Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PISA бойынша тапсырмалар дәптері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Толық жарық күн

Мәтінді оқып шығып, сұрақтарға жауап беріңдер.

2002 Жылдың 22 маусымдағы толық жарық күн

Солтүстік жарты шарда 2002 жылы 22 маусымда ең ұзақ күнді атап өтсе, Авст­ралияда - ең қысқа күнді атап өтеді.

Бұл күні Мельбурнда*, Австралияда, Күн 7 сағат 36 минутта шығып, 17 сағат 08 минутта батады, және толық жарық күннің ұзақтығы 9 сағат 32 минутты құрайды.

Осы жылы Австралияда 22 желтоқсанда ең ұзақ күн болады. Күн бұл күні 5 сағат 55 минутта шығып, 20 сағат 42 минутта батады, ал толық жарық күннің ұзақтығы 14 сағат 47 минутты құрайды.

Астрономиялық қоғамның Президенті Перри Влахос мырза, Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларындағы жыл мезгілдерінің ауысу құбылысы, жер осінің 23 градусқа иілуімен байланысты екенін айтты.

*Мельбурн – шамамен 38 оңтүстік кеңістігінде орналасқан Австралиядағы қала.

Сұрақ 1: ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН

Жер суретте көрсетілгендей күн шуақтарымен жарық болып тұрады.

Мельбурнде қазіргі уақытта жылдың ең қысқа күні деп жобалайық.

Суретте жер осін, экваторды жүргізіңдер және Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларын көрсетіңдер. Оларды белгілеңдер немесе қажетті жазулар жазыңдар.

Сұрақ 2: ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН

Қай пайымдау Жердегі күн мен түннің ауысуын көрсетеді? Ал Жер өз осінен айналып тұрады.

А Жер өз осінен айналып тұрады.

В Күн өз осінен айналып тұрады.

С Жер осі иілген.

D Жер Күнді айналып тұрады.

Клондау

Газеттен алынған мақаланы оқыңдар және сұрақтарға жауап беріңдер.

Тірі ағзаларға арналған көшірме машинасы ма?

«1997 жыл жануары» сайысы жарияланса, еш күдіксіз, Долли жеңімпаз аталатын еді! Долли – сіз суреттен көріп отырған, шотландиялық қой. Бірақ Долли жай қой емес. Ол – басқа қойдың клоны. Клон – көшірмені білдіреді. Клондау – «бір ғана негізгі үлгіден» көшірмелеуді айтады. Ғалымдар қойды (Доллиды) «негізгі үлгі» ретінде алынған пара-пар қойға сәйкес жасады.

Қойларға арналған «көшірме машинасын» шотланд ғалымы Ян Вильмут ойлап тапты. Ол ересек қойдың (1-қой) өте кішкене кесегін алды. Ол бұл кішкене кесектен ядроны бөліп алды да, ол бұл ядроны басқа (ұрғашы) қойдың (2-қой) аналық жасушасына енгізді. Бірақ оны бастамас бұрын ол осы аналық жасушасынан туған, қозыдағы 2-қойдың мінез-құлық әсерлерін анықтауға болатын, аналық жасушадағы барлық материалдарды жойып жіберді. Ян Вильмут осындай жолмен өңделген 2-қойдың аналық жасушасын тағы бір қойға (3-қойға) енгізді. 3-қой буаз болды да, дүниеге қозы - Долли келді.

Кейбір ғалымдар біраз жылдан кейін адамдарды клондауға болады деп болжайды. Бірақ көптеген үкіметтер адамдарды клондауға қарсы заң қабылдауды шешті.

Сұрақ 1: КЛОНДАУ

15-16 жолдардағы қолданылған айырбастау бөлігі «өте кішкентай кесек» ретінде суреттелген. Мақала мәтінінен сіздер, «өте кішкентай кесектен» не туралы айтылып отырғанын түсінесіңдер.

«Өте кішкентай кесек» - бұл

А жасуша.

В ген.

С жасушалы ядро.

D хромосома.

Сұрақ 2: КЛОНДАУ

Мақаланың соңғы сөйлемінде, көптеген үкіметтер адамдарды клондауға тыйым салатын заң қабылдауды шешкені туралы айтылады.

Төменде бұл шешімдерге екі мүмкін дәлел келтірілген. Бұл дәлелдер ғылыми дәлел болып табылады ма?

Әр жолдағы «Иә» немесе «Жоқ» сөздерін айналдырып сызыңдар.

Дәлел

Ғылыми ма?

Клондалған адамдар қарапайым адамдардан гөрі, кейбір ауруларға неғұрлым сезімтал болуы мүмкін.

Иә / Жоқ

Адамдар өздеріне Жаратушының рөлін алмауы керек.

Иә / Жоқ

Сұрақ 3: КЛОНДАУ

Долли қандай қойға пара-пар?

А 1-ші қойға

В 2-ші қойға

С 3-ші қойға

D Доллидың әкесіне