- •Олимпиадалық Қалалар
- •Алма ағаштары
- •Жарыс машинасының жылдамдығы
- •Үшбұрыштар
- •Ойын кубиктері
- •Бойдың өсуі
- •Айырбас курсы
- •Скейтборд
- •Граффити
- •Полиция Полициялардың ғылыми қарулары
- •Біз миллиардтаған жасушалардан тұрамыз
- •Тұлғаның генетикалық куәлігін қалай ажыратуға болады?
- •Семмельвайстың күнделігі. 1 мәтін
- •Семмельвайстың күнделігі. 2 мәтін
- •Толық жарық күн
- •2002 Жылдың 22 маусымдағы толық жарық күн
- •Клондау
- •Тірі ағзаларға арналған көшірме машинасы ма?
- •Киноға бару
- •Балалар лагері
- •Суландыру жүйесі
- •1 Сурет: Суландыру каналдарының жүйесі
- •Қақпалардың қалыбы (не «Ашық», не «Жабық»)
Киноға бару
Мәселе киноға баратын ыңғайлы сағат пен күнді таңдауда жатыр.
15 жастағы Мақсат 1 аптаға созылатын мектеп каникулы уақытында екі құрдас-достарымен киноға барғысы келеді. Каникул 24 наурызда сенбіде басталып, 1 сәуірде жексенбіде аяқталады.
Мақсат өз достарынан оларға киноға баруға қолайлы күн мен уақытты анықтап сұрайды. Олар былай деді:
Арман: "Дүйсенбі және сәрсенбі күндері түстен кейін мен үйде болып, сағат 14.30-дан 15.30-ға дейін музыкамен айналысуым керек. "
Болат: "Жексенбі күндері мен әжеме баруым керек. Яғни, жексенбі күндері болмайды. Мен «Покемонды» көріп қойғанмын, енді оны тағы да көргім келмейді".
Мақсаттың ата-анасы оның тек өз жас ерекшелігіне сәйкес келетін фильмдерді көріп, және үйге жаяу келмегенін қалап отыр. Олар балаларды машинамен кешкі 10-ға дейінгі кез-келген уақытта тосып алып, үйге алып барады.
Мақсат мектеп каникулының бір аптасындағы болатын кино сеанстарының кестесін қарады. Міне ол мынандай ақпарат алды:
«Орион» кинотеатры Билеттерге алдын-ала тапсырыс беру: 264-22-24 Анықтама тәулік бойы: 264-22-21 Сейсенбі күндері барлық билеттер жеңілдікпен, яғни бір бағамен. 23 наурыздан бастап екі аптаға фильмдердің кестесі:
|
|||
Тордағы балалар Сеанстың ұзақтығы– 113 мин. 14.00 (Дс-Жм.) 21.35 (тек Сб. Жк.) |
12 жасқа дейінгі балаларға рұқсат етілмейді |
Покемон Сеанстың ұзақтығы– 105 мин. 13.40 (күнде) 16.35 (күнде) |
Балалар ата-аналарының қарауымен ғана кіргізіледі. Кейбір көріністер кішкентай балаларға сәйкес келмеуі мүмкін. |
Тұңғиықтағы құбыжық Сеанстың ұзақтығы – 164 мин. 19.55 (тек Жм. Сб.)
|
18 жасқа дейінгі адамдарға рұқсат етілмейді |
Энигма Сеанстың ұзақтығы – 144 мин. 15.00 (Дс-Жм.) 18.00 (тек Сб. Жк.) |
12 жасқа дейінгі балаларға рұқсат етілмейді |
Жыртқыш Сеанстың ұзақтығы – 148 мин. 18.30 (күнде) |
18 жасқа дейінгі адамдарға рұқсат етілмейді |
Табиғат патшасы Сеанстың ұзақтығы – 117 мин. 14.35 (Дс-Жм) 18.50 (тек Сб. Жк.) |
Жас ерекшелігіне шек қойылмайды |
Сұрақ 1: КИНОҒА БАРУ
Мақсаттың өз достары мен кинотеатрдан алған ақпараттарды ескере отырып, Мақсат өз достарымен бірге мына алты фильмдердің қайсысын көре алады?
Әр фильм үшін «Иә» немесе «Жоқ» сөздерін айналдыра сызыңдар.
Фильм |
Бұл фильмді үш бала бірге көре алады ма? |
Тордағы балалар |
Иә / Жоқ |
Тұңғиықтағы құбыжық |
Иә / Жоқ |
Жыртқыш |
Иә / Жоқ |
Покемон |
Иә / Жоқ |
Энигма |
Иә / Жоқ |
Табиғат патшасы |
Иә / Жоқ |
Сұрақ 2: КИНОҒА БАРУ
Егер бұл үш бала да «Тордағы балалар» фильмін көруді шешсе, онда оларға қай күні баруға жарайды?
АВС
D
Е
26 наурыз дүйсенбі күні
28 наурыз сәрсенбі күні
30 наурыз жұма күні
31 наурыз сенбі күні
1 сәуір жексенбі күні
