7 Билет
Лепті сөйлем.Оның жасалу жолы.
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.
Жасалу жолы :
Сөйлемнің етістік формалары арқылы жасалады Ол жетіп келмесі бар ма!
Сөйлемде ақ,ау,ғой,ай шылауларының қатысуымен жасалады Аты ат-ақ екен!Үйіне бара ғой!
Көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады : Ап,шіркіннің сөзі! Уа,шарашп қалыппын ғой!
Көтеріңкі дауыс ырғағы арқылы жасалады Жау жойылды! Жау жойылды ! Лепті сөйлемді айтқанда ,дауыс ырғағы сөйлем соңында көтеріңкі қалыпта болады
Толықтауыш дегеніміз не?
Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз.
Байланыс түрі -меңгеру ,жанасу
Күрделі толықтауыштың жасалу жолдары
1)Күрделі зат ,сын,сан есімнен, етістіктен: Жүз жиырма беске (неге?) бөлінеді .Көрсетпе көз жасынды(нені?)
2)Негізгі сөз бен көмекші есім не көмекші етістік арқылы :
3) Туралы , жөнінде , жайында шылауларының қатысуы арқылы : Сіз жүзінде (кім жөнінде?) көп естігенмін
Толықтауыштың түрлері
Тура толықтауыш деп табыс септігінде тұрған толықтауышты айтамыз
Ал жанама толықтауышқа барыс,жатыс,шығыс, көмектес септіктері жатады
Сиыр терісінен илеп, барлық атәбзелдерін өрнектеп, өріп жасайды. Синтаксистік талдау.
8 Билет
Жақты сөйлем дегеніміз не?
Жақты сөйлем — бастауышы мен баяндауышы қиыса байланысқан жай сөйлемнің бір түрі. Жақты сөйлемнің бастауышы болады немесе сөйлемнің мазмұнынан бастауышының қай сөз екенін табуға болады. Жақты сөйлем үшке бөлінеді:
1) арнаулы жақты сөйлем (“Мен оқиын. Сіз тыңдаңыз”);
2) ауыспалы (ортақ) жақты сөйлем (“Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра”);
3) бастауышы белгісіз жақты сөйлем негізінен, 3-жақта айтылады. Бастауышы қай сөз екені сөйлемнің мазмұнынан аңғарылады. (“Біздің бала кезімізде отты шақпақ таспен тұтататын еді”).
Сөйлем мүшелері.Оның құрылысына қарай түрлері.
Сөйлем мүшесі деп сөйлем құрамында тұрып, белгілі бір сұраққа жауап беретін толық мағыналы сөзді, сөз тіркесін не күрделі сөзді атаймыз
Сөйлем мүшелері сөйлемдегі маңызына, қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді.
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді.
Ондаған баланың көзі мұғалемде және олардың көзі өте қырағы келеді. Синтаксистік талдау.
билет
Айқындауыш мүше және оның түрлері.
Айқындауыш — айқындайтын сөзінің жетегінде қосарлана айтылып, оның мазмұнын ашып тұратын сөз не сөздер тобы.
Оңашаланған айқындауыштар, қосарлы айқындауыштар және қосалқы айқындауыштар болып бөлінеді.
Қосалкы Айқындауыш — зат есімдердін (көбінесе кісі аттарынын) қосымша сипаты, анықтамасы ретінде жұмсалатын сөздер: Жамбыл ақын, Қамбар батыр.
Қосарлы Айқындауыш — айқындайтын сөзіне қосақталып келіп, оның мағынасын нактылап тұратын сөздер: телефон-автомат, батыр-ұшқыш. Кейде, жазуда арасына дефис белгісі қойылады.
Онашаланған Айқындауыш — өзі қатысты сөзінен кейін тұрып, көтерінкі әуенмен айтылып, айқындайтын сөзінін заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағыналарын саралап, дәлдеп, нактылап тұратын сөздер: Мэкии өз туысына, інісіне, тамашалай қарады (М. Әуезов). Бір үйден,бір кісінің қасынан, мұншалық көп кітап көргені осы (М. Әуезов). Жазуда екі жағынан үтірмен бөлінеді.
Қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер.
Қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер: әрине, сөз жоқ, шынында, мүмкін, сірә, сонымен, сөйтіп, біріншіден, т. б.
Қазақстанда мекен еткен көптеген ұлттардың бірі – неміс халқы. Синтаксистік талдау.
Билет
1)Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы. Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады. Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді
2)Жалаң сөйлем.Құрылысына қарай түрлері.
Жалаң сөйлем— тек тұрлаулы мүшеден ғана құралған жай сөйлемнің түрі.
3)Осылардың қасында талайдан түйіп қалған әнімен үш кн, үш түн бойы Әйгерім әндетті. Синтаксистік талдау.
