Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хирургия 3 тарау Есетбаева,Медеу.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164 Кб
Скачать
☆

Операциялық аланды өндеу

Науқасқа алдын-ала санитарлы-гигиеналық өңдеу жасалынуы қажет (ваннада, душта жуыну, ішкі киім мен төсек жапқышты ауыстыру). Ал операциялық үстелде операциялық алаң химиялық антисептикгермен (құрамында йоды бар органикалық заттар, 70% спирт, хлоргексидин, первомур, АХД, залалсыздандырылган жабысқақ пленкалар) өңделеді. Міндеті түрде сақталатын заңдылықтар мынадай:

-кең көлемде өңдеу;

-кезектілік, «ортасынан - шетіне қарай өңдеу»;

-ластанған аймақтар соңында өңделеді (кіндік);

-операция барысында бірнеше рет (Филончиков - Гроссих ережесін сақтап) өңдеу керек: залалсыз жапқышпен шектеу алдында екі рет; тілік жасаудың алдында; операция кезінде; жарага тігіс салар алдында және одан кейін бір-бір реттен 5% йодтың спирт ерІтіндісімен сүртіледі.

ЖасөспІрімдер мен йодқа аллергиясы бар ересек науқастардың операциялық апаңын I % бриллиант жасылының спирт ерітіндісімен өңдейді (Баккал әдісі).

Имплантациялык инфекцияның алдын-алу

Имплантация - емдеу (барысында) мақсатымен жасанды заттарды (протездер, спицалар, пластиналар, клапандар, тігіс жіптер) науқастың денесіне енгізу, сіңдіру болып табылады.

Имплантациялық ннфекцияның көздері:

-Тігіс жіптер.

-Дренажды түтіктер.

-Стенттер.

-Спиральдар.

Резеңкеден жасалган заттарды автоклавта немесе формалин буында залалсыздандырады. Пластиктан жасалған затгарды газбен залалсыздандыру керек. Соңғы кезде гамма-сәулелерін жиі қолданады.

Тігіс жіптерінің түрлері

Табиғатына байланысты:

  • Табиғи жіптер (кетгут, жібек, мақта-маталық жіптер).

  • Синтетикалық (лавсан, капрон, фторлон, дакрон, полиэстер, викрил, окцилон).

Сіңуіне байланысты:

  1. Сіңетін - табиғи - кетгут; синтетикалық - окцилон, викрил, дексон.

  2. Сіңбейтін - қалғанының барлығы.

Жуандыгына байланысты - эртүрлі қалындықта болады. Ыңғайлы болу үшін нөмірленген, жіп жіңішке болған сайын реттік нөмірі төмен болады.

Жарақаттауына байланысты:

  1. Жарақатгайтын жіптер (хирургиялық инеге өткізілетін, қалыпты жіптер).

  2. Жарақаттамайтын (атравматикалық) жіптер - заводта жіп диаметріне сәйкес келетін инемен жабдықгалған.

Тігіс жіптерін залалсыздандыру әдістері.

  1. Кохер әдісі - жібек жіпті залалсыздандыру.

  2. Ситковскин әдісі - йод буында кетгутгы залалсыздандыру.

  3. Губарев және Клауднус әдістері - люгольдің спирт және су ерітінділерінде кетгутты залалсыздандыру.

Айтылып кеткен эдістер сирек қолданылады. Қазіргі кезде стационарларда синтетикалық жІптерді залалсыздандыру үшін, қайнату және автоклавтау әдІстерін пайдаланады.

Протездер мен трансплантаттарды залалсыздандыру.

Оларды залалсыздандыру жасалған заттың түріне байланысты болады. Металлдан жасалған заттарды автоклавта және құрғақ ыстық ауалы аспапта залалсыздандырады.

Лавсаннан жасалған тамыр протездерін қайнатады. Имплантацияға арналған мүшелерді залалсыздандыру мүмкін емес болгандықтан, оларды кесіп алу барысында асептика заңдарын қатал сақтап, арнайы контейнерлерге салу керек.

Ауруханалық инфекция

Стационарда жүқтыратын инфекцияны ауруханалык инфекция дейді. Қазіргі кезде оларды нозокомиальді инфекция («позо» - ауру; «котоз»-жүре пайда болган) деп атайды.

Негізгі алдын-алу жолдары:

-төсек-күнді қысқарту;

-науқасты ертерек шыгарып, үйде бақылау;

-антисептиктер мен антибиотиктерді алмастырып тағайындау;

антибиотиктерді дұрыс қолдану.

АНТИСЕПТИКА

Антисептика деп - жараға түскен инфекцияға қарсы багытталған шаралар кешенін айтамыз.

Антисептика механикалық, фнзикалық, химиялык және биологиялық болып бөлІнеді.

Механикалық антисептика

Механикалық антисептикага - жараны жуып тазалау, ЖБХӨ, ЖЕХӨ, басқа да операциялар жатады.

Физикалық антисептика

Физикалық антисептика деп - эртүрлі физикалық факторларды (ультрадыбыс, сәулемен емдеу, лазерлі скальпель, дренаждар, тампондар қою жэне т.б.) қолдана отырып, жараларды тазалауды айтамыз.

Физикалық антисептиканың түрлері

-Гигроскопиялық таңғыш заттарды (макта, дәке, шариктер т.б.) қолдану.

  • Гипертониялық ерітінділерді (5-10% ЫаСІ) пайдалану.

  • Дренаж жасау (белсенді және белсенсіз, агынды жуу),

  • Сорбенттерді қолдану.

  • Сыртқы орта факторлары (кептіру).

Техникалық кұралдар (ультрадыбыс, лазер, ультракүлгін сәулелер, рентгенотерапия жэне т.б.).

Химиялық антисептика

Химиялык антисептика деп - патологиялық ошакта немесе адам денесінде және оны қоршаған ортадагы микробтарды жою мақсатымен химиялық заттарды қолдануды айтамыз.

Антисептиктердің жіктелуі

  1. Дезинфекциялық заттар - асептикада құрал-саймандарды өңдеу, бөлмелердің қабырғаларын, еденді жуу, жалпы күтім заттарын өңдеу үшін қолданылады.

  2. Антисептикалық заттар - терінің сыртын, хирургтың қолын өңдеуде, жараны жэне кілегей қабатгы жуып шаюда қолданылады.

  3. Химиотерапевттікзаггар-эртүрлі патологиялық ошақгағы бактериялардың өсіп-өнуін тежейтін, адам денесіне резорбтивті эсер ететін, ішке енгізілетін заттар.

Химиялық антисептиктердің негізгі топтары

Галлоидтар тобы

1-5% йод - спирттік тұндырма. Хирургтың қолын, операциялық алаңды өңдеуде, таңу кезІнде қолданылады. Айқын қүрғатып, бітеу әсерін көрсетеді.

1% йодинод ерітіндісі - «көк» йод. Сыртқы қолдануға арналган.

Йодонатпен йодопирин - йодтың органикалық қосылысының 1% ерітіндісі. Сырттай жағу, негізінен операциялық алаңды өңдеу үшін қолданылады.

0,1-1% йодонат-йодин - сыртқы қолдануга арналған, бос йодтың органика- лық қосылыстары. Операциялық апаңды және жараларды өндеу үшін пайдаланылады.

Люголь ерітіндісі - қүрамында йод пен калий йодиді (сулы және спиртт ік ерітінділерІ) бар. Препарат біріктірілген түрде эсер етеді. Кетгутты залалсыздандыру үшін және химиотерапевттік зат ретінде, қалқанша безі ауруларын емдеуде қолданылады.

Хлорамин Б - 1-3% ерітінділер. Тұрмыстық заттарды, резеңке құрал- саймандарды, бөлмелерді өңдеуде қолданылады.

Ауыр металл тұздары

Сулема -1:1000 ара-қатынасындай концентрацияда қолғаптарды, аспаптарды, жібек жібін залалсыздандыру барысында кезеңдердің бірі ретінде қолданылады. Қазіргі кезде өзінің улылығына байланысты пайдаланылмайды.

Сынап оксицианиді - дезинфекциялық зат. 1:10000,1:5000 ара-қатынасындай концентрацияда оптикалық құрал-саймандарды залалсыздандыру үшін қолданылады.

Күміс нитраты - сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. 0,1-2% ерітіндісі көздің конъюктивасын, шырышты қабаттарды жуу үшін қолданылады. 5-20% ерітінділері күйдіргіш әсер көрсетеді.

Протаргол, колларгол -сыртқы қолдануға арналған, тұгқыр жэне қармаушы әсері бар антисептикалықзат.

Мырыш оксиді - сыртқы қолдануга арналған антисептикалық зат. Көптеген себу ұнтақтарының құрамына кіреді.

Спирттер

Этил спирті - дезинфекциялық (тігіс жіптерін залалсыздандыру, құрал- саймандарды өңдеу үшін) жэне сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат ретінде хирургтың қолын, операциялық алаңды, жараларды өңдеуде, компресс салғанда қолданылады. 70°спирт - антисептикалық, ал 96°-антисептикалық жэне геріні құрғатып бітеу әсерлерін көрсетеді.

Альдегидтер

Формалин - формальдегидтің 37% ерітіндісі. Күшті дезинфекциялық эсер көрсетеді. 0,5-5% ерітінділері қолғаптарды, дренаждарды, құрал-саймандарды залалсыздандыру үшін қолданылады. Антипаразитарлы зат ретінде эхинококкозды емдеуде тиімді, сонымен бірге биопсиялық препараттарды тұрақгандыру үшін қолданылады. Құрғақ күйінде газды залалсыздырғыштарда оптикалық. құрал- саймандарды (лапароскоптар, эндоскоптар жәнет.б.) өңдеу үшін қолданылады.

Лизол - күшті дезинфекциялық әсер көрсетеді. 2% ерітіндісі күтім заттарын, бөлмелерді, ластанған құрал-саймандарды өңдеу үшін пайдаланылады.

Фенолдар

Карбол қышқылы - күшті дезинфекциялық эсері бар. Қазіргі кезде тек басқа заттардың құрамында ғана қолданылады. Мысал ретінде, үштік ерітінді - 20 г. формалиннен, 1 Ог. карбол қышқылынан, ЗОг. сода мен дистиллденген судан тұрады. Құрал-саймандарды, күтім заггтарын өңдеуде пайдаланылады.

Бояғыштар

Бриллиант жасылы - жараларды сырттай өңдеу үшін қолданылатын антисептикалық зат. Бүрын Баккал әдісі бойынша операциялық алаңды өңдеуде пайдаланылган.

Метилен көгі - сыртқа жэне ішке пайдаланылатын антисептикалық зат. Жараларды жуып-шаю үшін, сонымен қатар урологиялық тәжірибеде қуыққа шыгарылатын боялган зэр арқылы бүйректің қызметін анықтауда; хирургияда - жыланкөздерді кесіп алып тастағанда, олардың өзегІн сырлау үшін қолданылады.

Қышқылдар

Бор қышқылы - сыртқы қолдануга арналған антисептикалық зат. 2-4% ерітінділері жараларды жуып шаюда пайдаланылады. Көк-іріңдІ таяқшаны жоятын өте күшті әсері бар.

Салицил қышқылы - сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. Іріңді жараларды емдеуде пайдаланылады.

Сілтілер

Мүсэтір спирті - сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. Бүрын Спасокуккоцкий-Кочергин эдісі бойынша хирургтың қолын өңдеуде

пайдаланылған.

Тотықтырғыштар

Сутегінің асқын тотыгы - сыртқы қолдануға арналған антисептикапық зат. 3% ерітіндісі іріңді жараларды жуып-шаюда, қансырауды тоқтатуда қолданылады; оның жағымсыз иісті кетіретін (дезодорациялық) жэне көбік түзетін айқын эсері бар. 6% ерітіндісі асептикада анаэробты микробтармен инфекциямен инфи- цирленген қүрал-саймандарды өндеуде пайдаланылады.

Калий перманганаты - сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. 2- 5% ерітінділері Іріңді жараларды, күйіктерді емдеуде пайдаланыладьг Дезодорациялық әсер көрсетеді, антианаэробты белсенділігі бар.

Детергенттер

Хлоргексидин биглткопаты -сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. 0,5% спирттік ерітіндІсі хирургтың қолын, операциялық алаңды өңдеуде қолданылады.

Церигелъ - сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. Қаптаушы (пленка түзуші) эсері бар.

Щегмин, дегмицид - сыртқы қолдануга арналған антисептикалык зат. Хирургтың қолын, операциялық алаңцы оңдеуде пайдаланылады.

Нитрофуран туындылары

Фурациллин - сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. Іріңді жараларды, шырышты қабатгардың инфекцияларын емдеуде пайдаланылады.

Лифузоль - құрамында фурациллин, линетол, қара май, ацетон бар. Сыртқы қолдануға арналған антисептикалық зат. Пленка ретінде жағылады.

Фурадонищ фурагин, фуразолидон - кимиотерапиялық дәрілер немесе уросептиктер. Несеп шығару жолдарының инфекцияларын емдеуде қоланылады.

8-фторхинолон туындылары

Нитроксолин (5-НОК) - химиотерапиялық дэрі, уросептик.

Энтеросептол, интестопан - ішек инфекцияларында қолданылатын, химиотерапевттік заттар.

Хиноксалнн туындылары

Щиоксидин - 0,1-1% сулы ерітінділері іріңді жарапарды, сірлі (серозды) қуыстарды, жыланкөздерді емдеуде қолданылады.

5-нитроимндазол тобыныц дәрілері

Метронидазол (трихопол, метрид, метрогил) - кең спектрлі химиотерапиялық зат. Іріңді жараларды емдеуде қолданылады. Вишневский майының құрамына кіреді.

Қара майлар

Хлорфиллипт, эктерицид, бализ, календула - антисептик ретінде сыртқы қолдануға арналған.

Сульфаниламидтер

Бактериостатикалық эсері бар химиотерапевтгік заттар.

Оларға стрептоцид, этазол, сульфадимезин, сульфазин, сульфадиметоксин, сульфален, бактрим немесе бисептол жатады. Арнайы жобамен (кестемен) энтеральді тағайындалады.

Хинолондар

Сифлокс, ципролет, цифран, уромакс - ДҢК-гидразаны тежейтін, кең спектрлі әсер ететін жаңа топтың дэрілері.

Биологиялық антисептика

Биологиялық антисептика екі бағытта эсер етеді:

1.Тікелей әсер - микроорганизмдерге тікелей әсер ететін, табиғаты биологиялық болып келетін фармакологиялық загтар.

2.Тікелей емес әсер - макроорганизмнің микроорганизмге қарсы іұру қабілеттін ынталандыратын фармакологиялық заттар.

Микроорганизмдердің тіршілігін жоятын биолоғиялық заттарға жатады:

  • антибиотиктер;

  • ферменттер.

Антибактериальді заттар

Антибиотиктер - микроорганизмдерден бөлінетін, белгілі бір микро- организмдердің топтарының өсіп-өнуін және дамуын тежейтін заттар.

Антибиотиктердің негізгі топтары

  • Пенициллиндер - пеницилиннің натрий және калий тұздары; жартылай синтетикалық пенициллиндер- метициллин, ампициллин, амоксициллин; удемелі (ұзақ) әсер ететін пенициллиндер- бициллин, бициллин-3, бициллин-5; біріктірілген пенициллиндер - ампиокс (ампициллин + оксациллин), аугментин (амоксицил- лин + клавулон қышқылының калий тұзы), уназин (ампициллин + сульбактам).

  • Стрептомициндер - рибосомалардың қызметін, гемопоэзды тежейдІ, кең спектрлі эсер етеді, ото-нефро-гепатотоксикалық әсері бар. Оған стрептомицин жатады.

  • Тетрациклиндер - кең спектрлі дәрілер, кейде асқазан-ішек жолдары қызметінің бузылыстарына үшыратады: жартылай синтетикалық тетрациклин- дер - метациклин, доксициклин.

  • Макролидтер - микроорганизмдерде белок синтезін бұзады, гепатотокси- калық әсер көрсетеді: эритромицин, олеандомицин, ристомицин, этоксид, этинамид, кларитромицин.

  • Аминогликозидтер - канамицин, гентамицин, тобрамицин, сизомицин; жартылай синтетикалық - амикацин, нетромицин.

  • Левомицетиндер - левомицетин.

  • Рифампициндер -рифампицин, рифадин.

  • Саңырауқүлацтарга ңарсы антибиотиктер - леворин, нистатин, амфотерицин В, дифлюкан, микосист, низорал, флюконазол.

  • Цефалоспориндер -ципролет, уромакс, ципрокс, цифран.

  • Карбапенемдер - кең спектрлі әсер ететін, микроорганизмнің жасуша қабырғасының синтезін бұзатын заттар. Біріктірілген дәрілер: тиенам (именем + циластатин); циластатин — бүйректе антибиотиктің метаболизміне әсер ететін ферменттің ингибиторы.

Гликопептидтер - микроорганизмнің өткізгіштігіне әсер ететін, жасуша қабыргасының синтезін бұзатын, кең спектрлі затгар. Ото- жэне нефротоксикапық эсер көрсетеді. Негізгі дэрілері: ванкомицин және эримомицин.

Сонымен бірге кең таралған антибиотиктердің бірі болып, бетта-лактамды антибиотиктер саналады. Оларға пенициллиндер мен цефалоспориндер жатады. Микроорганизмдер антибиотикгермен әсерлескенде арнайы ыдыратушы фермент бөлінеді (пенициллиназа, цефалоспориназа немесе 1,3,5 бетга-лактамаза жэне т.б.).

Негізінен бұл ферментгер соңгы ұрпақгағы жаңа дәрілерге сирек синтезделеді, бұл олардың өте жоғары белсенділік қасиетіне жэне кең спектрлі әсер етуіне негізделген. Сонымен бірге, антибиотиктерге қосымша лактамаза ингибиторлары енгізіледі (аугментиндегі капий клавулонаты, уназиндегі сульбактам).

Бірінші кезекте пайдаланылатын антибиотиктер (пенициллиндер, макролидтер жэне т.б.) және резервтегі антибиотиктер (цефалоспориндер, карбапенемдер) болып бөлінеді.

Сонымен қатар, антибиотиктер қысқа жэне үдемелі ұзақ уақыт әсер ететін болып бөлінеді.