Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
syllabus ОГ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75 Кб
Скачать
☆

Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасындағы сабақтардың барлық түрлерін бағалаудың ережелері

Оқу журналында білім алушыға әрбір орындалған тапсырма/бөлім (құрамына бірнеше сабақ кіретін интеграцияланған тақырып) үшін ағымдық бағалар 100 балдық шкала бойынша оқытушысымен қойылады. Тапсырма/бөлім үшін ағымдық бағаны қойған кезде оқу жұмысының барлық түрлері – тәжірибелік сабақтар, БӨЖ, БОӨЖ – есепке алынады. ODM-3229 «Дәлелді медицина негіздері» пәні 5B130100 «Жалпы медицина» мамандығында оқитын 3 курс білім алушыларына бірінші кредиті (бөлімі) үшін баға келесі тапсырмаларды орындаған кезде қойылады:

1. №1-3 дәрістерге міндетті түрде қатысу. Бұл жағдай оқу журналында дәріске қатысқаны туралы мәліметімен, білім алушыда бұл дәрістер бойынша мағлұматтың қысқаша конспектілері бар болғанымен расталады.

2. №1 тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу, №1 тәжірибелік сабақтардың тақырыптары бойынша тестілік тапсырмаларды шешу және ауызша сұхбаттасу. Тестілеу бланклерінің барымен, білім алушының ауызша жауап беру ерекшеліктері туралы сипаттамасы түрінде қысқаша белгімен расталады (қажеттілік болғанда). № 2-3 тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу, № 2-3 тәжірибелік сабақтардың тақырыптары бойынша ауызша сұхбаттасудан және тестілік тапсырмаларды шешуден өту. Тестілеу бланклерінің барымен, білім алушының ауызша жауап беру ерекшеліктері туралы сипаттамасы түрінде қысқаша белгімен расталады (қажеттілік болғанда). № 4-6 тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу. №4 тақырыбы бойынша PICO бойынша клиникалық сұрақтарды құрастыру бойынша тәжірибелік тапсырма (жазбаша жұмыс). Командалық-бағдарланған оқыту арқылы № 5-6 тәжірибелік сабақтардың тақырыптарын меңгеруде белсенді және нәтижелі қатысу. Тестілеу бланклерінің барымен, TBL бағалау парағын толтырумен, қажеттілік болғанда сипаттамасы түрінде қысқаша белгімен расталады. Тәжірибелік сабақтар бойынша қойылған 6 бағадан орташа арифметикалық баға есептеледі.

3.БОӨЖ үш тапсырмасын орындау: № 1(AGREE сұрақнамасы негізінде сапалы клиникалық ұсыныстарды/хаттамалларды іздестіру (бір хаттаманы ұсыну)), № 3, 6 (Moodle электронды білім беру алаңында тест тапсыру) және №2 (медициналық жарияланымды жазбаша талдау (№4 және №5 тақырыптардың (талдау жасау үшін Ғаламтордағы ДМ мәліметтерінің электрондық базаларында медициналық жарияланымдарды іздестіру) орындалуын аяқтайтын тақырып. БОӨЖ бойынша қойылған 3 бағадан орташа арифметикалық баға есептеледі.

4. БӨЖ үш тапсырмасын орындау: № 1,2,3,4,5(Moodle электронды білім беру алаңында тест тапсыру); №4 (AGREE сұрақнамасы негізінде сапалы клиникалық ұсыныстарды/хаттамалларды іздестіру (бір хаттаманы ұсыну)) немесе №6 тақырып (медициналық жарияланымды жазбаша талдау) білім алушының таңдауы бойынша және №7 (жоба дайындау). БӨЖ бойынша қойылған 3 бағадан орташа арифметикалық баға есептеледі. Содан кейін тәжірибелік сабақтарға БОӨЖ және БӨЖ үшін қойылған 3 бағадан пән бойынша орташа арифметикалық баға есептеледі (аралық бақылаудың бағасы ескерілмейді).

Білім алушы БОӨЖ мен БӨЖ бойынша орындаған тапсырмаларды өткізу мерзімі - өткізу түрінен тәуелсіз кредиттің соңғы күні.

Білім алушымен алынбаған БӨЖ және БОӨЖ тақырыптарының сұрақтары пән бойынша аралық және қорытынды бақылауларында ұсынылады.

Білім алушыда және оқытушысында осы силлабуста көрсетілген БОӨЖ және БӨЖ орындау формасына сәйкес электрондық тасымалдаушының (CD-диск) барымен расталады.

Сонымен қатар білім алушы кез келген кредит (бөлім) бойынша баға алу үшін міндетті түрде осы силлабуста жазылған пәннің саясатын ұстануы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]