Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айым.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
696 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Бұл курстық жұмысымыз мектептегі сынып жетекшісінің оқудың жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істеу тәжірибелерін жинақтау талабы алға қойылды. Біз жаңа бағдарламаны енгізуге байланысты мұғалімдерге арналған методикалық құралдарда бұрын басылып шыққан методикалық ұсыныстарды қайталамауға тырыстық. Ол ұсыныстар уақыт сынынан өтті. Автор мектеп іс-тәжішбесінде кездесіп қалатын және педагогикалық әдебиетте кездесіп жүрген кемшіліктер оқулықтарға айрықша назар аударды.

Осы зерттеу жұмысында ауыл мектебінің жұмысына тән ерекше мәселелер баяндалған жоқ, біздің «аз комплектілі ауыл мектебіндегі сабақ» оқыту жұмысына толық талданған болатын. Алайда кейбір дидактикалық мәселелерді қарастырған кезде аз комплектілі мектептегі жұмыс жағдайларында шешіп отырудың ерекшеліктеріне көңіл бөлінді.

Біз мектептің бірінші кезектегі міндеті- мектепке білім берудің барлық сатысында бірінші сыныптан бастап жоғары сыныптарды көрсетуге тырыстық. Бұл объективті өмір шындығы, табиғаттың қоғамның және ойлаудың даму заңдылықтарын дұрыс белгіленетін белгілі білім шеңберін меңгеру арқылы, оның өзінде де мұғалім оқытылатын материал қарапайым мысалдар келтіре отырып оқушылар назарын құбылыстардың себеп-салдар байланыстарына төменнен жоғарыға қарай дамуы тоқтатуға болмайтнындығына жалпы мен жекенің қатынастарына т.б. оқушылар назарын аударып отырған жағдайда ғана қамтамасыз етіледі.

Дамыта оқыту мәселесінде үлкен мән бере отырып сынып жетекші оның оқу бүкіл процесін тиісті дәрежесін айқын мақсат қоя отырып жүргізу нәтижесінде ғана жүзеге асыруға болатынын естен шығармау керек.

Соңғы жылдары жүзеге асырылып отырған программалық материалдың теориалық дәрежесін көтеру, дамыта оқытуға бет бұру мәселелері дағдыларына қойылатын талаптарды еш жағдайда да кемітпеуге тиіс. Оның үстіне жаңа мәселелер жасау кезінде оқушылардың теориалық тұрғыдан ойлау элементтерін меңгеруі, ұғымдар жүйесінде бейнеленетін аса маңызды жалпы заңдылықтар мен қасиеттер жөніндегі, білімді меңгеруі бұл білімді барлық жеке жағдайларда саналы түрде қолданып, отыруға мүмкіндік беретіндігі, яғни тиісті шеберліктердің ажырамас компоненттері болып табылатын ойлау операциалары мен іс-тәжірибелік операциаларды саналы түрде орындауға мүмкіндік беретіндігі ескерілген болатын.

Бұл теориялық мазмұнының оқушыларды шеберліктерді және дағдыларды негізгі түрде қаруландыру ісімен ұштастырылып отырылуы барлық сыныптағы оқытудың білімдік биік деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл ауыл мектебінің жағымды дәстүрі болып келеді, болада бермек. Бұл дәстүрдің маңызы жастарға орта қазіргі кезде мейлінше өсе түсуде.

« Жалпы білім беретін орта мектептің сынып жетекшілерінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

балалармен жастарға қоғамдық және ғылыми – техникалық прогрестің осы заманғы талаптарына жауап бере алатын жалпы орта білімді бере алуды жалпы орта білім беруді жүзеге асыру, оқушыларды ғылым негіздерінен терең және баянды білімдермен қаруландыру, олардың бойында өз білімдерін жетілдіріп отыруға ұмтылу сезімін және олардың өздігінен толықтыра білу мен іс-тәжірибелік қолдана білу шеберліктерін тәрбиелеу:өскелең ұрпақтың бойында философиялық дүние танымды қалыптастыру.Отанды қорғауға дайын тұру сезімін тәрбиелеу:оқушылардың жан-жақты дамуын, олардың мәдениетті қамтамасыз ету: оқушылардың денсаулығын нығайту, оларға эстетикалық және дене тәрбиесін беру: оқушыларды белсенді іс әрекеті мен қоғамдық әрекетке, мамандықты саналы түрде әзірлеу.

Барлық сыныптағы оқытуды мектеп мұғалімдерінің іс-әрекетінде педагогика, психалогия, жеке методикалар саласындағы ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерін тек жүйелі түрде іске асыру негізінде ғана одан әрі жетілдіре түсуге болады. Әрбір мұғалім тарапынан озат педагогикалық тәжірибелерінің пайдаланылып отыруының да маңызы бұдан кем емес.

Алайда мұның өзінде педагогикалық сенсациаларды, қайдағы бір «ультра жаңалықты» іздестіруге құмар болмау және жекелеген педагогикалық коллективтердің күнбе- күнгі оншалықты байқаусыз жұмыс жетістіктернінен бойды аулақ ұстамау керек, олар қол жеткізіп отырған табыстардың «құпиясы» жаңалық ашуда емес, аса маңызды дидактикалық және методикалық принциптердің жаңалықтарының да, сондай-ақ дәстүрлерінің де жүйелі және жоспарлы түрде іс жүзінде асырып отыруда екендігін ұмытпау керек. Мұндай тәжірибені байқай қою, оған талдау жасау, оның тиімділігін көзбен шолу керек. Алайда тап осындай тұтас тәжірибені күнбе-күнгі іс-тәжірибелік ендіру оқу-тәрбиені жұмысын жалпылай көтеруді қамтамасыз етеді.

Мектепке дайындау сабақтарын сонымен бірге оқушы балаларды ұжымындағы мінез-құлық ережелерімен, мектептегі тәртіппен таныстыру үшін де, оларды мектеп өміріне қажетті нәрселерді пайдалана білуге үйрету үшін де пайдалану керек.

Мұның бәрі мұғалімнің бірінші сынып оқушыларымен жүргізуге тиісті жұмысын жеңілдетеді.

Қорыта келіп : Оқытудың түсініктілігін сақтау оның табысты жүргізілуінің маңызды шарты.