Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛекцииТопонимика Казахстана каз.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Тексеруге арналған сұрақтар:

1. Оронимдердің ландшафт ерекшеліктерін анықтаудағы орнын анықтаңыздар?

2. Қазақстанның таулы өңірлер топонимикасын жіктеп көрсетіңіздер?

3. Қазақстанның жазықты және таулы өңірлер топонимикасының табиғат зоналары бойынша таралуын анықтаңыздар?

4. Фитонимдер және зоонимдердің таулардағы биіктік белдеулік бойынша таралуына сипаттама беріңіздер?

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Егорина А.В., Зинченко Ю.К., Зинченко Е.С. Физическая география Восточно-Казахстанской области, Восточный субрегион: учебное пособие. – Усть-Каменогорск: ВКГУ, 2000. – Ч. 1. – 124 с.

  2. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана. – Алма-Ата: Мектеп, 1968. – 260 с.

  3. Сапаров Қ.Т. Қазақ топонимдерінің геоэкологиялық негіздері. –Павлодар: ЭКО ҒӨФ 2008. - 1 бөлім. - 307 б.

  4. Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары: (тарих, мәдениет, білім). - Өскемен: С.Аманжолов ат. ШҚМУ баспасы, 2006. - 432 б.

  5. Егорина А.В. Барьерный фактор в развитии природной среды гор. –Барнаул, 2003. – 344 с.

  6. Соколов А.А. О рельефе Восточного Казахстана // Почвы, удобрение и урожай в условиях Восточного Казахстана: тем.сб. – Алма-Ата: Кайнар, 1974.– Т.3. – С. 5-57.

  7. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық картасы. (М-бы 1:1000000). – Алматы: ККК Картография, 2003. – 1 б.

  8. Атлас Казахской ССР. Природные условия и ресурсы. – М., 1982.–81 с.

  9. Гвоздецкий Н.А., Николаев В.А.Казахстан (очерки природы).–М.: Мысль, 1971. – 281 с.

  10. Инан А. Түрік аңыздарындағы тау, ағаш (ораман) және жылғаларды пір тұту // Мақалалар мен зерттеулер. – Анкара , Түрік тарихи қоғамы, 1998. – Т.2. – 417б.

  11. Горбунов А. Горы Центральной Азии. Толковый словарь географических названий и терминов. – Алматы, 2006.- 132с.

Дәріс 14

Тақырыбы: Топонимиканың зерттеу мәселелері

Жоспар:

1.Топонимиканың ғылымдар жүйесіндегі орны

2.Топонимиканың заманауи зерттеу мәселелері

3.Жаһандану кезеңіндегі топонимика мәселелері.

Сабақтың мақсаты: Топонимка ғылымының қоғамдағы рөлін және қазіргі мәселелерін анықтау.

1. Топонимиканың ғылым ретіндегі мәртебесі туралы пікірталас XX ғасырдың екінші жартысында орын алды. Бұл пікірталас барысында топонимиканың ғылымдар жүйесндегі орнына қатысты пікірлер айтылды. Көрнекті лингвист А.А.Реформатский бастаған ғалымдар тобы топонимиканы географиялық атауларды сипаттайтын тіл білімінің бөлімі ретінде сипаттаса, А.Н.Суперанская (1973), Н.В.Подольская (1988) оған «ономастика ғылымының топонимдерді зерттейтін саласы» деп түсінік берді. В.А.Никонав, Е.М.Поспелов, Э.М.Мурзаев топонимиканы географиялық атауларды зерттейтін дербес ғылым ретінде тануды ұсынса, А.В.Маракуев, В.А. Жучкевич, С.В. Калесник оны географияның қосымша саласы ретінде есептеді. А.К.Матвеев, И.А.Воробьёва бастаған ғалымдар топонимиканы нағыз лингвистикалық ғылым деп сипаттады.

Топонимиканың географиядағы орнына байланысты мәселеде географтар топонимиканы географиялық ғылымдар жүйесіндегі сала ретінде қарастырады. Әйгілі географ С.В. Калесник Стокгольм қаласында өткен. XIX Халықаралық географиялық конгрессте жасаған баяндамасында топонимикаға «лингвистика мен географияның аралығындағы, географиялық атаулардың шығу тегі мен мағынасы туралы ғылым» ретінде анықтама берген.

Топонимикалық зерттеулермен айналысқан географ А.В. Маракуев та топонимиканы географиялық ғылым ретінде сипаттаған: «Топонимика деп біз географиялық атаулардың (топонимдердің) пайда болуы мен эволюциясы мәселелерімен айналысатын, олардың үлгілерін, семантикасын (мағыналық жағын) және синонимиясын зерттейтін, олардың орографиялық (дұрыс жазылуы) және орфоэпиялық (дұрыс айтылуы), сондай-ақ оларды картада бұрыннан бар жазу жүйелері мен картографияда қолданылатын шрифттер арқылы бейнелеу ережелерін бекітетін географияның бөлігін айтамыз».

2. Географиялық бағыттағы топонимиканың зерттеу проблемаларына топонимиканың географиямен өзара байланысқан, бірақ өзіндік зерттеу әдістерін қажет ететін, әдіснамалық негізге сүйенетін, түптеп келгенде оларды зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелер топонимиканың география ғылымдарымен тығыз ақпарат алмасуын, осы бағыттың дамуын қамтамасыз ететін, теориялық-қолданбалы зерттеу мәселелері жатады.

1) Топонимдер құрамындағы географиялық ақпарат негізінде оларға этимологиялық-семантикалық талдау жасау. Топонимнің шығу тегіне қатысты зерттеулер оның мағыналық жүктемесін танып-білумен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда этимологиялық зерттеулер семантикалық талдаулармен қатар жүргізілуі қажет. Географтардың бұл мәселеге тікелей қатысы атаулардың географиялық кеңістіктегі нысандарға берілетіндігі себепті олардың да кеңістіктік заңдылықтары болатындығымен анықталады.

Топонимнің этимологиясын анықтауда келесі мәселелер ескерілуі қажет:

1) атаудың мағыналық тұрғыда мотивінің болуы;

2) топонимнің аумақтағы таралу жиілігі;

3) қазіргі тіл тұрғысында өзгеріске түсу деңгейі;

4) атаудың немесе терминнің ареалдық сипат алып, белгілі бір географиялық шындыққа сәйкес келуі.

2) Географиялық атаулардың номинациялық негіздерін география ғылымы тұрғысында зерттеу. Номинация (ат қою) адамның қоршаған ортаны танып-білуімен, яғни орта туралы ақпар жинақтауымен ұдайы қатар жүретін құбылыс. Адам (халық) неғұрлым өзі өмір сүретін табиғи ортаны толығырақ танып-білсе, соғұрлым оның өзін қоршаған нысандарды атауы жіктелген сипат ала түседі. Топонимді кейде халықтың шаруашылық және мәдени өмірінің сан қырлары бейнеленген код жүйесі ретінде сипаттайды. Ғалым топонимдер құрамындағы географиялық ақпаратты түрлі сала ғалымдары әртүрлі әдістер мен тәсілдер көмегімен ашуы керек деп есептейді. Осы тұрғыдан алғанда, географиялық нысандар атауларының номинация ұстанымдарын зерттеу Қазақстандағы географиялық топонимика үшін жаңа, жемісті бағыт. Өйткені шетелдік және отандық ономаст-ғалымдар номинацияның лингвистикалық негіздерін азды-көпті зерттеген, ал осы проблеманы географиялық тұрғыда арнайы зерттеу Қазақстан географиясында әлі қолға алынбаған.

3) Топонимдердің ландшафтық шоғырлануын зерттеу проблемасы. Топонимдер – ландшафттың «тілі». Таралу ареалы бірнеше географиялық зонаны қамтитын кейбір географиялық атаулар жергілікті ландшафт сипатына қарай әртүрлі өзіндік мағынаға ие болады. Бұл құбылысты зерттеу географиялық топонимикада семантикалық зерттеулерге сүйенетін ландшафттық топонимика атты жаңа бағыттың қалыптасуына алып келеді. Осы бағыттың терминдер жүйесі енді қалыптасу үстінде. Ландшафттық топонимия деп белгілі бір аумақта таралған және сол жерге тән географиялық ландшафт белгілерін бейнелейтін топонимдер жүйесі аталса, ландшафттық топонимика «аймақтық (жергілікті) топонимияда ландшафттың табиғи және мәдени ерекшеліктерінің бейнелену заңдылықтарын зерттейтін топонимикадағы кешенді ғылыми бағыт» ретінде анықталады.

4) Аймақтық топонимиялық жүйелердің кеңістіктік және құрылымдық заңдылықтарын зерттеу. Топонимика ғылымында қазіргі кезде географиялық атауларды зерттеу көбінесе жүйелік негізде жүзеге асырылады. «Топонимиялық жүйе» ұғымының шеңберіне «географиялық атаулардың қалыптасу процесінде заңды түрде қайталанып отыратын ерекшеліктер мен белгілердің жиынтығын енгізеді». Кең мағынасында алғандағы «жүйе» ұғымы «белгілі заңдылық бойынша орналасқан және бір-бірімен өзара байланыста болатын бөліктердің бірлестігі түріндегі тұтастық» дегенді білдіреді.

5) Жергілікті географиялық терминология негізінде қалыптасқан микротопонимияны арнайы зерттеу. Жалпы топонимдердің жергілікті географиялық терминдермен тығыз байланысы бар екендігі көптеген географиялық зерттеулерде көрініс тапқан. Қазақ халқының жергілікті географиялық терминологиясын топонимика тұрғысында арнайы зерттеуге географтар Э.М.Мурзаев пен Ғ.Қ.Қоңқашбаев негіз салған болатын. Жергілікті географиялық терминдердің Қазақстан аумағындағы ірі физикалық-географиялық нысандардың атауларында көрініс табуы салыстырмалы түрде зерттеушілер назарына іліккенімен, микротопонимиялық деңгейде бұл мәселе әлі жете талданбаған.

6) Топонимиканың географиялық атаулар транскрипциясы мен унификациясына қатысты қолданбалы аспектілерін зерттеу. Қазақстан Республикасындағы географиялық атаулар жиынтығына қатысты алғанда бұл мәселе аса маңызды. Қазақстандағы географиялық атаулардың транскрипциясына (басқа тілдегі атаудың айтылуының қабылдаушы тілде жазылуы) қатысты зерттеулер баспасөзде жарық көрген мақалалардан басталды деуге болады, бұларда қазақ атауларының бұрмалануы туралы мәселе көтерілген. Ғылыми басылымдарда бұл проблемаларға қатысты Ғ.Қоңқашбаевтың, Н.И.Баяндиннің, Д.Х.Кармышеваның зерттеу материалдары XX ғасырдың орта шенінде жарық көрді. Географиялық атаулардың унификациясы (атауларды бірізді жүйеге келтіру) да күрделі зерттеулерді қажет етеді. Өйткені Қазақстандағы алғашқы топонимиялық зерттеулер осы бағытта басталғанымен, әсіресе орыс тіліндегі географиялық карталарда, әдебиеттер мен оқулықтарда мемлекеттік тілдегі географиялық атаулардың дұрыс жазылмауы, бірізділіктің болмауы әлі де болса кездеседі.

7) Топонимдерді геоэкологиялық тұрғыда зерттеу мәселесі.

Топонимика мен экологияның байланыстарына қатысты мәселеге XX ғ соңғы ширегіне қарай назар аударыла бастады. Бұл мәселемен негізінен географтар ғана ғылыми негізге сүйеніп айналысатындықтан, оның жете зерттелуі жалпы алғанда географиялық топонимиканың дамуына жаңа мүмкіндіктер береді. Е.Л.Любимова, Э.М.Мурзаев, В.С.Жекулин, Х.Л.Ханмагомедов, А.А.Сейбутис, Р.М.Юзбашев, Э.Б.Нуриевтердің еңбектерінде топонимикалық деректердің ақпараты негізінде қоршаған орта өзгерістерін анықтауға болатындығы жөнінде идея негізделді.

Географиялық әдебиетте «экологиялық топонимика» терминін Х.Л. Ханмогамедов (1993) алғаш рет қолданды. Бұл ғылыми бағыттың негізгі міндеті – белгілі бір аумақтың геоэкологиялық жағдайының топонимикадағы көріністерін талдау негізінде оның өзгерістерін анықтау. Соңғы жылдары Қазақстанда топонимиканың геоэкологиялық бағытының дамуына арнайы зерттеу жұмыстарының орындалуы географтардың ғылыми мақалаларының жариялануы бұл бағыттың дамуына өзіндік серпіліс берді. Дегенмен, бұл проблеманың отандық топонимикада теориялық-әдіснамалық жағынан жеткілікті негізделмеуі аймақтық зерттеулермен қатар, жалпы теориялық терең зерттеулерді қажет етеді.

3. Бүгінгі таңда жаһандану үрдісі халықтар мен этникалық топтардың арасындағы мәдени, саяси және идеологиялық мәселелерді біртіндеп жоюда. Өзара байланыстың негізгі құралы – интернеттің кең жайылғаны соншалық, адам баласының көптілділігі мен мәдени көп алуандығы өріс алды. Тығыз қарым-қатынас әр елдің мәдениеті мен тіліне әсер етері сөзсіз. Оған күнделікті өмірде көз жеткізіп жүрміз.

Ұлттық тілдің дамуы топонимдермен тығыз байланысты. Ұлттық тіл топонимдер арқылы да ерекшеленеді. Топонимдер (жер-су атаулары) еліміздің тыныс-тіршілігіне қажетті бағыт-бағдар беретін таңбалық қызметінен басқа үлкен қоғамдық-саяси маңызға ие болатын ұлттық, танымдық сипаттарымен алдыңғы орынға шықты. Өйткені жер-су аттары адамзат қоғамында ғана пайда болып жататын өзгерістерден тыс қала алмайды. Табиғат ресурстарын игеру барысында адамдар географиялық нысандарға ат беруге мәжбүр болды. Географиялық атауларда (топонимдер) физикалық-географиялық, тарихи-этнографиялық, тұрмыс-тіршілікті, экологиялық мәселелерді айғақтайтын ақпарлар бар. Ақпарат белгілі заңдылықтарға негізделіп, кез-келген халықтың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын анықтайды. Осы тұрғыдан алғанда қазақтар (түркілер) мыңдаған жылдар бойы байтақ Еуразия кеңістігін игеру барысында топонимдерде өз іздерін қалдырды. Түркі түбірлі топонимдер Қиыр Шығыстағы Камчаткадан (Сахалин–Саха елінен) Еуропаның батысы, Кавказ елдері мен Ресей жерінде, тіпті Африканың солтүстік бөлігінде, оңтүстігі Декан үстіртінен Еуразия құрлығының солтүстік жиегіне дейін, сонымен қатар Батыс Қытай, Моңғолия жерінде де кездесетіні мәлім.

Бұл жерден біз қазақ халқының табиғатпен тығыз байланысы мен географиялық нысандарға ат қоюдағы ерекшелігін айтуға тиіспіз. Қазақстанның жер-су аттары ұлттық тіл мен этникалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде танылып, халықтың тарихи жадынан үлкен орын алатындығы белгілі. Жер-су аттарының тіл білімі, тарих және география секілді 3 ғылыми саласының түйіскен жерінен шығуы оның күрделі сала екенін көрсетеді. Алайда ұлттық топожүйені мемлекеттік тіл саясатының құрамына алып қарағанымен, ойластырылған шаралар жүйелі түрде жүзеге аспады. Тоқсаныншы жылдары қауырт көтеріліп, науқандық сипат алған бастамалар тез басылып, тоқырауға ұшырады. Оның айғағы қазақ тілін дамытуға бөлінген миллиардтаған қаржының ономастика мәселелерін дамытуға, топонимикалық зерттеулерді жүргізуге (облыс, өңірлер бойынша) бөлінбеуі қынжылтады. Жылда өткізілетін республикалық конференциялар мен дөңгелек үстелдерге қатысып жүргенде, Қазақстанның топонимикалық кеңістігін ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеу және жойылған атауларды қалпына келтіру қажеттілігі айқындала түсті.

Ең басты мәселе тәуелсіздік алған жылдары жер-су атауларын ауыстыруда, жаңғыртуда және тыңнан атау жасау кезінде, сауатсыздық орын алды. Ол үшін, топонимдер жасаудың типологиялық модельдерін анықтап алу қажеттілігі туындады. Сондықтан географиялық атаулардың күнделікті өмірде, халықаралық қарым-қатынастарда қолданылатындығы, географиялық әдебиеттер мен карталарда көрініс табатыны олардың жазылуы мен айтылуының бір жүйеге келтірілуі мен стандартталуын қажет етеді. Осы жағдайда жергілікті жерде географиялық атауларды стандарттау ісіне географ-мамандар белсенді атсалысып кеңесші қызметін атқаруына болады.

Топонимика мәселесін зерттеу, қалпына келтіруде топонимдердің табиғи жағдайын (ландшафттық ерекшеліктерін), жер бедерінің пішінін, су көздерінің (ағысы, тұздылығы, тұщылығы) физикалық-химиялық қасиетін де зерделеу маңызды рөл атқарады. Аумақтың топонимдерін зерттеу барысында картаграфиялық, геоақпараттық, палеогеографиялық, лингвистикалық, тарихи-этнографиялық, статистикалық әдіс-тәсілдері қамтылды. Соның нәтижесінде аумақтың табиғи жүйелерін бағалау және қорғау шаралары және топонимдер жүйесінің физикалық-географиялық негіздері сараланды.

Қазіргі кезде Қазақстан топожүйесі аймақ-аймақ бойынша зерттеліп болды деуге болмайды. Ендігі кезекте жиналған атаулар қорын синтездеп, «Қазақстанның топонимикалық атласын» құрастыру. Екінші жолда нәтижеге жету үшін міндетті түрде геоақпараттық картографиялау әдісіне сүйенуге тура келеді. Алайда, ол әдіс жалаң түрде қолданылмайды: тарихи-географиялық этимологиялық, құрылымдық, грамматикалық, сөзжасамдық зерттеу әдістерімен қоян-қолтық араласып отырады. Бұл өз кезегінде көп ізденісті және ғылыми зерттеулерді талап етеді.