- •Қазақстанның ақша рыногы
- •Монометаллизм жүйесі
- •Алтын монета стандарты
- •Ақша түрлері
- •Ақша айналыс құралы
- •Мемлекеттің ақша жүйесінің басты құралы теңге
- •Жалпы мәліметтер
- •Ұлттық Банктің мұражайы
- •Банкноттар
- •1, 2, 5, 10, 20, 50 Және 100 теңге шақалар
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Жезқазған Бизнес және Көлік колледжі
Алтын монета стандарты
Алтын монета стандарты — бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:
алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды;
алтын монеталарды құюға рұқсат етілді (әдетте елдің монета сарайында);
толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;
алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы бюджет тапшылығының өсуі, оны займдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын қорларынан көп мөлшерде айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп, нәтижесінде қағаз ақшаларды алтын монеталарға еркін ауыстыру қаупін туғызды. Бұл кезендерде алтын монета стандарты соғысушы елдерде өзінің қызметін тоқтатса, кейіннен көптеген елдерде де (АҚШ-тан басқа) тоқтатты. Сөйтіп, банкнотаны алтынға ауыстыру тоқтатылады, және оны сыртқа шығаруға тыйым салынады, сондай-ақ алтын монеталар қазынаға сақталуға жіберіледі.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң жайлаған капитализм дағдарысы тұсында, ешбір капиталистік мемлекет өзінің валюталарын алтын монета стандарты негізінде калпына келтіре алмады. 1924—1929 жылдары ақша реформасының жүруі барысында алтын стандартына қайта оралып, яғни оның мынадай екі қысқартылған нысаны жасалады: алтын құйма стандарты және алтын девиз стандарты.
Алтын құйма стандарты
Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайлар да ғана айырбасталды. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг, Францияда 12,7 кг салмақтағы алтын құйма бағасы — 215 мың франке тең болды.
Алтын девиз стандарты
Австрия, Германия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз (алтын валюта) стандарты бекітіліп, мұнда да айналыста алтын монета және алтын монетаны еркін түрде жасау болмайды. Мұнда банкноталарды алтынға ауыстырылған шетел валюталарына ауыстыру жүргізілді. Осындай жолмен алтын девиз стандартын қолданатын елдердің ақша бірліктерін алтынға ауыстыру арасында жанама байланыс сақталды. Сонымен, 1929—1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс нәтижесінде алтын монета стандарты барлық елдерде бірдей айналыстан алынып тасталынып, (мысалға, Ұлыбританияда — 1931 ж., АКДІ-та 1933 ж., Францияда —1936 ж.) оның орнына алтынға ауыстырылмайтын банкнот жүйесі бекітілді.
Ақша жүйесінің элементері
Қазіргі ақша жүйесі мынадай элементерден тұрады: ақша бірлігі, ақша түрлері және эмиссиялық жүйе.
Ақша бірлігі
Ақша бірлігі — барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. Ақша бірлігі ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Кептеген елдерде 1:10:100, яғни ондық бөлу жүйесі бекітілген. Мысалға, АҚШ-тың 1 доллары 100 центке тең, ағылшынның 1 фунт стерлинг — 100 пенсаға, Ресейдің 1 рублі —100 копеекке, Қазақстаннның 1 теңгесі — 100 тиынға және т.с.с.
Әлем елдерінің ақша бірліктерінің атаулары төменгі кестеде берілген.
Тмд және кейбір елдердің ақша бірліктері
Елдің атаулары |
Ақша бірлігі |
Елдің атаулары |
Ақша бірлігі |
Қазақстан |
1 теңге = 100 тиын |
АҚШ |
1 доллар = 100 цент |
Ресей |
1 рубль = 100 копеек |
Англия |
1 фунт стерлинг = 100 пенса |
Украина |
1 гривня = 100 копийка |
Израиль |
1 шекель стерлинг = 100 агора |
Беларусь |
1 рубль = 100 копеек |
Жапония |
1 иен = 100 сена |
Өзбекстан |
1 сум = 100 тийн |
Сауд Арабиясы |
1 риал = 100 халал |
Қырғызстан |
1 сом = 100 тыйн |
Түркия |
1 лир = 100 куруш |
Тәжікстан |
1 сомони = 100 дирам |
Кувейт |
1 динар =100 дирхам = 1000 филса |
Әзірбайжан |
1 манат = 100 гепик |
Қытай |
1 юань = 10 цзяо = 100 финям |
Армения |
1 драм =100 люма |
Йемен |
1 риал = 100 филса |
Молдова |
1 лей =100 бань |
Кипр |
1 фунт =100 миллима |
Біріккен Араб Әмірлігі |
1 динар = 100 филса |
Үндістан |
1 рупия 100 пайса |
Ауғанстан |
1 ауған = 100 пул |
Марокко |
1 дирхам = 100 сантима |
Египет |
1 фунт = 100 пиастра |
Моңғолия |
1 тугурик =100 мунгу |
Австралия |
1 австралия доллары = 100 цент |
Тайланд |
1 бат = 100 сатанга |
Ирландия |
1 ирландия фунты = 20 шиллинг =240 пенса |
Бразилия |
1 крузейро = 100 сентаво |
