Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айым.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
696 Кб
Скачать
☆

2.2. Сынып оқушыларының тәрбиелік дағдысын қалыптастырудағы

ережелерді ата-аналардың ынтымақтастық формалардың жүргізілуі

Тәрбие жүйесінде сынып жетекшісі оқушылардың тәрбие дағдысын қалыптастыру мен озат тәжірибелердің арқасында мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесі м а ң ы з ды болады.

Әртүрлі мектептерде тәрбие жуиелері ұжымдық шығармашылық жұмыстар, қоғамдық - пайдалы және өндірістік еңбск, жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі формаларын енгізу (әртүрлі орталықтар, театрлар, т.б.), ұлттық салт-дәстүрлер; оқыту процесін ұйымдастыру негізінде қалыптасады. Осылайша, тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының ұйыткысы ретінде ұжым, ұжымдық қатынастар мен қоршаган ортага деген жүйенің бірлігінен турады. Баскаша айтқанда, кез келген тәрбие жүйесі негізінде бүтіндей ұжымның тәрбие мақсаттарын белгілеуі, танымдық іс-әрекет, өзара катынастар, оқушылардың өзін-өзі баскаруы, ұлттық салт-дәстүрлергс суйену, әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылык істің әдісін пайдалану тиіс.

Тәрбие дағдысы бірнеше кезеңнен тұрады.

дағдының қалыптасуы;

ұжым іс-әрекетінің жүйесі мен мазмұнын жасау;

дағдыны лайықты тәртіп бойынша қалыптастыру дәстүрлерді сақтау мен жаңалықтарды енгізу.

Тәрбие мак.саттары мәсслесін шешпей тәрбие дағдысын тәрбиелеу мүмкін емес. Өйткені білім беру салаасындағы кызметкер үшін іс-әрекет, басқа да саладағы сияқты мақсат пен міндсттер арқылы анықталады. Сынып жетекіпісінің мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбие жұмысының бағдарын ұстанады, сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады .

Қазіргі заманғы іздеиістер бойынша тәрбиенің максатын анықтау мәдениеттану арласында жүргізілудс. Бұл мәселе бойьнша осы күнге дейін еш нәрсе анық болмаса да, бұл әдістеме біршама нәтижелі, өйткені ол ұлттык және дүниежүзілік мэденнеттегі тарихи қалыптасқан рухани құнлылықтарға сүйенеді. Тәрбиенің нәтижесі тек өз халкылың ұлттық мәдениетінің негізінде ғана емес, жалпы адамазаттық және адамгершілік ұлтгық құндылыктарды игеру арқылы ғана анықтау мүмкін.

Мұғалімдер ұжымында ортақ мақсат болған жагдайда ғана, әрқайсысы оған жету үшін іс-әрекетке белсенді кіріскен кездс гаиа үлкен нәтижеге жету мүмкіидігі бар. Бұған мысал ретінде республикамызда көптеген гимназия - лицейде қалыптасқан тәрбиелік жүйе алуға болады, сынып жеткшілері мен директорлардың басшылығымен окушылардың жеке тұлғасының қалыптасуы ұлттық мәдениет тәсілдерімен жүзеге асқан. Бұнда төмендегі келтіріліп отырған тәрбиелік дағдының құрылымдық үлгісі іске асырылған.

Ұлттық мәдениет құралдары арқылы жеке түлғаны тәрбиелік дағдысын қалыптастыру жүйесі:

1.Лицейді ұлттық мәдениет элементтерімен безендіру.

2.Тілдерді меңгеру.

3.Ұлттық мәдениетті мәдениеттану сипатындағы оқу пәндері арқылы меңгеру.

4.Ұлттық мәдениетті базистік оқу бағдарламасындағы басқа да пәндерде меңгеру.

5.Ұлттық мәдениетке арналған арнайы курстар, факультативтер.

6.Ұлттық мәдениетті меңгсруге арналған оқушылардың зерттеу іс-әрекеті.

7.Ұлттық мәдениетті меңгеруді мақсат еткен уйірмелер мен клубтардың жұмысы.

8.Ұлттық мәдениетті меңгеруге арналған сыныптан тыс іс -әрекет (сыиып сағаттары, жарыстар, мерекелер, т.б.).

9.Ұлттық мәдениетпен байланысты лицей дәстүрлері.

Баска да тәрбие жүйесінің нәтижесі бұдан кем емес.

Мектеп-гимназияның педагогикалық ұжымы оқушылардың интеллектуалды потенциалының дамуын бірінші орынға кояды. Әрине, бұл бағытта әртүрлі ізденістер болуы мүмкін, алайда, кез келгеи жағдайда мектеп ұжымының алдында мақсаты бар.

Мектеп өз түлектсрінің мәдеии нсгізіиің калыптасуына ықпал етеді, ол дегеніміз - мектеп бітіруіиіиің білім мазмұнын, жеке тұлганың өзін өзі ары қарай дамыту факторы. Қойылғаи мақсат тәрбиелік дағдылар арқылы жүзеге асады. Оларды анықтаудың әртүрлі әдістемелері бар. Мысалы, Н. Е. Щуркоиа кслелі тәрбиелік міндеттерді ұсынады:

а) тіәрбиелеу және дамыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру;

ә) ұжымды ұйымдастыру мен дамыту;

б) оқушы жеке тұлгасының кдлыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен қабілеттерінің көрінуі мен баюы үшін жағдай жасау.

Сынып жетекшілерінің іс-әрекетіне жасалған әлеуметтік талдау нәтижесінде оның міндеттерін төрт топқа бөледі.

Бірінші топ - әлеуметтік міндеттер (балаға көмек, оны әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізу, жеке тұлғаның дамуы мен оның даралығының кдлыптасуыиа тиімді жағдай жасауда жанұямен және тәрбие институттарымен әрекеттестік).

Екінші топ - диагностикалық міндеттер (сыныппен жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оқушының жеке тұлғасы мен ұжымның даму диагностикасы).

Үшінші топ — адамгершілік міндеттер (баланың бойында қайрымдыльіқ критерилерін қалыптастыру, баланы адамгершілікке бейімдеу жағдайына қою).

Тортінші топ - даралық-тәжірибелік сипаттағы міндеттер (оқушылармен жұмыстың нәтижелі педагогикалық тәсілдерін таңдау, ез жүмысын жоспарлау, іс - әрекетті бақылау мен түзсту, рефлексия педагогикасы).

Педагогтардың, зерттеушілср мен мұғалімдердің оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесін ұйымастыру үшін маңызды міндеттерді бөліп карау. Өйткені оқушы өмірінің барлық жақтарын сынып жетекшісі мсн мектептің тәрбие жұмысы ықпалымси аяқталмайды. Ең маңызды міндеттер:

1.Деисаулық пен салауатты өмір салтын тәрбиелеу.

2.Баланың өнегелілік мінез-құндылықтарын қалыптастыру.

3. Баланың, бойына біткен қабілетілігі мен мақсат-мүддслерін жаңаша дамыту.

Сынып жстекшісінің жүмысыидағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда оқушылардың адамгсршілік дағдысын тәрбиелеу маңызды міндеті болып табылады. Адамгершілік адамның іс-әрекеті мен қылықтарынан көрінетіи қоршаған ортаға деген қатынасын білдіреді. Қатынас дегеніміз субъектінің қоршаған ортамсн қалауы бойынша анықталатын байланысы. Сондықтан оқушының қандай құндылықтарды таңдап алуы сынып жетекшісі мен пән мұғалімдеріне тәуелді.

Зерттеушілср катынастар жүйесіне әртүрлі компонентерді кіргізеді. Әрбір қатынас белгілі бір білімдерді игеру дсгенді білдіреді, алайда бұндағы ең бастысы бұл білімдерді өнегелілік түрде түсіну, сезіну болып табылады. Щуркова Н. Е.,Ссйтешев А.П. жеке тұлғаның касиеттерін құндылық катынастардың калыптасу нәтижесі деп түсіндіреді. Осылайша, басқа адамға деген құндылық қатынастың нәтижесі — гуманизм, өз өзіне — қадір-қасиет, еңбекке, еңбексүйгіштік - еңбекқорлық болып табылады.

Жеке тұлғаның ең басты қасиеттерін осылайша бөлу өте маңызды, өйткені, қоршаган ортага, адамға, материалдық және рухани дүниеге деген қатынастың қалыптасуьі барысында адамгершіліктің барлық жақтарын қамту мүмкін емес.

Тәрбие нәтижелері туралы сөз етер болсақ, жеке тұлғаның басты қасиеттерінің қалыптасуы туралы айтуға болады:

1.Баска адамға деген қатынас — гуманизм.

2.Өз озіне деген қатыиас— қадір-қасиет.

З.Еңбекке деген қатыиас - еңбсксүйгіштік, еңбек қорлық.

4.Ұжымға дсгсн қатынас — ұжымшылдық.

5.Отанға деген қатыиас — отансүйгіштік, патриотизм.

6.Табиғатқа катыиас — табиғатқа қамқорлық.

7.Көркемдікке катыиас — көркемдікті эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау кабілеті.

Жеке тұлғаның осы бір қасиеттеріи қалыптастыру -қоршыған орта туралы білімдерді өнегелілік түрдс түсініп-сезіну. Сонлықтан, оқушылардың қоршаған орта туралы білімдер жинағын адамгсршілікпсн сезінуі тәрбие жұмысыиың басты сапасы.

Оку матсриалының әрбір сабақтыц өзіндік тәрбиелік маңызы бар екені белгілі. Олардың әрқайсысы окушылардың қоршаған ортага дегеи, құндылық қагынасын қалыитастыруда басқа адамның жеке тұлғаға құрметінен бастап, болмысты эмоционалды-эстетикалық қабылдауға дейінгі, қүидылық сапаларын торбиелейді. Білімдсрді терең меңгеруге, оларды өнегелілік түрде түсініп, сезінуге, оқушыларды адамгерішілік-құндылыққа үйрету іс-әрекетті ұйымдастыру.

Пән мұғалімдеріиің оқушыларды тәрбиелеуі сыиып жетекшілерінің басшылығына тәуелді.Осылайша, олар сыныптағы тәрбие жүйесін жүзеге асырады. Сонымен, сынып жетекшісі дегеніміз — оқушылар тәрбиесін реттеуші мұғалім. Мектептің тәрбие міндеттеріне сүйене отырып, өз сыныбындағы окушылардың ерекшелікгері мен тәрбиелілік деңгейлерін ескере отырып, осы мәселені шешуге пән мұғалімдері, окушыларды, ата-ананы, демеушілерді т.б. тарта отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастырады.

Сыныпта жеке тұлғаның ұжымдық қасиеттері эстетикалық құндылықгарға, табиғатқа көзкдрасы басым болады. Диагностика корсеткіші бойынша ұжымға деген адамгсршілік қатынастың деңгейі өте жоғары.

Сынып жетекшісінің жұмысында сыныптан тыс тәрбие көрініс табады.

Сынып жетекшісі қызметі Қазақстанда, барлық Совет Үкіметіндегі секілді,

1934ж.енгізіледі. Қазіргі уақытта оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру, оның қабілсттілігін дамыту бірінші орында. Бұл ретте, сынып жете кшісі — пән мұғалімдері мен ата-ананың әрбір окушыға ықдалын үйлестіретін тәрбиені ұйымдастырушысы.

Сынып жетекшісіиің жұмысы мектеп Уставымен белгіленеді. Алайда бұл тізім оның іс-әрекетінің барлық жақтарын қамти алмайды. Оның іс-әрекетінің әртүрлі жақтары көптсгсн зерттеулерде қарастырылған (әдіс жәнс әдіснамаларда).

Дәстүрлі емес әдістемелерде сынып жетекшісінің негізгі қызметтері:

а)Балалың дснсаулығын сақтау.

ә)Баланың адамгершілігін тәрбиелеу.

б)Баланың қабілетін дамытуға қаммкорлық.

І.Сыныптың мектептегі тіршілік қызмст-әрекетін (Н.Е. Щуркова) ұйымдастыру:

-әрбір окушыиы қажетті оқулыктармен жәнс әдістемелік құралдармен камтамасыз ету;

-баланың көзініц көруі, құлағының естуі, оның бойын ескеріп, әрбіреуінің қабілеті мен белсенділігіие қарай оқу бөлмесіне саннтарлык-гигиеналық талаптарға сай қамтамасыз ету;

-сыртқы киім мен аяқ киім қоятын орынның болуы;

-мектептің ертеңгілік тамағының тәртібі мен асхананың тазалық ережесін камтамасыз ету;

-оқушы үсті-басын ретке келтіре алатын дәретхана бөлмелерінің орналасуы мен оларды пайдалаиу мәдениетіи ескерту;

-сынып бөлмесінің ішкі көрінісін, бөлменің жарықтығы, бөлменің көркем-әдемілігін сақтайтын кезекшілер қою;

-әрбір баланың киімі мен аяқ киімін гигиена, эстетика

тұрғысынан деген талап кою;

-әрбір окушының сабақ кестесі мен сынып бөлмелерінің орналасуынан хабардар ету;

-оқушының барлық сынып бөлмелерінің неге арналғанын оларды пайдалану ережелерінен (директор кабинетінен бастап ойын бөлмесі мен медициналық бөлмеге дейін) түсінік беру;

-оқушының қоршаған заттармен жоғары мәденн деңгейде, тазалықты, әдемілік пен тәртіпті сактай отырып пайдалана білуін үйрету.

Сыныпта оқыту іс-әрекетін ұйымдастыру:

-балаға дүниенің көпжақтылығы мен күрделілігі, қарама-қайшылықтарын, танымдық іс-әрекетін ашу;

-баланы дүниедегі адам өміріне кажетті құралдары, материалдық құндылыктарға жататыи еңбектің іс-әрекеті;

-баланың күш-жігеріи, өзінің денесіне. денсаулығына, агзасының сұлулығы мен күшінс, адамның өз денесін билей алатын спорттық іс-әрекет;

-балаға дүниені көрксм образдар аркылы тануға, көркемдік заттар тудыра отырып, дүниені коркейтуге мүмкіндік беретін іс - әрекет.

Өмірді түсініп. сезінудің рухани іс-әрекетін ұйымдастыру. Ол дегеніміз - оқушылардың рсфлексиясы, өмір құндылықтарыи түсініп, сезінудегі өзіндік талдауға және өзіиің ішкі дүниесін дамытуға жәрдсм беру.

Тәрбие нәтижелерінің диагіюстикасы негізінде жеке тұлғалық дамудың сипатамасы. Сынып жетекшісінің диагностикалық іс-әрекеті

тәрбиелік жүйені құрудың негізі болып табылады. Жеке тұлғаның калыптасуы ерекше касиеттсрін анықгауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда келтірілген жеке тұлғаның қасиеттері оқу барысында сабақта да, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында да қалыптасады. Оқушылардың оқу пәндеріндегі тәрбиелік материалдар да аз емес.

Қазіргі уақытта мектептеріндегі білім беру күннен күнге жетіліп келеді. Оны өнегелілік түрде түсініп, ұғыну - мұғалім алдында тұрған маңызды мәселе. Мұғалім оқу пәндеріндегі тәрбие мүмкіндіктерін білуі тиіс. Бұл орайда гуманитарлық саладағы пәндердің орны ерекше көптеген мұғалімдердің сабактың тәрбиелік міндеттерін орындау мүмкіндігі деңгейіне дейін нақтыландырып, дегенмен педагогикалық. процесс барысында жүзеге асыра алмайтынын ескеретін болсақ, сынып жетекшісінің жауапкершілігі арта түседі.

Окушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастыруда сынып жетекшісі мына бір тұжырым ережелерді ұғынып, түсінген жағдайда ғана тәрбие міндеттерінің шешімі нәтижелі болмақ;

1.Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы.

2. Тәрбие жүйелік сипатта болу.

3.Тәрбие іс-әрскетінің мақсаттарының бірлігі, оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдердің өзара әрскеттестігі тәрбие жүйесінің кепілі.

4.Тәрбие процесі жеке тұлға теориясы мен іс-әрекет теориясына, құндылықтар теориясы мен басқару теориясына сүйенуі қажет.

Жеке тұлға теориясы арқылы мұғалім оқушының тек тәрбие объектісі ғана емес, сонымен қатар ол іс-әрекеттің субъектісі екенің түсінеді. Ол сынып жетекшісіне оқу-тәрбие жұмысын, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу, оқушылардың іс-әрекеті бірнеше кезеңдерден тұрады: мотивтің қалыптасуы — оларды адамгершілік түсініктерді ұғынуға жағдай жасау; мінез-құлық пен іс-әрекет иорміпарының қалыптасуы-өз іс-әрекетіне қанағаттану. Демек, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу технологиясы мотив, танымдық. мінез-құлық эмоционалдық сезім компоненттерінен тұрады.