- •Қазақстанның ақша рыногы
- •Монометаллизм жүйесі
- •Алтын монета стандарты
- •Ақша түрлері
- •Ақша айналыс құралы
- •Мемлекеттің ақша жүйесінің басты құралы теңге
- •Жалпы мәліметтер
- •Ұлттық Банктің мұражайы
- •Банкноттар
- •1, 2, 5, 10, 20, 50 Және 100 теңге шақалар
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Жезқазған Бизнес және Көлік колледжі
Ақша айналыс құралы
Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер және т.б. қолма – қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.
Ақша төлем құралы
Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.
Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтастыруға болады:
тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;
сақтандыру міндеттемелері;
әкімшілік – сот сипатындағы міндеттемелержәне басқалары;
Қорлану және қазына жинау құралы ретінде
Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т айрылуымен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты «таза қазына» формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалықдамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.
Дүниежүзілік ақша қызметі
Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы
дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметтің толық бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.
Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.
