Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ас орыту жне зр шыару жйесі.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
380 Кб
Скачать
☆

5. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде негізгі:

1. Айтбембет Б.М. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы. Оқу құралы.- Алматы. “Кітап” баспасы, 2005.-568 бет.

2. Ахметов Қ.Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы. Оқу құралы.- Ақтөбе. 2007. -318 бет.

3.Асқамбаева К.А., Мустафина К.А. Балалар аурулар пропедевтикасы Оқулық.- Шымкент. 2002. 220 бет.

Қазақ тілінде қосымша:

4. Айтбембет Б.М. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы. Оқу құралы. Алматы. Ғылым 2003. -544 бет.

5. Power Poіnt бағдарламасында дайындалған иллюстрациялар және тақырыпқа қатысты бейнефильмдер дәріскердің жеке электрондық кабинетінде.

6. Дәріс тақырыбы бойынша медициналық сайттармен танысу:

  1. www.center-hc.ru/diseases/arthritis...

  2. r-factor.ru/view_art.php?art=48&pag.

  3. medasia.ru/index.php?option=com_con.

  4. www.rmj.ru/articles_964.htm

  5. www.polit.ru/science/2010/06/03/dok.

6. Қорытынды сұрақтары:

ЕСЕП 1.

Науқаста физикалық күш түсуден кейін төс артында ауырсыну пайда болып, ол сол қолына және иығына берілген, ұзақтығы 5-10 минут.

1. Қандай патология?

  1. ЭКГ-де қандай өзгерістер пайда болады?

ЕСЕП 2.

Науқас Л., 1 сағаттан ұзақ мазалаған төс сүйегінің артында қатты күйдіріп ауырсынумен ауруханаға түсті. Ауырсыну сол қолға, сол иыққа беріледі, нитроглицерин қабылдағанда басылмайды.

Қарағанда:Терісі бозарған, құқыл тартады. Науқаста қозу, үрей сезімі пайда болған. Жүрек тондары бәсендеген, тахикардия байқалады. ЭКГ-де: I, AVL, V1-V4 тіркемелерінде ST- арлығы изосызықтан жоғары ауытқыған, Т тісшесімен қосылып кеткен (ST+T).

  1. Науқаста қандай синдром анықталады?

  2. ЭКГ-дегі өзгерістер қандай патологиялық процесті білдіреді және оның локализациясы қандай?

ЕСЕП 3.

35 жастағы ер кісі, инженер-конструктор дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: басының ауруы, көз алдында шіркейлердің ұшуы, жүрек қағуы, жүрек айнуы.

Объективті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, қозу күйінде, тері жамылғылары ылғалды, қызарған. Жүрек шекарасы солға ығысқан, ЖҰТ 5 қабырға аралықта, күшейген; тондары анық, ырғақты, қолқа қақпағының үстінде II тонның акценті, пульс кернеуі жоғары, минутына 90 рет, АҚҚ 190/100 мм сын. бағ.

1. Патологиялық белгілерді анықтаңыз.

2. шағымдардың даму механизмдерін түсіндіріңіз?

ЕСЕП 4.

60 жастағы науқас әйел дәрігерге келесі шағымдармен түсті: басының ауруы, құлағының шулауы, көз алдында шіркейлердің ұшуы.

Қарағанда жалпы жағдайы орта ауырлықта, артық салмағы бар. Жүректің шала тұйық шекарасы сол бұғана ортасы сызығынан 1 см сыртқа, тондары анық, ырғақты, қолқа қақпағының үстінде II тон акценті, пульс кернеуі жоғары, минутына 96 рет, АҚҚ 155/95 мм сын. бағ.

1. Науқаста қандай синдром анықтадыңыз?

2. Науқасқа қосымша зерттеу әдістерін жүргізу қажет пе? Қандай әдістер?

ЕСЕП 5.

Ревматизммен ауырған әйел тез жүргенде ентігуге, аз бөлінетін қақырықты жөтелге, шалқасынан жатқанда жөтелдің күшеюіне, кейде қан түкіруге (ентігу күшті болған кезде) шағымданады.

Объективті тексергенде: қалпы-ортопноэ, ерінде, мұрында, бет ұшында, құлақ ұштарында айқын цианоз бар. Сөйлегенде ентігеді. ЖҰТ 5-ші қабырға аралықта 2 см-ге бұғана–орта сызығынан солға ығысқан. Перкуссияда – жүректің митральды конфигурациясы анықталады. І тон күрт әлсіреген, ІІ тонның өкпе артериясында акценті анықталады. Жүрек ұшында және сол қолтық астында систолалық шу естіледі. Өкпеде ұсақ көпіршікті ылғалды сырыл және шашыраған құрғақ сырылдар естіледі.

1.Бұл қандай синдром?

  1. Осы клиникалық белгілер жүректің қай патологиясына тән?

ЕСЕП 6

Науқас П., жедел жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізілді. Анамнезінен: сонғы 3 жыл бойы күш түскенде, эмоциялық қобалжу күйінде жүрек аймағында қысып ауырсыну мазалайды, бірақ науқас арнайы ем қабылдамаған, тек қана ұстама кезінде тіл астына нитроглицеринді қолданатын. Қарағанда: науқас селқос, қоршаған ортаға көңіл бөлмейді, терісі суық бозғылт, мұздай жабысқақ тер басқан. Қан қысымы 80/50 мм сынап бағанасы. Тамырдың соғуы жылдам, әлсіз. ЭКГ-де: I, AVL, V1-V6 тіркемелерінде ST- арлығы изосызықтан жоғары ауытқыған, Т тісшесімен қосылып кеткен (ST+T).

  1. Науқаста қандай синдром анықталады?

  2. Науқастың өте ауыр жағдайын қалай түсіндіруге болады?

1. Дәріс тақырыбы: Зәр шығару жүйесінің физикалық, лабораторлық және аспаптық тексеру әдістері. Балалардағы ерекшелігі. Зәр шығару жүйесінің бұзылысының негізгі клиникалық синдромдары: зәр өзгерісі, нефритикалық, нефротикалық, созылмалы бүйрек жетіспеушілік синдромы.

2.Дәрістің мақсаты: Ересектерде және әр түрлі жастағы балаларда зәр бөлінуінің бұзылыстарын, құрамының өзгерістерін ажыратуды, аспаптық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңыздылығын, зәр өзгерісі, нефритикалық және нефротикалық, бүйрек жетіспеушілігі синдромдарының себептерін, даму механизмін, клиникалық және лабораториялық белгілерін меңгерту.