- •И.Репин Графика
- •Назар аударыңыз! Дыбыс және әріп
- •Тапсырмалар
- •11. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
- •Живопись өнері
- •Назар аударыңыз! Үндестік заңы
- •7. Сөйлемдерді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз.
- •Ілгерінді ықпал
- •Тапсырмалар
- •6. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
- •9.Эпиграфта берілген Бауыржан Момышұлының сөздерін түсіндіріңіз.
- •Мүсін скульптура
- •Назар аударыңыз! Қосымшалар
- •Тапсырмалар
- •8. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз, қазақ тіліне тән дыбыстарға назар аударыңыз.
- •9. Көп нүктенің орнына «қ» немесе «к» әрпін қойып жазыңыз.
- •Қарындаш
- •Назар аударыңыз! Септік жалғаулары
- •Тапсырмалар
- •7. Мына мақал – мәтелдерді жаттап ал.
- •8. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз:
- •Дүниеде түрлі өнер көп,
- •Қыл қалам
- •Назар аударыңыз! Көптік жалғаулары
- •Тапсырмалар
- •8. Сөйлемдерді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз.
- •Назар аударыңыз! Тәуелдік жалғаулары
- •Тапсырмалар
- •7.Берілген сөздердің антонимін тауып жазыңдар:
- •9. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
- •Назар аударыңыз! Буын түрлері
- •Тапсырмалар
- •5. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрастырыңыз:
- •6. Сөйлемдегі сөздерге тиісті жалғауларды жалғаңыз:
- •7. Төмендегі сөздерді буын түрлеріне бөліп жазыңыздар:
- •9. Эпиграфта берілген сөздің авторы Абай Құнанбаев туралы не білесіз, айтып беріңіз.
- •Акварель
- •Назар аударыңыз! Жіктік жалғаулары
- •Тапсырмалар
- •9. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауын қойыңыз:
- •10. Қазақ тіліне аударып, жалғаулардың түрін анықтаңыз:
- •11. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
- •Натюрморт
- •Тапсырмалар
- •7. Жұмбақтардың шешуін тап.
- •8. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
- •Интерьер
- •Назар аударыңыз!
- •Тапсырмалар
- •7. Берілген сын есімдерден асырмалы сын есімдер мен салыстырмалы сын есімдер жасаңыз:
- •9. Қазақ тіліне аударыңыз:
- •10. Көп нүктенің орнына салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын қойыңыз:
- •11. Оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз, сын есімдерді белгілеңіз:
- •Пейзаж.
- •Тапсырмалар
- •7. Мына тақпақ бойынша салынған сурет қай жанрға жатады?
- •8. Сөйлемдердегі етістіктерді күрделі етістік формасына қойыңыз.
- •Өлеңді қазақшаға аудар, шешуін тап.
- •11. Эпиграфта берілген м.Әуезовтың сөздерін түсіндіріңіз.
- •Портрет
- •Етістіктің шақтары
- •Тапсырмалар
- •7. Мына тақпақ бойынша салынған сурет қай жанрға жатады?
- •8. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз:
- •9. Өлеңді қазақшаға аудар, шешуін тап.
- •10. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
- •Композиция
- •Назар аударыңыз!
- •Тапсырмалар
- •7.Мына тақпақ бойынша салынған сурет қай жанрға жатады?
- •8. Көп нүктенің орнына дұрыс жалғауларды қойыңыз.
- •9. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
- •Перспектива
- •Назар аударыңыз! Келер шақ
- •Тапсырмалар
- •8. Мына тақпақ бойынша салынған сурет қай жанрға жатады?
- •Ағымсалы Дүзелханов
- •Назар аударыңыз!
- •Тапсырмалар
- •7. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз:
- •9. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
- •Абильхан Кастеев
- •Тапсырмалар
- •1. Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыз.
- •4. Кестені пайдалана отырып, ә. Қастеев туралы әңгіме құрастырыңыз:
- •2. Сұрақтар құрастырып, оларға жауап беріңіз.
- •3. Мәтіннен сан есімдерді теріп жазыңдар, мағынасына қарай түрін анықтаңдар.
- •5. Қазақ тіліне аударыңыз:
- •7. Диалогті оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •8. Берілген есептік сан есімдерді реттік, жинақтық, топтық, болжалдық сан есімдерге айналдырыңыздар:
- •9. Көп нүктенің орнына "ы" немесе "і" әрпін қойып жазыңыз:
- •10. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
- •Назар аударыңыз! Сөйлем мүшелері
- •Тапсырмалар
- •7. Берілген сөйлемдерде бастауыш пен баяндауыштың астын сызыңыз, сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз:
- •10. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
- •Бейнелеу өнері
- •2. Сөздіктің көмегімен мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
- •3. Диалогті оқып, орыс тіліне аударыңыз:
- •4. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауын қойыңыз:
- •5. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті етістікті қойыңыз:
- •6. Берілген сөйлемдерде тұрлаусыз және тұрлаулы мүшелердің астын сызыңыз,сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз:
- •7. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз:
- •Тапсырмалар
- •1. Мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтар құрастырыңыз.
- •8. Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз:
- •С) окружающие предметы
- •С) запасной
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап даярлаңыз.
3. Көп нүкте орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңыз:
Мен сурет... жұмсақ қарындаш... салдым.
Бұл қарындаш... француз... оқымыстысы Н. Конте ойлап тапты.
Мұражай... грек шеберлері... қолы... шыққан тамаша туындылар... көрдім. Мүсінші... тас..., мәрмәр... қашаған шығармалары... көрдім.
4. Берілген сөздерден септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, құрамына қарай талдаңыз:
суретшілерге, жүйелерден, жұмыстарды, алаңының, қарындаштармен, жобасы, құрылысты, қаржылар, жазуларды, шарттары.
5. Берілген сөздерді септеңіз:
оқымысты, қарындаш ,суретші.
6. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз:
Рисунки простым карандашом это лучший способ для начала знакомства с основами техники рисования. Картинки, нарисованные карандашом, получаются красивые и естественные. Карандаш хорош тем, что им можно рисовать и в помещении и на природе. Графитный карандаш прост в использовании может быть, поэтому его часто так и называют — простой карандаш. Качество карандашного рисунка зависит не только от твердости карандаша, но и от степени заостренности его грифеля. Следует также учитывать силу нажима на карандаш и, конечно, качество используемой для рисования бумаги.
7. Мына мақал – мәтелдерді жаттап ал.
а) Өнерлінің өзегі талмас.(Мастер не знает нужды.)
ә) Сабағы жаман жемістің дәні де жаман.(От плохого семени не жди хорошего племени.)
б) Жеті рет өлшеп, бір рет піш.( Семь раз отмер, один раз отрежь)
8. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз:
Суретшінің негізгі және басты міндеті – бояуды, қалам ізін, мәрмәр мен қоланы жанды бейнеге айналдыра білу. Кез-келген картина, оның ішінде портрет те бар, суретшінің жанында көптеген әсерлердің қосылуындағы образдардан туындайды, бояуға да, не мәрмәрға да еш ұқсамайды. Әрбір суретші ішкі сырын сыртқы ортақ тілге «аударумен» айналысады.
5-тәжірибелік сабақ
Дүниеде түрлі өнер көп,
Өнерді тапқан шебер көп.
Халық мақалы
Қыл қалам
Суретшілер пайдаланатын қыл қалам әр түрлі болады. Акварель бояулар үшін ақ тиін, күзен секілді ұсақ хайуандардың құйрық қылы
пайдаланылады. Өйткені, акварельге қажет қыл қалам әрі жұмыр, әрі тығыз болуға тиісті. Майлы бояуға ақ түсті тікенек қылтанақтар пайдаланылады. Олар жұмыр емес, қалақ тәрізді жалпақ келгені ләзім. Үлкен қыл қаламмен бояу тұтас жазылатын үлкен таңдақтарды, кішкене қыл қалам шығарманың майда детальдерін бояйды. Қыл қаламның сыртына: 1,2,3,4, одан да көп цифрлар салынады. Цифр неғұрлым үлкен болған сайын қыл қалам да соғұрлым үлкен болады.
Сөздік
Тиін – белка
Қыл қалам – кисточка
Күзен – хорек
Жұмыр – круглый
Хайуандар – животные
Ұсақ – мелкие
Тікенек – колючка
Қылтанақтар – шерстинка
Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:
Суретшілер қандай қыл қаламды пайдаланады?
Акварель бояулар үшін нелердің құйрық қылы пайдаланылады?
Акварельге қажет қыл қалам қандай болу керек?
Майлы бояуға қандай қылтанақтар пайдаланылады?
Үлкен қыл қаламмен нелерді бояйды?
Қыл қаламның сыртына нелер салынады?
Кішкене қыл қаламмен нелерді бояйды?
