Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жоба.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

II.Тәжірибелік

2.1 Суицидалды мінез-құлықтың алдын алуда жүргізілетін психологиялық жұмыстар.

Суицид әлеуметтік құбылыс ретінде белгілі әлеуметтік себебі бар және зерттуді сонымен қатар себебін түсіндіруді қажет етеді. Жасөспірімдер арасындағы теріс қылық реакциясына талдау жасағанда ғылыми әдебиеттерде көптеген түсініктер қолданылады: асиоциалдық, антисоциалдық, девиантты, деликвентті, аддиктивті мінез құлықтар. Оның әрқайсысы да белгілі бір мінез құлық кесіндісін, қоғамға тән мінез құлық нормаларының белгілі бір ауытқу дәрежесін сипаттайды.Осыған орай 13-15 жас аралығындағы оқушылардың мінез-құлқын анықтауға бағытталған психологиялық түзету жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу барысында қолданылған әдіс-тәсілдер:тренингтер,релаксация жаттығулары, Д.Спилбергердің мазасыздануды анықтайтын дефференциалды әдістеме мен суицидті анықтауға арналған психологиялық тесті.

Өткізілген тренингтер:

1.Танысу:

«Есімдер» жатығуы

     Мақсаты: тренинг қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жағымды қарым-қатынастықты туғызу.

    Уақыты: 5 мин

    Нұсқау: Қатысушылар өз есімдерін айтады және өзін бейнелейтін 3 сын есім айтады.

2. Жаттығу «Сен кімсің?»

Мақсаты: Өзі туралы, өз орны, құқығы мен міндеттері туралы ойын дамыту. Қатысушылардың арқасына үлкен қалың қағаз шаншып қояды. Әрбіреуі бір-бірлерінің жауырындарына түйрелініп қойған қағаздағы көрсетілген сұраққа кем дегенде бір жауап жазу керек. Кері байланыс ұйымдастыру әдісі ретінде қолданады. Содан кейін жалпыланған мінездеме топта талқыланады.

Бұл кезеңде топта гештальттерапия мен психодрамалар техникасы, сонымен бірге нейролингвистикалық жүйелеу мен дене терапиясы қолданылады.

Тренингке оқушылар белсенді қатысты.Оларға өте қызықты болып,өз пікірлерін айтуға асықты.

Әдістемелер:

  1. Ч.Д. Спилберг және ю.Л. Ханиннің «Реактивті және тұлға мазасыздық деңгейін анықтау» әдістімесі

Бұл тест сол сәттегі мазасыздық деңгейі (реактивті мазасыздық көңіл күй ретінде) мен тұлғалық мазасыздықты (тұрақты сипат ретінде) бағалаудың сенімді ақпараттық тәсілі болып саналады. Тұлғалық мазасыздық көптеген жағдайларда қауіп ретінде қабылдап, себепсіз мазасызданады. Реактивті мазасыздық қысылу, тынышсыздану, күйгелектеумен сипатталады. Реактивті мазасыздықтың жоғарғы деңгейі зейін мен сезімнің үйлесімін бұзады. Мазасыздықтың өте жоғары деңгейі невротикалық жанжалдың туындауына, эмоциалық немесе невротикалық, психосоматикалық аурулардың қозуына соқтырады.

Дегенмен, мазасыздық барлық уақытта жағымсыз сипатта болмайды. Мазасыздықтың белгілі бір деңгейі белсенді адамның табиғи, өзіне тән мінез ерекшелігі де. Сонымен қатар «пайдалы мазасыздықтың» оптималды жеке деңгейі де болады.

Мақсаты: сол кездегі (реактивті мазасыздық) мазасыздық деңгейін зерттеу және (тұлға мазасыздығы) мазасыздықтың деңгейін анықтау.

Зерттеу тәртібі: эксперимент жүргізуші әдістеме мәтінін оқиды және алдын ала толтырылған парақты сыналушыға береді. Тест 2 мәжеден тұрады: әрқайсысында реактивті және жеке мазасыздықты жеке-жеке бағалаған 20 құптама болады.

Сыналушылар сұрақтың бірінші бөліміндегі (№№1-20) нұсқадағы 4 жауаптың біреуін таңдайды:

  1. жоқ;

  2. болмауы мүмкін;

  3. болуы мүмкін;

  4. иә.

Құптама номірінің қарсысына таңдаған жауап нөмірін жазады.

Екінші бөлім (№№ 21-40) нұсқасындағы жауаптар басқаша:

  1. ешқашан,

  2. кей кезде;

  3. жиі;

  4. әрқашан.

Алынған деректерді өңдеу және қорытындылау. Құптама тұсына жазылған ұпай қосындысы есептеліп №3,4,6,7,9,12,13,14,17,18, яғни ∑1, содан кейін қалған сандар қосындысы №1,2,5,8,10,11,15,16,19,20, есептеліп ∑2, кейіннен мазасыздық деңгейінің көрсеткіші есептеледі.

РМ=∑1- ∑2+35

Осылайша тұлғаның мазасыздық деңгейіде есептелінеді, онда:

ТМ=∑1- ∑2+35

Онда ∑1 - ұпай қосындысы – ұпай жауаптары №22,23,24,25,28,29,31,32,34,35,37,38,40;

∑2 - қалған ұпай қоысндысы №21,26,27,30,33,36,39.

Егер алынған ұпай 30-дан төмен болса, бұл мазасыздықтың төмен деңгейін көрсетеді, 30,45 орташа мазасыздық деңгейі, 46 және одан жоғары, жоғары мазасыздық деңгейін көрсетеді.

Нәтижесі:

№

Аты-жөні

Реактивті мазасыздық

Тұлғалық мазасыздық

1

Ғалымжанова Айнұр

15-төмен

34-орташа

2

Еламанов Санжар

22-төмен

43-орташа

3

Аманғалиева Гүлназ

17-төмен

34-орташа

4

Ахметияр Темирлан

12-төмен

37-орташа

5

Умирбай Данажан

9-төмен

31-орташа

6

Муратова Русалина

27-төмен

41-орташа

7

Бауытжанов Аман

23-төмен

44-орташа

8

Сапарова Назым

5-төмен

25-орташа

Бұл әдістемеге 13-15 жас аралығын қамтитын 8 оқушы белсене қатысты. Нәтиже бойынша оқушыларда қызығушылығы,ой-қабілеті жоғары және де әдістеме бойынша сұрақтар қойылып талданып, өз ойларын еркін айта білді.Әдістеме бойынша оқушылрдың реактивті және тұлғалық мазасыздығы қалыпты екенін білдім.

  1. Суицидті анықтау психологиялық тесті.

Суицидке бейімділікті зерттеуге арналған сауалнама. (Тұлғалық сауалнама СБЗ) Қазіргі таңда мектеп психологының ең бір маңызды жұмысының бірі оқушының өмірге деген құштарлығын арттыру, суицидтің алдын алу мәселесі. Дегенмен қазақша мәліметтер мен психологиялық тестер аз. Төмендегі психологиялық тест көмегімен СБЗ анықтауға болады. Берілген сауалдама 13 - 18 жас аралығындағы жасөспірімдердегі суицидалдық қауіпті нұсқамаларды анықтау үшін бағдарлаушы әдістеме ретінде құрылған, бірақ оны ересектерді зерттеу үшін де пайдалануға болады. Сауалдама невротикалық және күйзелістік жағдайларды анықтауға, сондай - ақ тез тіл табысқыштық деңгейін анықтауға арналған. Сауалдамадағы шкалдардың жалпы саны – 4, сауалдама ұйғарымдарының саны – 74. 1 шкала “И” – шынайылық шкаласы. Нәтижелердің дұрыстығын анықтайды. 8 – 10 ұпай жауаптар шынайылығының жоғарғы деңгейін білдіреді; 4 – 7 ұпай – орташа деңгей; 0 – 3 ұпай жауаптардың шынайылығының төмен деңгейін білдіреді, тек қана әлеуметтік қолдауға бағытталған бағдарлаулар зерттеу нәтижелілігін төмендетеді. 2шкала “Д” – күйзелістік шкаласы. Күйзелістік жағдайға деген бейімділік деңгейін анықтайды. 17 – 21 ұпай – жоғарғы баға, бұл белгілер оның эмоцияналдық жағдайына, қоршаған әлеуметтік ортаға, өзіне деген көзқарасына, мінез - құлқына сай келеді. 8 – 16 орта деңгей, 1 – 7 ұпай – күйзелістіктің төмен деңгейі. 3 шкала “Н” – невротизациялықтың шкаласы. Невротизациялықтың деңгейін анықтайды. 17 – 21 ұпай – жоғарғы баға, эмоциялық тұрақсыздықтан, мазасыздықтан көрінетін невротикалық белгілерге сай келуі мүмкін. 4 шкала “О” – тез тіл табысып кетушіліктің шкаласы. Тез тіл табысып кетушіліктің деңгейін анықтайды. 17 21 ұпай – тез тіл табысып кетушіліктің жоғарғы деңгейі; 8 – 16 ұпай – орташа деңгей; 1 – 7 ұпай – төменгі деңгей. Тез тіл табысып кетушіліктің төмен деңгейі невротизацияның және күйзелістіктің жоғарғы көрсеткіштерімен бірігуі зерттелушінің «пассивті түрде өлімге келісім беруіне» дәрежесіне дейін апаратын қауіпті суицидалды нұсқаны білдіреді Зерттелушіге арналған нұсқама Сізді жақсы танитын және бұрыннан білетін адам сіздің айтқан сөздеріңізді сіздің атыңыздан айтатынын елестетіп көріңіз. Кейбір айтылған сөздері сізге сай келеді, кейбіреулері келіңкіремейді, сіз бұнымен келіспейсіз. Жауаптар бланкісіне келісетін ұйғарымдарға “+” деген, ал келіспейтін ұйғарымдардың алдына сәйкесінше “-” деген белгіні қойылады. Егер белгілегіңіз келмесе немесе белгілей алмайтын ұйғарым болса,номерін дөңгелектеп қоясыз. Ұқыпты болып, тапсырма шектеулі уақыт ішінде орындалады.Ең бірінші ойға келетін жауаптар ең дұрыс болып шығады.

Нәтижесі:

№

Аты-жөні

Шынайлық шкаласы(И)

Күйзелістік шкаласы(Д)

Невротизациялық шкаласы(Н)

Тез тіл тапқыш шкаласы(О)

1

Жумашев Асылбек

6-орташа

3-төмен

7-төмен

3-төмен

2

Сапаргалиева Айсана

2-төмен

1-төмен

9-төмен

15-орташа

3

Салықжанова Гулжанат

5-орташа

1-төмен

5-төмен

1-төмен

4

Етизирова Асема

3-төмен

1-төмен

2-төмен

8-орташа

5

Сармантай Аружан

7-орташа

3-төмен

6-төмен

10-орташа

6

Молдашева Даяна

4-орташа

8-орташа

1-төмен

6-төмен

7

Амиргалиев Бекзат

5-орташа

2-төмен

7-төмен

14-орташа

8

Жайықбаев Дияр

3-төмен

9-орташа

5-төмен

10-орташа

9

Жетембаева Гүлниза

6-орташа

3-төмен

4-төмен

9-орташа

10

Мажитова Құндыз

7-орташа

5-төмен

3-төмен

12-орташа

11

Әмірғали Ділназ

3-төмен

5-төмен

2-төмен

8-орташа

12

Есеналина Камила

2-төмен

11-орташа

4-төмен

5-төмен

Бұл әдістемеге 13-15 жас аралығындағы 12 оқушы қатысты.Әдістемеде шынайлық шкаласы бойынша 7 оқушы орташа, 5-уі төмен; үйзелістік шкаласы бойынша 3 оқушы орташа, 9-ы төмен, тез тіл тапқыш шкаласы бойынша 8 оқушы орташа, 4-еуі төмен нәтиже көрсетті. Ал невротизациялық шкаласы бойынша қарастырсақ, барлығы да төмен нәтиже көретті. Сондықтан да барлығында эмоциялық тұрақсыздығы мен мазасыздығы қалыпты болып келеді.Сонымен қатар И,Д,Н,О шкаласының ішінде 3-уеінен төмен нәтиже көрсеткен 4 оқушы бар. Олар Салықжанова Гүлжанат, Әмірғали Ділназ,Есеналина Камила мен Жумашев Асылбек.

Салықжанова Гүлжанат:И шкаласы-35% (орташа) , ал Д-10%, Н-42%, О-6% (төмен) құрайды.

Әмірғали Ділназ: О шкаласы бойынша 43% (орташа), ал И-10%, Н-11%, Д-28% (төмен) нәтиже көрсетті.

Есеналина Камила: Д шкаласы бойынша 43% (орташа), ал И-3%, Н-20%,О-21%(төмен) нәтиженіт құрайды.

Жумашев Асылбек: И шкласы бойынша 24% (орташа), ал Н-35% , Д-16%, О-15 % құрайды.

Яғни Салықжанова Гүлжанат пен Жумашев Асылбекте күйзелістік , невротизациялық және тез тіл табысып кетушілік шкаласының нәтижесі төмен болғандықтан,екеуі тұйық, өздеріне сенімсіздеу және қызығушылықтары аз оқушылар болып келеді. Ал Есеналина Камилада күйзелістік жағдайға бейімділігі орташа, бірақ шынайлық,невротизациялық пен тез тіл тапқыш шкаласы төмен болғандықтан ашуланшақ және өзімен-өзі жүретін оқушы. Әмірғали Ділназ ашық жарқын,бірақ өз ісіне немесе жасайтын деп жатқан іс-әрекетіне сенімсіздікпен қарайтын оқушы.

Бұл оқушылардың қолайлы эмоционалдық көңіл-күй жағдайын қалыпттастыруға мына әдістемелер мен тренингтерді ұсынамын:

№

Медотика атауы:

Мақсаты:

Өткізу барысы:

1

Өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күйі(В. А. Доскин, Н. А. Лаврентьев)

Белсенділік, жылдамдылық, қозғалу қызметі; күш-қуат, денсаулық, өзін сезінуі; ал көңіл-күй эмоцианалды қалыпты сипаттайды.

Әдістеме нұсқауы зерттелінуші қазіргі жағдайдағы қалпын кесте бойынша 30 белгілі арқылы бейнелейді. Тек қазіргі жағдайдағы қалыпқа сәйкес келетін, қарама-қарсы 30 жұптан тұратын белгілерден таңдап белгілейді. Деңгейіне байланысты көрінетін сандарды таңбалау керек.

2

«Менің бірігей Менім» жаттығуы

Сыныптастарының кері байланысы мен проективті формаларға сүйене отырып, жасөспірімдердің рефлексияның дамуына жағдай жасау.

Оқушылар сиқыршымен танысып,өздерінің не нәрсеге айналу керектігін(зат,жануар,өсімдік,бірақ адам емес)туралы қысқаша жазады,жүргізішіге ұсынады.Жүргізуші оҚыған кезде топ кімнің жазғаның табу қажет.

3

«Салыстырмалы түсінік» әдістемесі

Жасөспірімдердің салыстырмалы түрде өткізілген түсініктер арқылы ойлау барысында анализ жасауға көмек.

Қағазға жазылған бірнеше салыстырмалы сөйлем.Таңдаған қатысушы олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табып,салыстырады.Бұнда логикалық қабілеті бағаланады.

4

Жеке тұлғаны көп факторлы зерттеу (Р.Кэттел)

Сауалнама жеке тұлғаға арналған он алты факторды зерттеуге арналған және конституционалды факторлар болып саналатын жеке тұлға қасиеттері жайлы көп ақпарат береді.

Сізге бірнеше сұрақтарға жауап беру ұсынылады.Мұнда дұрыс және дұрыс емес деп жауап беретін сұрақтар жоқ. Сұрақтарға әр түрлі зерттелінушілер өз ерекшелігіне байланысты жауап береді.Сұрақтарға жауап бере отыра сіз берілген үш варианттың біреуін таңдайсыз.

5

Д.Рассел мен М.Фергюсонның әдістемесі

Тұлғаның бойындағы жалғыздық сезімін жою.

Сұрақтар беріледі.Сол сұрақтарға «кейде», «сирек», «ешқашан», «көбінесе» деген жауаптар арқылы толтырылады.

Қорытынды: Ата-ана, ұстаз әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, оның шетсіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін, отбасын, жалпы өмірді сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелеп шығарымыз сөзсіз. Жас адамдарды өмірді бағалауға тек махаббат, түсіністік және қолдау көрсету көмектеседі. Жас адамдарды қатерлі қадамнан тек өзін тыңдайтын, түсіністікпен қарайтын адаммен сөйлесу мүмкіндігі ғана құтқара алады. Шетелдiк ғалымдардың айтуынша, шын мәнiнде, өзiне-өзi қол жұмсауды ойлаған адамдар өмiр сүргiсi келiп, көмек iздеп шарқ ұратын көрiнедi. Әрине, өмiр деген тәттi ғой шіркін. Бағалай білген адам оның әрбір сағаты мен минутын алтын берсе де айырбастамас еді. Өйткені, өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Өлшеніп берілген ғұмырды өкінбестей өткізу адамға парыз. «Ашу дұшпан, ақыл дос» деп бұрынғылар дұрыс айтып кеткен. Сондықтан, кез-келген нәрсеге сабырмен қарап, әр қимылыңды жеті рет өлшеп, бір рет қиған ләзім. Мұндайда ойдағы әзәзілден, бойдағы шайтан қылықтан, жүректегі кірден ақыл мен иман ғана құтқара алады. Қорыта келе балаға әрқашан назар аудару, түсінуге тырысу, мәселелерін шешуге көмектесу, өзіндік тәжірибемен бөлісу, ұрысу, жекіру орнына жиі мақтап мадақтап отыру, кешірімді болу, ал ең бастысы, бала қандай болса, солай қабылдау, сол қалпында жақсы көру, кемшілігін жасырып, артықшылығын асырып, оны жақсы көретіндікті сездірту бұл келеңсіз жағдайларды алдын алатын жолдардың бірі.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. «Жеткіншек жастағы мінез құлық және оны алдын алудың тәсілдері» әдістемелік құрал Ақтөбе, 2009. (4-15 бет)

2. Осипова А.А. Справочник психолога по работе в кризисных ситуациях, А.А. Осипова. – Ростов-н/Д: Феникс, 2005. (315 стр.)

3. С. Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982. (37 бет)

4. Кондрашева В.Т. Суицидальное поведение. – Минск, 1999. (292- 302стр.)

5. Менделеевич. Медицинская психология. – М., 1998. (55 стр.)

6. «Жасөспірімдердің өз-өздеріне қол салу мәселесі». Мектептегі психология журналы №4 (28), 2010. (13 бет)

7. «Ауытқуш мінез-құлықтың шығу себептері» Өзіңді таны журналы №3, 2006. (29 бет)

8. Кондрашева В.Т. Суицидальное поведение. – Минск, 1999. (292- 302 стр.)

9. Кулагина И.Ю. Возрастная психология. М., 1999. ( 23 стр)

10. Райс Ф. Психология подросткого и юнешеского возраста. Москва, 2000. (45 стр.)

11. Интернет желісі.

23