Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kurs_zhoba.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
433 Кб
Скачать
☆

Дайын сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      1. Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы кезіндегі ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу өндіріс процесіне қойылатын талаптарды сақтау жолымен қамтамасыз етіледі.        Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне, жарамдылық мерзіміне қойылатын талаптар оны әзірлеу (жасау) кезіндегі нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленеді.       2. Өткізуге арналған сүт және сүт өнімдерінде уытты элементтердің, микотоксиндердің, антибиотиктердің, пестицидтердің, радионуклидтердің болуы, сондай-ақ тотығып бүліну көрсеткіштерінің ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерде белгіленген деңгейден аспауға тиіс.       3. Сатуға арналған сүт шикізатында, кілегей шикізатында, сүт және сүт өнімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелерде және нормаларда белгіленген деңгейден жоғары микроорганизмдердің болуына жол берілмейді.         Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т.қараңыз) Қаулысымен.       4. Дайын сүт өнімдерінде фосфотазаның және (немесе) пероксидазаның болуына жол берілмейді.       5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.       6. Мерзімінен бұрын бүлінуі туындау қаупінің алдын алуды қамтамасыз ететін дайын сүт өнімдерін шығару кезіндегі температура нақты сүт өнімдерінің түріне арналған гигиеналық нормативтер мен нормативтік құжаттарға сәйкес дайын сүт өнімдерін өткізу мерзімін ескере отырып белгіленуге тиіс.       7. Аралас құрамдағы сүт өнімдері қауіпсіздігінің көрсеткіштерін анықтау салмақтық үлесі бойынша да, сол сияқты нормаланатын контаминанттардың рұқсат етілген деңгейі бойынша да негізгі шикізат түрі бойынша жүргізіледі.       8. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.       9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.       10. Сүтті және сүт өнімдерін тағамдық қоспалармен және витаминдермен байыту Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. P080032       Байыту өнімдердің тұтынушылық қасиетін төмендетпеуі, оның ішінде тағамдық заттарда қамтылғанды және олардағы басқа да қамтылғандарды игеру деңгейін төмендетпеуі және олардың қауіпсіздігіне әсер етпеуі тиіс.         Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.       11. Сүт өнімдерін витаминдермен және тағамдық қоспалармен байыту кезінде байытылатын қоспалардың өзара және байытылатын өнімнің компоненттерімен химиялық өзара іс-әрекетке түсу мүмкіндігін ескеру және байытылған өнімдердің айналымы процесінде барынша сақталуын қамтамасыз ететін олардың үйлесімін, нысанын, тәсілдері мен енгізу дәйектілігін таңдау қажет.       12. Сүт өнімдерін пробиотикалық микроорганизмдермен байыту үшін пробиотикалық қасиеттері тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған дақылдардың ресми коллекцияларында сақтауға берілген штаммаларды пайдалануға жол беріледі.       13. Экологиялық таза сүт пен сүт өнімдері генетикалық түрлендірілген объектілерді қамтымауы тиіс, ал контоминанттарды, микроорганизмдерді, уытты элементтерді, радионуклидтерді, пестицидтерді, микотоксиндерді қамту деңгейі бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген экологиялық тазалық стандарттарына сәйкес келуі тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]