Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Деф и лог 1-8 апта.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44 Кб
Скачать
☆

5. Курстың мазмұны Бірінші апта

№1дәрістің тақырыбы: Дефектология-ғылым ретінде.

Дефектология ғылымының мақсаты, міндеттері.

Дефектологияның салалары.

Терминдер мен анықтамалар: дефектология, олигофренопедагогика тифлопедагогика, сурдопедагогика, логопедия

Дефектология («defectus» латын сөзі -кемшілік,жетіспеушілік, «logos»- грек сөзі ілім, сөз) мағынасын білдіреді. Дефектология- бұл педагогикалық ғылымға жатқызыла отырып, ауытқушылығы бар балалардың дамуының психо-физиологиялық ерекшеліктерін зерттейді, әрі оларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын, оның жолдарын әдістері мен тәсілдерін қарастырады.

Дефектологияның негізгі мақсаты: ауытқушылығы бар тұлғаларды тұлғалық жағынан қоршаған ортаға бейімдеу; ақаулығы бар балалардың бойында өзіндік абырой, әрі бедел сезіміне тәрбиелеу; балаларда жағымды мінез-құлық салаларын қалыптастыру; дербес қоғамдық пайдалы өмірге белсенді етіп даярлау; қарапайым еңбек дағдыларын меңгерту; іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

Дефектологияның міндеттері:тұлғалық дамудың педагогикалық заңдылығын зерттеу; бұзылу қурылымына сай түзету қажеттілігін анықтау; арнайы білім беру заңдылығын зерттеу; арнайы білім беру жағдайда оқытудың технологиясын, әдістерін, принциптерін ғылыми негізде жетілдіру; мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу, тузетуге арналған бағдарламаларды жетілдіру және оларды тарату.

Дефектологияның салалары: Олигофренопедагогика (интеллект жағынан бұзылған). Тифлопедагогика (көрмейтін, нашар көретін). Сурдопедагогика (саңырау,нашар еститін). Тифлосурдопедагогика (соқыр-саңырау). Логопедия (сөйлеу тілі бұзылған). Осы аталған салалардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктеріне қарай зерттеу, түзету және тәрбиелеу жұмыстарын қарастырады.

1-СОӨЖ тақырыбы: Дефектологияның ғылымдармен байланысы.

Тапсырмалар:

Дефектологияның басқа ғылымдармен байланысы.

СӨЖ тапсырмалары:

ҚР- ның «Білім туралы» Заңы.

№1 практикалық сабақтың тақырыбы: Дефектологияның міндеттері, әдістері және қағидалары

Практикалық сабақтың мазмұны:

Дефектологияның негізгі міндеттері

Дефектологияның әдістері

Дефектологияның қағидалары

2- СОӨЖ тақырыбы: Ақаулығы бар балаларды зерттеу

Тапсырмалар: Ақаулығы бар балаларды зерттеу

Ақаулығы бар балаларды зерттеу

Педагогикалық- психологиялық әдістер

СӨЖ тапсырмалары:

ҚР-ның «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы.

Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6-ти томах, М., 1983.

  2. Специальная педагогика /Под. ред Н.М.Назаровой, М.- 2000.

  3. Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии, М.- 1990.

  4. Муханбетчина А.Г. Дефектология негіздері, Орал: 2014. – 98 б.

Қосымша:

  1. Настольная книга педагога-дефектолога /Т.Б.Епифанцева, Феникс, 2006.

  2. Дефектология: словарь – справочник. / Под ред. Б.П. Пузанова, М., 1996.

Екінші апта

№2 дәрістің тақырыбы: Дефектологияның пайда болуы, зерттелу тарихы

Дәріс мазмұны:

Дефектологияның пайда болуы.

Дефектологияның зерттелу тарихы.

Терминдер мен анықтамалар: дефектология тарихы, дамуы, қалыптасуы

Дефектология ғылымының зерттелу тарихы XVIII ғасырдан басталады. Бұл саланың ғылым ретінде қалыптасуы Ж.Итар, Ж.Эскирол, Ж.Демор, Э.Крепелин, Э.Сеген, В.К.Кащенко, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, А.Н.Граборов, М.Монтессори т.б. есімдерімен тығыз байланысты.

Ұлы қазан жеңісінен кейін кеңестік мемлекет ақаулығы бар балаларға аса ерекше түрде көңіл бөлуді қолға алды. 1918 жылы бұзылыстары бар балаларға жекелей қайырымдылық сипаттағы балалар мекемесі жалпы мемлекеттік жүйедегі білім беру саласына енгізілді. 1919 жылы Халық комиссариаты кеңесі саңырау, соқыр, ақы-ойы кеміс, психикалық жағынан ауру балаларды емдеу, оқыту және тәрбиелеу істері жөнінде жұмысты қолға алды. Сол кезде мүмкіндігі шектелген балаларға көмек ету істеріне танымал мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер А.И.Ульянова – Елизарова, А.В.Луначарский, А.М.Горький араласты. Осыдан бастап біртіндеп ақаулығы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу ісі ғылыми негізілікте дами түсті. Психология, медицина және педагогика салаларында В.М.Бехтерев, Л.С.Выготский, В.Н.Мясищев, Г.И.Россолимо, Ф.А.Рау, В.М.Кащенко, Н.М.Лаговский, Н.А.Граборов, А.С.Грибоедов және т.б. мүмкіндігі шектелген балаларға қызығушылықтарын танытып, өз үлестерін қосты. 1920 жылы ұйымдастырылған съезд және конференцияларда «Балаларды қорғау және балалар кемшілігін қорғау» бойынша арнайы білім беру жүйесінде дефектология өздігінен дербес білім аймағына айналды. Мәселен 1929 жылы елімізде бірінші рет ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу және оларды еңбекке әзірлеу мәселесін зерттеу жөнінде ғылыми орталықтың құрылуы аса үлкен жаңалық болды. Экспериментальдық дефектологиялық институтта көрнекті кеңес ғалымы И.И.Данюшевский директор, Л.С.Выготский ғылыми қызметкер жұмысын атқарды. Біртіндеп жылдан жылға ақаулығы бар балаларға қоғам, мемлекет тарапынан көмек ету және оларды үйлесімді жағдаймен қамтамасыз ету қарқынды дами түсті.

Қазақстандық ғалымдардан дефектология саласын зерттеушілер ретінде Ж.Ы.Намазбаева, Р.А.Сүлейменова, Қ.Қ.Өмірбекова, К.Б.Бектаева, З.А.Мовкебаева және т.б. есімдерін атауға болады.

Біздің елімізде дамуында бұзылыстары бар балаларды есепке алу, денсаулығын қорғау, оқыту және тәрбиемен қамтамасыз ету денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік мекемелердің араласуымен жүзеге асырылуда.

3-СОӨЖ тақырыбы: Арнайы білім беру жүйесінің дамуы және қалыптасуы

Тапсырмалар:

Арнайы білім беру жүйесінің дамуы және қалыптасуы

СӨЖ тапсырмалары:

Дамуында бұзылыстары бар балаларды қорғау шаралары

№2 практикалық сабақтың тақырыбы: Дефектологияның құрылуына және оның дамуына Л.С Выготскийдің ролі.

Практикалық сабақтың мазмұны:

Л.С Выготскийдің өмірі мен еңбегі

Л.С Выготскийдің дефектологияның құрылуына және оның дамуына қосқан үлесі.

Л.С.Выготскийдің биологиялық және әлеуметтік бірлігі теориясы

4-ОЖСӨЖ тақырыбы: Л.С.Выготский: Арнайы психология және дефектология

Тапсырмалар:

Л.С.Выготский: Арнайы психология және дефектология

СӨЖ тапсырмалары:

Л.С.Выготскийдің педагогикалық психология ғылымына қосқан үлесі

Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6-ти томах, М., 1983.

  2. Специальная педагогика /Под. ред Н.М.Назаровой, М.- 2000.

  3. Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии, М.- 1990.

  4. Муханбетчина А.Г. Дефектология негіздері, Орал: 2014. – 98 б.

Қосымша:

  1. Настольная книга педагога-дефектолога /Т.Б.Епифанцева, Феникс, 2006.

  2. Дефектология: словарь – справочник. / Под ред. Б.П. Пузанова, М., 1996.