3 Билет
Баяндауыш дегеніміз не? Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.
Баяндауыш болатын сөз таптары
Баяндауыш болатын сөз таптары:
Етістіктер Мен өте қуандым
Сын есім Ел тоқ
Зат есім Сендер бақытты адамсыңдар
Сан есімнен Үш жердегі үш –тоғыз
Есімдіктер Медеуі -мен ,өтегені -өзі
Көмекші етістік жəне електеуіш сөз Ол жылт етті . Мылтық тарс етті
Құрылысына қарай
Дара Заман өзгерген, білім күшейген
Күрделі Ержан кетіп қалды
Үйірлі Есті адамдарда бар қасиет – уайм ету
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.Оған мысал келтір.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады.
Бірыңғай бастауыш Қайрат, Ербол, Ләззат халқының жүрегінде мәңгілік сақталады
Бірыңғайбаяндауыш Шоқан араб өлеңдерін ерекше ұнататын, тамсанып отыратын
Бірыңғайтолықтауыш: Олардың батылдықтарын, елжандылықтарын, адалдықтарын ел аңыз етіп ұрпағына жеткізеді
Тәңірі түркілерді мемлекетке ие қылды. Синтаксистік талдау.
4 Билет
Оқшау сөздер дегеніміз не?
Оқшау сөздер – сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері.[1] Оқшау сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемде ойды нақтылай түсіп, басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынаста болады. Оқшау сөздердің мағыналық белгілері оқиға желісінің кімге, неге арналғандығын (-Балақай, сурет сала білесің бе?), айтушының оған деген көзқарасын (-Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады), көңіл-күй, сезім толқынысын (-Апыр-ай, сөзің сүйектен өтті-ау!) білдіру мақсатында қолданылады. Оқшау сөздер мағыналық белгілері мен жасалу жолдарына қарай одағай, қаратпа, қыстырма сөздерге жіктеледі.
Пысықтауыштың мағыналық түрлері.
Пысықтауыштың мағыналық түрлері 1. Мезгіл пысықтауыш. Қашан? Қай кезде? Қай уақытта?
Ол бүгін келеді. Таңертеңгі шайдан соң Абай әкесіне келді. 2. Мекен пысықтауыш. Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан?
Әжесі үйде қалды. Қайсар биыл мектепке барады. Біз қала маңынан келдік. 3. Мақсат пысықтауыш. Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен?
Сәуле зат алғалы келді. Ол әдейі кірді. Мен осыны айту үшін сөйлестім. 4. Амал пысықтауыш. Қалай? Қайтіп? Қалайша?
Жиналыста шапшаң сөйледі. Бала жүгіре - жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде, ол сылқ - сылқ күлді. 5. Себеп пысықтауыш. Неліктен? Не себептен? Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды. 6. Мөлшер пысықтауыш. Қанша? Қалай?
Сабақта ұзақ сөйледі. Емтиханға жаппай кірді. Тақтайды ұзын кес.
Жомарт адамның берген тамағы шипа да, сараң адамның берген тамағы аурушақырғыш. Синтаксистік талдау.
