Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
панаралык байланыс.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53 Кб
Скачать
☆

І бөлім. Химияны оқыту әдістемесіндегі жаратылыстану ғылымдарының маңызы

    1. Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері

Қазірге дейін химияны оқыту әдістемесі – ғылым ретінде танылып келеді. Сондықтан да химия пәні мұғалімдерін дайындайтын жоғары оқу орындарының оқу жоспарына химияны оқыту әдістемесінің курсы енгізілді.

Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия – заттардың бір – біріне өзгеруін зерттейтін ғылым. Демек, химияны оқыту әдістемесі мектептің химия курсындағы осындай заңдылықтарды оқушыларға үйрету жолдарын, түсіндіру тәсілдерін зерттейтін педагогикалық ғылым деп түсінуіміз керек.

Оған оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың танымдық іс – әрекетіне басшылық, сарамандық дағдылар мен іскерліктер қалыптастыру, шығармашылық қабілеттер мен ғылыми дүниетанымдық көзқарастарды дамыту жатады.

Келесі мәселе – « қалай оқиды?» - деген сұрақтың жауабына келсек, ол оқушылардың іс – әрекеті бойынша анықталады. Кейбір оқу құралдарында мынадай анықтама берілген: бұл жасөспірімдерге химия ғылымын үйретудің қоғамдық әрекеті және оларды білім алуға тәрбиелеп дамыту, мектептегі химия курсының мазмұнын оқушыларға игерту заңдылықтары туралы педагогикалық ғылым.

Химияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың мазмұнын, оқу әдістерін тәрбие жұмысымен бірлікте, өзара байланыста зерттейді. Оқытудың заңдылықтарын ашумен қатар, оқытудың мазмұн – мақсатын , әдістерін, оқыту формалары мен құралдарын, оқытушы мен оқушының іс – әрекетін бір – біріне ажыратпай біртұтас қарастырады.

Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін объектісі сол пәнді оқыту әрекеті. Оқыту, педагогика, дидактика және әдістеме ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз – жасөспірімнің бойында ұжымдық тәрбиені сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту білім берудің мазмұнын жасөспірімдерге жеткізу ісіндегі сабақ беру бірлігі. Ал әдістемелік тұрғыдан алғанда оқыту – нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқытдың бірлігі.

Химияны оқыту әдістемесі ғылыми оқыту әрекетін әдістемелік деңгейде зерттейді(1- сызбанұсқа). Оқыту әрекетін, тұтастай алғанда дидактика зерттейді.Ол оқыту әрекетінің мәнін ашып береді, заңдылықтары мен негіздерін саралайды. Дидактика бір жағынан, оқытудың теориясын жасайды, екінші жағынан сол теорияны оқыту арқылы оқытудың сарамандығын жетілдіреді.

Әдістеменің зерттейтін тағы бір мәселесі – оқытудың ұйымдастыру формаларын, құралдарын және әдістерін жетілдіру, мектеп алдына қойылған жаңа талаптарға сәйкестендіру. Мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарында химияны оқыту әдістемесінің оқу пәні теориялық және сарамандық курстардан тұрады. Теориялық курстың мазмұны студенттерге арналып, орыс тілінде басылып шыққан И.Н.Борисовтың, Д.М.Кирюшкин мен В.С.Полосиннің әдістемелік құралдарында баяндалған. Бұларды химияны оқыту әдістемесі жалпы және жеке бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімде орта мектепте химия курсының мақсаттары мен міндеттері, мазмұны мен құрылысы, оқулықтары және химияны оқытудың ұйымдастыру формалары мен әдістері талданады. Жеке мәселелерін қарастыратын бөлімінде химияның теориялық көзқарастарын оқып – үйрену, химиялық элемент және реакция туралы әдістемелер баяндалады.Әдістемелік химияны оқытудың нәтижесін, оқушылардың білім сапасына, тәрбиесі мен адами тұлғасына тигізген әсерін зерттейді. Оқушылардың химиялық білімді игерудегі таным әрекетінің ерекшеліктерін және оны іске жұмылдыру жолдарын іздестіреді.

Химияны пәнаралық байланыста оқыту үрдісін жүзеге асыруда әдістемелік тұрғыдан оқытушының қызметі күрделеніп, төмендегідей кезеңдерді қамтиды:

  • аналитикалық химияның оқу бағдарламасын талдап,оның пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудағы мүмкіндігін анықтау.Химияның теориялық материалдарын тірек ете отырып, арнайы пәндердің бағдарламаларымен байланыстыруға болатын бөлімдерін анықтау:

  • пәнаралық байланыстағы тақырыптық сабақ жоспарларын құру:

  • нақты тақырыптар бойынша пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудағы дидактикалық талаптарды ескере отырып, сабақта қолданылатын құралдарды, танымдық есептерді, тапсырмаларды тұжырымдап, қосымша әдебиеттерді анықтау, арнайы пәндер бойынша көрнекіліктер мен таратып берілетін материалдарды іріктеу:

  • оқытуды ұйымдастырудың кешенді түрлері мен жүргізу жолдарын саралау:

  • пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру нәтижелерін бақылау мен бағалаудың түрлерін, құралдарын, әдістерін анықтау:

  • пәнаралық байланысты жүзеге асыруда қолданылатын белсенді технологияларды іріктеу.