Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халықтық.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185 Кб
Скачать
☆

2 Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны: гуманизмді,

азаматтықты, жағымды адамгершілік қасиеттерді, ата-ана алдындағы парыз

сезімін, оларға деген сүйіспеншілігін. адалдығын, шыншылдығын қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін

ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-

ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра

отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың

болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын

атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса,

соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз.

Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік

тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен

айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол

болмақ..

Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден,

тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында

ғана алады.

Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы

бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын

анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.

Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны

белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке

деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды

еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.

Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да

тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті

азамат қалыптасады.

Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге

айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау

дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың

тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты,

мейірбандықты дәріптейді.

Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді

сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні

өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын,

биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп

құрметтеп сыйлаған.

Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып,

мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық,

ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға,

кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік

тәрбиесінің жемісі.

Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық

тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы

іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына

сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.

Адамгершілік- адамның рухани арқауы.

Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен,

адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына

тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана

сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.

Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік

жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып

ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге

баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында

деуге болады.

8-наурыз аналар мерекесіне арналған «Қыз сыны» сайысына ата-аналар үлкен

жауапкершілікпен қатысты. Олар анаға байланысты мақал-мәтелдер жаттады.

«Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» — демекші қыздарымыз түйме

тігіп, өз шеберліктерін көрсетті.

Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық

қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені

сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы

мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.

«Мен елімнің азаматымын» тақырыбына қосымша «7 мамыр — батырлыр күні»

мерекесіне арналған «Ел қорғауға әзірміз» атты көңілді жарыс өткізілді.

Осындай сайыстар арқылы өсіп келе жатқан жас ұрпақ ұландарымызды Отанды

қадірлеп қорғай білуге баулытамыз. Балалар осы жарыста өздерінің

шапшаңдылығымен, батылдығымен өз Отанының жас ұландары екенін көрсетіп,

дәлелдеді. Жарыстар жас жеткіншіктердің бойында адамгершілік қасиетін

оятып, патриот болуға тәрбиелейді.

Адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық,

мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың

да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан

сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені

қызғанбадым.

Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде,

өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны

қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне

мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге

тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан

алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен

бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

«Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің

күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін

Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Қазақтарда балаларды оқыту мен адамгершілік тәрбие берудің дәстүрлі

құралдарын атаңыз.

2.Жастарды этнопедагогика құралдарымен адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын

анықтаңыз.

3. Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын түсіндіріңіз.

4. Жағымды адамгершілік қасиеттер, азаматтықтық, ата-ана алдындағы парыз,

оларға деген сүйіспеншілік. адалдық, шыншылдық қасиеттерін бала бойында

қалыптастыру жолдарын анықтаңыз.

5. Қазақ халқының ғұлама педагогтарының еңбектеріндегі адамгершілік туралы

жазған қанатты сөздерін, нақыл сөздерін айтыңыз.

Дәріс №13. Дәрістің атауы. Әсемдік халықтың идеалы. (1 сағат. 13 апта)

1 Халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары.

2. Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды

қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар,

мерекелер, салт-дәстүрлер т.б. арқылы көркемдікке баулу.

1. Халық педагогикасымен айналысушылар қоғам дамуының алғашқы

сатыларында–ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас болғандығын, мақсатқа сай

тәрбиелеудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді. Қазақ

этнопедагогикасының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден

бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай

тұрған кезінен бастап–ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны

белгілі. Балалардың жан-жақты дамуы үшін, әсіресе сұлулық пен сымбаттылыққа

қанық болулары үшін оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану өте

маңызды. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль

атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін

байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләзаттануға мүмкіндік

береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға

ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезімін нәзіктігін, көркемдікті, әсем

нәрсені сүйенетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және

жексұрындықты, сәулеттілік және ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б.

түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез – құлқы айқындалады.

Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек

екендігі шығады. Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің

маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық,

тазалықты сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы,

киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манера, дене қимылы, т.б. А.С.

Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берілген. Жеке адамның сыртқы

мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі.

А.П. Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: бет, киім, жан, ой – бәрі сұлу болу

керек.

Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас

буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де

болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне

байланысты әдеп-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда – ақыл – ой

тәрбиесі, өлең, жыр-дастандарда - әсемдік (эстетикалық) тәрбиесінің негізгі

принциптері, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін

қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Демек, халықтық

педагогика – тәлім-тәрбиелік ой – пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани

мұрасы.

Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой толғаныстары бесік жыры мен

батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс

термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің

негізгі түйіні – адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене,

отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Қазіргі кездегі

эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі

тәжірибесін меңгеру қажет. Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік

ерекшелігі бар. Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны

өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады.

Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінудегі

тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады. Халқымыздың тұрмысына

енген қолданбалы қолөнер бұйымдар, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық

тәрбиеде өз алдына бір сала.

Халықтық эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық,

әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады.

Бұлар да эстетикалық тәрбие құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың

әндері, жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен

байытылды.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты

көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар

арқылы адам сезімімен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға

жәрдем етеді. Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі

таңқаларлықтай (домбыра, шертер, аса таяқ, шаңқобыз, ұран, жетіген,

үскірік, қамыс сырнай, дабыл т.т.). Олар бос уақытта пайдаланылып жас

ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.

Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор болды. Оның

мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын

әсемдік сезімін, талғамын, қажеттілігін билейді. Эстетикалық тәрбиенің

күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық

білімімен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.