- •III тарау. Асептика және антисептика
- •Асептиканы механикалың, физикалық, химиялық әдістердің көмегімен іске асырады.
- •Залалсыздандыруға дайындап орналастыру
- •Бу қысымымен залалсыздандыру (автоклавтау)
- •Залалсыздандырудың 3 негізгі тәртібі бар:
- •Құргақ ыстық ауамен залалсыздандыру
- •Сәулелі залалсыздандыру
- •Залалсызданган заттарды сактау
- •Таңгыш заттар мен операциялық жапқыштарды залалсыздандыру
- •Заттардың залалсыздыгын тексеру әдістері
- •Хирургтың қолын өңдеу
- •Операциялық аланды өндеу
- •Тігіс жіптерін залалсыздандыру әдістері.
- •Антибиотиктермен емдегенде кездесетін негізгі асқынулар:
- •Бақылау тесттері мен есептер
Залалсыздандыруға дайындап орналастыру
Құрал-саймандарды, таңғыш заттар мен операциялық жапқыштарды жугыш ерітінділермен өңдеп және кептіргеннен кейін, оларды тікелей залалсыздандыруға дайындайды.
Залалсыздандыру алдында заттарды Шиммельбуш бикстеріне орналасты- рады. Ол үшін бикске 2 ақжайма төселеді, Біреуіне заттарды орап, екіншісімен сенімді болу үшін үстін жабады. Залалсыздандыру алдында бикстіңтесіктерін ашып қояды. Бикстерге зат-саймандарды орналастырудың негізгі 3 түрі бар: әмбебап, бағытталған және түрлік орналастыру.
Әмбебап орналастыру. Бұл эдіс таңу бөлмелерінде жұмыс істеу жэне кішігірім операцияларды жасау үшін пайдаланылады. Бикстің іші шартты түрде бірнеше секторларға бөлінеді: бір бөлігіне - салфеткалар, екінші бөлігіне - шариктер, үшінші бөлігіне - тампондар жэне т.б. салынады.
Бағытталган орналастыру. Кішігірім операцияларды, емдеу шаралары мен іс-кимылдарды жасау үшін (мысалы, трахеостомия, бұғана асты венасының катетеризациясы, перидуральді анестезия), бикстің ішіне қажет болатын таңғыш заттар, құрал-саймандар, жапқыштар салынады.
Түрлік орналастыру. Әдетте, бұл әдіс көп мөлшерде залалсыз заттардың болуын қажет ететін операция бөлмелерінде қолданылады, Сондыктан, бір бикске тек салфеткалар, екіншіге - шариктер, үшіншіге - тампондар және сол сияқгы т.б, заттар салынады.
Сонымен қатар, сэулелік залалсыздандырудан өткен, танғыш заттар салынған қалталар болады, сондай-ақ сәулелік залласыздандырудан өткен, синтетикалық матадан жасалған, бір рет пайдалануға болатын арнайы операциялық жинақтар (халаттар, жаймалар) болады.
Залалсыздандыру
Қазіргі таңда медициналық құрал-саймандарды, таңгыш заттар мен операциялық жапқыштарды залалсыздандыру үшін, оның физикалық және химиялық әдістері қолданылады.
Залалсыздандырудың кайсыбір эдісін қолдану, пайдаланатын затгың қасиетіне байланысты болады. Негізінде физикалық залалсыздандыру эдістері кеңінен қолданылады.
Залалсыздандырудың әдістері
Залалсыздандырудың физикалық әдістері
Физикалық эдістерді термиялық жолмен іске асырады - күйдіру жэне қайнату, бу қысымымен залапсыздандыру (автоклавта), ыстық ауамен (қүрғақ ауамен), сэулелі залалсыздандыру.
Күйдіру және қайнату
Хирургиялық клиникада қүрал-саймандарды күйдіру әдісімен залалсыздандыру қазіргі кезде қолданылмайды. Бүл әдісті тек қана тұрмыстық жағдайда ғана, басқа эдістерді жүргізуге мүмкіндік жоқ кезде, пайдалануға болады. Металлдан жасалған қүралдарды оттың жалынында күйдіру арқылы залалсыздандыруға болады. Әдетге, металлдан жасалған тостағанға қүрапды салып, үстінен этил спиртін қүяды да, оны өртеп жібереді. Қүрал-саймандарды арнайы электрозалалсыздандырғышта қайнатады. Оларды торға жайып салып (шприцті инесінен бөліп), орналастырады да, дистиллденген суға (оның ішіне натрий- гидрокарбонатын - 2% ерітінді болғанша қосуы да мүмкін) батырып қояды.
Қалыпты жағдайда, 100° С температурада 30 минут қайнатады. Залалсыздандыру аяқталғаннан кейін, қүрал-саймандарды арнайы залалсыз білтелермен үстап алады.
Көп уақыттан бері залалсыздандыруды қайнату арқылы іске асырып жүрді, бірақ бүл әдісте температура 100°С -қа дейін көтеріледі, ол спора түзуші бактериялардың жойылуына мүмкіндік бермейді. Қазіргі уақытта клиникаларда залалсыздандыру үшін, қайнату әдісі қолданылмайды.
