- •10 Жастан кейін
- •*Наркологиялық көмекті ұйымдастыру. Наркологиялық бұзылыстардың симптомы мен синдромдары. Наркоманиялар мен токсикоманиялар *1*75*1*
- •*Алкоголизм, алкогольные психозы Диагностика, лечение и реабилитация*3*117*1*
- •*Алкоголизм, алкогольные психозы Диагностика, лечение и реабилитация*4*55*1*
- •Топикалық диагностика *1*74*1*
- •Топикалық диагностика *2*166*1*
- •Топикалық диагностика *3*66*1*
- •*Топикалық диагностика, зақымдану симптомдары мен синдромдары*4*73*1*
- •*Қан тамырлары аурулары*1*20*1*
- •*Қан тамырлары аурулары*2*31*1*
- •*Қан тамырлары аурулары*3*25*1*
- •*Қан тамырлары аурулары*4*20*1*
- •*Жүйке жүйесінің қабыну аурулары, дорсопатиялар*1*20*1*
- •*Жүйке жүйесінің қабыну аурулары, дорсопатиялар*2*35*1*
- •*Жүйке жүйесінің қабыну аурулары, дорсопатиялар*3*17*1*
- •*Жүйке жүйесінің қабыну аурулары, дорсопатиялар*4*17*1*
- •*Дегенеративті және миелинсізденген аурулар*1*36*1*
- •*Дегенеративті және миелинсізденген аурулар*2*90*1*
- •*Дегенеративті және миелинсізденген аураулар*3*50*1*
- •*Дегенеративті және миелинсізденген ауралар *4*19*1*
*Қан тамырлары аурулары*3*25*1*
#1700
*!Анамнезінде ми қан тамырларның атеросклерозы бар 65 жастағы науқас сол қол-аяғының әлсіздігіне, сол жақтан мимикалық бұлшық еттердің және тілдің орталық парезі, сол жағында гемигипестезия пайда болды.
Берілген әдістердің қайсысы дифференциалды диагностика жүргізу үшін АНАҒҰРЛЫМ көп ақпарат береді?
*+мидың магнитрезонансты томографиясы
*мидың компьютерлік томографиясы
*ультрадыбыстық допплерография
*электроэнцефалография
*электронейромиография
#1701
*!Тексеру кезінде жұлынның МРТ да тығыздалған ошақ анықталды.
Науқастан қандай клиникалық көрініс табуға болады?
*+қимылдатқыш, сезімталдық, сфинктерлік бұзылыстар
*сегмент үстілік бұзылыстар
*алмасушылық синдром
* дисметрия, интенционды діріл
*эктрапирамидтік бұзылыстар
#1702
*!Адамкевич артериясы бітелгенде келесі симптомдар анықталады:
*сіреспелі тетрапарез
*босаң тетрапарез
*қолында босаң, аяғында сіреспелі тетрапарез
*+аяғында парапарез, сезімталдықтың, жамбас қуысы ағзаларының бұзылысы
*аяғында босаң парез, сезімталдықтың диссоциирленген бұзылысы
#1703
*! Анамнезінде ми қан тамырларның атеросклерозы бар 65 жастағы науқас сол қол-аяғының әлсіздігіне, сол жақтан мимикалық бұлшық еттердің және тілдің орталық парезі, сол жағында гемигипестезия пайда болды.
Берілген әдістердің қайсысы АНАҒҰРЛЫМ көп ақпарат береді?
*+ми МРТ
*ми КТ
*УЗДГ
*ЭЭГ
*ЭНМГ
#1704
*!Ауруханаға 45 жастағы науқас бас ауру, оң аяқ-қолының уюы мен әлсіздігіне шағымданып жүйке аурулары бөлімшесіне түсті. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, АҚ 170/90 мм с.б.б., оң жақтық гемипарез. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі мен Керниг симптомы оң.
Қандай зерттеу әдісі диагнозды анықтауға АНАҒҰРЛЫМ ақпаратты?
*мидың магнитрезонансты томографиясы
*+мидың компьютерлік томографиясы
*ультрадыбыстық допплерография
*электроэнцефалография
*электронейромиография
#1705
*! Ауруханаға 45 жастағы науқас бас ауру, оң аяқ-қолының уюы мен әлсіздігіне шағымданып жүйке аурулары бөлімшесіне түсті. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, АҚ 170/90 мм с.б.б., оң жақтық гемипарез. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі мен Керниг симптомы оң.
Ликворда ксантохромия, КТ: жоғары тығыздалған ошақ.
Болжам диагноз қойыңыз?
*+геморрагиялық инсульт
*ишемиялық инсульт
*ми ісігі
*энцефалит
*менингоэнцефалит
#1706
*!Науқас 45 жаста, қабылдау бөлімінде қатты бас ауру сезіміне шағымданды. Обьективті: жағдайы ауыр, АҚ 170/90 мм с.б.б.шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі және Керниг симптомы оң.
Қандай зертханалық тексеруде өзгеріс көруге болады?
*жалпы қан анализі
*+жұлын сұйықтығы
*липидограмма
*коагулограмма
*қан микроэлементтері
#1707
*!Науқас 50 жаста, оң аяқ-қолының уюы мен әлсіздігіне шағымданып жүйке аурулары клиникасына түсті. Обьективті: жалпы жағдайы ауыр, АҚ 170/90 мм с.б.б. Керниг симптомы оң. Оң жақтық гемипарез, Бабинский симптомы оң. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі мен Керниг симптомы оң.
Ликворда ксантохромия, КТ: жоғары тығыздалған ошақ.
Болжамалы диагноз қандай болуы мүмкін?
*+геморрагиялық инсульт
*ми ісігі
*ишемиялық инсульт
*энцефалит
*менингоэнцефалит
#1708
*!Науқас 35 жаста, қабылдау бөлімінде қатты бас ауру сезіміне шағымданды. Күдіз кенеттен қатты бас ауру сезімі, құсу пайда болып есінен танып есінен таңып қалды. Обьективті: жағдайы ауыр, есі сопор, менингеалдық симптомдар айқын.
Қандай тексеру әдісі диагнозды айқындайды?
*стернальдық пункция
*+люмбалдық пункция
*ішкі мүшелерді ультрадыбыстық тексеру
*ми қан тамырларының УДДГ
*электромиогорафия
#1709
*!Сырқаттың аяғында қимыл жоқ. Объективті: атония, арефлексия, аяқ бұлшық еттерінің атрофиясы, шап аймағынан барлық сезімталдық бұзылған
Қандай тексеру әдісі диагнозды анықтауға көмектеседі?
*ми МРТ
*ми КТ
*мойын МРТ
*+бел МРТ
*кеуде КТ
#1710
*!35 жастағы ер кісіде кенеттен аяғында әлсіздік пайда болды. Объективті: аяғында гипертонус, гиперрефлексия, зәрін ұстамайды. Ликворда: цитоз 3 клетка, белок 0, 033 г/л.
Қандай тексеру әдісі диагнозды анықтауда АНАҒҰРЛЫМ көп мәлімет береді?
*ми МРТ
*ми КТ
*мойын МРТ
*бел МРТ
*+кеуде МРТ
#1711
*!Сырқаттың қолында босаң салдану, аяғында сіреспелі парапарез, құрсақ рефлекстерінң жойылуы анықталды. Сегментарлы сезімталдық бұзылысы Сv-Тh1 денгейінде
Қандай тексеру әдісі диагнозды анықтауда АНАҒҰРЛЫМ көп мәлімет береді?
*ми МРТ
*ми КТ
*+мойын МРТ
*бел МРТ
*кеуде КТ
#1712
*!30 жаста ер кісі бір сағат бұрын аяқтарының қимылсыз қалуына, зәрінің жүрмеуіне шағымданды. Обьективті: аяқтарында бұлшық ет тонусы жоғары, тізе және ахилл рефлекстері жоғары, патологиялық Бабинский және Оппенгейм рефлексі оң.
Аталған әрекеттердің қайсысы маңызды?
*амбулаторлық тексеруді ұсыну
*+нейро-тамырлық бөлімшеге жатқызу
*нейрохирургиялық бөлімге жатқызу
*қабылдау бөлімінде тексеру
*амбулаторлық ем тағайындау
#1713
*!40 жастағы науқас кенеттен екі аяғындағы қимылдарынан айырылды. Обьективті: сіреспелі төменгі парапарез, зәрі жүрмейді, сезімталдық Th5-Th6 денгейінен төмен өткізгіштік типте бұзылған. Жұлын МРТ-да Th5-Th6 деңгейінде тығыздалған ошақ анықталды.
Қандай зертханалық тексеруден АНАҒҰРЛЫМ айқын өзгеріс көруге болады?
*жалпы қан анализі
*липидограмма
*+жұлын сұйықтығы
*коагулограмма
*қан микроэлементтері
#1714
*!65 жастағы сырқатта АҚ 210/ 130 мм.сын. бағ. көтерілгенде бас айналу, жүрісінің бұзылысы байқалды. Обьективті: нистагм, Ромберг кейпінде теңселу, саусақ-мұрын және өкше-тізе координаторлық сынақты орындауда атаксия байқалды. 1 сағаттан соң аталған симптомдар жойылды.
Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы АНАҒҰРЛЫМ ақпаратты?
*краниограмма
*электроэнцефалография
*эхо-энцефалография
*+ультрадыбыстық допплерография
*электромиография
#1715
*!Клиникаға 70 жастағы сырқат оң жақ аяқ-қолының әлсіздігіне, сөйлеу бұзылысына, жүрісінің қиындауына шағымданып түсті. Обьективті: АҚ 165/95 мм. сын. бағ. Менингиалдық симптомдар теріс, оң жақтық гемипарез.
АНАҒҰРЛЫМ ақпаратты зерттеу әдісі?
*ми қан тамырларының УДДГ
*ми КТ
*+ми МРТ
*ЭЭГ мониторинг
*АҚ холтері
#1716
*!40 жастағы науқас бас айналуына, бас ауруына, құсуға шағымданып түсті. Обьективті: АҚ 200/100 мм.сын.бағ. Желке бұлшық етінің сіресуі, Керниг симптомы оң. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу әдісі қажет.
*эхоэнцефалография
*реоэнцефалография
* электронейромиография
*сомнография
*+люмбалдық пункция
#1717
*!Жедел ми қанайналысы бұзылуын зерттеу әдісіне жатады:
*электромиография
*+мидың компьютерлік, магнит-резананстық томографиясы
*қанда ферменттер деңгейін анықтау (креатинфосфокиназа, лактатдегидрогиназа т.б.)
*иммундық статусты зерттеу
*спондилография
#1718
*!Науқасты зерттегенде анықталды: спастикалық тетраплегия, С3 деңгейінен бастап өткізгіштік тип бойынша сезімталдықтың бұзылуы, несептің жүрмеуі. ликворда ксантохромия. қысымы 300 мм.су бағ.
Берілген зерттеу әдістерінің қайсысын қолдану қажет?
*спондилография
*сомнография
*+жұлынның компьютерлік томографиясы
*ЭЭГ- мониторинг
*ми тамырларын ультрадыбыстық зерттеу
#1719
*!65 жастағы сырқатта АҚ 210/ 130 мм.сын. бағ. көтерілгенде бас айналу, жүрісінің бұзылысы байқалды. Обьективті: нистагм, Ромберг кейпінде теңселу, саусақ-мұрын және өкше-тізе координаторлық сынақты орындауда атаксия байқалды. Аталған симптомдар 3 сағаттан соң жойылды.
Берілген зерттеу әдістерінің қайсысын қолдану қажет?
*люмбальды пункция
*сомнография
*жұлынның компьютерлік томографиясы
*ЭЭГ- мониторинг
*+ми тамырларын ультрадыбыстық зерттеу
#1720
*!Клиникаға 80 жастағы сырқат оң жақ аяқ- қолының әлсіздігіне, сөйлеу мен жүрісінің бұзылысына, бас айналуына, бас аурына шағымданып түсті. Аталған симптомдар екі күн бұрын түнгі ұйқыдан кейін пайда болған. Обьективті: АҚ 145/95 мм. сын. бағ., менингиалдық симтомдар теріс, оң жақтық гемипарез.
Қандай тексеру әдісін қолданған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*краниограмма
*электроэнцефалограмма
*эхо-энцефалография
*+мидың МРТ
*электромиография
#1721
*!Клиникаға 66 жастағы сырқат оң жақ кол-аяғының әлсіздігіне,сөйлеу мен жүрісінің бұзылысына, бас айналуына, бас аурына шағымданып түсті. Объективті АҚ 175/105 мм рт.ст., менингеальдық симптомдар теріс, оң жақтық гемипарез. Ми КТ-да: сол ортаңғы ми артриясында ишемиялық инсульт.
Қандай емдеу тактикасы АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*вирусқа қарсы
*+антикоагулянттар
*гемостатиктер
*антибактериальдық
*гормондар
#1722
*!Науқас 35 жаста, күндіз кенеттен қатты басы ауырып, құсу басталған, есінен танды. Обьективті: есі сопорозды жағдайда, менингеалды симптомдар оң, ликвор қан аралас. Аурудың бесінші күні психика бұзылыстары, оң жақ бет нервінің орталық парезі, оң жақтық гемипарез анықталды.
Болжам диагноз қандай және қандай тексеру әдісн жүргізу қажет?
*субарахноидалды инсульт, ми КТ
*+геморрагиялық инсульт, ми КТ
*ишемиялық инсульт, ми МРТ
*спастикалық тетрапарез, ми МРТ
*менингоэнцефалит, ми КТ
#1723
*!Науқастың оң жақ гемисферасының ішкі капсула аймағында геморрагиялық инсульт болды. Салдану түрін анықтаңыз.
*+сол жақтық сіреспелі гемипарез
*спастикалық тетрапарез
*оң жақтық гемипарез
*оң аяқ монопарезі
*прозоплегия
#1724
*!Ми қанайналымының өткінші ишемиялық бұзылысын диагностикалауда АНАҒҰРЛЫМ маңызды зерттеу әдісі:
*+УДЗГ, коагулограмма
*бас миының МРТ
*бас миының КТ
*электронейромиография
*электромиография
#1725
*!Ми қан тамырлары бітелгенде қанша уақытта фибринолитикалық терапияны жүргізеді?
*жас науқастарда
*+тамыр бітелуі 6 сағатқа дейін
*тамыр бітелуі 24 сағаттан кейін
*геморрагиялық синдромда
*АҚ 200/100 мм с.б. төмен
