Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бакынов 7-8 сынып.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
507 Кб
Скачать
☆

Жол. Орташа жылдамдық

НҰСҚА 5 7/1

А-ТОБЫ

  1. Ыдыстың ішіндегі сұйықтың көлемі – 2,5 мл. Осы көлемді куб метрмен және куб дециметрмен өрнекте.

  1. Автомобиль 100 км/сағ жылдамдықпен 20 минут жүрді. Жолдың осы бөлігін 1 сағат 20 минутта велосипедші қандай жылдамдықпен жүріп өтер еді?

  1. А және В бекеттерінің ара қашықтығы 30 км. Велосипедші осы бекеттерге барып, кері қайтты. Барарда - 10 км/сағ, ал кері қарай 15 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, велосипедшінің орташа қозғалыс жылдамдығы қандай?

  1. Қайықтың үстінде отырған бала тынық суда ескекті 1,2 м/с жылдамдықпен еседі. Егер өзен ағысының жылдамдығы 1,2 м/с болса, қайықтың өзен ағысымен және өзен ағысына қарсы жүзгендегі жылдамдығы жағамен салыстырғанда қандай болар еді?

Б-ТОБЫ

  1. Трамвай қозғалыс уақытының бірінші жартысын екіншісіне қарағанда 3 есе артық жылдамдықпен жүріп өтті. Егер барлық жолдығы орташа жылдамдық 20 км/сағ болса, онда трамвай жолдың екінші бөлігін қандай жылдамдықпен жүрген?

  1. Мотоциклші екі қаланың арасының 0,4 бөлігін 72 км/сағ жылдамдықпен, ал қалған бөлігін 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтсе, оның орташа жылдамдығы қандай?

С-ТОБЫ

  1. Моторлы қайық ара қашықтығы 100 км болатын екі бекеттің арасын өзен ағысымен - 4 сағатта, ағысқа қарсы 10 сағатта жүзіп өтеді. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы мен су ағысының жылдамдығын тап.

Жол. Орташа жылдамдық

НҰСҚА 6 7/1

А-ТОБЫ

  1. 120 км/сағ тұрақты жылдамдықпен келе жатқан машина жарты сағатта қанша жол жүреді?

  1. Ересек адам 2 с ішінде 3 қадам жасайды. Егер бір қадамның ұзындығы 67 см болса, ол қандай жылдамдықпен жүріп келеді?

  1. 840 км/сағ жылдамдықпен ұшып бара жатқан ұшақ бір минутта қандай қашықтықты ұшып өтеді?

  1. Мотоциклші екі қаланың арасының 0,2 бөлігін 36 км/сағ жылдамдықпен, ал қалған бөлігін 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтсе оның барлық жолдағы орташа жылдамдығы қандай?

Б-ТОБЫ

  1. Су бетіне көлемі 1 м3 мұнай төгілді. Егер мұнай қабыршығының қалыңдығы 1/40000 мм болса, мұнай қанша ауданға жайылған?

  1. Саяхатшы 20 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат велосипедпен, сонан соң біраз уақыт 60 км/сағ жылдамдықпен мотоциклмен жүрді. Барлық жолдағы орташа жылдамдығы 48 км/сағ болса, мотоциклмен қанша уақыт жүрген?

С-ТОБЫ

  1. Қайықтың сумен салыстырғандағы қозғалыс жылдамдығы өзен ағысының жылдамдығынан n есе артық. Екі бекеттің арасын қайықпен ағысқа қарсы жүзгендегі уақыт ағыспен жүзгендегі уақытқа қарағанда қанша есе артық? Есепті n2 және n11 болатын мәндері үшін шығар.