Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
__зин-__зи тану.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
583 Кб
Скачать
☆

Әңгімелеу

Тәрбиеші Н. Қадырбаевтың «Туған күн» әңгімесінен үзін-

ді оқып береді, балалар сұраққа жауап береді.

Туған күн

(Үзінді)

Н.Қадырбаев

Бүгін Нұрланның туған күні. Үй іші туған күнге айрықша әзірленеді. Дастарханға керекті тәтті, бауырсақ, құрт, ірім-

шіктер, сусындар алдын ала әкелінеді.

Түған күнімен Нұрланды ең алдымен атасы құттықтады.

  • Бүгін біздің үйде үлкен мереке. Бұл күн біздің отбасы үшін асыға күтетін зор мейрам, - деді.

Нұрлан атасының ықыласына қуанды. Мерейі тасыды.

  • Рахмет, ата, - деп атасын құшақтап, бетіне бетін тосты.

Нұрланның туған күні қызықты өтті. Бәрінен де үй ішін

әсем әуен тербетіп, сыңғырлаған күміс күлкіге толтырғанын

айтсаңшы!

Бұл күн үй ішін түгел қуантқан, бәрінің басын қосқан,

мерейлерін тасытқан жақсы күн болды.

Терезе сыртында, бақ ішінде ақ, сары көбелектер жеміс

ағаштарының гүлдеріне бірі мамыражай қонып, бірі көлбей

ұшып жатты.

  • Атасы Нұрланды қалай қуантты?

  • Туған күніңе отбасы мүшелері бір-біріне деген сүйіс-

пеншілік, сыйластық, қамқорлық сезімдерін қалай білдіреді?

  • Отбасы мүшелерінің туған күніне қалай дайыңдаласыңдар?

Балалардың жауаптары.

Дәйексөз

Тәрбиеші балаларға бүгінгі сабақтың дәйексөзі ре-

тінде: «Қуаныш көңілді сергітеді» деген нақыл сөзді түсіндіреді.

- Туған күн қуанышында естіген жақсы сөз, жақсы тілек

біздің көңілімізді өсіріп, көңілдеңдіреді, қуанышқа бөлейді.

Тыныштық сәті

- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары

көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да

болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өзде-

ріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа

толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да

болады.

Дәптермен жұмыс

- Достарынның туған күндеріне қандай сыйлық сыйлағыларын келетіндігін айтып беріңдер.

Ойын. « Қуаныш сыйлау»

Тәрбиеші «Пошташы ашықхат әкелді» деген жылдам

ойынды ойнауды ұсынады. Балалар жартылай шеңбер құрады. Бір бала туған күн иесін, ал екеуі пошташының рөлдерін ойнауға шығады. Пошташылар туған күн иесінің қасына тұрады. Бір орындықтың үстінде сыйлықтар (ашықхат, гүл шоғы, торттың қорабы) жатады. Тәрбиешіеің белгісі бойынша пошташылар орындықтың үстінен ашық хатты алып, туған күн иесіне бір мезгілде ұсынады. Кім бірінші болып ашықхатты ұсынса, сол жеңістікке жетеді. Ашық хатты беріп үлгермеген пошташы ән немесе тақпақ айтады.

Ғажайып сөздер

Балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Жақсы тілек қуаныш сыйлайды.

Туған күнің құтты болсын!

Қорытындылау

- Балалар, біз бүгін туған күн жайында әңгімелестік. Туған

күн - әр адамның сүйікті мерекесі екенін білдік. Туған күнде

айтылатын баталармен таныстық.

Туған күн тойлары отбасының дәстүріне айналған. Туған

күн мерекесінде туған-туыстар, жақын достар жиналып, мерекелік дастархан жайылады.

Балалардың туған күніне сүйікті ойыншықтарын, басқа да түрлі сыйлықтар сыйлайды.

Ал балалар үлкендерге өздерінің қолдарымен жасаған

сыйлықтарын, салған суреттерін тарту етеді. Бұл сыйлықтар үлкендерді қуанышқа бөлейді, олар үшін бұл сыйлық баға

жетпейтін, ең тамаша сый болады. Балалар отбасы мүше-

леріне деген өздерінің сүйіспеншілігін осылай білдіреді.

Жүректен жүрекке

Балалар тәрбиешімен бірге төмендегі өлең жолдарын

қайталайды.

Қандай жақсы туған күннің болғаны,

Әр жыл сайын бір жасқа адам толғаны!

Көк төсінде жұлдызымыз жайнады,

Көңіліміз көтеріңкі, жайдары!

6-сабақ

Менің сезімдерім

Мақсаты: адамның сезімдері, оның адамға тигізетін әсері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • адамның сезімдері туралы түсінік беру;

  • бала бойындағы жақсы қасиеттерін дамыту;

  • сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер, үнтаспа, ойынға қажетті құралдар.

Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрып, төменде берілген

Ө.Тұрманжановтың «Кел, балалар, күлейік»

өлеңін үнтаспаға қосылып тәрбиешімен бірге айтады.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Кел, балалар, күлейік!

Күлкімен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Әңгімелесу

  • Бүгін көңіл күйлерің қандай?

  • Адамның неліктен көңіл күйі өзгереді?

- Балалар, бүгін біз сендермен адамның көңіл күйі, сезімдер жайлы әңгімелесеміз. Адам сезімдері арқылы айнала қоршаған ортадағы дүниелер мен құбылыстардың адамға әсерін сезініп, байқап, қабылдайды. Адамның сезімі оның көңіл күйіне, ниетіне байланысты әр түрлі көрініс береді. Яғни, адамның сезімі өзіне, басқа адамдарға, айналасындағы дүниеге қатынасын бейнелеп тұрады.

Сұрақтар бойынша балалардың жауаптары тыңдалады, тәрбиеші балаларға төмендегі өлеңді мәнерлеп оқып береді.

Әңгімелеу

Әдептілік әлемі

Е. Өтетілеуұлы.

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ-табақты.

Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны сол қолмен.

Нанды үгітпе, қадірле,

Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын,

Салдыр-салақ болмағын.

Салма аузына инені,

Үзбе жұлқып түймені.

Ашуланбай, долданып,

Жауап бергін ойланып.

Құр бекерге қылтима,

Болмашыға бұртима.

Іштарлыққа жол берме,

Бақталастық білдірме.

Мақсат қоймай алдыңа,

Қыдырып құр, қаңғырма!

Сыйлап үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал «тілін».

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

Ойын

«Көкпар» қимылды ойыны

Ойынның шарты: Тәрбиеші балаларды тең екі

топқа бліп, ағаштан жасалған аттарда мінгізеді де бірінің артынан бірін тұрғызып, екі қатарға тұрғызады. Топ ортасына көкпар тарту үшін орамал әкеліп тастайды.

Ойын музыкамен сүйемелденеді. Нотасы қосымшадаберілген.

Музыка басталысымен көкпаршы топтардың

басқарушылары балаларды соңдарынан ертіп, оң жақта тұрған топ оң жаққа қарай, сол жақта тұрғандар сол жаққа қарай айналып шаба жөне-

леді. Ескерте кететін бір жай, айналма шабысты

(жүріс) бірнеше рет қайталап шығуға болады.

Екі жаққа бөлінген көкпаршылар орамалды жерден бірінші жүрісте ала алмакй кеткен болады, тек екінші жүрісте ғана бастаушының көкпарға қай бұрын жеткені орамалды алып, екінші топтағы тартушылармен орамалды әрлі-берлі тартысады (бұл кезде бәрі де бастапқы тұр-

ған қалпында тұру керек). Аз уақыт тартысып болған соң кезектерін өзінен кейінгі тұрғандарға ауыстырып отырады. Осылайша көкпарды қатар тұрғандардың бәрі тартып шығады да кезек ең соңғы екі көкпаршыға жетеді.Осы екеуінің қайсысы көкпарды бұрын тартып алса (қолы ілінсе), сол топ жеңіп шыққан болып табылады. Ойын осы тәртіппен жалғаса береді.

Сахналау

«Жақсы көңіл күй сыйлаймыз»

Балалар төмендегідей жұптасып тұрады:

  • үлкен мен кіші.

  • ата мен бала.

  • әже мен бала.

  • ана мен бала.

  • әке мен бала.

  • Іні мен қарындас, т.б. болып бір-бірінің көңіл күйін көтеру үшін бір-бірін мадақтап, жылы сөздер айтады.

Ғажайып создер

Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді

қайталап айтады.

- Көңіл күйіңді басқара біл!

- Сезімтал бол!

- Жақсы көңіл күй жанды жадыратады.

Жүректен жүрекке

Балалар шеңбер құрып, шаттықшеңберде айтқан Ө. Тұрманжановтың «Кел, балалар, күлейік» өлеңін үнтаспаға қосылып тәрбиешімен бірге айтады.

7- сабақ

Мен қамқор баламын

Кішіні қолдап, жол бер,

Үлкенді сыйлап қол бер.

Е. Өтетілеуов

Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

  • қамқорлық ұғымы туралы түсінік беру;

  • қамқорлық жасай білу дағдыларын дамыту;

  • қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Корнекі құралдар: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.

Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрып тұрады. Әр түрлі суреттерді бар карточкалар (су, күн, ағаш, т.б.) үлестіріліп беріліп, әркім өз суретіне сәйкес көршісіне жылы тілектер білдіреді.

  • Зарина, күндей күліп жүр (күннің суреті);

  • Назым, гүлдей әдемі бол (гүлдің суреті);

  • Жанел, судай таза бол (судың суреті);

  • Асылжан, ағаштай мықты бол(ағаштың суреті) т.б.

Әңгімелесу

*«Қамқорлық» деген созді қалай түсінесіңдер?

* Бізге үйде, балабақшада кімдер қамқорлық көрсетеді?

* Сендер кімдерге қамқорлық жасай аласыңдар?

Балалардың жауаптары.

- Жақсылық жасап,бір-біріне көмектесетін адамдарды қамқор адамдар дейміз. Қамқор адамдарды сөйлеген сөзінен емес, жасаған қарымды ісінен танимыз. Балалар, бүгін біз қамқорлық туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелеу

Жай ғана әжей

В.Осеева

Жолда ұл мен қыз келе жатты. Олардың алдында бір әжей келе жатты. Жол өте тайғанақ еді.Әжей тайғанап құлап түсті.

- Менің кітаптарымды ұстай тұршы! – деп ұл, қасындағы қызға сөмкесін берді де, көмектесуге ұмтылды.

Ол қайтып келгенде қыз одан:

- Ол сенің әжең бе? Деп сұрады.

- Жоқ, деп жауап берді бала.

- Анаң ба? – деп таңқалды қыз.

- Жоқ!

-Тәтең бе? Әлде танысың ба?

- Олай да емес! – деп жауап қайтарды бала. – Ол жай ғана әжей ғой! Үлкен кісілерге көмек беріп, сый- құрмет көрсеткен жөн емес пе!?

∙ Әңгімедегі балалар туралы не айта алар едіңдер?

∙ Ұл баланы әдепті тәрбиелі деп айта аламыыз ба?

∙ Осындай жағдайда өздерің болсаңдар не істер едіңдер?

Балалардың жауаптары.

Дәйексөз

Тәрбиеші Е.Өтетілеуовтің «Кішіні қолдап, жол бер, үлкенді сыйлап, қол бер» өлең жолдарын сабақтың дәйексөзі рктінде түсіндіреді.

Сергіту сәті

Балалар Ө. Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге» өлеңін әр түрлі қимыл қозғалыстар жасап, айтады.

Сәлем берем үлкенге

Көшелерден біз өткен, (бір адым алдыға)

Ата көрсем жақын кеп, (бір адым алдыға)

Сәлем берем ізетпен: (басын иіу)

«Ассалаумағалейкүм!» - деп. (екі алақандарын

бір-біріне түйістіру)

Алдан әже жолықса, (екі қолмен көрсету)

Бөгелем де әдейілеп,

Сәлемдесем сол тұста: (басын иіу)

«Есенсіз бе, әжей?» - деп.

Кім кезіксе көшеде, (екі қолын жаю)

Таныс емес демеймін, (саусағымен қозғалту)

«Аға, тәте, көкеге, (екі қолын бұлғап)

Сәлеметсіз бе?» - деймін. (қолын жүрегіне

қойып)

Дәптермен жұмыс

- Суретте кімге қандай қамқорлық көрсетіп жатқанын сызықпен бағыттап көрсетіп, әңгімелеп беріңдер.

Тыныштық сәті

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алулурыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Ойын-жаттығу. «Мен қамқор баламын»

Балалар өз қалаулары бойынша үстел үстіндегі түрлі суреттердің (әже, ата, ана, әке, іні, қарындас, аға, ағаш, гүл, құс, ит, мысық, т.б.) ішінен біреуін таңдап алып, оған қандай қамқорлық көрсететінін айтады.

  • Қамқор бала ағашқа су құяды, топырағын қопсытады;

  • Қамқор бала әжесіне, атасына су(орындық, таяқ) әкеледі;

  • Балалар достарының дұрыс жауаптарын қолдап, алақандарын шапалақтайды.

Ғажайып сөздер

Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Жақсылық жасау - әдептілік.

Үлкен – кішіге қамқорлық көрсету - жақсылық.

Қорытындылау

  • Біз бүгін үлкендерге, кішілерге, қол ұшын беріп, қамқор болуға үйрендік. Жасаған қамқорлығымыз, көмегіміз ешкашан ізсіз кетпейді.Қайта соның бәрі өзімізге жақсылық болып оралады. Жақсылықты риясыз жасаған дұрыс.

Жүректен жүрекке

Тәрбиеші балалармен төмендегі өлең жолдарын бірге қайталайды.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Айналаға, бар адамға,

Тек мейірім сыйлаймыз.

8-сабақ

МЕН ОСЫНДАЙ АДАММЫН

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Нақыл сөз

Мақсаты: жақсы қасиеттер туралы қарапайым түсінік беру.

Міндеттері:

  • адамның жақсы қасиеттерін дамыту;

  • адамгершілікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.

Шаттық шеңбері

Балалар шеңберге жиналып, қол ұстасып Ө. Тұрманжа-

новтың «Кел, балалар, күлейік» өлеңін бірігіп орындайды.

Кел,балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік!

Әңгімелесу

Тәрбиеші Е. Өтетілеуовтың «Ізгі сөздер» өлеңін оқып

береді, балалар сұрақтарға жауап береді.

Ізгі сөздер

Е. Өтетілеуов

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бір жандарға,

Ертемен, ақ пейілмен:

«Қайырлы тан!» деймін мен.

Күндіз де елді елеймін:

«Қайырлы күн!» тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!» - деп кіремін.

  • Балалар үйде, балабақшада қандай ізгі сөздер айтасыңдар?

  • «Ізгі сөз» дегеніміз қандай сөз?

  • Қандай ізгі сөздерді білесіңдер?

Балалардың жауаптары.

Жағдаяттар

1-жағдаят:

- Далада серуен кезінде ойнап жүрген Дәулет Алманы

қағып кетті. Алма құлап қалды.

  • Балалар, сендер Дәулеттің орнында болсаңдар не істер

едіңдер?

  • Дәулет өз қателігін түзеу үшін Алмаға не деуі керек еді?

Балалардың жауаптары.

2- жағдаят:

- Балабақшадан қайтар кезде Серік киініп, үндеместен

кетіп қалды.

- Серік қандай сөз айтуды ұмытып кетті?

Балалардың жауаптары.

- Дұрыс айтасыңдар! Бір-біріңді ренжітсеңдер, кешірім

сұрап, кешірімді бола білсеңдер, әдепті боласыңдар.

Әңгімелеу

Мен – осындай адаммын!

Ә. Дүйсенбиев

Мені ешкім жалқау демейді,

Жұмысым бүгін көбейді.

Папам мен мамам жұмыста

Әжем де кеткен туысқа.

Жалғыз қалдым үйде мен,

Қорықпаымын бірақ, мүлде мен.

Болдым да жинап төсекті,

Еңбекке бердім кезекті,

Тетігін ашып сулардың,

Гүлдерді жайлап суғардым.

Келтіріп үйдің сәнін де,

Ыдыстың жудым бәрің де.

Тамақ та түсте пісіп те,

Тойдырды қарның күшік те.

Кінә тағады маған кім?

Мен – осындай адаммын!

  • Шығармадағы бала қандай бала?

Балалардың жауаптары.

Тыныштық сәті

- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары

көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өзде-

рінің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен

тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа

толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Дәйексөз

Тәрбиеші «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» нақыл

сөзін сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

- Үлкенге көмектесіп, кішіге қамқор болып, сыйлап,

достарыңа адал болу - әр баланың адамдық міндеті.

Әдепті, ұқыпты, әдемі, адамгершілігі мол адамдардың

жаны сұлу, жақсы адамдар.

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыстар арқылы көрсету.

Бас, иық, тізе, саусақ.

Бас, иық, тізе, саусақ.

Саусақ, саусақ, саусақ

(саусақпен сартылдату).

Бас, иық, тізе, саусақ.

Бас, иық, тізе, саусақ.

Көз, мұрын, көз, мұрын.

Құлақ, ерін, құлақ, ерін

(жылдамдатып тез – тез қайталату)

Дәптермен жұмыс

- Суреттегі ұл бала мен қыз баланың игі істері туралы

әңгімелеп беріңдер.

Ғажайып сөздер

«Қайырлы күн!», «Қайырлы таң!», «Сау болыңыз!».

«Кешіріңіз!», Өтінемін!», «Ғафу етіңіз!».

Қорытындылау

- «Жақсы бала» деген атыңа лайық болу үшін біз әдепті,

қамқор, шыншыл, көмек көрсетуге дайын болуымыз керек. сендер жақсы қасиеттеріңмен сыйлы, сүйкімді боласыңдар.

Жақсы бала болу үшін қандай қасиеттер қажет екен?

  • деген тәрбиешінің сұрағына кезекпен жауап береді.

Күтілетін жауаптар: шыншылдық, өтірік айтпау, бір-бірі-

мізге көмектесу, қамқор болу, адал болу.

Жүректен жүрекке

Балалар ойыншық жүрекшені бір-біріне ұсынып, жасаған

қамқорлығы, сыйлаған қуанышы үшін алғыс айтады.

  • Дана сен ақылды қызсың, сол үшін саған рахмет.

  • Ажар, саған әдемі күлкін үшін рахмет.

  • Арман, сенің батырлығың үшін рахмет.

  • Шарапат, мен сенің өтірік айтпағаның үшін жақсы көремін.

9 – сабақ

МЕНІҢ ТУЫСТАРЫМ

Отбасындағы сыйластық туыстарға деген

сүйіспеншіліктен туындайды.

Нақыл сөз

Мақсаты: « Өзара сыйластық» ұғымының адамгершілік

құндылық ретіндегі мәтін түсіндіру.

Міндеттері:

- туыс, туысқан ұғымы жайлы түсінік беру;

- туыстарға деген сыйластық қарым-қатынастарын

дамыту;

- өзара сыйласт ыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, суреттер, хрестоматия.

Шаттық шеңбері

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді көргеніме қуаныш-

тымын! Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын

сезінейік. Енді бір-бірімізге жақсы сөздер айтайық.

  • Сен әдептісің.

  • Сен мейірімдісің.

  • Сен қамқорсың.

  • Сен ақкөңілсің.

  • Сен шыңшылсың.

Өзіммен-өзім

- Балалар көздеріңді жұмып, жайғасып отырыңдар.

- Сендердің отбастарында тамаша мереке өтіп жатыр.

Үйлеріңнің іші сондай қуанышқа, шаттыққа толып кетіпті. Отбасы мүшелерінің барлығы мәз-мейрам. Құмыралар гүлге

толып тұр. Әдемі түрлі-түсті шарлар әуеде қалықтап жүр.

Сендер өз ата-ана, ата-әжелеріңмен бірге шаттана қуанып,

ойнап, күліп, ән салып, би билеп жүрсіңдер. Қуанышты көңілмен көзімді ашып, қандай сезімде болғанымызды әңгімелейік.

Әңгімелесу

Тәрбиеші Е. Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңін мәнерлеп оқып береді, балалар сұраққа жауап береді.

Бес саусақ

Е. Өтетілеуұлы

Бас бармағым – атам, үйдің данасы.

Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы.

Ортан – үйрек әкем, отау панасы.

Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары.

Титтей бөбек – мен, бәрінің базары.

  • Өз туыстарың жайлы әңгімелеп беріңдер.

  • Туысқаңдарыңмен қандай қарым-қатынас жасайсыңдар?

Балалардың жауаптары.

Дәйексөз

- Отбасындағы сыйластық туыстарға деген сүйіспенші-

ліктен туындайды. Өзара түсіністік, сыйластық болғанда ғана туыстар арасында татулық орнайды. Туыстарды сый-

лауымыз керек. Олар біздің жақын адамдарымыз.

Тәрбиеші «Отбасындағы сыйластық туыстарға деген

сүйіспеншіліктен туындайды» деген нақыл сөзді бүгінгі

сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

Ойын. «Дүкен»

- Балалар, сендерді дүкенге шақырамын. Бұл жай дүкен

емес, сиқырлы дүкен. Әрқайсыларының осы дүкеннен өз

жақындарынның мен туыстарыңа бір нәрсе сатып алып,

оны не үшін алғаңдарыңды айтып беріңдер.

Тәрбиеші дүкенге жүрекше, күн, жұлдызша, машина,

т.б. заттар сатылатынын айтады.

Күтілетін жауаптар:

- Мен сіңіліме жүрекше сатып алдым, себебі ол мейірімді

болса екен деймін. Мен ініме жұлдызша сатып алғаным,

ол жарқыраған жұлдыздый болса екен деймін, т.б.

Дәптермен жұмыс

- Дәптердегі туыстық ағашында берілген торкөздерге

өз туыстарынның суретін салыңдар.

Ғажайып сөздер

Балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Туыстарымызды сыйлаймыз.

Туыстарымызбен татумыз.

Қорытындылау

- Туыстар бір түбірден өскен алып ағаштың бұтақтары

тәрізді екен. Барлығымыздың да туған-туысымыз бар. Бүгін

сабақта туыстармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін

үйрендік.

Жүректен жүрекке

Балалар ойыншық жүрекшені бір-біріне ұсына отырып, өз

туыстарына тілектерін білдіреді.

Мен туыстарыма денсаулық тілеймін.

Менің туыстарым көңілді жүрсе екен деймін.

Мен туыстарыма ашық аспан тілеймін!

10-сабақ

ОТБАСЫЛЫҚ МЕРЕКЕЛЕР

Көңілді үйде күнде мейрам.

Нақыл сөз

Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • отбасылық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту;

  • қуанышты көңіл күй сыйлау дағдыларын қалыптастыру;

  • отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер, ватман, түрлі-түсті қағаздар,

қайшы, желім, шарлар.

Шаттық шеңбері

Педагог балаларды шеңберге жинайды. Бір-біріне шар ұсына отырып, жақсы тілектеін білдіреді.

  • Сәлеметсің бе, Қарлығаш? Саған қуаныш тілеймін.

  • Сәлеметсің бе, Ғазиз? Саған денсаулық тілеймін.

  • Сәлем Дана! саған бақыт тілеймін. т.с.с

Әңгімелесу

  • Балалар, қандай отбасылық мерекелерді білесіңдер?

Балалардың жауаптары.

Күтілетін жауаптар: туған күн, Жаңа Жыл мерекесі, 8 нау-рыз – Аналар мерекесі т.с.с.

- Дұрыс айтасыңдар балалар, біз бүгін сендермен Жаңа Жыл мейрамы туралы әңгімелесеміз.

Жаңа Жыл мейрамы бүкіл дүние жүзінде тойланады. Оны

үлкендер де, балаларда асыға күтеді.

Жаңа Жыл мейрамы – отбасылық мейрам деп те аталады.

Әр отбасында бұл мейрамға алдын ала дайындалады. Міндетті түрде шырша ағашын, оны әшекелейтін түрлі

қызылды-жасылды ойыншықтар, балалар киетін маскарад-

тық костюмдер әзірленеді. Бұл мерекенің басты кейіпккері

өзіміз сағына күтетін – Аяз ата. Ол барлық адамға сыйлық

дайындайды.

Адамдар Жаңа Жыл мейрамында айналасындағы жақын-

туыстарына, достарына, таныстарына жақсылық, бақыт,

қуаныш тілеп, ізгі ойларын білдіреді.