- •2.Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
- •3.Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика.
- •2. Орта ғасырдағы Орта Азия және Қазақстанның жас ұрпақ тәрбиелеудегі
- •2.Этностар мәдениетін зерттейтін қоғамдық ғылымдар және олардың өзара
- •126),—Деген тұжырым жасайды. “Қазақ” сөзiнiң бiрiншi сыңары “қаз” дегеннiң
- •Iстеу” мағыналарында қолданылған. Бұл сөздердiң түбiрi “қаз” (“қазған-дұң”)
- •2.Интегративті этнопедагогика.
- •3.Этнопедагогикалық менеджмент.
- •4.Этнопедагогикалық антропология.
- •2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.
- •3 Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны.
- •2 Қазақстанда этномәдени қызығушылықтарды жүзеге асыру. Этномәдени білімді
- •90 Жылдардың бас кезінде Қазақстан Президенті н.Ә.Назарбаевтың
- •2 Табиғат. Қарым-қатынас. Тұрмыс.
- •3 Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер, ұжымдар. Халықтық ойындар,
- •2 Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиеті және оның жанрлары,
- •3.Халық ертегілері. Этнос. Аңыздар. Балалар фольклоры.
- •2 Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің
- •3 Отбасы тәрбиесінің жетекші ұлттық дәстүрлері.
- •2 Балаларды білімге, ой өрісті кеңейту икемділіктері мен дағдыларына
- •3 Халықтық білімдер және оны күнделікті өмірде қолдану.
- •2 Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету.
- •6 Жастан бастап үй шруашылығымен айналысты. Қыз балаларды шаруашылыққа
- •3 Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу,
- •2 Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны: гуманизмді,
- •2 Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды
- •2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізудің
2 Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің
ерекшеліктері.
Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбек сүйгіш, малсақ, жауынгер, әнші, күйші,
аңшы, құсбегі – бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің
бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер
баланы он жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен
аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден түрлі тұрмысқа
қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Әсіресе
әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуын тәсілдерін
үйретіп баққан.
Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке – отбасының
басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы.
Отбасында әкелері немесе аталары өз өнерлерін балаларына үйретіп, олардың
өзіндей мерген, аңшы, құсбегі, қолөнер шебері етіп тәрбиелеуге көңіл
бөлген. Ата өнерін баласының қуу ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақ халқының
өмірінде жеті атасына дейін мергендік, аңшылық немесе ұсталық, күйшілік,
емшілік өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі.
Аталары балалары мен немерелеріне ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелдер
айтып беріп, шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеген.
Қазақ ауылында ұл бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе,
қарттары араласқан.
Өнегелі, өнерлі, «сегіз қырлы, бір сырлы», намысқор азамат тәрбиелеу
аталар арманы болған. Ал аталар жолын қуып, өнері мен өнегелі ісін
жалғастыру жастарға да үлкен сын болып саналған. «Ата көрген оқ жанар»
деген мақал соны меңзейді.
Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай батып, судай
сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.
Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан-ақ шашты
қарияның алдынан аттатпай өсіреді.
Қазақ халқы келіннің келгенижерінде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел
болуы, біріншіден, оның өскен ортасына байланысты десе, екіншіден, келген
жеріне де байланысты деп қарайды. Жаңа түскен жас келінге енелері қонақ
күту, ас ұстау, бала күту т.б мәселелерде үнемі ақыл-кеңес беріп, үйретіп
отырады.
Әйел қандай биік дәрежелі жұмысты істемесін, қайда болмасын оның ең басты
міндеті – өмірге ұрпақ әкелу, бала тәрбиелеу. Көп жағдайда отбасының
беріктігі әйелге байланысты.
Қыз жасынан өз денесін бағуға, киім-кешегін, орамал-дастарқан, төсек орын
жабдықтарының тазалығын сақтауға үйренуі абзал.
3 Отбасы тәрбиесінің жетекші ұлттық дәстүрлері.
Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Үйлену өз алдына отау тігіп, түтін түтету
ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан салт, қоғамдық құбылыс. Қалыңдық
таңдау, құда түсу, үйленумен байланысты салт-дәстүрлер барлық халықтарда
бар және мазмұны жағынан бір-біріне ұқсас рәсімдер.
Қай халық болмасын балаларын кезінде үйлендіріп, жақсы келін түсіруді,
келіндердің көрікті, ақылды, арлы, әдепті, еңбексүйгіш болуын мақсат
тұтқан.
Парасатты әжелердің «Келініңді қызыңдай көр, қызың да келін болмас па?»
деп енелерге ақыл айтуы, немесе «Келіннің өнегелі болуы – енеден» деуі
үлкендерге де ескерту жзасап, жауапкершілік артуды білдіруден туған.
Қазақ халқында қалыңдыққа бес жақсы зат сатып әперу салты ертеден бар. Ол
түзу мылтық, берен сауыт, бәйне ат, жүк артатын атан түйе, қыздың басты бес
киімі саналған.
Үйлену тойының ең жауапты кезеңі – қыз бен жігіттің некесін қию. Некені
молда қияды.
Қазақ халқында құдаласу рәсімінен кейін қыздың туыстары жыл бойы қызға
жасау жинастырады.
Үйлену тойындағы ойын-сауық, кәделер – барлық елдерге ортақ рәсімдер.
Қазақта үйлену тойы ат шаптыру, жорға жарыстыру, күрес, аударыспақ, көкпар
тарту, ақындар айтысымен өткізіледі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Отбасында халықтық педагогика тұрғысында тәрбиелеудің мақсатын
түсіндіріңіз.
2.Халықтық педагогикада ұл мен қызды болашақ өмірге баулу жолдарын
анықтаңыз.
3.Халықтық педагогикадағы отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесінің
ерекшеліктері неде?
4.Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде мақсатын
түсіндіріңіз.
5.Отбасы тәрбиесінде ұлттық дәстүрлері қолдану жолдарын көрсетіңіз.
Дәріс №10. Дәрістің атауы. Ақыл-ойды дамыту халық қамқорлығының бастауы.
(1 сағат. 10 апат)
1.Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас.
2 Балаларды білімге, ой өрісті кеңейту икемділіктері мен дағдыларына
таратудың халықтық құралдары.
3 Халықтық білімдер және оны күнделікті өмірде қолдану.
1.Халықтық педагогикада бала дүниетанымын қалыптастыру және оның ақыл-
ойын дамытудың бастау көзі ретінде – ең алдымен оның қоғамға, қоршаған
дүниеге және мұндағы адамның орнына көзқарастарды тірек еткен дүниетанымы
алға шығады. Халық ұрпақты ақыл-ойды өздігінен жетілдіруге үндейтін терең
және мазмұнды тұжырымдар ұсынды. Ақылдың адамдағы сезім мен қабылдаудан
ойлау мен қиялға дейінгі танымдық процесстер жиынтығы екендігін дұрыс
болжайды. Қоғамның материалдық және рухани өміріндегі білімнің саналуын
мәнінде «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» - деп арнайы көңіл
аудартады.
Халықтық ақыл-ой тәрбиесі жүйесі оның өндірістік қызметімен тығыз астасып
жатыр. Өмір тәжірибесі қоршаған болмыстың жаңа факторлары және дамудың жаңа
заңдарын ашу, яғни айналаны танып білу қажеттігін алға тартты. Сонымен бір
мезгілде әрбір келер ұрпақтың адамзат жинақтаған білімдер мен өндірістік
тәжірибені меңгеруіне қамқор болу міндеті тұрды.
Жалпы білімдермен қатар, адамдардың өндірістік қызметінің нақты
салаларына, белгілі бір кәсіп түрлеріне, мәселен, жекелей алғанда аңшылық,
балық аулау, мал өсіру, егіншілік, бағбаншылық, халықтық дидактика
жәрдемімен қамтамасыз етілген.
Ақыл-ой тәрбиесі — балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық
ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін
қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет. Ақыл-ой тәрбиесі
жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің
құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани
күшінің дамуына ықпал жасайды. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері:
оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру;
қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру; балалардың
ойлау қабілетін (абстрактылы ойлау, ойлау операциялары — талдау, синтездеу,
салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажырату, жіктеу т.б.), таным іс-
әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазу т.б.) дамыту. Ол ой еңбегі
мәдениетін меңгеруге, интелектуалдық іс-әрекетпен ұзақ шұғылдана білуге,
оқушыларды дербес жұмыс істеуге дағдыландырады. Ақыл-ой
тәрбиесі шәкірттердің ерекшеліктеріне қарай дидактикалық талаптар
(саналылық, белсенділік, өздігінен жұмыс істеуге үйрену, ұғыну т.б.) қояды.
Бұл талаптар оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар арқылы іске асады
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы
болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен
әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары
бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты
игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере
алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып
ала алмайсың", "Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас булақ" деген халықтың
даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі
ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің
тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі
болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек
қана мұқият зерттелген ақиқат".
Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың
анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес кенетіндігі
байқалады. Халық педагогикасы бойыиша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің
ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады.
Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың
ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін
дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.
Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты
ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен
әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл-ойдың дамуы ұғымымен
айқындалады.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой
тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына зор ықпал
жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуыпың
қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен
орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар,
тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене
күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру
мәселелерін шешу мүмкін емес.
Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі — адам зиялылығының негізі.
Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.
Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері,
олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан
біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек
атап кеткен жөн.
