- •Сабақ №3 «___» _________ 2017 жыл.
- •2. Дамытушылық.
- •3. Тәрбиелік.
- •Неліктен Мағжан өмірін оның поэзиясымен тоғыстырамыз?
- •2) Неге Мағжанды ұлы ақын дейміз?
- •3) Мағжанның лирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?
- •Өлеңді түсініктеме күнделігі бойынша талдау жасату
- •Тақтадан көне Түркістан суреттерін көрсету.
- •V. Балаларды бағалау.
- •Сабақ № «___» _________ 2017 жыл.
- •Сабақтың барысы:
- •II. Үй тапсырмасын сұрау
- •III. Жаңа сабақ
- •IV. Сабақты бекіту.
- •Толағай
- •Қысқа мерзімдік жоспар
Тақтадан көне Түркістан суреттерін көрсету.
«Түркістан» өлеңін мәнерлеп оқып беру,
жекелеген шумақтарына түсінік беру.
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған.
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ер жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?
Ақынның еліне, жеріне деген нағыз шынайы перзенттік сезімін осы жолдардан байқауға болады. Түркістанға, Тұранға оқушыны ынталандыру үшін дыбыстардан керемет өрнек, сурет жасаған.
Ол Алашын алаламай, Түркістан, Тұран – тұтас түндік, бәрі – түрік жері, қазақ жері деп есептеген. Мұнда мекендеген халықтар бір кіндіктен жаралды деп таныған.
Өлеңге жоспар құру.
Қасиетті Түркістан - бабалар мекені.
Тұран жері – түркілер елі.
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял ер түрік.
Тұран топырағындағы ұлы тұлғалар.
Туған жер – тұғырың.
Ақын тарих қойнауына терең үңіледі. Елім деп еміренген ер азаматтарын, ел зиялыларын асқан сүйіспеншілікпен жыр етеді. Осы жерде Алаштың абзал азаматтары Шыңғыс хан, Асқақ Темір, Ұлықбек, Ибн Сина Әбуғали, Әл – Фараби, Қасым хан, Есім хан, Тәуке, Абылай секілді даналарын сүйсіне еске алып, ұрпағына үлгі етеді.
Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.
Шыңғыстай арыстанның құр аты да,
Адамның жүрегіне жігер берер.
Бұл Тұран ежелден-ақ Алаш жері,
Тұрансыз тарқамаған алаш шері.
Тұранның топырағында тыныштық тапқан
Алаштың арыстаны – Абылай ері.
Тұранның билері бар Тарағайдай,
Сол биден Темір туған от боп ойнай.
От шашып жер жүзіне Асқақ Темір,
Жарқ етіп өте шыққан нажағайдай.
Түріктің кім кеміткен музыкасын,
Фараби тоғыз шекті домбырасын?
Шерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп,
Жұбанып, кім тыймаған көздің жасын?!
Ертеде Оқыс, Яқсарт – Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі сол екі су жағасында
Табасың қасиетті бабаң бейтін.
(Суреттердің жанына жазып қою)
Оқыта отырып, түсінік беру
Мағжан –халқының болашағына сенген, келешектен зор үміт күткен. Кейінгі ұрпақ шуақты күн шапағатына бөленетініне сенім білдірген. Мағжан – ұлтжанды ақын. Ол бүкіл ақындық талантын ұлтына, Алашына бағыштаған. Ол әрдайым халқының адал перзенті болған. Алаш жұртын бөлмей, оған өз жүрек жылуын, жан мүпілін білдіре жырлайды. Өлең жолдарындағы әсем сөз маржандары оқушыны сұлулық әлеміне ендіріп, сүйіспеншілік сезімге бөлейді. Ақынның бізге үлгі-өнеге еткен Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Той 2000 жылы 19 қазанда өтті. Осының өзінен-ақ Түркістан жерінің тарихи тамыры тереңде жатқанын байқауымызға болады.
«Түркістан» өлеңін 4 оқушыға мәнерлетіп оқыту, 1 шумақтың өлең құрылысына талдау жасау.
3 4 4
Шер батса// кім іздемес//туған елін,
3 4 4
Тұлпар да // көксемей ме // туған жерін?
3 4 4
Арқаның // ардагері – // қалың алаш,
3 4 4
Тұран да // біле білсең, // сенің жерің!
Өлеңде 1 шумақ, 4 тармақ, 12 бунақ бар.Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған.
Өлеңнің көркемдік тіліне талдау жасау.
Эпитет: Ер түрік, кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял.
Метафора: от болып туған, отқа ұқсап, Арқаның ардагері – қалың алаш, Алаштың арыстаны.
