II тарау
МАХАББАТ ЖЕТКІЛІКСІЗ
МАХАББАТТАН ГӨРІ СЫЙЛАСТЫҚ МАҢЫЗДЫ ДЕГІҢ КЕЛЕ МЕ?
Жігіттер өздерін сыйласуға лайықсызбын деуден гөрі, сүйікті емеспін деп сезінуді дұрыс санайды.
Осы кітаптың жартысы жазылып біткен кезде, Шонти менен (Лизаның) балаларына қарай тұруымды сұрады, оның балаларына «Суперотбасы» мультфильмі қатты ұнайды екен. Мультфильмдегі басты кейіпкер «Синдром» – жаман әрі жауыз болып өседі, өйткені оған балалық шағында өзі аңсаған сыйластықпен ешкім қарамаған еді. Ол бар өмірін кек алуға арнайды, себебі кішкене кезінде өзін керексіз сезінетін.
Осы мультфильмді балалармен бірге көргеннен кейін, футболға бардым. Ол штаттың колледжаралық чемпионатының жартылай финалы болатын. Бар дауыспен айқайлап, жаны сүйген фанаттардың арасынан бір жігітке көзім түсті, оның футболкасында мынандай жазулар бар еді: «...бірнешеуге сүйікті, ...көпшілікке жек көрінішті, ...барлығының сыйлайтыны. ...Бруквудтық мустангтар».
Тағы да сол сөздер... сыйластық. Мына фанат үшін махаббат аса маңызды емес болатын, ол тіпті өзін жек көрушілікке де қарсылық етпейтіні анық. Бірақ, ол өзін сыйлауды аңсап тұр ғой! Ендеше, жігіттер үшін үлкен мәнге ие болған сыйластық жайлы біз не білеміз?
Мына фанат үшін махаббат аса маңызды емес болатын, ол тіпті, өзін жек көрушілікке де қарсылық етпейтіні айқын. Бірақ, ол өзін сыйлауды аңсап тұр ғой!
Мынаны білу маңызды: жас жігіттердің өмірінде спорт пен киноға қоса сыйластықта аса маңызды рөл атқара ма? Әрине, иә! Бұл айғақ сендерге қазір бойжеткен ретінде де, кейін әйел болғанда да толғануларыңа мол азық береді.
СЫЙЛАСТЫҚ ПА ӘЛДЕ МАХАББАТ ПА?
Колледжді бітіргеннен кейін, мен (Шонти) жалғызілікті бозбалалар мен бойжеткендерге арналған психологиялық тренингте қызықты бір көріністі бақыладым. Бірінші сабақта-ақ жүргізуші, бозбалаларды бөлменің бір жағына, бойжеткендерді екінші жағына отырғызды. «Қазір сендерге бір сұрақ қоямын: екі жамандықтың неғұрлым жеңілірек бірін таңдап алыңдар, – деді жүргізуші. – Сендер қайсысын таңдар едіңдер: өзіңді бұл әлемде жалғыз әрі сүйікті емес деп сезінуді ме, әлде басқа адамдардың өзіңді менсінбеуі мен олардың тарапынан болатын сыйламаушылықты ма?»
Сол кезде көңіліме мына ойдың жылт ете қалғаны есімде: «Не қылған таңдау? Кім өзін сүйікті емес сезінгісі келер еді?»
Осыдан соң жүргізуші жігіттер отырған жаққа бұрылып, былай деді:
- Сонымен, жігіттер, сендердің қайсыларың өздеріңді жалғыз әрі сүйікті емес болуды артық көрер едіңдер?
Жауап ретінде, көтерілген қолдардан көз сүрінді, ал қыздар отырған бөліктен таңданған дауыстар толқындап өте шықты.
Сонымен, жігіттер үшін үлкен маңызы бар сыйластық туралы біз не білеміз?
Жүргізуші жас жігіттердің қайсысы өзін сыйламаушылықты таңдап алуға дайын екенін сұрағанда, бойжеткендер тек бірнеше жас жігіттің ғана қол көтергендерін таңырқай қарады.
Содан соң таңдану кезегі бозбалаларға келді, өйткені бойжеткендер сыйластықтан гөрі махаббатты артық санаған еді.
БҰЛ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?
Бұл бойжеткендер үшін қаншалықты таңданарлық болып естілсе де, бозбалалар махаббаттан гөрі сыйластық пен қолдауды – әсіресе олардың өмірінен орын алған бойжеткен тарапынан – өте қажет етеді. Сауалнама үш жігіттің екеуі өздерін лайық емес, жолы болмаған жан сезінгеннен гөрі, махаббаттың жоқтығын артық санайтынын көрсетті. Зер салатын нәрсе – бұл сыйластықтың мәні бозбалалар өмірінде олар есейген сайын өсіп отыратыны.
Сауалнаманың нәтижесіне қарайық.
________________________________________________________________________________
Екі теріс жауаптың қайсысын сен басымырақ көрер едің: бұл дүниеде өзіңді жалғызілікті әрі сүйікті емес сезіну ме, әлде ешкім сыйламайтын жолы болмағыш сезінуді ме? Осы екеуінің бірін таңдауға тура келген жағдайда, қайсысын таңдап алар едің? Сен өзіңді ... деп сезінуді дұрысырақ санар ма едің?
С
Е |
|
|
|
|
63%
37%
|
0% 50% 100%
Сыйластықты сезінуге деген мұқтаждық бозбалалардың есеюіне қарай өседі. «Аса құпия: әйелдерге ерлер жайлы» кітабында нәтижесі келтірілген сауалнамаға қатысқан ердің жасына келген азаматтардың 74 %-ы махаббаттан гөрі сыйластыққа басымдылық берген еді. 20-ға дейінгі бозбалалардың сыйластық пен махаббат арасында жасаған таңдауларына қарашы.
«Мен өзімді сыйластыққа лайықсыз сезінгеннен гөрі, жалғызілікті, махаббаттан айырылып қалуды артық санаймын. Мені сыйламайтын біреумен бірге тұруға келісуден гөрі, жалғыз қалғаным артық».
25-ке дейінгі бозбалалардың көбі махаббат пен сыйластықты таңдауды ұсынғанда, сыйластықты таңдап алады. Өйткені сыйластық олардың өмірлерінің әр саласында өздерін маңызды сезінуге көмектеседі, ал махаббат болса... Олардың өмірлері әлі алда ғой, өздеріне махаббат сыйлайтын сүйіктілерін табуға болады.
Бойжеткендер, керісінше, сыйластықтан гөрі махаббатты маңызды санайды және олардың көп әрекеттерінің негізінде осы нәрсе жатады. Сондықтан бойжеткендерде сыйластық емес, махаббатты көрсете білу жақсы жетілген. Көз алдыңа елестетші – сен өзіңнің жігітіңе оны қалай сүйетініңді көрсеткің келеді, ал оның әрекеті сені дағдартып, көңіліңді жабырқатып тастайды. Мұндай жағдай болды ма? Бәлкім өзің байқамай жігітіңе оны сыйламайтындығыңды сездірген шығарсың. (Бұл – жігіттің автоматты түрде өзін сүйікті емес сезінгенін білдіреді). Егер сен өз жігітіңе оны сүйетініңді білдіргің келсе, ең алдымен оны сыйлайтыныңа, сол сыйластықты жігітіңнің білетініне көз жеткізіп ал.
«Мен өзімді сыйластыққа лайықсыз сезінгеннен гөрі жалғызілікті әрі махаббаттан айрылуды артық санаймын».
ОЛ САҒАН ҚАРАП ТҰР
Біздің топтық сұхбаттарымызда жас жігіттер уақыттарының басым бөлігін бойжеткендердің ықыласы мен сыйластығына қол жеткізу үшін жұмсайтындарын әлденеше рет естідік. Бозбала үшін оның айналасындағы адамдар оған айнаның рөлін атқарады – бұл әсіресе оның құрбысы, саған қатысты. Ол сенен өзін сыйлы, күшті, сенім артуға болатын адам деп сездіруге мүмкіндік беретін бір нәрсені көруден үміттенеді.
Сұхбаттардың бірінде біз балалардан былай деп сұрадық: Қыздарға әсер ету үшін уақыттарыңның қанша пайызын бөлесіңдер?» Сәл өтпей-ақ бір жігіт: «Шамамен 100%», – деп жауап берді. Басқа бір жас жігіт мынаны мойындады: әр түрлі істермен айналыса жүріп – киім таңдаудан бастап, машина сатып алғанға немесе жұмысқа орналасқанға дейін – ол өз әрекетіне құрбысының қалай қарайтынын елестетуге тырысады. Құрбысы оның таңдауын қолдай ма? Осы таңдау үшін оны сыйлай ма, әлде керісінше жолы болмағыш дей ме?
Бұл жас жігіт айтып жатқанда басқа балалар келісетіндерін білдіріп, бастарын изеп отырды. Маған (Лизаға) өз таңданысымды көрсетпеу өте қиынға соқты. Егер сен де мен сияқты ойласаң, онда, мынаны түсінбеуің мүмкін: ол жас жігітке өз құрбысының өзіне сыйластықпен қарайтынын көру қаншалықты маңызды болса өзіне сенім артпайтынын сезіну де соншалық ауыр екені. Егер, жас жігіт бойжеткен өзін сыйламайтынын білсе, шығар «есікті» іздей бастайды. Бір студент бізге былай деген еді:
«Егер қандай да бір бойжеткен жігітке сыйластықпен қараса, бұл оны мына ойға жетелейді: «Мен өз құрбым санағаннан әлдеқайда жақсымын. Менің құрбым маған сенбейтін сияқты». Егер таныс бойжеткен сені сыйлап, ал кездесіп жүрген құрбың сыйламайтын болса, бұл дабыл қағар белгі».
Егер бозбалалар сыйластыққа шынымен де зәру болса, онда олардың өздерін сыйластық пен сенім артуға лайық сезіндіруге көмектесетін бойжеткендерге не себепті жүгіретіндері және өздерін сыйламайтын бойжеткендерден неге қашқақтайтындары айқын.
Сыйламаушылық барометрі
Бір мәселе бар. Біздің топтық сұхбатымызға қатысқан бозбалалар бойжеткендердің өздерін сыйламайтын кездері болатынына шынымен-ақ сенді. Бірақ тіпті отбасылық тәжірибесі бар күйеуі бар әйелдердің өздері – жасөспірім қыздарды айтпаған күннің өзінде – өз мінез-құлықтарымен немесе сөздерімен өмірлеріндегі ең басты азаматтарын сыйламайтындарын паш ететіндерін жиі түсінбейді!
Шын мәнінде көбіміз өз жігітімізді сыйлаймыз, бірақ біздің сөздеріміз бен істеріміз керісінше нәрсеге куәлік ететінін ұқпаймыз. Соған қарамастан, зерттеулердің нәтижесі бойынша біз өз азаматтарымыздың әлсіз жерлерінен сенімді түрде ұрғылаймыз. Мысалы, әңгіме үстінде сенің жігітің күтпеген жерден саған наразы болып немесе өкпелеп қалған кезінде, сенің не істеріңді білмей қалған кезің болды ма?
Егер жас жігіт өзін сыйламайтынын сезсе, шығар «есікті» іздей бастайды.
Бозбалалардың көбіне өз сезімдерін сөзбен жеткізу қиын, сондықтан олар неге жабырқағандарын немесе өкпелегендерін түсіндірмейді. Бір жақсысы, бізде сенімді барометр бар, ол біздің сыйластығымыз таусылып, шектен шығып кеткен жерді көрсетеді. Ол ашу-ыза.
Сөзімді жалғастырмас бұрын бір сұрақ қоюға рұқсат ет: өміріңдегі басты орындағы ер адаммен ренішті жағдайларда көз жасыңды төгуге тура келетін кездер бар ма? Сендердің көбің бас изейтін шығарсыңдар. Ал мынадай сұраққа не дейсің: осыған ұқсас жағдайда сенің жігітіңнің ашу тізгінін қоя беруіне негізі бар ма? Біздің көпшілігімізге бұл сұраққа жауап беру қиын, өйткені біз ер адамдарға ашу көрсетуге жол берілмейді деп санаймыз.
Соған қарамастан, «Махаббат пен сыйластық» миссиясының негізін қалаушы доктор Эмерсон Эггерхис мүлдем басқа пікірде: «Ұрыс-керіс кезінде әйелдің реакциясы – көз жасы – ол өзін сүймейді деп санайды, ал ашулану – өзіне деген сыйластықтың жоқтығына деген ер адамның кәдімгі реакциясы».
Жігіттердің көбі ұрыстың ең қызу шағында былай деп айғайлап жібермесі анық: «Сен мені сыйламайсың!» Бірақ егер сенің сөзің не ісің оның шамына тисе және оның ашуының себебін түсіне алмай тұрсаң, онда сенің тарапыңнан өзіне деген сыйластықтың жоқтығы оның өзін төмен сезініп, жүрегін ауыртып тұрғанын білгенің жөн.
Сауалнаманың мәліметтері бойынша қарама-қарсы жыныс өкілдерімен байыпты қарым-қатынаста тұрған жас жігіттердің үштен екі бөлігі шиеленіс кезінде өздеріне сыйластықтың жоқтығын нақты сезінгендерін айтады. Біз, қыздар, мұндай сәттерде: «Ол мені сүймейді», – деп жазғыра бастаймыз.
__________________________________________________________________________
Құрбыммен ұрыс-керіс кезінде мен мынаны сезінемін...
Қ
Қ
|
|
|
|
|
35%
65% |
0% 50% 100%
Е с к е р т у: Бұл жерде құрбылары бар бозбалалар жайлы сөз болып отыр. Алайда жалғызілікті жас жігіттер арасында сауалнама жүргізгенде де біздің анықтағанымыз «ол мені сыйламайды» деген жауапты таңдағандар– 57%.
«Аса құпия: әйелдерге ерлер жайлы» кітабында сауалнаманың мәліметтері бойынша өздеріне деген сыйластықтың жоқтығын сезінгендерін мойындаған ерлердің пайыз саны одан да жоғары – 81%.
Егер ол ашуланған болса, онда сенің тарапыңнан сыйластықтың жоқтығы оның жанына батқаны.
Шартсыз сыйластық
Бәлкім, сен жігіт еңбек сіңіргенше оған сыйластық көрсете алмаймын және сыйлауға тиісті емеспін деп есептейтін боларсың. Мұның еш сөкеттігі жоқ. Әйткенмен, мынаны ойла: қандай да бір бозбаламен байыпты қарым-қатынаста болсаң, сен оның өзіңе деген махаббатына еңбек сіңірмеген кездеріңде де сені сүйгенін қалайтының анық. Дәл солай жас жігіттер де осыны қалайды. Тек сөз сыйластық жайлы болып жатыр. Жігіттер болашақта да қателік жіберетіндеріне есеп бере алады, сондай шақта қыздың өзінен күткенін берген-бермегеніне қарамастан, өзін сыйлап тұратын қызды табуды армандайды.
«Біздің мәдениетіміз махаббат идеясымен науқастанып жүр, – дейді доктор Эггерихс. – Тура, Биттлздың: «Саған бар керегі– махаббат» деген әніндегі сияқты. Осылайша махаббат бізді шарт, қоймауға ал сыйластыққа еңбек сіңіру керек дегенді ойлауға үйретіп шығарды. Алайда ерлер осы шартсыз сыйластыққа мұқтаж, өйткені олар істеген әрекеттеріне, қандай қылықтар жасағанына қарамастан, өздерін осы қалыпта сыйлағанын қажет етеді».
Егер сен қазір жасөспірім кезіңде жас жігіттермен қарым-қатынасыңда оларға деген сыйластығыңды көрсетуді үйренсең, онда осы әдеттер тұрмысқа шыққаныңда да керек болады. Неке жайлы Киелі Кітаптағы ең белгілі үзінділердің бірінде – Ефестіктерге арналған хаттың 5-ші тарауында – әйелі күйеуін сүюі, ал күйеуі әйелін сыйлау туралы айтылмайды (мұның себебі, бәлкім, біз өзіміз алғымыз келген нәрсені беруге бейімдігімізден болар), Киелі Кітаптық мәтін – күйеулерді өз әйелдерін сүюге, ал әйелдерді өз күйеулерін сыйлауға қайта-қайта шақырады.
«Ерлер ешбір шартсыз сыйлауға мұқтаж, себебі олар өздерінің істеген әрекеттеріне қатыссыз, сол қалыптарында сыйлағанды қалайды».
Болашақ жайлы ойлармен
Тұрмыс құру, әлбетте, айттырылған қалыңдық болу емес. Сондай-ақ, бозбала мен бойжеткеннің арасындағы жай достық қарым-қатынас пен сезімдік қарым-қатынастың арасында да айырма бар. Біз Ефестіктерге арналған хаттың 5-ші тарауындағы мәнмәтін бойынша (онда қыз бен жігіттің кездесулері емес, неке туралы айтылады) ерлерге сөзсіз сыйластық көрсетуге үйрену туралы айтып жатырмыз.
Ер мен әйелдің жақындасу деңгейіне қарай Киелі Кітаптық осы ақиқаттың мәнісі олардың өмірлерінде өзгереді. Біз, мысалы, жігіттің мінез-құлқындағы сені сақтандыратын нәрселерге назар аудармай, өзің сенім артпайтын біреумен кездесіп, соған сені «сыйластық көрсетуге» шақырып тұрған жоқпыз. Біз осы кітапты оқи отырып, «Аса құпия: әйелдерге ерлер туралы» кітабын оқыған көптеген үлкен әйелдер сияқты сенің де рухани өсуіңе орасан мүмкіндігің бар екенін айтқымыз келеді. Әрі ерлерді сыйлап олардың қамын жеуді үйренуіңе сенеміз.
Сонымен, жігіттер үшін біздің сыйластығымыз маңызды екенін білген соң, енді не істеуіміз керек?
СЫЙЛАСТЫҚТАН ЖІГІТТЕР НЕНІ ТҮСІНЕДІ?
«Сүюге асық» фильміндегі жауапкершіліксіз, қызба әрі ойсыз-күйсіз Лэндон Картердің (Шейн Уэст) өмірі оны мектептегі спектакльге қатысуына және оның қауым жетекшісінің байсалды, консерватор қызы Джемиден (Мэнди Мур) көмек сұрауға мәжбүр еткен жағдайдан кейін өзгереді. Лэндонның барлық таныс қыздарынан мүлде басқа Джемидің өмірінде небір оқиғалардың болып өткеніне қарамастан, ол Лэндонның өзіне қарауы керек екеніне көзін жеткізеді. Джемидің қолдауы мен жігерлендіруі Лэндонды «өз қабынан» шығуға мәжбүрлейді. Фильмнің басында Лэндон естиярлық танытпаған әрі қымбатқа түскен бір қылық істейді, бірақ Джемидің бір ғана көзқарасы оны ұялтып, өзгеріске құлшынуға жеткілікті болды. Оқиғаның соңында Лэндон өз бас пайдасын ойламай бір іс тындырады да, Джемиге көзін тастағанда, оның өзі үшін мақтанатынын түсінеді. Джемидің көмегімен Картер өзінің жетіспеушіліктерін меңгере алатынына және өзі алдын ала белгіленгеніндей азамат бола алатынына сенеді.
Сен бойжеткендердің қандай билігі бар екенін әрі олардың бозбалалардың өміріне қалай зор әсер ете алатынын түйсінген шығарсың деп үміттенемін. Біз жігіттің өзіне деген сенімділігін не күйретуіміз мүмкін, немесе, оны нығайтамыз. Тәңір бізге осындай қабілетті сыйға тартты. Егер біз осы дарынды даналықпен қолданғымыз келсе (жеке басымыздың мүддесі үшін емес), онда қалай әрекет етуге тиіспіз?
«Аса құпия: әйелдерге ерлер туралы» кітабында келтірілген сауалнаманың нәтижелерін зерттей отырып, біз ерлер үшін оларға әйелдерінің өздеріне деген сыйластығын, соның ішінде ерлердің пікіріне құлақ асып, қабілеттеріне сенетіндерін көрсетуі қаншалықты маңызды екеніне қайран қалдық. Бойжеткен мен бозбалалардың ара-қатынасында аса маңызды үш сала бар, әрі олардың бәрі қарым-қатынасқа байланысты. Кей кезде барлық мәселе біздің нені айтпайтынымызда.

үйікті
емес әрі жалғызілікті
шкім
сыйламайтын, жолы болмағыш
ызым
мені сүймейді (маған деген сезімі жоқ,
менің қамымды ойламайды)
ызым
дәл қазір мені сыйлап тұрған жоқ (маған
сенбейді)