- •Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жинағы (жүрек-қан тамыр жүйесі, зәр шығару және жыныс жүйесі модульдері бойынша). Оқу-әдістемелік құрал. – Түркістан, 2012. –78 бет.
- •3. Дәріс тезистері: Жүрек-тамыр жүйесін тексеру әдістері: прекардиальды аймақты қарау және пальпациялау. Жүрек ұшы түрткісі, оның қалыпты жағдайдағы қасиеттері.
- •Жүрек перкуссиясы
- •Жүрек аускультациясы
- •5. Әдебиеттер:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Экстракардиальды шулар
- •Жүрек қақпағының бұзылу синдромы. Себептері. Гемодинамикасы. Симптомдары. Негізгі тексеру әдістері.
- •6. Қорытынды сұрақтары:
- •5. Әдебиеттер:
- •3. Дәріс тезистері: Жедел коронарлық жетіспеушілік синдромы. Себептері. Симптомдары. Негізгі тексеру әдістері.
- •Эссенциальды артериялық гипертензия синдромы. Себептері. Симптомдары. Негізгі тексеру әдістері. .
- •Жедел сол қарыншалық және созылмалы тотальды жүрек жетіспеушілік синдромы. Жедел тамырлық жетіспеушілік (талма, коллапс, естен тану). Себептері, симптомдары. Негізгі тексеру әдістері.
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Қорытынды сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •5. Әдебиеттер:
- •Л.Т.Алимбекова Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жинағы (жүрек-қан тамыр жүйесі, зәр шығару және жыныс жүйесі модульдері бойынша).
Эссенциальды артериялық гипертензия синдромы. Себептері. Симптомдары. Негізгі тексеру әдістері. .
Анықтамасы
Артериялық гипертензия (АГ) - бұл артериялық қысымның тұрақты жоғарылау синдромы.
Бұл кезде систолиялық АҚ 140 мм. сын. бағ. және одан ↑, диастолиялық АҚ 90 мм.сын. бағ. және одан ↑.
АГ екі түрі бар: 1. Біріншілік АГ (эссенциалық гипертония ЭАГ)
— артериялық қысымның реттеуіне қатысты ағзалардың зақымдануына байланыссыз дамитын артериялық гипертония.
2. Екіншілік артериялық гипертония симптомдық (екіншілік) АГ (САГ) — қан қысымын реттеуге қатысты ағзалардың немесе жүйелердің зақымдануынан дамитын АГ.
ЭАГ себептері:
Қазіргі кезге дейін де (эсенциалық) ЭАГ даму себептері толық анықталмаған, оның дамуына әкелетін ықпалдар ғана белгілі:
Тұқым қуалауға бейімділік. Болжаулар бойынша ЭАГ белгілі бір гендердің кемістіктерінен дамуы мүмкін.
Нервтік-психикалық жарақаттар (эмоциялық стрестер).
Кәсіптік зияндылықтар (құлаққа, көзге, зейін қоюға көп күш түсуі, мәселен диспетчерлер, шулы цехтарда жұмыс жасайтындар).
Тамақтанудың ерекшеліктері (тұзды тағамға әуесқойлық, эткен шәйі (тұз қосылған), кальцийдің, магнийдің жетіспеушілігі).
Диэнцефальдік-гипоталамустық құры-лымдардың егде жастағы эндокриндік өзгерістер салдарынан қайта құрылуы (климакс шағы).
Зиянды әдеттер: темекі тарту, ішкілікке салыну (арақ ішкеннен кейін сау адамның өзінде де АҚ 20-30 мм с.б. биіктейді).
Бас миының жарақаттары.
Семіздік.
АГ синдромының даму механизмі
Систолалық (САҚ) және диастолалық артериялық қысымдардың (ДАҚ) деңгейлері прессорлық жүйенің (ПЖ) және депрессорлық жүйенің (ДЖ) қызметінің ара қатынасына байланысты.
Артериялық гипертензияның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (1999) жіктемесі
АҚ деңгейлері |
САҚ мм сын.бағ. |
ДАҚ мм сын.бағ. |
Оптимальді |
<120 |
<80 |
Қалыпты |
<130 |
<85 |
Жоғары қалыпты |
130-139 |
85-89 |
1-ші дәрежелі гипертония |
140-159 |
90-99 |
2-ші дәрежелі гипертония |
160-179 |
100-109 |
3-ші дәрежелі гипертония |
>180 |
>110 |
Симптомдары:
Қан қысымының жоғарылауынан болатын шағымдар:
бас ауру, бастың айналуы, көз көруінің нашарлауы, көз алдында шіркей ұшып жүргендей болуы, кұлақ шуылдауы, есте сақтау қабілеттің төмендеуі, ұйқысыздық, депрессияға бейімділік, жүрек тұсында ауырсыну сезімі (стенокардия ұстамалары) және т.б.
Қарағанда: тері түсі бозғылт немесе гиперемияланған. ЖҰТ жайлмалы, күшті, солға ығысқан.
Пальпацияда: ЖҰТ күшейген, ауданы үлкен, сол жақ бұғана ортасынан солға ығысқан. Пульс толық және кернеулігі жоғары.
Перкуссияда: жүректің ШТШ солға ығысқан.
Аускультацияда: қолқа үстінде (2-ші тыңдау нүктесінде) ІІ тонның акценті.
Диагностика әдістері:
Шынайы АГ диагнозы САГ жоққа шығару арқылы қойылады. Сондықтан келесі зерттеу әдістері жүргізіледі:
Лабораториялық: ҚЖА, НЖА, ҚБА (қан құамындағы калий, кальций, натрий, креатинин, мочевина, глюкоза, жалпы холестерин, ТЖЛП холестерині, ТТЛП холестерині, үшглицеридтер, зөр қышқылы, гликолизденген гемоглобин); қан плазмасындағы рениннің, альдостеронның, ТТГ, Т3, Т4 деңгейлері; тәуліктік протеинурия; катехоламиндердің зөрмен тәуліктік экскрециясы; Реберг-Тареев сынамасы;
Аспаптық: ЭКГ, Эхо-КГ; R-графия, көз түбін зерттеу, артериялардың ультрасонографиясы; бүйректі және БҮБ-ін УДЗ; АҚ-ды тәуліктік мониторлау; ангиография; патологиялық өзгерістердің болуынан күдіктенген ағзалардың компьютерлік томографиясы.
Нысана ағзалардың зақымданулары
Сол қарыншаның гипертрофиясы (ЭКГ, эхоКГ немесе рентгенографиямен (R) дәлелденген).
Протеинурия жөне/немесе креатининемия 1,2-2,0 мг/дл.
Атеросклероздық түймедақтың УДЗ немесе рентгендік көрінісі.
Көз түбі торы артерияларының жалпылама немесе ошақты жіңішкеруі.
