- •Пәннің типтік оқу жоспары
- •2. Күндізгі оқу түрінің жұмыс оқу жоспары
- •2 Курс 4 жылдық
- •2.1 Сыртқы оқу түрінің жұмыс оқу жоспары Оқу жоспарының көшірмесі
- •2 Курс 3жылдық
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы – (syllabus)
- •3.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 9,15, 24,27, 31, 38,43,49, 51
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •8. Лабораториялық сабақ жоспары – бағдарлама бойынша қарастырылмаған
- •9. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •10. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық
- •11.Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •12. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер:
- •13. Жазбаша жұмыстар және курстық жұмыстар тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •18. Оқыту процесіндегі бақылау функциясы жатпайды
- •Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •100012, Караганды қ., Гоголь к-сі, 38
8. Лабораториялық сабақ жоспары – бағдарлама бойынша қарастырылмаған
9. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік нұсқаулар
Тақырыптарды меңгеру реті оқу үдерісін құру логикасына сәйкестендірілген.
Лекция сабақтарын тыңдау барысында педагогика теория негіздерін оқып, ұйымдстыру және өткізу сұрақтарына, «педагогика» пәні бағдарламасының меңгеруге, ал практикалық сабақтар барысында әдістер арқылы өткізу қажет.
Студенттерге берілетін тапсырмаларды орындау тек нақты оқу материалын меңгеру ғана емес, сонымен қатар оқу жұмысын меңгертуден де тұрады. Тапсырмаларды орындау үшін студенттер әр тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер қарастыруы және дәріс мазмұндарын қайталау қажет.
Сонымен қатар пәнді меңгеру барысында педагогикалық сөздіктерге, анықтамалықтарға, энциклопедияларға көңіл аудару қажет.
10. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық
жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
Лабораториялық жұмыстар, курстық жұмыстар оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
11.Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
Тақырып №1: Ежелгі Египеттегі мектеп және тәрбие. Израиль – иудей патшалығындағы мектеп пен тәрбие
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Ежелгі грек философтарының еңбектерінен тәрбие мен оқыту туралы пікірлерге қысқаша шолу жасаңыз.
Тапсырма 2. Конфуций ілімінің мазмұнын ашып, баяндама жасаңыз
Тапсырма 3. М.Ф.Квитиллиан шешендік өнер шебері, “Шешендерге нақыл сөз” еңбегін оқып, талдаңыз, қазіргі айтыс өнерімен сабақтастырыңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: дөңгелек үстел
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:
Тапсырманы орындау барысында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің № 9 корпустың кітапханадағы материалдармен танысуға және ақпараттық желілер арқылы білім, білік, дағлыларыңызды шыңдауға болады.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1, 4-8, 11-12, 32, 36, 39, 50, 52, 59].
Тақырып №2: Шыңғысханның Ұлы – «Жасақ» - қоғамның заңдар жинағы мен тәрбиесінің негізі
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Ә.Нысанбаев “Қазақстан” Ұлттық энцклопедиядан және «Қазақ энциклопедиясы» «Яса» ұғымының анықтамасын жазыңыз және басқа қосымша әдебиеттерден мәліметпен толықтырыңыз
Тапсырма 2. Ұлы жасақ - Шыңғысхан тағайындаған заңдар кодексі.
Ұлы жасақтың кейбір баптары: қалған баптармен толықтырыңыз.
Кімде-кім қасақана өтірік айтса, біреудің ізіне түсіп аңдыса немесе келіспей тұрған екеуінің біреуіне барып жақтасса, ол өлім жазасына кесіледі.
Кім суға немесе күлге дәрет алса, ол да өлім жазасына кесіледі.
Кім тауар алып, ақысын қайтара алмаса, тағы да тауар алып, ақысын қайтара алмаса, ол үш мәртеден соң өлім жазасына кесіледі.
Кім тұтқынға рұқсатсыз тамақ пен киім берсе, ол өлім жазасына кесіледі.
Кім қашқан құлды немесе тұтқынды тауып алып тұрып, иесіне қайтармаса, өлімге бұйырылады.
Кімде-кім ас ішіп жатқан адамдардың қасынан өтсе, аттан түсіп, олармен бірге ауқаттануы тиіс, ал аналар бұған қарсылық көрсетпеуге міндетті.
Әбу Әлидің ұрпақтары мен үрім-бұтағы, сол сияқты Құран оқушы факирлер және заңгерлер, емшілер, ғұлама ғалымдар, дәрәуіш-кезбелер, азаншылар алым-салықтардан азат етіледі.
Әскерлер соғысқа кеткенде, әйелдер ерлердің жұмысын істеуі міндетті.
Егер әмірлердің бірі кінәлі болып, қаған жаза қолдану үшін оған шені ең төменгі қызметкерді жіберген күннің өзінде ол қарсыласпай, хан бұйырған жазаны құлдық ұра қабыл алуы тиіс.
Әрбір адам діндердің кез-келгенін құрметтей білуге тиісті.
Тапсырма 3. Шыңғысханның Ұлы – «Жасақ» - қоғамның заңдар жинағы мен толық танысып, тәрбиелік жағына сипаттама беріңіз
СОӨЖ өткізу түрі: пікірталас
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Ұлы жасақ - Шыңғысхан тағайындаған заңдар кодексін, Ұлы жасақтың кейбір баптарын ғаламтордан алып толықтыру мүмкіндіктеріңіз бар және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің № 9 корпустың кітапханадағы материалдармен танысуға және ақпараттық желілер арқылы білім, білік, дағлыларыңызды шыңдауға болады
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 4-8, 11-12, 32, 36, 39].
Тақырып №3: Еуропадағы классикалық педагогика: Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дистервег және т.б.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Я.А.Коменский «Ұлы дидактика» еңбегін оқып үйрену, сізге ұнаған тарауын конспектілеу.
Тапсырма 2. Я.А.Коменскийдің еңбегін басшылыққа алып төмендегі кестені толтырыңыз.
Я.А.Коменский білім беру жүйесі
Жас шамасы |
Атауы |
Даму сипаты |
Мектептер жүйесі |
0-6 |
|
|
|
6-12 |
|
|
|
12-18 |
|
|
|
18-24 |
|
|
|
Тапсырма 3. Педагогика тарихы оқулығынан И.Г.Песталоцци «Бастауыш оқыту әдістемесі» бойынша төмендегі кестегі бос орындарды толтырып, түсініктеме беріңіз.
И.Г.Песталоццидің оқыту әдістемесі
Пән атауы |
И.Г.Песталоцци әдістемесі |
Міндеттері |
Ана тілі |
? |
Сөйлеу дағдысын дамыту, сөздік қорды байыту |
? |
Әріптің түзу және қисық элеметтерін жазу |
? |
Геометрия |
? |
Өлшеуге үйрету |
? |
Бірден бастап сандарды үйрену, ондық, жүздік т.б. |
? |
|
|
Түсініктерді үйрену, жер бедері, карта, тұрғылықты жер |
|
|
|
Тапсырма 4. А.Дистервегтің бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауды жетілдіру мәселесі туралы ақпарат дайындаңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: топтық жұмыс
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Оқу әдістемелік кешенде берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылықа алып тапсырмаларды орындауға болады. 1,2,3 тапсырмаларды орындау үшін С.Қ.Абильдинаның Педагогика тарихы: Оқу құралы. «Гласир» , 2009. -336 б. қарастырыңыз. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің № 9 корпустың кітапханадағы материалдармен танысуға және ақпараттық желілер арқылы білімдеріңізді толықтыруға болады.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 32, 36, 39, 49-52].
Тақырып №4: Жаңашыл-мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттері – В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Иванов, Т.И.Гончарова, Е.Н.Ильин және т.б.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Жаңашыл-мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттері – В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Иванов, Т.И.Гончарова, Е.Н.Ильин және т.б. аты жөні, жылдары, еңбектері, негізгі ой пікірлері туралы кестедегі бос орындарды толтыру және жалғастырыңыз.
Рет саны |
Аты-жөндері |
Жылдары |
Еңбектері |
Ой-пікірлері |
1. |
В.Ф.Шаталов, |
|
|
|
2. |
|
5 қараша 1923 жыл. Сухуми қаласы, |
|
Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет теориясының авторы |
3. |
|
|
Здравствуйте, дети!; В школу - с шести лет, Как живете, дети? |
|
|
Е.Н.Ильин |
|
|
Әдебиетті оқыту әдістемесінің тұжырымдамасы. |
4. |
Лысенкова Софья Николаевна |
|
|
|
Тапсырма 2. Т.И.Гончарованың педагогикалық көзқарасы, жаңашыл идеяларына сипаттама беріңіз.
СОӨЖ өткізу түрі: миға шабуыл
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Оқу әдістемелік кешенде берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылықа алып тапсырмаларды орындауға болады. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің № 9 корпустың кітапханадағы материалдармен жұмыс істеуге және ғаламтор, ақпараттық желілер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, мерзімді педагогикалық басылымдардан да оқып танысуға болады.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 22, 29, 32, 36, 42-44].
Тақырып № 5: Жәңгір хан (1841) мен «Мамания» (1889) мектептеріндегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. “Мамания“ мектебінде оқытылған пәндерге сипатта беріңіз.
Тапсырма 2. 1801-1845 жылдары өмір сүрген Жәңгір ханның халыққа бағыштаған ізгі істеріне кесте құрастырыңыз.
Тапсырма 3. 1841 жылы 6 желтоқсанда Хандық ордада (ставкада) ашылған мектептің мұсылман мектептері мен медреслерден айырмашылығын көрсетіңіз.
СОӨЖ өткізу түрі: пікір-талас
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Ұсынылған әдебиеттер тізімін мен дәріс мәтіндерін пайдалана отырып берілген тапсырмалар қойылған талаптарға сай құрастырылуы қажет.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 26, 30. 32, 36, 39,45-52].
Тақырып №6: Мектеп пен отбасының баланы әлеуметтендіру үдерісіндегі рөлі
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Отбасының әлеуметтендіру қызметіне әсер ететін факторлардың сипаттамасын беріңіз.
Тапсырма 2. Мектеп пен отбасының байланысын қандай бағыттар арқылы іске асыруға болатынын айқындаңыз.
Тапсырма 3. Мектеп пен отбасының тәрбиелік әрекеттестігін қалай қамтамасыз етуге болатынын аныңтаңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: практикалық жаттығулар
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:
Ұсынылған әдебиеттер тізімін мен дәріс мәтіндерін пайдалана отырып берілген тапсырмалар қойылған талаптарға сай құрастырылуы қажет.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 31-32, 36, 39, 41-44, 55-62].
Тақырып №7: Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Мұғалімнің сабаққа дайындалу кезеңдерін сипаттаңыз.
Тапсырма 2. Ю.А.Львованың мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстарын талдаңыз.
Тапсырма 3. “Мұғалімнің өздігінен білім алу жұмысы – оның педагогикалық құзыртетілігін жетілдірудің негізі» эссе жазыңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: пікір-талас
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Оқу материалын еркін баяндауға педагогикалық басылымдардан мәліметтер жинақтау және сабақта қолдану қажет. Эссе жазуда қойылатын талаптар міндетті түрде ескерілу қажет.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 14, 16, 18-20, 28, 32, 36-44].
Тақырып №8: Дүниетаным – қалыптасушы тұлғаның өзегі
Тапсырма 1. Дүниетанымның мәні проблемасы туралы ғылыми көзқарастар кестесін құрастырыңыз.
Тапсырма 2. Дүниеге көзқарас қандай қоғамдық функцияларды атқарады.
Тапсырма 3. Оқушыны тұлғалық әлеуметтендіру мен дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудағы мектеп пен жанұяның бірлескен іс-әрекетін айқындаңыз.
Тапсырма 4. Оқушыларға әлемді түсінуін қалыптастырудағы көзқарасы мен қазіргі әлеуметтік жағдаяттарға талдау жасаңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: жазбаша жұмыс
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: мерзімді баспасөз құралдарын және озық педагогикалық тәжірибені, практикадан мысалдарды қолдана отырып оқу материалын еркін мегеруді қамтамасыз ету.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [3-8, 11-12, 18-20, 32, 36, 39,55-62].
Тақырып №9: Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі және мазмұны
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі мен мазмұнына талдау жасаңыз.
Тапсырма 2. Мектептегі тәрбие жүйесінің үлгісін құрастыру.
Тапсырма 3. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесінің құрылымына талдау жасаңыз (жалпы білім беретін орта мектептер, гимназия, лицей, Назарбаев зияткерлік мектебі).
Тапсырма 4. “Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері” тақырыбын талқылау.
СОӨЖ өткізу түрі: пікірталас, сұрақ-жауап.
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:
Тапсырмаларды орындау кезінде тақырыпқа арналған мемлекеттік құжаттарды, баспасөз беттеріндегі басылымдарды, озық педагогикалық тәжірибені, практикадан мысалдарды қолдана отырып оқу материалын іріктеп, оқу-әдістемелік кешенде берілген әдебиеттер тізіміне сүйеніңіз. Үлгіні құрастыруда берілген тапсырманы меңгеруі қажет мазмұн ретінде мұқият және жан-жақты зерттеуге қол жетерлікгей жасау керек. Тақырып бойынша пікіріңіз, өз көзқарасыңыз болуы қажет.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [5-8, 11-14, 16-20, 27, 32, 36-55].
Тақырып №10: Сынып жетекшісінің тәрбиелік жүйені құру бойынша іс-әрекеті
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Сынып жетекшінің негізгі қызметіне сипаттама беріңіз.
Тапсырма 2. Сынып жетекші қызметі жайында әдебиет тізімі бойынша картотека дайындаңыз (7-10 карточка/аннотация)
Тапсырма 3. Сынып жетекшісінің тәрбиелік жүйені құру бойынша іс-әрекетіне мультимедиялық көрсетілім дайындау.
Тапсырма 4. ХХІ-ғасыр сынып жетекшісінің моделін құрастыру.
СОӨЖ өткізу түрі: әңгіме, сұрақ-жауап.
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: тапсырманы орындау барысында тақырып бойынша оқу-әдістемелік кешенде берілген әдебиеттер тізіміне сүйеніңіз және Интернет ресурстары бойынша материалдар жинақтап алған жөн. Жинақталған материалдар бойынша тапсырманы орындай отырып, ұсынылып отырған тақырыпты еркін меңгеру қажет. Библиографиялық тізім құрастыру үшін катологтарды, электронды каталогтарды, интернет материалдарын, облыстық, қалалық және университет кітапханаларындағы материалдарды қолдану қажет.
Презентация дайындау бірнеше сатыдан тұрады: тақырып таңдау, түпнұсқа мәтінін игеру, оның негізгі мәселелерін анықтау, мәтін бойынша сұрақтар қойып, оған жауаптар жазу, түпнұсқа мәтіні бойынша тест тапсырмаларын дайындау. Мультимедиялық көрсетілімдер дайындағанда-Microsoft Power Point бағдарламасын қолдану керек. Слайдтар саны – 10 болуы қажет.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-2, 4-7, 15, 17, 29-32, 34,42-48].
Тақырып №11: Мектептегі инклюзивті білім берудің мәні және оны жетілдіру
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Инклюзивті білім беру ұғымына талдау жасаңыз.
Тапсырма 2. Мектептегі инклюзивті білім берудің мәні және оны жетілдіру жолдарын, маңыздылығын ашу.
Тапсырма 3. “Инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбиелік үдерісті ұйымдастырудың жаңа тұғырлары» тақырыбына баяндама дайындау.
Тапсырма 4. “Инклюзивті білім беруді жетілдіру мақсатында кәсіби педагог мамандардың үлесі» тақырыбын талқылау.
СОӨЖ өткізу түрі: дөңгелек үстел, сұрақтарды ұжымдық талқылау.
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:
Тапсырманы орындау барысында тақырып бойынша интернет пен кітапхана ресурстарынан, ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, материалдар жинақтап алған жөн. Мақалалар мен жинақталған материалдар бойынша тапсырманы орындай отырып, ұсынылып отырған тақырыпты еркін меңгеру қажет. Баяндама жазу-зерттеу жұмыстарына қызығушыларын қалыптастратын және таным-білімдерді кеңейтетін тақырыпты көпшілікке жариялау. Баяндама жазғанда берілген тақырып бойынша жоспар құрылады. Қажетті әдебиеттер іріктеледі. Әдебиеттермен жұмыс жасауда алынған мәліметтерді жүйелеп, тұжырым жасалынады. Тақырыпты талқылауда өз көзқарасыңыз болуы қажет.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-14, 16-20, 27, 32, 36-44].
Тақырып №12: Қазіргі мектептегі электрондық оқыту жүйесі
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Қазіргі мектептегі электрондық оқыту жүйесінің мүмкіндіктеріне талдау жасау.
Тапсырма 2. Мектептегі электрондық оқыту жүйесінің артықшылығы мен кемшіліктерін сызба түрінде беру.
Тапсырма 3. Электрондық оқыту жүйесінің тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасы мектептік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқыту жүйесі туралы ережелерге талдау жасаңыз.
Тапсырма 4. “Электрондық оқыту-заман талабы» тақырыбына баяндама дайындау.
СОӨЖ өткізу түрі: пікірталас, сұрақтарды ұжымдық талқылау.
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:
Тапсырмаларды орындау барысында дәріс материалдары мен ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыз, сондай-ақ мерзімдік басылымдар залындағы тақырыпқа байланысты газет-журнал материалдарына сүйеніңіз. Сонымен қатар мерзімдік басылымдарға да талдау жасау қажет. Баяндама жазғанда берілген тақырып бойынша жоспар құрылады. Қажетті әдебиеттер іріктеледі. Әдебиеттермен жұмыс жасауда алынған мәліметтерді жүйелеп, тұжырым жасалынады. Баяндама мазмұнының компоненттеріне көңіл бөлу керек:1) жұмыстың жоспары; 2) ғылыми мәліметтердің жүйесі; 3) қорытындылар мен талдаулар.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [3-7, 15, 17, 29-32, 34,45-59].
Тақырып №13: Құзіреттілік тұрғыдан оқушының оқу әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалаудың формалары:
Тапсырмалар
Тапсырма 1. Мектепте құзіреттілік тұрғыдан оқушының оқу әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалаудың формаларының қандай түрлері қолданылады? Сипаттама беріңіз.
Тапсырма 2. Бақылауға және бағалауға қойылатын негізгі талаптарды атаңыз.
Тапсырма 3. Бақылау түрлеріне сипаттама беріңіз.
Тапсырма 4. Педагогикалық әдебиеттен берілген түсініктердің анықтамаларын тауып, жазып алыңыз:
Білімді тексеру –
Дидактикалық мәтін –
Білімді бағалау –
Үлгермеушілік –
СОӨЖ өткізу түрі: мәселелік семинар
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: тапсырмаларды орындау барысында дәріс материалдары мен ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыз, сондай-ақ оқу материалдарын меңгеру негізгі түсініктердің мазмұнын игерумен және құбылыстардан, процестерден нақты мысалдар келтіру арқылы бекіту керек Cондай-ақ педагогикалық деректерді қолданыңыз (анықтамалар, сөздіктер, газет-журналдар).
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [11-12, 18-20, 32, 36, 39, 41-53].
Тақырып №14: Қазіргі мектептегі оқытудың ақпараттық және коммуникативтік технологиясы
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Білім берудегі инновациялық үдерістердің мәнін ашып, олардың жіктемесі туралы сызба түзіңіз.
Тапсырма 2. Педагогикалық технологиялардың түрлеріне сипаттама беріп және олардың дамуына қысқаша тарихи шолу жасаңыз.
Тапсырма 3. “Оқу тиімділігі – озық технологияда» эссе жазу.
Тапсырма 4. Ақпараттық және коммуникативтік технологияларды педагогикалық процесте қолданудың тиімділігін айқындаңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: топтық жұмыс, тапсырмаларды дербес орындау
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Аталмыш тапсырмаларды орындау барысында ұсынылған әдебиеттер мен дәрісбаяндарды, мерзімді басылымдарды, интернет көздерінен қажетті деректер алуға болады. Эссе жазуда есте сақтаңыз: Эссе – бұл тақырып бойынша салыстырмалы түрле еркін пікір айту, көлемі 5…7 бет. Эссе құрылымы: кіріспе (тақырыпты тұжырымдау, тақырыптың маңыздылығы, тақырыпқа қатысты пікірлердегі қайшылық, тақырыпты қарастыру құрылымы, негізгі талқылауға ауысу); автор алға шығаратын негізгі бөлім (пікірлер (дәлелдер) (2…3); пікірлерді алға шығару кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдарды анықтау, дәлелдер және қолдау – талқылауды қолдайтын фактілер немесе мысалдар; контрдәлелдерді немесе қарама-қарсы пікірлерді қарастыру (олардың неліктен әлсіз екендігін, ал автордың пайымдауының күшінде қалатынын көрсету қажет); қорытынды (негізгі пікірді қайталау, негізгі пікірдің қорғауға дәлеледрді түйіндейтін бір немесе екі сөйлем; алға шығарылатын пікірдің қабылданбау салдарлары туралы ескерту және берілген тұжырымның пайдалылығы туралы жалпы қорытынды). Эссені бағалау критерийлері: онда зерделенген материалдың көрсетілу дәрежесі; проблемаға арналған амалдың өзінділігі; дәлелдеме; өз көзқарасын негізделген түрде қорғау қабілеті.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 32, 36, 39].
Тақырып №15: Мектептегі әдістемелік қызмет. Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтерін сипаттаңыз.
Тапсырма 2. Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама беріңіз.
Тапсырма 3. “Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін көтеру сапасындағы әдістемелік бірлестіктер мен кафедраның іс-әрекеті» тақырыбына мультимедиялық көрсетілім дайындаңыз.
Тапсырма 4. «Мектептің әдістемелік қызметі – педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен біліктілігін көтерудің негізі» тақырыбына баяндама әзірлеңіз.
Тапсырма 5. Мектептің әдістемелік қызмет шеңберінде мұғалімдерді ғылыми-зерттеу және инновациялық педагогикалық іс-әрекетке дайындау жұмыстары қазіргі таңда қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жүргізіңіз.
СОӨЖ өткізу түрі: практикалық жаттығу
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Ұсынылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды пайдалана отырып орындаңыз, 3-ші тапсырма бойынша Microsoft Power Point бағдарламасын қолдану керек. Слайдар саны – 10 болуы қажет. Баяндама (5-7 мин) тақырыпты ашатын, тәжірибелік материалдар мен теориялық қағидалардан тұратын қысқа мағлұмат. Тақырып бойынша өз көзқарасыңыз болуы қажет.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 32, 36, 39,41-58].
