Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
привод курсач.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
492 Кб
Скачать
☆

Курстық жұмысты орындау тапсырмасы

Тапсырма нұсқасы студент фамилиясы мен сынақ кітапшасының номері бойынша 1 және 2 кестеден алынады.

Таблица1

Шифрдің соңғы саны

Қуат P,кВт

Жылдамдық,n,об/мин

А - К

Л - Я

3

2.2

3000

750

Таблица2

Шифрдің соңғы санының алдыңғы саны

Жылдамдық реттеу диапазоны D

Статикалық қателік ,%

Түрлендіргіш сұлбасы

3

10

5

3 ф. нөлдік

Осы кездегі автоматтандырылған электр жетегінің (АЭЖ) негізгі мақсаттары:

  • Жүргізу, тежеу, реверстеу процестерін басқару. Бұл жұмысты АЭЖ тұйықталмаған жүйесін орындай алады. Басқару процесінде тоқты бақылау дәлдігі төмен болады. Механикалық сипаттаманың қатаңдығы табиғидан нашар болады. Қазіргі уақытта АЭЖ ең көп таралған топ.

  • Берілген шамаларды (тоқ, жылдамдық, қуат және т.б.) тұрақтандыру (тұрақтандыру функциясы). Бұл жұмысты АЭЖ тек қана тұйықталған жүйесін орындай алады. Басты кері байланыс қандай шама бойынша тұрақталса, сол шама негізі реттеуші шама болады.

  • Жүйеге берілмейтін өзгермелі кірмелік сигналдарды бақылау (бақылау функциясы). Бұл жұмыс тек қана тұйықталмаған жүйелерде орындалуы мүмкін. Қазіргі кездегі бақылау жүйелері, үш контурлы болады. АЭЖ тиімді жұмыс режимдерін таңдау. Жұмыс тұйықталған жүйелерде орындалуы мүмкін.

АЭЖ жүйесі негізі функциялардан басқа да жұмыстарды орындауы мүмкін:

  • Электр қозғалтқышы мен жабдықтарды қысқаша тұйықталудан тоқ, кернеу және т.б. шамадан тыс өсуінен сақтандыру.

  • Операция ретін қамтамасыз ететін және апатты режимдерді болдырмайтын, блокировка.

  • Сигналдау.

Аннотация

а) каталог бойынша электродвигательді таңдап, оның табиғи сипаттамасын есептеп тұрғызу және минималды жылдамдықта электромеханикалық сипаттамасын тұрғызу керек.

б) ТП – Д (түрлендіргіш сұлбасын вариант бойынша таңдау керек)сұлбасы бойынша электр жетегінің күштік сұлбасын құрып, есептеп, сұлбаның негізгі элементтерін таңдау керек;

в) электр жетегінің тұйық емес жүйесін есептеп, статикалық электрмеханикалық сипаттамаларын тұрғызу керек;

г) электр жетегінің автоматты басқарудың функционалды сұлбасын құрып, қажетті кері байланыс пен ток пойынша түйін отсечкасы параметрлерін есептеу керек (ток отсечки-1,5 ,ток стопорения-2 ).

д) электр жетегінң тұйық жүйесі үшін статикалық сипаттамаларын есептеп тұрғызу керек.

е) автоматты реттеу жүйесін дәлелдеп, реттегіштің параметрлерін есептеу керек;

2.Электродвигательді таңдау және электромеханикалық сипаттамаларды есептеу