Ойын. «Мен қандаймын?»
Мақсаты: өз бойындағы ерекшеліктерді тани білуге үйрету.
Балалар тәрбиешінің тапсырмасы бойынша:
ұлдар және қыздар;
бойларыңа қарай;
шаштарының түстеріне қарай;
көздерінің түстеріне қарай т.б. бөлінеді.
Міне, балалар, байқадыңдар ғой:
балалар ұл және қыз болып бөлінеді екен;
балалардың түрлері, бойлары, жүрісі әр түрлі болады екен;
балалардың күлкісі, ойлаған ойлары, сөйлеген сөздері де әр түрлі;
Бұл ойын біздің бір-бірімізге ұқсамайтын, әр түрлі,
ерекше екенімізді көрсетті.
Міне, қандай ғажап! Әрқайсысың бір-біріне ұқсамайтын
ерекше жеке тұлғасыңдар.
Қалай ойлайсыңдар, барлық балалар қай жағынан бір-біріне ұқсайды екен?
Балалардың жауаптары.
Өзіммен-өзім
- Балалар, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Сендердің әрқайсыларың ерекше жаратылған,
бір-бірлеріңе ұқсамайтын жандарсыңдар. Бәрің әдемі, сұлу, күшті, бақытты, өнерлі, мейірімдісіңдер. Енді әрқай-
сысымыз армандап көрейікші. Жайлы музыка әуені ойналады.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.
Қыздар және ұлдар не туралы армандайды екен?
Алдымен қыздардың армандарын тындайық.
Қыздардың жауаптары.
Ал, енді ұлдарды тыңдайық.
Балалардың жауаптары.
- Иә, балалар, армаңдарын да ерекше екен. осы армаңдарынның орындалуына тілектеспін. Кішкентай күнінен бастап ұл бала қызды сыйлауды үйренгені дұрыс. Халқымыз әрқашан қыз баланы сыйлаған, ұл баланы қа-
дірлеген. «Жақсы қыз – жағадағы құндыз, жақсы ұл – ас-
пандағы жұлдыз» деп бекер айтпаған.
Дәйексөз
Тәрбиеші «Жақсы қыз-жағадағы құндыз, жақсы ұл аспандағы жұлдыз»деген қазақ халқының мақалы сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыспен көрсету.
Мынау - менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау- басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау- менің оң қолым,
Мынау- менің сол қолым.
Барлық істі атқарған.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде ұл мен қыздың және олардың киімдерінің
суреттері берілген. Бағыт арқылы ұл бала мен қыз баланың
киімдерін тауып, бояңдар.
Ғажайып сөздер
Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап
айтады.
Біз бір-бірімізді сыйлаймыз.
Біз бір-бірімізге көмектесеміз.
Қорытындылау
Балалар, бүгін біз әрқайсысымыз ерекше тұлға екенімізді, бір-бірімізге ұқсамайтындығымызды, ұлдар-мықты, батыл; қыздар – нәзік әрі сыпайы болатынын білдік.
Ұлдар өздерін нағыз ер жігітше ұстаулары керектігін,
қыздар нәзік, оларға қамқор болып, көмектесу нағыз
жігіттің ісі екенін түсіндік.
Жүректен жүрекке
Тәрбиеші балаларды шеңберге жинайды. Балалар ой-
ыншық жүрекшені бір-біріне ұсынып ұл бала мен қыз баланың өзіне тән қасиеттерін айтып, тілектерін білдіреді.
Ажар, сен гүлдей нәзік бол.
Арман, сен батыр бол, т.б.
4-сабақ
Менің Есімім
Жұлдызың жоғары болсын.
Нақыл сөз
Мақсаты: әрбір баланың қайталанбайтын жеке тұлға екен-
дігін ұғындыру.
Міндеттері:
- адамның есімі, оның адамға қандай міндеттер жүктейтіні
туралы түсінік беру;
өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру;
өзара жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.
Шаттық шеңбері
Мұғалім әрбір баланы өздеріне таныс үлкен достық шең-
беріне тұрғызып, өздеріне сенім артып және өзгелердің де
сеніміне ие болғанын сезіндіру мақсатында бүгінгі шаттық шеңберін әрқайсысының жеке басындағы қасиеттеріне тағы бір зер салып қарап, өз-өздеріне есеп беру мақсатында былай ұйымдастыруына болады:
Балалар, бүгін тағы да көпшілік қауыммен танысуға
мейірімділік, ізгілікті бөлісуге мүмкіндік туып тұр. Әрқай-
сысың өз есімдеріңді айтып, есімдеріннің бас әрпіне сай
келетін өз бойларыңдағы жағымды қасиеттерді актайсыңдар, ол біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін. Ал
іске сәт, бастайық, балалар.
Балалар үлкен шеңбер жасап тұрады да, әр бала өз есімін
айтып, есімінің бас әрніне сай ( мысалы: Абзал – адал, Дархан – дарынды, Ғазиз – ғибратты, Ардақ – ақылды, т.с.с.) жағымды, (сын есім болуы керек) сөз айтып, басқа
балаларға да осындай жақсы қасиетті тілейді.
Әңгімелесу
Балалар, сендер өз есімдерің жайлы ойланып көрдіңдер ме?
Есімдерің өздеріңе ұнай ма?
Сендерге бұл есімді кім қойғанын білесіңдер ме?
Балалардың жауаптары
Әңгімелеу
Педагог балаларға адам есімдерінің сырын ұғындыру
мақсатында төмендегі мәтіндерді оқып береді. Мәтін желісі
бойынша сұрақтар қояды.
Әйбәт есімдер
К. Ыбыраев
Бақыт,
Бейбіт,
Тынышбек,
Гүлнұр,
Аққу,
Ырысбек,
Қайрат,
Мира,
Еламан,
Сәуле,
Шуақ,
Құрышбек,
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін – ел гүлі.
Бақытты елде туғаның,
Есіміңнен белгілі.
