Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Деф и лог 1-8 апта.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44 Кб
Скачать
☆

Төртінші апта

№4 дәрістің тақырыбы: Ақыл-ойы баяу дамыған балалар

Дәріс мазмұны:

Ақыл-ойдың кемістігі және оның деңгейлері.

Ақыл-ойы баяу дамыған балаларға жалпы сипаттама

Терминдер мен анықтамалар: ақыл-ойдың кемістігі (олигофрения), деменция

Ақыл-ойдың кемістігі (олигофрения) – орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы нәтижесінде танымдық іс-әрекеттің түбегейлі бұзылуы.

Олигофрения – грек тілінен аударғанда: «ақылы аз» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді ХIХ ғасырдың басында неміс психиатры Э.Крепелин енгізді. Бұл терминмен этиологиялары әр текті, клиникалық симптоматикасы әртүрлі, негізгі ерекшеліктері –тотальды психикалық жетіспеушілік болып табылатын балаларды атайды. Клиникалық көріністерін сипаттайтын негізгі белгілер:

  1. Психикалық жетіспеушіліктің түзелмеуі;

  2. Интеллектуалды құрылымының кемістігі, ойлаудың жеткіліксіздігі немесе мүлдем болмауы.

Қазіргі кезде ақыл-ойдың кемістігі педагогикалық және психологиялық тұрғыда ең көп зерттелген мәселе болып саналады.

Ақыл-ойы баяу, кеміс деген сөз дефектологияда жиі айтылады. Бұл балалардың ақыл-ой қабілетінің төмен болу екендігін білдіреді. Ақыл-ойы баяу дамыған балалардың бұзылуын зерттейтін, оларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін олигофренопедагогика зерттейді, оның негізгі міндеті – ақыл-ойы кем балалардың психикасына тән жалпы, жеке және ерекше белгілерін, әлеуметтік бейімделуге мүмкіндік беретін қабілеттерін анықтау.

Деменция – егер ақыл-ойдың кемістігі 2-3 жасқа дейінгі кезеңде әртүрлі органикалық зақымданулардың әсерінен пайда болса, одан кейін пайда болған ой-өріс кемістігі ұғымына деменция кіреді. Деменция себептері – түрлі жарақаттар мен ми аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит).

Ақыл-ойдың кемістігінің дәрежелері: Жеңіл дәрежелі (дебильдік) – олигофренияның ішіндегі ең кең тараған түрі. Көмекші мектептердің негізгі контингентін осы дәрежедегі балалар құрайды. Көмекші мектепті бітірген ақыл-ойы кем балалар алғашқы еңбек дайындығын алып шығады. Бұл олардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасайды. Орта дәрежелі (имбецильдік) – анағұрлым төмен дәреже. Логикалық үдерістер, талдау, ойлау қабілеттері өте төмен деңгейде көрінумен сипатталады. Олардың кейбірі, көмекші мектепте оқиды, басым көпшілігі оқымайды. Олар еңбек етуге қабілетсіз. Бұл балалар халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарауында тәрбиеленеді. Кейде, күрделі емес өзіне-өзі қызмет ету немесе жұмыс операцияларына үйретіледі.Ауыр дәрежелі (идиотия) – қабылдау қызметінің мүлдем жетілмеуі. Қоршаған ортаға деген реакциясы жоқ немесе адекватты емес. Ойлау қабілеті жоқ олар туғаннан өмірінің соңына дейін арнайы мекемелерде тәрбиеленеді.

Сәбилік шақ кезенінде балалардың эмоционалдық және тұлғалық қасиеттерін кеңейту; үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауға үйрету; заттар әлемін тануға және психомоторлық дамуын ілгерілетуге бағыттау жүзеге асырылады. Арнайы мектепке дейінгі мекемелерде ерекше болып табылатын негізгі міндеттер: бала денсаулығын қорғау; күн тәртібін сақтау, үйлесімді орта жасау; конфликтілік жағдайларды болдырмау; әр баланың жеке даралық ерекшіліктерін есепке алу болып табылады. Балаларды мектепке даярлау ісінде баланың денелік дамуын, қарапайым түрдегі танымдық қызығушылығын, адамгершілік қасиеттері мен ерік-жігерін қалыптастыру бағыттары қамтылады.

7-ОЖСӨЖ тақырыбы: Түзету жұмыстарының негізгі кезеңдері және оның бағыттары

Тапсырмалар:

М.С.Певзнер: Олигофренияның формалары

Түзету жұмыстарының негізгі кезеңдері және оның бағыттары

СӨЖ тапсырмалары:

Г.Е.Сухарева, В.В.Ковалев: Олигофренияның формалары

№4 практикалық сабақтың тақырыбы: Ақыл-ойы дамуы баяу балалар

Практикалық сабақтың мазмұны:

Олигофренияның соматикалық және неврологиялық белгілері

Ақыл- ойы дамуы баяу балалар оқыту және тәрбиелеу

8-ОЖСӨЖ тақырыбы: Ақыл-ойы дамуы баяу балаларды оқыту әдістері

Тапсырмалар:

Ақыл-ойы дамуы баяу балаларды оқыту әдістері

Түзету-тәрбиелеу жұмыстарының әдіс-тәсілдері

СӨЖ тапсырмалары:

Ақыл-ойы баяу дамыған балаларды зерттеу әдістері

Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6-ти томах, М., 1983.

  2. Специальная педагогика /Под. ред Н.М.Назаровой, М.- 2000.

  3. Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии, М.- 1990.

  4. Муханбетчина А.Г. Дефектология негіздері, Орал: 2014. – 98 б.

Қосымша:

  1. Настольная книга педагога-дефектолога /Т.Б.Епифанцева, Феникс, 2006.

  2. Дефектология: словарь – справочник. / Под ред. Б.П. Пузанова, М., 1996.