- •2 №2 Есептеу –графикалық жұмыс. Этм бойынша есептер
- •2.1 Диэлектриктердің физикасы
- •2. 2 Диэлектриктердің электрөткізгіштігі
- •2.3 Диэлектрлік шығындар
- •2 Сурет- Тізбектей орынбасу сұлбасы
- •3 Сурет- Параллельді орынбасу сұлбасы
- •7 Сурет- Диэлектриктің параллель орынбасу сұлбасы
- •2.4 Диэлектриктердің тесілуі
- •2.5 Диэлектриктің электрлік емес қасиеттері
- •2.6 Диэлектрлік материалдар
- •2.7 Өткізгіш материалдар
- •2. 8 Жартылай өткізгіш материалдар
- •2.9 Магниттік материалдар
- •8 Сурет - Магнитсіздену кисықтары (1) және ауа саңылауында (2) магнит энергиясы
2.9 Магниттік материалдар
Электротехникада ферромагнитті материалдар және ферримагнетиктер қолданылады
Ферромагнетиктер магнитті жұмсақ, магнитті қатты және ерекше магнитті қасиеттері бар материалдарға бөлінеді. Магнитті жұмсақ және магнитті қатты материалдардың магниттелу процессі бірдей, бірақ сипаттамалардың сандық қатынасы әр түрлі болады. Өндірістік магнитті жұмсақ материалдардың коэрцитивті күші Нс<4 кА/м, ал магнитті қатты материалдар үшін Нс>4 кА/м (800 кА/м дейін). Магнитті материалдардың негізгі сипаттамаларына Нс-дап басқалары да жатады:
μ - салыстырмалы магнит өтімділігі;
ВНΔС - қанығу индукциясы, Тл;
Вг - қалдық индукциясы, Тл;
ТКЮРИ - Кюри температурасы, 0К.
Аталынып кеткен мәліметтерден баска, магнитті қатты материалдардың сапалығының бағасын анықтаған кезде, осы материалдардың WMAX, Дж/м3 - магниттің сыртқы кеңістікке берілетін максималды меншікті магнит энергиясының параметрі анықталады.
Тұрақты магнитпен берілген магнит тізбектері тұйықталмаған жәні пайдалы (жұмыс) ауа саңылауы болуы керек.
9-суретте магнитті қатты материалдардың қасиеттерін сипаттайтын қисықтар келтірілген. Магнит қанығу индукциясына дейін магниттелген, сыртқы магнит өрісін алып тастағаннан кейін материалдардьң қасиеттері магнитсіздендіргіш қисығымен сипатталады. Магнит ағыны, сонымен қатар, магнит энергиясы оның ішінде тұйықталған күйде болады (сақиналы өзекше ретінде). Полюстардың арасындағы ауа саңылауы бар болса, энергияның бір бөлшегі магнит материалының көлемімен байланыспаған өрісімен байланысты болады. Оның шамасы саңылауының ұзындығына тәуелді. Магниттің полюстерінің магнитсіздену әсерінен ауа саңылауындағы индукция қалдық индукциядан аз болады. Ауа саңылауындағы меншікті энергиясы
,
(30)
мұндағы В - магниттелмеу қисығының өріс кернеулігіне Н, А/м сәйкес индукция, Тл.
Егер саңылау өте үлкен болса, онда В=0; Н=Нс; W=0, тұйық магнитте В=ВГ; Н=0; W =0 тең.
Н жоне В кейбір мәндерінде энергия максималды мәнге жетеді
, (31)
мұндағы А - WMAX сәйкес келетін кисықта көрсетілген нүкте.
8 Сурет - Магнитсіздену кисықтары (1) және ауа саңылауында (2) магнит энергиясы
Кейбір жағдайларда ½ көбейтіндісін ескермейді, өйткені (ВН)МАХ көбейтіндісін магнитті қатты материалдарды сипаттауға қолданады.
Есептер. 9 Тақырып
15. Ферриттердің түсінігі қандай? Ферриттердің магниттік қасиеттері қандай?
Әдебиеттер тізімі
1. Богородицкий И.П., Пасынков В.В., Тареев Б.М. Электротехнические материалы. — Л.: Энергоатомиздат, 1985. — 304 с.
2. Справочник по электротехническим материалам/Под ред. Ю.В. Корицкого. - М.: Энергоатомиздат, 1986-1988. — Т. 1,2,3.
3. Казарновский Д.М., Яманов С.А. Радиотехнические материалы. - М.: Высшая школа, 1972. – 312 с.
4. Окадзаки К. Пособие по электротехническим материалам. - М.: Энергия, 1979. – 432 с.
5. Материалы для производства изделий электронной техники. — М.: Высшая школа, 1987. – 247 с.
6. Бушманов Б.Н., Хромов Ю.А. Физика твердого тела. — М.: Высшая школа, 1971. — 224 с.
7. Штофа Я. Электротехнические материалы в вопросах и ответах. — М.: Энергоатомиздат, 1984. — 199 с.
8. Электрорадиоматериалы/Под ред.проф Б.М. Тареева. — М.: Высшая школа, 1978. — ЗЗ6 с.
9. Бекмагамбетова К.Х. Электротехническое материаловедение. Учебное пособие. — А.: Ғылым, 2001. — 257 с.
