- •Кафедра: “Физика және фоә”
- •Жұмысшы оқу бағдарламасын дайындаған ф.М.Ғ.К., доцент Егембердиева с.Ш.
- •Пәнді оқытудың өзектігі мен қажеттілігі:
- •Пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •3. «Физиканы оқыту әдістемесі» бөлімін оқып бітірген студент:
- •4. Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері
- •Курстың сипаттамасы.
- •6. Курстың мазмұны
- •6.2. Практикалық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары.
- •6.3. «Физиканы оқыту әдістемесінің таңдамалы тараулары» пәні бойынша білімгерлердің өздік жұмыстарына арналған тапсырмалар тізімі
- •Бөж тапсырмаларын орындау үшін берілетін әдістемелік кеңестер
- •Әдебиеттер
- •8. Физиканы оқыту әдістемесінің таңдамалы тараулары» пәні бойынша
- •9. Баға қою саясаты
- •Бағалаудың үш түрі қолданылады
- •«Физиканы оқыту әдістемесінің таңдамалы тараулары » пәні бойынша білімгерлерді бағалау әдісі
- •Курс саясаты
- •Тақырыбы: Электродинамика бөлімінің ерекшеліктері, Электродинамиканы оқытудың кейбір педагогикалық принциптері.
- •Электродинамиканы оқытудың кейбір педагогикалық принциптері:
- •Ньютон және Кулон күштерінің ұқсастықтары және айырмашылықтарын түсіндіру әдістемесі.
- •1. Тұрақты ток заңдарын оқыту әдістемесі. Тұрақты ток.Тік бөлігі, тұйық тізбек үшін Ом заңы. Э.Қ.К. Ом заңының диференциалдық түрі.
- •Кернеуді және электр қозғаушы күшін өлшеу
- •Лекция 10 Тақырыбы: Атом және атом ядросы тақырыбын түсіндірудің ғылыми-әдістемелік ерекшеліктері
- •Тақырыбы: Атом құрылысының күрделілігін көрсететін құбылыстар
- •Тақырыбы: Ядроның құрамды бөліктерін түсіндіру әдістемесі. Ядролық күштерді оқыту әдістемесі.
- •Ядролық күштер туралы ұғымды қалыптастыру
- •Тақырыбы: Атомның құрылысын оқыту әдістемесі
- •Бор постулаттарын оқыту әдістемесі
- •Лекция 15 Тақырыбы: Сызықтық спектрлер туралы түсіндіру. Оқытудың озық әдістерін атомның құрылысын оқытуда қолдану.
Тақырыбы: Электродинамика бөлімінің ерекшеліктері, Электродинамиканы оқытудың кейбір педагогикалық принциптері.
10-сыныптың негізгі оқулығындағы «Электродинамика дегеніміз не» деп аталған бапты оқыту барысында ескерілуі қажет жағдай, ол электр және кванттық теорияларға байланысты өтілетін материалдардың бәрі бір ортаға шоғырланғандығы. Оқытудың бұл тәсілін оқушыларға айқындап, ашып айтып ұғындыру керек. Мысалы, электрге тән материалдар электродинамика бөліміне ендіріліп, оның өзі салыстырмалы тыныштық қалыптағы және қозғалыстағы зарядтардың электродинамикасы болып 10-сыныпта өтіліп, 11-сыныпта оның жалғасы ретінде электромагниттік индукция оқытылатыны айтылуы керек. Шоғырландыру барысында электростатика тарауы электродинамиканың бір бөлігі ретінде оқшау оқытылады. Бұл тарауда зарядталған бөлшектердің физикалық қасиеттері, өз маңындағы басқа зарядтарға Кулон күшімен әсері және одан басқа да физикалық құбылыстары қарастырылады.
Осы орайда оқушылар ойына механикадағы динамика ұғымы оралатыны сөзсіз. Оны оқушылар механикадан күш функциясы ретінде, денеге әсер еткен күш салдарынан туған қозғалыс деп түсінген болатын. Ньютонның бірінші заңы негізінде және қазіргі сөз айналымы бойынша динамика - қозғалыс ұғым болып қалыптасып келеді. Сол себепті электростатика көлемі аз материал болғанымен электродинамикаға ендірмей дара оқытылғаны дұрыс.
Оқушыларға: - электростатика тыныштық қалыптағы зарядтардың физикалық қасиеттерін зерттейді - деп түсіндірілген болса, электродинамика зарядтардың қозғалыс кезіндегі физикалық қасиеттерін, қозғалыста пайда болған электромагниттік өрістердің ерекшеліктерін т.с.с. физикалық құбылыстарды зерттейтіндігі ескерілуі қажет. Электромагнит өрісті тек қозғалыстағы зарядтар туғызатынын және дараланған электр өрісінің ерекшелігін, тыныштық қалпында оның айналасында магнит өрісінің пайда болмайтыны ұғындырылуы керек. Электр зарядтарының қозғалып тасымалдануы кезінде ғана магнит өрісі зарядтан шашыраған электр өрісінің әрбір талшығына (бейнелей айтқанда) шығыршықша оралып пайда болады да, одан әрі электр және магнит өрістері бір-бірінен ажырамайды. Себебі олар бір-бірінсіз дара өмір сүре алмайды. Одан әрі таралу барысында олар бірін-бірі қайта тудырады дей отырып, оқушыларға электромагниттік өрістердің зарядтан бөлініп шыққаннан кейін тербелмелі күйге түсіп, ол электромагниттік тербеліс деп аталса, осы өрістердің таралу жылдамдығы жарық жылдамдығына жуық болған жағдайда, оларды электромагниттік толқын деп атайды дегенді оқушыларға ескертіп, түсіндірген жөн.
Электродинамика – электрлік зарядталған денелер мен бөлшектердің өзара әсерлесуін туғызатын электромагниттік өрісті зерттейді.
Басқаша айтқанда электродинамика - қозғалыстағы зарядталған бөлшектер мен денелерден өрбіген электромагниттік өрістердің өзара әсерлерін, қасиеттерін зерттейді.
Бұл анықтама бойынша электродинамика тыныштық қалыптағы зарядтардың өзара әсерлерімен физикалық қасиеттерін қарастырмайды. Ол электростатика бөлімінде қарастырылады.
Электромагниттік өрісті электрлік зарядталған денелер мен бөлшектердің өздері тудырады. Ол кез-келген жағдайда туа бермейді. Физикалық денеде орналасқан бөлшектердің немесе дараланған бөлшектердің энергетикалық қозуы кезінде пайда болған электромагниттік өріс қозған әрбір бөлшекті құрсаулай қоршап орналасады. Қозған бөлшек тыныштық қалыпта тұрса немесе бірқалыпты қозғалса, онда оның айналасындағы электромагниттік өріс бөлшектен «үзіліп» бөлек шығып, дара электромагниттік толқынға айналып, бейтарап бағытта таралады. Электромагниттік өрістің екінші бір түрінің пайда болуы қозған бөлшектің қозғалысы тербелмелі процесс күйінде өтетін болған жағдайда электр өрісі өз айналасында магнит өрісін тудырып, керісінше сол туған магнит өрісі өз айналасында келесі электр өрісін тудырады. Екі түрлі өрістің осылайша бірінен-бірінің туындауы қозған бөлшектердің тербелмелі қозғалысының жоғары жиілікті тербелісте өтуі кезінде іске асады.
Электродинамика электр зарядтары бар бөлшектердің, денелердің электр және магнит өрістері негізінде жүретін өзара әсерлерін зерттейді. Бұл өрістер өзара байланысты болады. Құбылыстардың түрленуіне байланысты олар бір-бірін тудырып, бір-бірімен өзара перпендикуляр жазықтықта орналаса алады.
Зарядталған бөлшектер арасындағы өзара әсерлесу күші гравитациялық әсер күшінен әлдеқайда артық болады. Зарядтардың өзара әсер күшін зерттеумен сол зарядтардың физикалық қасиеттерін, құрылысын электрондық қабықшаларының энергетикалық күйін және де басқа қажетті параметрлерін анықтауға болады.
Электродинамиканың бастамасында Максвелл еңбектері туралы айтылу асығыстық. Ол оқушылар есінде қала бермейді. Максвелл теңдеулері электродинамиканың екінші жартысында, электромагниттік индукцияны оқытуда қажет болады.
