері және оған әсер етуші факторлар

1. А.Е. Личко жасөспірімдер арасында суицидтердің ең жиі кездесетін себептері:

• сүйікті адамын жоғалту; • шектен тыс қалжырау жағдайы; • өзіндік-қадір қасиетін осал сезіну; • алкогольді, психотропты дәрілерді және есірткіні пайдалану нәтижесінде пайда болатын жеке бастың қорғаныш тетігінің бұзылуы; • өзін-өзі өлтірген адаммен өзін теңестіру; • әртүрлі сылтаулар бойынша туатын қорқыныш, ызалану мен жабырқаудың әр алуан формалары.

Суицидалдық әрекетке әсер етуші факторлар І. Жанұядағы конфликт: • туыстарының және қоршаған адамдардың әділетсіз болуы; • басқамен көңілдес болу, қызғану, айырылсу; • “сүйікті” адамынан айырылу; • жоспарының орындалуына кедергі жасау; • сүйікті адамывның мінез-құлқын, қасиетін ұнатпау; • жалғыз қалу, • сәтсіз махаббат; • басқалардың оған жеткілікті көңіл бөлмеуі. ІІ. Психикалық күй: • дені сау адамның реалды конфликтіге ұшырауы; • паталогиялық себептер (психиканың бұзылуы) ІІІ. Физикалық күй: • соматикалық аурулар, физикалық азап көру; • ажарсыз кемтар болу. ІV. Қоғамға қарсы конфликттің туындауы: • қылмыстық жауапкершіліктен қорқу; • ұяттан, жазадан қорқу; • өзін-өзі кінәлау. V. Кәсіптік және білім саласындағы конфликтінің туындауы: • жұмыстағы, оқудағы сәтсіздік; • жұмыстағы немесе оқудағы әділетсіздіктің болуы. VІ. Материалды-тұрмыстық қиыншылықтар. VІІ. Басқа да себептер. 1. Денсаулығының нашарлығынан – 1,2 % 2. Қаражат қиындығынан - 3% 3. Өмір сүрудің ауырлығынан – 4,4% 4. Құмарлықтан - 6% 5. Отбасы келіспеушілігінен - 18% 6. Рухани дерттен - 18% 7. Жазасын өтеуден жалтарудан - 19% 8. Белгісіз күйі - 41%

Сөзді белгілер - Өзіне-өзі қол жұмсауға дайындалған адамдар, әдетте, өзінің жанының психикалық күйін айтады; - Өлім туралы айтуы мүмкін:”Мен әрі қарай өмір сүргім келмейді”, “Мен өзіме қол жұмсағым келеді”; - “Мен ешкімге проблема болмаймын”; - Өзіне қол жұмсау тақырыбында көп әңгіме айтуы; - Өлім сұрақтарына аса қызығушылық білдіру. Мінез-қылықты белгілер - Өзіне ыстық жеке заттарын тарату; - Өзі араздасып жүрген адамдармен ымыраға келу; - Тамаққа тәбетінің шамадан тыс артуы немесе күрт төмендеуі; - Ұйқы уақытының өзгеруі; - Киім киісіне мән бермеуі; - Сабаққа себепсіз қатыспау; - Әлсіздіктің, үмітсіздіктің, өмірден түңілудің белгілерін таныту; - Сенімсіз, үрейлі белгілерді көрсету. Жағдайлы белгілер - Әлеуметтік оқшауланған болса; - Тұрақсыз ортада тұруы, түсініксіз жағдайлар, ішімдік ішетін адамның болуы, үнемі ұрыс-керіс, жанұядағы тұрақсыздық; - Зорлық зомбылықтың куәсі болу, өзін зорлаудың құрбаныретінде сезіну; - Ауыр жағдайды бастан кешірген болса.

2. Суицидалды мінез-құлықты алдын алуда жүргізілетін психологиялық жұмыстар.Бұндай кезде психолог мамандар не істеу керек? Біріншіден: - әлеуми психологиялық процестерді (суицидтік мінез-құлықтың басымдылығын) психологиялық тәсілдер арқылы зерттеу (тест, сауалнама т.б.). -суицидтік мінез-құлықтың пайда болу себебін анықтау және осы проблемаға қатысты арнайы кештер ұйымдастыру; -қолайлы ұжымдық атмосфераны орнату; -психологиялық анализ жасау, суицидтік мінез-құлықты зерттеу; -реабилитациялық жұмыстар жүргізу (өз-өздеріне қол жұмсауға талпынған адамдар үшін); -профилактикалық жұмыстар жүргізу, суицидтік әрекетті алдын-алу. 2.1. Оқушылармен жұмыс 1. Диагностикалық жұмыстар 2.Коррекциялық жұмыстар 3.Кеңес беру жұмыстары 4.Психопрофилактикалық жұмыстар

2. 2.Мұғалімдермен және ата-аналармен жұмыс Психолог науқас адамға эмоциялық тұрғыдан қолдау крсетіп, оның ашылып сөйлеуіне жағдай жасау керек. Проблема барлық адамдарда болады, проблемасыз өмір болмайтынын, бір проблема шешілсе, екінші проблема пайда болатынын, проблеманың жағымды және жағымсыз жақтары болатынын түсіндіріп, проблемадан шығу жолдарын қарастыру керек. Жасөспірімдер арасында суицидтік әрекетті алдын алу, диагностикалық, коррекциялық, психопрофилактикалық жұмыстарын жүргізіп, адамның өмірін сақтап қалу психологтардың ең басты міндеті.