- •9.1 Мұғалім талаптары деңгейі мен оқушылар білімділігі дәрежесі арасындағы өзара байланыс
- •9.2 Оқушылардың нақты біліктілік дәрежесін диагностикалау
- •9.3 Мұғалімдерді аттестациялаудың маңызы және оны
- •9.1 Мұғалім талаптары деңгейі мен оқушылар білімділігі дәрежесі арасындағы өзара байланыс
- •9.2 Оқушылардың нақты білімділік дәрежесін диагностикалау
- •9.3 Мұғалімдерді аттестациялаудың маңызы мен оны диагностикалық негізде жүргізу ерекшеліктері
- •1. В.П. Симонов. Педагогический менеджмент. Учебное пособие. М., 1997-264 с.
- •2.Педагогика.Учебноепособие.В.А.Сластенин,и.Ф.Исаев,а.И.Мищенко,е.Н.Шиянов.-м.:Школа-Пресс,1997 Тақырып бойынша сұрақтар:
- •Практикалық тапсырмалар
- •Өз бетінше орындалатын тапсырмалар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
9.2 Оқушылардың нақты білімділік дәрежесін диагностикалау
Енді оқушылардың нақты білімділігін бағалаудағы жалаңдықтарды жоюдың мүмкін жолдарына тоқталайық.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулер өткізу негізінде ғалым педагогтар оқушылардың білімділік дәрежесін, білім, білік, дағдылары сапасын бағалау мақсатында қолдануға болатын талаптардың үш деңгейін анықтады. Бұл өз кезегінде баллдық бағалар мазмұнына қатысты окушылардың белгілі бір білімділік дәрежесін сандық жағынан сипаттау, баға мазмұны өзгеруін (өзіндік «девальвация») және талаптар деңгейіндегі ығысу құбылысын анықтап, оның мәнін түсіндіру мүмкіндігін береді.
Мұндай ғымдар мен белгілеулер:
ББСМ - жалпы біліктілік дәрежесіне қатысты пайызбен көрсетілетін балдық бағалаудың сандық мазмұны (теория жүзінде мүмкін болатын);
ДББ - «девальвация» - пайызбен көрсетілген бірінші (жоғары) талаптар деңгейіне қатысты балдық бағаның сандық мазмұны төмендеуі.
Енді қазіргі кездегі білім сапасын анықтау мүмкіндігін беретін жіктелген талаптар деңгейіне сәйкес білімділік деңгейін анықтау ерекшеліктерін қарастырайық.
Оқушылар тобының білім сапасы деп мұғалімнің жетекшілігімен қол жеткен орташа білімділік дәрежесін айтуға болады.
Жекелеген оқушының білім сапасы беріктілігімен (материалды ұзақ есте сақтау деңгейінде меңгерген, ал біліктер мен дағдыларды ұзақ уақыт, тұрақты және тиімді қолдана алатын деңгейде меңгеруі), тереңдігі (жоғарыда көрсетілген сандық көрсеткіштерге сәйкес білім, білік және дағдылар мөлшері), саналылығы, яғни жай есте сақтау, ажырату, тану деңгейінде ғана емес ең кем дегенде түсіну деңгейінде меңгерумен сипатталады.
Бірінші талаптар деңгейінде (жоғары) Эф (тиімділік) төмендегі формуламен анықталады:
Эфі=(К5+0.64хІС+0.36хКз)/N<1 (1)
Екінші талаптар деңгейінде төмендеу бағытында ығысу құбылысын ескере отырып Эф көрсеткіші келесі формуламен анықталады:
Эф2=( 0,64 х К5 + 0,36 х К,+ 0,156 х К3)/N<0.64 (2)
Үшінші (төменгі) деңгейде Эф келесі формуламен анықталады:
Эф3 = (0,36 х К5+ 0,16 х К4+ 0,04 х К3) /N<0.36 (3)
Сонымен тек екінші талаптар деңгейіндегі жұмыс оқушылар тобының максималды түрде алгоритмдік білік және дағдылар деңгейіне жеткенін көрсетеді. Үшінші талаптар деңгейіндегі жұмыс оқушылардың тек түсіну деңгейіне жетуін көрсетеді.
3-кесте. Талаптар деңгейі мен бағалар
Талаптар деңгейі |
Бағалар (баллмен) |
|||||
Бірінші (жоғары) |
5 |
4 |
3 |
|
|
2 |
Екінші (орташа) |
|
5 |
4 |
3 |
|
2 |
Үшінші (төменгі) |
|
|
5 |
4 |
3 |
2 |
Білімділік дәрежесі |
100%-ға дейін |
64%-ға дейін |
36%-ға дейін |
16%-ға дейін |
4%-ға дейін |
0% |
Қалыптасқан стереотипті бұзбастан-ақ дәстүрлі қолданлып жүрген білім, білік және дағдыларды бағалаудың бес балдық жүйесін қайта қарау мүмкіндігі бар.
Қолданылып жүрген шкала жалпы білімділік дәрежесіне қатысты шкала 19-кестеде көрсетілген.
Жоғарыда айтылғандардан оқу мекемелері басшылары мен оқушылардың тікелей оқу-танымдық әрекетін ұйымдастырушы -мұғалімдерге олардың білімділік дәрежесін тексеру мен бағалаудағы жалаңдықтарды жоюға көмектесетін қорытындылар мен нұсқаулар жасауға болады.
Оқу іс-әрекетінің жоғары тиімділігі бірінші талаптар деңгейімен анықталады, ал екінші және үшінші деңгейге көшу іс-әрекетін жалпы тиімділігінің сыртқы көрсеткіштер бойынша қанағаттанарлық болғанымен төмендегенін көрсетеді.
Сонымен, талаптар деңгейі - үлгерім %, «жақсы» мен «өте жақсы» оқитындар саны, орташа балл сияқты дәстүрлі көрсеткіштерге қарағанда мәнді де, нақты, обьективті көрсеткіш болып табылады. Сондықтан дәл талаптар деңгейі мұғалімнің оқу іс-әрекеті ұйымдастыру тиімділігін жалпы алғанда да және сабаққа қатысты жеке алғанда да сипаттайтын көрсеткіш.
Мектеп басшылары мен тексерушілер үш деңгейдегі талаптар белгілерін оқушылар білімділігі дәрежесін тексеру мен бағалауда жетекшілікке ала отырып басымырақ тенденцияны және қойылған бағалардың дәлелділігін анықтау арқылы білім беру үрдісі тиімділігі жолдарын анықтау арқылы білім беру үрдісі тиімділігі жолдарын анықтау қиын емес. Бұл кезде үшінші талаптар деңгейінен екіншіге, екіншіден біріншіге біртіндеп өткізіп отырудың маңызы зор.
Ұсынылып отырған көрсеткіштер негізінде әдетте қолданылып жүрген бағалардың мазмұнын сандық интерпретациялау оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың нақты тиімділігін фактілік түрде анықтау мүмкіндігін береді. Сол сияқты, талаптар деңгейіндегі ығысу құбылысын ескере отырып, оқушылардың білімділігі дәрежесін тексеру мен бағалауда сабақтағы мұғалімнің оқу-тәрбиелік іс-әрекеті тиімділігін арттыру жолдарын анықтау мүмкіндігі бар.
Білім беру үрдісі тиімділігін бағалаудағы жалаңдықтарды болдырмаудың негізгі жолдары:
- іс жүзінде қолданылып жүрген баллдық бағалардың анықталған өлшемдерін барлық мұғалімдер санасына жеткізу;
- оқушылар меңгеруі тиіс біліктер мен дағдылар тізімін мұғалімдер анықтап отыруы тиіс;
- белгілі бір оқу пәндерінен сабақ беру және білімділікті тексеру әдістемесіне сәйкес талаптар денгейін анықтау әдістемесін меңгеру;
- оқушылар білімділігі дәрежесін тексеру мен бағалаудағы формальды қатынасты болдырмау.
Ұсынылып отырған тиімділікті диагностикалау мен бағалау әдістемесінің негізгі жетістігі - оның барлық мұғалімдер мен тексерушілер үшін қарапайымдылығы мен жеткілікті түрде түсініктілігі болып табылады.
