- •9.1 Мұғалім талаптары деңгейі мен оқушылар білімділігі дәрежесі арасындағы өзара байланыс
- •9.2 Оқушылардың нақты біліктілік дәрежесін диагностикалау
- •9.3 Мұғалімдерді аттестациялаудың маңызы және оны
- •9.1 Мұғалім талаптары деңгейі мен оқушылар білімділігі дәрежесі арасындағы өзара байланыс
- •9.2 Оқушылардың нақты білімділік дәрежесін диагностикалау
- •9.3 Мұғалімдерді аттестациялаудың маңызы мен оны диагностикалық негізде жүргізу ерекшеліктері
- •1. В.П. Симонов. Педагогический менеджмент. Учебное пособие. М., 1997-264 с.
- •2.Педагогика.Учебноепособие.В.А.Сластенин,и.Ф.Исаев,а.И.Мищенко,е.Н.Шиянов.-м.:Школа-Пресс,1997 Тақырып бойынша сұрақтар:
- •Практикалық тапсырмалар
- •Өз бетінше орындалатын тапсырмалар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
9.3 Мұғалімдерді аттестациялаудың маңызы мен оны диагностикалық негізде жүргізу ерекшеліктері
Қазіргі кезде директивті педагогикалық бас тарту жағдайында оқу мекемелері мен мұғалімдерді аттестациялау мәселесі ерекше маңызды және жаңа ғылыми-әдістемелік, технологиялық шешімдер қабылдауды қажет етеді.
Білім беру үрдісін іс-әрекеттік жүйе ретінде жетілдіру, дамутудың негізгі жағдайы оқушылар мен мұғалімдердің біріккен іс-әрекеті деп қарастыратын және оның мақсаттық, мазмұндық-ұйымдастыру және нәтижелік компоненттерін тиімді диагностикалау мәселесі маңызды рөл атқарады.
Мұғалімдерді аттестациялау мәселесі - ең алдымен оқу-тәрбиелік іс-әрекеті тиімділігін диагностикалау мен бағалауды оқушылардың іс-әрекеті нәтижелілігі мен сапасын бағалаумен біріктіре қарастыруды талап етеді.
Мұғалім іс-әрекетін тиімді және дәлелді аттестациялаудың екі жағы бар. Бірінші-негізі сабақ болып табылатын білім беру үрдісінің тиімділігін бағалау, ал екіншісі нәтижені бағалау, яғни бірінші кезекте оқушы білімділігі дәрежесін (олардың тәрбиелілігі мен даму деңгейін диагностикалау) бағалау болып табылады.
Іс-әрекеттік жүйе ретінде білім беру үрдісінің компоненттері нәтижелілігін дәлелді бағалау үшін тұлғаның негізгі кәсіптік-маңызды қасиеттері мен кәсіби іс-әрекеті тиімділігі көрсеткіштері мазмұны мен құрылымын анықтаудың маңызы зор.
Барлық диагаостикалау нәтижелері үш деңгейде баағаланады: тиімді, мүмкін және сыни.
Білім беру үрдісі менеджерінің зейіні ең бірінші сыни деңгейдегі көрсеткіштерге, сонан соң мүмкін болатын көрсеткіштерге аударылуы қажет.
Карта бойынша:
- жалпы оңтайлы деңгей 85-100 балл;
- жалпы мүмкін болатын деңгей 65-84 балл;
- жалпы сыни деңгей 50-64 балл.
Картада барлығы төрт әдістемелер тобы қолданылады.
Бірінші топ мұғалім тұлғасының (немесе басқа сыналатын адамдардың немесе жоғары сынып оқушыларының) психологиялық белгілерін анықтау мүмкіндігін береді. Ең алдымен Г. Айзенк тесті қолданылады.Бұл тест темпераментті диагностикалаумен қатар тұлғаның эмоционалдық тұрақтылығы немесе тұрақсыздығы жайлы және әлеуметтік шкаласы (жалғандық шкаласы) бойынша сандық сипаттамалар жасау мүмкіндігін береді.
Мұнан соң Т. Лири сұрақ парағын қолдана отырьш, адамның өзін-өзі бағалауын және ол туралы ұжымның басқа мүшелерінің пікірлерін зерттеуге болады. Тұлғаның өзін-өзі бағалауын осы әдістеме көмегімен алынған сыртқы бағалармен салыстыру пайдалы.
К. Леонгард бойынша мінездің негізгі акцентуацияларын диагностикалау әдістемесін қолдану мінездегі ашық және жасырын белгілер акцентуациясын анықтау мүмкіндігін береді.
Әдістемелердің екінші тобы мұғалімнің тұлғааралық қатынастар құрылымындағы ерекшеліктерін зерттейді. Әдістеме арқылы өктемдік, ымырашылдық және алқалық дәрежесі диагностикаланады.
Сонымен бірге К.Н.Томас бойынша даулы ситуациялардан шығу қабілеттіліктерін бағалап, сонан соң Я.Л.Коломинский әдістемесі бойынша тұлғаның ұжымдағы статусын анықтауды жүргізуге болады.
Әдістемелердің үшінші тобы мұғалімді кәсібилігі деңгейі тұрғысынан, яғни педагогикалық және басқару біліктері мен дағдылары позициясынан сипаттауға мүмкіндік береді.
Әдістемелердің төртінші тобы мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті тиімділігін
нақты математикалық көрсеткіштер негізінде диагностикалауға мүмкіндік
береді. Бұл әдістеме бойынша білім беру үрдісі тиімділігінің екі маңызды
сипаттамасы бағаланады. Олар: мұғалімнің талаптар деңгейі мен білім
беру іс-әрекетінің фактілік тиімділігі.
Қолданылған эдебиеттер
