Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛекцииТопонимика Казахстана каз.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Тексеруге арналған сұрақтар:

1.Топонимиканың ғылымдар жүйесіндегі рөліне сипаттама беріңіздер?

2.Топонимиканың заманауи зерттеу мәселелерінің рөлін анықтаңыздар?

3.Жаһанданудың топонимикаға әсерін атап көрсетіңіз?

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Сапаров К.Т. Павлодар облысының топонимикалық кеңістігі. – Павлодар 2007. – 308б. (монография);

2. Сапаров К.Т. «Топонимиканың геоэкологиялық негіздері. – Павлодар 2007. –129 б. (оқу құралы)

3. Сапаров К.Т. Ертістің Аққулы өңірінің жер-су аттары. – Павлодар 2007. – 220 б. (оқулық);

4. Сапаров К.Т. Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық бірліктері мен физикальқ -географиялық, атауларының көрсеткіш анықтамалығы. – Павлодар 2007. –353 б.

5. Сапаров К.Т. Екібастұз өңірінің жер-су аттары. – Павлодар 2008. –252 б. (оқулық);

6. Сапаров К.Т. Қазақ, топонимдерінің геоэкологиялық негіздері. – Павлодар 2008. –307 б. (монография).

7. Сапаров К.Т. Павлодар облысының ономастикалық атауларын көрсеткіш анықтамалығы. Павлодар: «Полигон» ЖШС, 2009. – 256 б.

8. Сапаров Қ. Т. Қазақ шығысының өзен – көл атаулары. – Павлодар: «Кереку», 2012. – 215 б. (монография)

9. Сапаров К. Т. Топонимика региона – как основа восстановления и развития ландшафтов Павлодарского Прииртышья: Учебно-методическое пособие для студентов естественно-научных и гуманитарных специальностей. – Павлодар: «Кереку», 2012. – 125 с.

10. Сапаров К.Т. Топонимика пәні бойынша дидактикалық материалдар. – Павлодар, «Кереку» баспасы, 2013. – 112 б. (оқу-әдістемелік құрал).

Дәріс 15

Тақырыбы: География сабағында топонимика мәселелерін оқытудың жаңа бағыттары

Жоспар:

    1. Топонимика ғылымының қоғамдағы рөлі.

    2. Топонимиканың аумақтар бойынша зерттелу дәрежесі.

    3. Павлодар облысының топонимикасын география сабағында оқыту мәселелері.

Сабақтың мақсаты: География сабағында топонимиканы оқытудың жаңа бағыттарын ұсыну.

1.Топонимика - ұзақ ғасырлардың жемісі. Олар халық тілінің негізінде жасалынып, халық тарихымен тікелей қат-қабат байланысты келеді де, күнделікті өмірде кеңінен қолданыс тауып, ерекше қоғамдық мәнге ие болады. Жер - су елді мекен атауларының қай-қайсысында болмасын табиғат құбылыстарының, жер бедерінің (ландшафт) ерекшеліктері, елдің шаруашылық тыныс тіршілігінің бейне көріністері, қоғам өміріндегі тарихи, әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің жай жапсарлары көрініс береді. Топонимдер заман ағымына сай толысып, жанарып, қазіргі уақытта маңызды қызмет атқаруда. Өйткені жер бетіндегі өзен, су, тас, елді мекендер мен алуан түрлі ірілі-ұсақты нысандардың бәрі де нақтылы есім-атауға ие. Мысалы орта ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым, Орта Азияның картасын жасаған Махмұт Қашғари география ғылымының дамуына зор үлесін қосты. Оның "Диуани лұғат ат-түрік" атты еңбегі тіл, география ғылымдарына және бүкіл түрік әлеміне ортақ ірі энциклопедиялық қазынасын, ғалымдар «XI ғасырдың Орталық және Орта Азияда жасалған түріктің географиялық ескерткіші деп атайды». Ал, ішкі Азияны зерттеушілерінің ішінен топонимика мәселелеріне айрықша көңіл бөлген тұнғыш ғалым әрі ағартушы шығыс халықтарының география саласында айтарлықтай толымды да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізген Ш.Уәлиханов. Географиялық саяхаттар нәтижесінде жинаған ғалымның жер-су атаулары жөніндегі мәліметтері кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес бай мұра болып табылады .

Қазақ ономастикасының оның ішінде топонимика саласының ғылыми бағыт ретінде қалыптаса бастауына географ ғалым Ғ.Қонқашпаевтың 1949 жылы "Қазақтың халықтық географиялық терминдері" атты тақырыптағы қорғалған кандидаттық диссертациясы тек лингвист ғалымдардың еңбектерінде ғана емес, географ ғалымдардың еңбектерінде де өз жалғасын тапты. Егемендік алғаннан кейін география ғылымының жеке бір саласы ретінде топонимикалық зерттеулердің ғылыми-ұйымдастыру жолдарының оң шешімді жалғасын тауып, орныға бастағанын байқауға болады: жоғары оқу орындарында студенттер тарапынан жергілікті жердің географиялық нысандар атауынан ғылыми курстық, дипломдық жұмыстар аудандар бойынша орындалуда.

2.Қазақстанның аймақтары бойынша әр облыстың жер-су атаулар жүйесі мазмұндық құрылымдары мен ғылыми зерттелу әдіс-тәсілдері сипатынан бір-бірінен ерекшеленетін географиялық тұрғыда зерттеген жұмыстардан диссертациялар қорғалуда. Атап айтсақ Ғ.Қонқашбаев (1949), К.Д. Каймулдинова (1998, 2010), А.С.Омарбекова (1999), Ә.Е.Аяпбекова (2002), Қ.Т. Сапаров (2004,2010), А.У.Мақанова (2004), З.Қ.Мырзалиева (2007), К.Т.Мәмбеталиев, Ө.Ж.Сағымбай (2010), т.б. ғылыми зерттеу жұмыстары сәтті қорғалды. К.Каймулдинованың «Топонимика» оқулығы, «Аридті аумақтардың топонимикасы» атты еңбектері (2011-2012 жж.) жарыққа шықты. Қазақстанның солтүстік-шығыс, шығыс өңірлерінің топонимдері физикалық-географиялық, геоэкологиялық тұрғысынан Қ.Т.Сапаровтың еңбектерінде көрініс тапты. Топонимика ғылымы-география, тарих, лингвистика ғылымдарының қиылысында пайда болғандықтан күрделі ғылым саласына жататынын аңғартты. Сондықтан топонимикалық зерттеулер жүргізу үшін тарихи-мұрағаттық, картографиялық деректер өте қажет. Қ.Т. Сапаровтың "Павлодар облысының топонимикалық кеңістігі" атты монографиялық жұмысында тұңғыш рет адамдардың табиғатты игеру тәжірибесінің жер-су аттарында, яғни топонимдердегі көрінісі баяндалған.

3.Қазіргі танда Павлодар облысы аумағы бойынша масштабы 1:100000 топографиялық карталар негізінде 4412 топоним (Қ.Т. Сапаров) анықталынып, оның 32,2%-ын комонимдер, 23,8% –ын гидронимдер, 11,9% –ын оронимдер, 16,4% –ын ойконимдер, 6,6% –ын ескі қоныстар мен 3,1% –ын некронимдер құрайды. Яғни, барлық тамыры терең жатқан түркі тілінде жасалынып, мағынасын жоғалтпай, осы күнгі қазақ тілінде қалыптасып келді деуге болады. Ертістің Кереку өңіріндегі табиғи ортаны қорғау, ресурстарды тиімді пайдалану шараларын жүргізу үшін аумақтағы географиялық атауларда (топонимдер) сақталған барлық ақпарлар жүйесін (тарихи-географиялық, геоэкологиялық, лингвистикалық т.б.) қалпына келтіру қажеттілігімен анықталады. Сондықтан қазіргі уақытта мектеп қабырғасында оқушылардың отан сүйгіш қасиеттерін (патриотизм) арттыру үшін өлкетанулық тұрғыдан жер-су атауларын (топонимика) оқыту мәселелерін қарастыруымыз керек деп ойлаймыз. Әрбір азамат туған жердің географиялық атауларын білуі қажет. Мектепте оқушыларды еркін ойлау мен талпынысқа баулу мұғалімге қажетті әдістердің ең бастысы дейміз. Әрине, жаңа әдісті немесе пәнді оқу үдерісіне еңгізу оңай шаруа емес. Ол үшін тәжірибе жинақтау, зерттеу, зерделеуді қажет ететін тұстары жеткілікті. География және экология сабағында туған жердің жер-су атауларының ерекшелігін және өлкенің табиғи жағдайларын оқыту мәселелерін қалыптастыру бүгінгі күннің жұмысы демекпіз. Топонимикалық материалдарды жүйелі түрде қолдану арқылы оқушылардың білімін тиімді түрде жетілдіруге болады. Мысалы, Павлодар облысының әрбір ауданының елді мекендерінің географиялық атауларын зерттеуге болады. Себебі сабақта географиялық атаулардың қалыптасу жолдары, тілдік қабаттары және физикалық-географиялық, геоэкологиялық, тарихи-этнографиялық мәліметтер аламыз. Сондықтан "Қазақстанның және Павлодар облысының физикалық географиясы" пәнін оқытқанда топонимикалық материалдарды қолданып өз өлкесінің тарихын тереңдетіп оқытуға мол мүмкіндіктер береді.

Қазіргі уақытта география сабағында жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдану аясында білім берудің технологиясы мен жаңа бағыттары қолға алынуда. Соның ішінде топонимика мәселелерін окытудың жаңа бағытын қарастыру маңызды рөл атқарады. География сабағында топонимика пәнінің дағдыларын меңгерту, қызықтыру, ойлау, есте сақтау ерекшеліктерін дамыту үшін әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады:

  • Әдебиеттермен жұмыс (тарихи, мұрағаттық, картографиялық, географиялық, лингвистикалық т.б.);

  • Қазақтың халықтық және географиялық терминологиясың топтастыру;

  • Топонимикалық карталарды кескін картаға түсіру;

  • Кестелер, диаграмма, тірек-сызбалар;

  • Топонимикалық диктант жазу;

  • Тестерді құрастыру;

  • Топонимикалық викторина, ойын-сөзжұмбак құрастыру т.б.

  • Реферат жазу, семинар сабағын өткізу;

  • Топонимдерді қалпына келтіру (унификация) реттеу және тілдік қабаттарды (стратиграфия) аңықтау;

  • Туристік нысандарды анықтаудағы маршруттық бағыттарды құрастыру;

  • Далалық топонимикалық зерттеулерді жүргізу.

ЕҰУ Ф 703-08-14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Төртінші басылым